Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 10 маусымдағы № 89-VIII ҚРЗ.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 20-б. қараңыз.

      Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) органикалық өнім – ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде осы Заңның және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды;

      2) органикалық өнім айналымы – органикалық өнімді әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, органикалық өнімді өткізу (сатып алу-сату немесе жеткізу) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестері және өзге де процестер;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 10.06.2024 № 89-VIII Заңымен.

      3) органикалық өнімді есепке алу және қадағалау жүйесі – органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның органикалық өнім және оның құрамдастары туралы, органикалық өнім өндіру процесі мен айналымы туралы деректерді қамтитын ақпараттық жүйесінің бір бөлігі;

      4) органикалық өнімді таңбалау – тұтыну орамасына және (немесе) көлік орамасына жапсырылған немесе оларға салынған не соларға қоса берілетін, тұтыну орамасына, көлік орамасына немесе ақпарат жеткізгіштің өзге де түріне жазбалар, суреттер, белгілер, символдар, өзге де белгілемелер және (немесе) олардың комбинациялары түрінде органикалық өнім туралы ақпаратты түсіру;

      5) органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі – органикалық өнім өндірудің органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы тұтынушыларды хабардар ететін сәйкестік белгісі;

      6) органикалық өнім өндіру – нәтижесі Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен ұлттық стандарттарға сәйкес органикалық өнім жасау (дайындау) болып табылатын қызмет. Органикалық өнім өндіру процесі солармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестерін және басқа процестерді қамтиды;

      7) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректердің негізінде алынған, органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат;

      8) органикалық өнім өндіруші – органикалық өнім өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік);

      9) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган – органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Заң алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

3-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаты мен міндеттері

      1. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаттары:

      1) органикалық өнім өндірісінің және айналымының барлық кезеңінде оның тұтастығын қамтамасыз ету;

      2) органикалық өнімнің ішкі нарығын дамыту және халықтың оған деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;

      3) органикалық өнімнің ұлттық брендін дамыту;

      4) органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының міндеттері:

      1) тамақ өнімдерінің сапасын арттыру;

      2) жергілікті жағдайларға және органикалық өнім өндіру мақсаттарына бейімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын және ауыл шаруашылығы жануарларын пайдалануға жәрдемдесу;

      3) органикалық өнім өндірушілерді жосықсыз бәсекелестіктен қорғау;

      4) бәсекеге қабілеттілікті арттыру және органикалық өнім экспортын ұлғайтуға жәрдемдесу;

      5) органикалық өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының қағидаттары

      Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының қағидаттары:

      1) қоршаған ортаға, адам денсаулығына, өсімдіктердің саулығына, сондай-ақ жануарлардың саулығы мен амандығына залал келтірмейтін органикалық өнім өндіруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) топырақты, суды, ауаны қоса алғанда, табиғи ресурстарды басқарудың орнықты жүйелерін пайдалану, биоәртүрлілікті сақтау болып табылады.

2-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

      2) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқарады.

6-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган:

      1) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      3) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізеді;

      4) органикалық өнім өндіру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақша 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 10.06.2024 № 89-VIII Заңымен.

      6) органикалық өнімді есепке алу және қадағалау жүйесін жүргізеді;

      7) органикалық өнім өндірушілерге ақпараттық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетуді ұйымдастырады;

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

7-бап. Өзге мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы құзыреті

      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:

      1) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      2) мыналарды:

      органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін;

      органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын келісуді жүзеге асырады;

      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы өзге мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) халықты органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) органикалық өнім өндірушілерге олардың өнімдерін өндіру, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізу, сондай-ақ осы өнімді экспортқа ілгерілету мәселелерінде жәрдем көрсетеді;

      3) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органға органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарлары тізіліміне енгізу үшін органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынады;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

8-бап. Органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау

      Органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығыстардың бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету

      Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЙНАЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ МЕН РӘСІМДЕРІ

10-бап. Органикалық өнім өндіруге өту шарттары

      1. Органикалық өнім өндіруге өту органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Органикалық өнім өндіруге өту кезінде мынадай шарттар сақталуға тиіс:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі органмен органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімін жүргізуге арналған шартты жасасу;

      2) бүкіл өтпелі кезең ішінде осы Заңның 11-бабында көзделген талаптарды сақтау;

      3) органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сай келетін өзге де шарттар.

      3. Органикалық өнім өндіруге өтпелі кезеңнің ұзақтығы органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарда белгіленеді.

