2021 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісім
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
1999 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасыңың Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия мемлекеттері энергетика жүйелерінің қатар жұмыс істеуі туралы келісімнің, 2007 жылғы 2 қарашадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімнің ережелерін негізге ала отырып;
1998 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып;
тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып және Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін энергия ресурстарын бақылау тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасайтынын пайымдай отырып;
Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезінде бірлескен кедендік бақылаудың қажеттілігін мойындай отырып;
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдер мынаны білдіреді:
"Тараптардың мемлекеттерінің кеден органдары":
Қазақстан Республикасы үшін - Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
Өзбекстан Республикасы үшін - Мемлекеттік кеден комитеті;
"Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы" - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы кедендік шекара учаскесі;
"уәкілетті жұмыскерлер/қызметкерлер" - Тараптардың кеден органдарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері/қызметкерлері;
"энергия ресурстары" - табиғи газ және электр энергиясы;
"есепті ай" - электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен энергия ресурстарын өткізу жүзеге асырылған күнтізбелік ай;
"ведомстволардың уәкілетті өкілдері" - Тараптар ведомстволарының энергия ресурстарын құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізуді жүзеге асыратын жұмыскерлері.
Құзыретті органдары, олардың атаулары не функциялары өзгерген немесе қосымша құзыретті органдар тағайындалған жағдайларда Тараптар жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы дереу бір-бірін хабардар етеді.
2-бап
Тараптар Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігі мен экономикалық орындылығын негізге ала отырып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға міндеттенеді.
3-бап
Тараптар Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу аспаптарын орнату орындарының тізбесін оның ажырамас бөлігі болып табылатын осы Келісімге 1-Қосымшаға сәйкеc бекітті.
4-бап
Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы өткізілген энергия ресурстары туралы ақпарат алмасу 2014 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы Энергия ресурстарының өткізілуін бақылау саласында ақпарат алмасудың техникалық шартына сәйкес жүзеге асырылады.
5-6ап
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде Тараптардың кеден органдары бір-біріне энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін береді және одан әрі жылына кемінде бір рет бір-біріне Тараптар мемлекеттерінің кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамасындағы энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау бөлігіндегі барлық өзгерістер туралы хабарлайды.
6-бап
1. Тараптардың кеден органдары:
энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелеріндегі өз қызметінің тәжірибесі туралы;
энергия ресурстарын өткізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу тәсілдері туралы;
егер осы ақпарат Тараптардың кеден органдарының мүддесін білдірсе, энергия ресурстарын өткізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы;
егер бұл Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, Тараптардың кеден органдарының мүддесін білдіретін басқа да мәселелер бойынша ақпарат алмасады.
2. Тараптардың кеден органдары энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелері бойынша Тараптардың кеден органдарының жұмыскерлерін/қызметкерлерін оқыту мен дағдыларын жетілдіруді қоса алғанда, энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелері бойынша бір-біріне көмек көрсетеді.
7-бап
Бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін бір Тарап екінші Тараптың кеден органының уәкілетті жұмыскерлерінің/қызметкерлерінің Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу аспаптарына қол жеткізу тәртібін Тараптардың кеден органдары бірлесіп айқындайтын болады.
8-бап
Осы Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Тараптар осы Келісімнің 7 және 9-баптарында айқындалған қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті жұмыскерлердің/қызметкерлердің тізімдерімен алмасады және кейіннен бір-біріне осы тізімдердегі барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайтын болады.
9-бап
1. Тараптың кеден органдарының уәкілетті жұмыскерлері/қызметкерлері балансында энергия ресурстарын есепке алу тораптары (аспаптары) тұрған Тарап ведомстволарының өкілдерімен бірлесіп, кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей осы бапта белгіленген тәртіппен Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан есепке алу аспаптарынан құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарының көрсеткіштерін алу бойынша бірлескен іс-шараларды жүргізеді.