      4. Тек бір ғана құрауыш ингредиенті бар ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын, тамақ өнімдерін және өсімдік тектес азықтарды қоспағанда, өтпелі кезең өнімін "өтпелі органикалық өнім" ретінде өткізуге және таңбалауға тыйым салынады.

11-бап. Органикалық өнім өндіру шарттары

      1. Органикалық өнім өндіру кезінде қызмет түріне қарай мынадай шарттар сақталуға тиіс:

      1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сау тұқымдарын, ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарлардан алынған және өсімдік тектес қауіпсіз өнім мен шикізатты пайдалану;

      2) егер Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен ұлттық стандарттарда өзгеше белгіленбесе, синтетикалық жолмен алынған заттар, химиялық пестицидтер, гормондар, антибиотиктер және тағамдық қоспалар қолдануды болғызбау;

      3) топырақ құнарлылығын сақтау және молықтыру;

      4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерге, арамшөптерге және өсімдік ауруларына төзімді тиісті ауыспалы егістерді, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері мен сұрыптарын таңдауды қамтитын алдын алу шараларының көмегімен қорғау;

      5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерден, арамшөптерден және өсімдік ауруларынан қорғаудың механикалық, биологиялық және физикалық әдістерін қолдану;

      6) өндіру үшін органикалық өнімнің нақты түрін таңдау кезінде экологиялық жүйелерді сақтау;

      7) жергілікті жағдайларға бейімделген төзімді ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерін, сұрыптарын және ауыл шаруашылығы жануарлары түрлерін таңдау;

      8) ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағуға және жаюға тиісті жағдайларды қамтамасыз ету, олардың табиғи мінез-құлқын ескеру, табиғи иммунитетін ынталандыру арқылы олардың саулығына қамқорлық жасау;

      9) иондаушы сәулеленуді қолдануды болғызбау;

      10) ветеринариялық препараттардан басқа, генетикалық түрлендірілген объектілерді қолдануды болғызбау;

      11) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды пайдалануды барынша азайту;

      12) топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру әдістерін қолдануды болғызбау;

      13) органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сай келетін өзге де шарттар.

      2. Араласуды болғызбау үшін органикалық өнім өндіру органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес органикалық өнім өндірісінің және айналымының барлық кезеңінде органикалық өнімге жатпайтын өнім өндіруден бөлек болуға тиіс.

12-бап. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату)

      1. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау ерікті сипатта болады және оны Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сай аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар жүзеге асырады.

      Сәйкестік сертификаты органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау нәтижесі болып табылады.

      2. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өткеннен және сәйкестік сертификатын алғаннан кейін органикалық өнім өндірушінің органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін түсіруге құқығы бар.

      Органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісінің бейнеленуі, оған қойылатын техникалық талаптар мен оны түсіруге қойылатын талаптар ұлттық стандартта белгіленеді.

      3. Сәйкестікті растау жөніндегі орган органикалық өнім өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда, бұрын органикалық өнім өндіруге берілген сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұруға немесе күшін жоюға (тоқтатуға) құқылы.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрған немесе күшін жойған (тоқтатқан) жағдайларда органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органға органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау нәтижелері туралы немесе сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру туралы немесе күшін жою (тоқтату) туралы ақпарат жібереді.

      5. Экспортқа өткізуге арналған органикалық өнімді өндіру импорттаушы елдің заңнамасында белгіленген органикалық өнім өндіру шарттарына қойылатын талаптарға сай сәйкестікті растау рәсімінен өтеді.

13-бап. Органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік)

      1. Жеке тұлғалар, жеке және заңды тұлғалар органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өту үшін бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік (бұдан әрі – жай серіктестік) құруға құқылы.

      Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімі, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату) осы Заңның 12-бабының 13-тармақтарына, сондай-ақ ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Жай серіктестікке қатысушылар сәйкестік сертификатын бір-бірінен тәуелсіз пайдалана алмайды.

      2. Жай серіктестікке қатысушылар өзара келісім бойынша жай серіктестікке қатысушылардың біріне басшылық ету мен ортақ іс жүргізуді тапсыра алады.

      Жай серіктестіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында айқындалады.

14-бап. Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі

      1. Жеке тұлғалар, жеке және заңды тұлғалар бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысу үшін бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестікке бірігуге құқылы (бұдан әрі – бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар).

      Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес әзірлейді және бекітеді.

      2. Бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарда белгіленген өнім өндіру жөніндегі шарттарды сақтайды.

      Бірлескен кепілдіктер жүйесінде (PGS) өндірілген өнім өндірісі және айналымы кезінде "PGS қатысушысы" белгілемесін пайдалануға жол беріледі.

      Ескертпе. Бірлескен кепілдіктер жүйесі (PGS) деп дәстүрлі ауыл шаруашылығынан органикалық ауыл шаруашылығына өту мақсатында бірлесіп қатысу, ұжымдық жауапкершілік, ашықтық, сенім және білім алмасу қағидаттарына негізделген қызмет танылады.

15-бап. Органикалық өнім айналымының шарттары

      1. Органикалық өнім айналымы органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары, өнімді сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылады.

16-бап. Органикалық өнім өндірушілердің және оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттері

      1. Органикалық өнім өндірушілер және оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

      2. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы талаптарды бұзу анықталған жағдайда, органикалық өнім өндірушілер және оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалар органикалық өнімді кері қайтарып алуды және (немесе) органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін алып тастауды қамтамасыз етеді.

17-бап. Органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізу

      Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган сәйкестікті растау жөніндегі органдар беретін деректер негізінде органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізеді және оны органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

18-бап. Органикалық өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптар

      1. Органикалық өнімді таңбалау сәйкестік сертификаты болған кезде органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Органикалық өнімді таңбалау және оны жарнамалау кезінде "органикалық" деген сөзді, одан туынды немесе қысқартылған сөзді бөлек немесе өнім атауымен тіркесте пайдалануға жол беріледі.

      Бұл өнім органикалық өнімге сәйкес келеді деп түсіну тұрғысынан тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін болатын таңбалауға жол берілмейді.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

19-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын және 6-баптың 6) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Органикалық өнім өндіру туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

On production and turnover of organic products

The Law of the Republic of Kazakhstan dated June 10, 2024 No. 89-VIII LRK

      Unofficial translation

      This Law defines the legal, economic, social and organizational bases for the production and turnover of organic products aimed at the conservation and rational use of natural resources, assistance in the formation of a healthy diet and development of the organic market.

Chapter 1. GENERAL PROVISIONS

Article 1. Basic concepts used in this Law

      The following basic concepts are used in this Law:

      1) organic products – agricultural products, products from wild plants, seeds of agricultural plants, yeast and fungi, products of their processing, including food products that meet the requirements of this Law and national standards. Hunting and fishing products are not organic products;

      2) turnover of organic products – processes (stages) of sale (purchase and sale or supply) of organic products, including import and export of organic products, as well as related processes of packaging, labeling, storage, transportation and other processes;

      3) the system of accounting and traceability of organic products - is a part of the information system of the authorized body in the field of production and turnover of organic products, containing data on organic products and their components, on the production process and turnover of organic products;

      4) labeling of organic products is the application of information about organic products in the form of inscriptions, drawings, signs, symbols, other designations and (or) their combinations on consumer packaging, transport packaging or on another type of information carrier attached to consumer packaging and (or) to transport packaging or placed in them or attached to them;

      5) national mark of conformity of organic products – a mark of conformity informing consumers about the passage of the procedure for confirming the conformity of organic production by the production of organic products;

      6) production of organic products is an activity that results in the creation (manufacture) of organic products in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products and national standards. The production process of organic products includes the associated processes of packaging, labeling, storage, transportation and other processes;

      7) register of seeds of agricultural plants and farm animals used for the production of organic products – information on the availability of seeds of agricultural plants and farm animals that can be used for the production of organic products, obtained on the basis of data provided by local executive bodies of regions, cities of republican significance and the capital, posted on the Internet resource of the authorized body in the field of production and turnover of organic products;

      8) producer of organic products – an individual or legal entity, an association of producers of organic products (a simple partnership) engaged in the production of organic products;

      9) the authorized body in the field of production and turnover of organic products is the central executive body that carries out management and inter-sectoral coordination in the field of production and turnover of organic products.

Article 2. Legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products

      1. The legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products is based on the Constitution of the Republic of Kazakhstan and consists of this Law and other regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan.

      2. International treaties ratified by the Republic of Kazakhstan shall have priority over this Law. The procedure and conditions for the operation of international treaties in the territory of the Republic of Kazakhstan, to which the Republic of Kazakhstan is a party, are determined by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

Article 3. Goals and objectives of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products

      1. The goals of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products are:

      1) ensuring the integrity of organic products at all stages of its production and turnover;

      2) development of the domestic market of organic products and meeting the needs of the population in it;

      3) development of the national brand of organic products;

      4) scientific support in the field of production and turnover of organic products.

      2. The objectives of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products are:

      1) improving the quality of food products;

      2) promotion of the use of seeds of agricultural plants and farm animals adapted to local conditions and purposes of organic production;

      3) protection of organic producers from unfair competition;

      4) improving competitiveness and promoting the export of organic products;

      5) provision of state support measures to producers of organic products.