2. Осы баптың 1 тармағында көрсетілген бірлескен іс-шараларды жүргізуге бастама жасаған Тараптың кеден органы есепке алу аспаптарынан құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарының көрсеткіштерін алу жоспарланған күнге дейін он жұмыс күні бұрын мемлекет аумағында осындай есепке алу аспаптары тұрған екінші Тараптың кеден органына көрсетілген көрсеткіштерді алу қажеттілігі туралы тиісті жазбаша хабарламаны жолдайды. Осындай хабарламаның мазмұнында есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алуды жүзеге асыратын Тараптың кеден органының уәкілетті жұмыскерлері/қызметкерлері туралы мәлімет көрсетіледі.
3. Мемлекетінің аумағында құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу аспаптары тұрған Тараптың кеден органы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаны жолдаған кеден органына есепке алу аспаптарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге дайын екендігі туралы жазбаша растайды.
4. Есепке алу аспаптарына келген кезде балансында энергия ресурстарын есепке алу тораптары (аспаптары) тұрған Тарап ведометволарының өкілдерімен бірлесіп кеден органдарының уәкілетті жұмыскерлері/қызметкерлері:
1) есепке алу аспаптарына салынған кедендік сәйкестендіру құралдарының бүтіндігін тексереді;
2) кедендік сәйкестендіру құралдарын шешеді;
3) есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алады;
4) көрсеткіштерді алудың нәтижесі бойынша санкцияланбаған қолжетімділікті және есепке алу аспаптарындағы ақпаратты өзгертуді болдырмау мақсатында жаңа кедендік сәйкестендіру құралдарын салады;
5) есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу, жою, көрсетілген есепке алу аспаптарына кедендік сәйкестендіру құралдарын қайта салу туралы актілерді осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оған 2-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада жасайды, оларға қол қояды және мөрлерімен куәландырады:
1 данасы - Қазақстан Республикасы кеден органдарының уәкілетті жұмыскері/қызметкері үшін;
1 данасы - Өзбекстан Республикасы кеден органдарының уәкілетті жұмыскері/қызметкері үшін;
1 данасы - Қазақстан Республикасы ведомствосының уәкілетті өкілі үшін;
1 данасы - Өзбекстан Республикасы ведомствосының уәкілетті өкілі үшін.
10-бап
Тараптардың кеден органдары осы Келісімнің шеңберінде алған ақпарат, құжаттар және басқа мәліметтер осы Келісімде айқындалған мақсаттар үшін ғана Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес пайдаламылады және алушы мемлекетте оларға осы мемлекеттің өзінің аумағында алынған осындай ақпаратты, құжаттарды немесе мәліметтерді жариялаудан қорғаудың дәл осындай дәрежесі беріледі.
Тараптардың кеден органдары осы Келісімнің шеңберінде алған ақпаратты, құжаттар мен басқа мәліметтерді өзге мақсаттарда пайдалану оларды ұсынған Тараптың кеден органының жазбаша келісімімен ғана және осы кеден органы белгілеген кез келген шектеулер сақталған кезде жүргізіледі.
11-бап
Тараптар осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
12-бап
Осы Келісімге Тараптардың келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
13-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер және консультациялар жолымен шешіледі.
14-бап
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
15-бап
Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім 5 (бес) жыл мерзімге жасалады және автоматты түрде келесі бес жылдық кезеңдерге ұзартылады.
Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы өзінің жазбаша хабарламасын жолдай алады. Мұндай жағдайда осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың тиісті жазбаша хабарламасын алғаннан кейін 6 (алты) айдан соң өз қолданысын тоқтатады.
2021 жылғы "____" желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің заңды күші бірдей.
Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтық туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасыны Үкіметі үшін |
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу аспаптары орнатылатын орындардың
ТІЗБЕСІ
Электр энергиясын есепке алу аспаптары
Р/с № | Мемлекетаралық ӘЖ атауы | Кернеу, кВ | Өзбекстан ҚС есептегіштері орнатылатын орындар | ҚС-тың баланстық тиесілігі | Қазақстан ҚС есептегіштері орнатылатын орындар | ҚС-тың баланстық тиесілігі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | о | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | "ТашТЭС - Шымкент 500" ӘЖ | 500 | "ТашТЭС" ҚС | Өзбекстан | "Шымкент- 500" ҚС | Қазақстан |
2 | "ТашТЭС - Шымкент 220" ӘЖ | 220 | "ТашТЭС" ҚС | Өзбекстан | "Шымкент- 220" ҚС | Қазақстан |
3 | "ТашТЭС - Шымкент 220" ӘЖ АО | 220 | "ТашТЭС" КС | Өзбекстан | "Шымкент- 220" ӘЖ- 220 ҚС | Қазақстан |
4 | "ТашТЭС - Жылға" ӘЖ | 220 | "ТашТЭС" ҚС | Өзбекстан | "Жылға" ТС | Қазақстан |
5 | "Жылга - ТашТЭС" ӘЖ АО | 220 | "ТашТЭС" ҚС | Өзбекстан | "Жылға" ҚС | Қазақстан |
6 | "Феруз - Мақтаарал" ӘЖ | 110 | "Мақтаарал" ҚС | Қазақстан | "Феруз" ҚС | Өзбекстан |
Табиғи газды есепке алу аспаптары
Р/с № | Табиғи газды есепке алу атауы | Орнатылатын орындар | Газ құбырының атауы |
1 | КС-7 680 км | Өзбекстан Республикасы | Бұхара - Орал |
2 | ӨТ "287 км" | Өзбекстан Республикасы | Газли - Шымкент |
3 | ӨТ "368 км" | Өзбекстан Республикасы | Ташкент - Бішкек - Алматы |
4 | "Баймұрат" ГӨС | Өзбекстан Республикасы | Түрікменстан - Өзбекстан- Қазақстан - Қытай |
5 | UKMS ГӨШТ | Өзбекстан Республикасы | Турікменстан - Өзбекстан- Қазақстан - Қытай |
6 | "Бейнеу" ГӨС | Қазақстан Республикасының | "Орта Азия - Орталық" магистральдық газ құбыры |
7 | ӨТ "526 км" | Өзбекстан Республикасы | "Ташкент" ГТС - "Бұхара газды ауданы - Ташкент- Бішкек - Алматы" МГҚ |
Кедендік сәйкестендіру құралдарын салу және алу туралы
20__жылғы "___"______________
АКТ
Біз, төменде қол қоюшы
_______________________________________________
_________________________________кедендік сәйкестендіру құралдарын салу (алу)
жасалғаны туралы осы актіні жасадық.
Өлшеу құралының атауы | Аспап типі мен нақтылық сыныбы | Аспаптың пломба салу кезіндегі көрсеткіштері | Кеден органы алған пломбаның бедері | Аспаптың пломбаны алу кезіндегі көрсеткіші | Кеден органы пломбасының бедері | Кеден органы пломбаларының (алынған/салынған) саны | Есепке алу аспабының зауыттық нөмірі |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Есепке алу торабының (аспабының) өкілі
__________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. егер болса, лауазымы)
Қазақстан Республикасы кеден органының уәкілетті жұмыскерлері/қызметкерлері
__________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. егер болса, лауазымы, мөрі, қызметтік телефоны)
Кеден органдарының уәкілетті жұмыскерлері/қызметкерлері мен балансында энергия ресурстарын есепке алу тораптары (аспаптары) тұрған Тарап ведомстволарының өкілдері
__________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. егер болса, лауазымы, мөрі, қызметтік телефоны)
20 __жылғы_________ай ішінде есепке алу аспабынан көрсеткіштер
алынғаны туралы
20____жылғы "______"_______________
АКТ
Өлшеу құралының атауы | Есепке алу аспаптарының ай басындағы көрсеткіштері | Есепке алу аспаптарының есеп айырысу кезенінің соңындағы көрсеткіші | Өткізілген тауардың көлемі (газ - мың м3, электр энергиясы - квт.сағ.) | Есепке алу аспабының зауыттық нөмірі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Есепке алу торабының (аспабының) өкілі
__________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. егер болса, лауазымы)
Қазақстан Республикасы кеден органының уәкілетті жұмыскерлері/қызметкерлері
__________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. егер болса, лауазымы, мөрі, қызметтік телефоны)
Кеден органдарының уәкілетті жұмыскерлері/қызметкерлері мен балансында энергия ресурстарын есепке алу тораптары (аспаптары) тұрған Тарап ведомстволарының өкілдері
__________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. егер болса, лауазымы, мөрі, қызметтік телефоны)