Article 4. Principles of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products

      The principles of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products are:

      1) creation of favorable conditions for the development of the production of organic products that do not harm the environment, human health, plant health, as well as the health and welfare of animals;

      2) the use of sustainable natural resource management systems, including soil, water, air, and biodiversity maintenance.

Chapter 2. STATE REGULATION IN THE FIELD OF PRODUCTION AND TURNOVER OF ORGANIC PRODUCTS

Article 5. Competence of the Government of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products

      The Government of the Republic of Kazakhstan:

      1) develops the main directions of state policy in the field of production and turnover of organic products and organizes their implementation;

      2) performs other functions assigned to it by the Constitution, this Law, other laws of the Republic of Kazakhstan and acts of the President of the Republic of Kazakhstan.

Article 6. Competence of the authorized body in the field of production and turnover of organic products

      Authorized body in the field of production and turnover of organic products:

      1) formulates and implements state policy in the field of production and turnover of organic products;

      2) develops and approves regulatory legal acts in the field of production and turnover of organic products in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan;

      3) maintains a register of seeds of agricultural plants and farm animals used for the production of organic products;

      4) develops and approves a list of authorized means used in the production of organic products, in coordination with the state body in the field of sanitary and epidemiological welfare of the population;

      5) develops and approves rules for the production and turnover of organic products in coordination with the state body in the field of sanitary and epidemiological welfare of the population;

      6) maintains a system of accounting and traceability of organic products;

      7) organizes the provision of information, organizational, methodological and advisory support to producers of organic products;

      8) exercises other powers provided for by this Law, other laws of the Republic of Kazakhstan, acts of the President of the Republic of Kazakhstan and the Government of the Republic of Kazakhstan.

Article 7. Competence of other state bodies and local executive bodies of regions, cities of republican significance and the capital in the field of production and turnover of organic products

      1. The state body in the field of sanitary and epidemiological welfare of the population:

      1) carries out state control and supervision over compliance with the requirements established by the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products at the stage of sale of organic products;

      2) carries out the coordination of:

      the list of permitted means used in the production of organic products;

      rules of production and turnover of organic products;

      3) exercises other powers provided for by this Law, other laws of the Republic of Kazakhstan, acts of the President of the Republic of Kazakhstan and the Government of the Republic of Kazakhstan.

      2. Other state bodies in the field of production and turnover of organic products, within their competence, exercise state control in accordance with the Entrepreneurial Code of the Republic of Kazakhstan.

      3. Local executive bodies of regions, cities of republican significance and the capital:

      1) ensure that the population is informed about the production and turnover of organic products;

      2) provide assistance to producers of organic products in matters of production, sale of their products in the relevant administrative-territorial unit, as well as promotion of these products for export;

      3) provide the authorized body in the field of production and turnover of organic products with information on the availability of seeds of agricultural plants and farm animals used for the production of organic products for inclusion in the register of seeds of agricultural plants and farm animals used for the production of organic products;

      4) exercise in the interests of local government other powers assigned to local executive bodies by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

Article 8. State support for producers of organic products

      State support for producers of organic products is carried out in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      Subsidies for part of the costs incurred in confirming the conformity of organic production are carried out in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on state regulation of the development of the agro-industrial complex and rural areas.

Article 9. Scientific support in the field of production and turnover of organic products

      Scientific support in the field of production and turnover of organic products is carried out in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on state regulation of the development of the agro-industrial complex and rural areas and other laws of the Republic of Kazakhstan.

Chapter 3. BASIC CONDITIONS AND PROCEDURES FOR PRODUCTION AND TURNOVER OF ORGANIC PRODUCTS

Article 10. Conditions for transition to production of organic products

      1. The transition to the production of organic products is carried out in accordance with the rules of production and turnover of organic products and national standards.

      2. When switching to the production of organic products, the following conditions must be met:

      1) conclusion of an agreement with the conformity assessment body to carry out the conformity assessment procedure for the production of organic products;

      2) compliance with the requirements provided for in Article 11 of this Law during the entire transition period;

      3) other conditions that comply with the rules of production and turnover of organic products and national standards.

      3. The duration of the transition period to the production of organic products is determined by the rules of production and turnover of organic products and national standards.

      4. It is prohibited to sell and label products of the transition period as "transitional organic products", with the exception of seeds of agricultural plants, food products and feed of plant origin having only one component ingredient.

Article 11. Conditions for production of organic products

      1. In the production of organic products, depending on the type of activity, the following conditions must be met:

      1) the use of healthy seeds of agricultural plants, farm animals, safe products and raw materials of animal and vegetable origin;

      2) exclusion of the use of substances of synthetic origin, chemical pesticides, hormones, antibiotics and food additives, unless otherwise established by the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products and national standards;

      3) preservation and reproduction of soil fertility;

      4) protection of agricultural plants through preventive measures, including the selection of appropriate crop rotations, species and varieties of agricultural plants resistant to pests, weeds and plant diseases;

      5) the use of mechanical, biological and physical methods to protect agricultural plants from pests, weeds and plant diseases;

      6) preservation of ecological systems when choosing a specific type of organic products for production;

      7) selection of locally adapted sustainable species, varieties of agricultural plants and species of farm animals;

      8) taking care of the health of farm animals by providing appropriate conditions for keeping and grazing, taking into account their natural behavior, stimulating natural immunity;

      9) exclusion of the use of ionizing radiation;

      10) exclusion of the use of genetically modified objects, except for veterinary drugs;

      11) minimizing the use of non-renewable natural resources;

      12) exclusion of the use of crop production methods without the use of soil;

      13) other conditions that comply with the rules of production and turnover of organic products and national standards.

      2. In order to avoid mixing, the production of organic products should be separated from the production of non-organic products at all stages of production and turnover of organic products in accordance with the rules of production and turnover of organic products and national standards.

Article 12. Confirmation of conformity of organic production, suspension and cancellation (termination) of the certificate of conformity

      1. Confirmation of conformity of production of organic products is voluntary and is carried out in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products and the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of technical regulation by conformity assessment bodies accredited in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on accreditation in the field of conformity assessment.

      The result of the confirmation of conformity of the production of organic products is a certificate of conformity.

      2. After passing the procedure for confirming the conformity of production of organic products and obtaining a certificate of conformity, the manufacturer of organic products has the right to apply the national mark of conformity of organic products.

      The image of the national mark of conformity of organic products, the technical requirements for it and the requirements for its application are established by the national standard.

      3. The conformity assessment body has the right to suspend or cancel (terminate) the certificate of conformity previously issued for the production of organic products in case of non-fulfillment by the manufacturer of organic products of the requirements established by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      4. The conformity assessment body shall, within five working days from the date of issuance of the certificate of conformity, as well as in cases of suspension or cancellation (termination) of the certificate of conformity, send information to the authorized body in the field of production and turnover of organic products on the results of confirmation of conformity of production of organic products or on suspension or cancellation (termination) of the validity of the certificate of conformity.

      5. The production of organic products intended for export is subject to the conformity assessment procedure in accordance with the requirements for the conditions of production of organic products established by the legislation of the country-importer.

Article 13. Association of producers of organic products (simple partnership)

      1. Individuals, individual and legal entities have the right to form a simple partnership on the basis of a joint activity agreement (hereinafter referred to as a simple partnership) in order to undergo the conformity assessment procedure for the production of organic products.

      The procedure for confirming the conformity of organic production, suspension and cancellation (termination) of the certificate of conformity shall be carried out in accordance with paragraphs 1-3 of Article 12 of this Law, as well as the requirements established by national standards.

      Members of a simple partnership cannot use a certificate of conformity independently of each other.

      2. Participants in a simple partnership may, by agreement among themselves, entrust the leadership and management of common affairs to one of the participants in a simple partnership.

      Other issues of organizing the activities of a simple partnership are determined by the Civil Code of the Republic of Kazakhstan and the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products.

Article 14. Formation and operation of the Joint Guarantee System (PGS)

      1. Individuals, individual and legal entities have the right to unite into a simple partnership on the basis of a joint activity agreement to participate in the Joint guarantee system (PGS) (hereinafter referred to as participants in the joint guarantee system (PGS).

      The procedure for the formation and functioning of the joint guarantee system (PGS) is developed and approved by the participants of the joint guarantee system (PGS) in accordance with the rules of production and turnover of organic products and national standards.

      2. The participants of the joint guarantee system (PGS) comply with the conditions for the production of products established by the rules of production and turnover of organic products and national standards.

      In the production and turnover of products manufactured in the joint guarantee system (PGS), the designation "PGS participant" is allowed.

      Note. The joint guarantee system (PGS) recognizes activities based on the principles of joint participation, collective responsibility, transparency, trust and knowledge sharing in order to transit from traditional to organic agriculture.

Article 15. Terms of turnover of organic products

      1. The turnover of organic products is carried out in accordance with the rules of production and turnover of organic products and national standards.

      2. Certificates of conformity, product test reports, conformity marks and other documents on conformity assessment of foreign states are recognized in accordance with the procedure established by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

Article 16. Responsibilities of producers of organic products and persons engaged in their turnover

      1. Producers of organic products and persons engaged in their turnover are obliged to comply with the requirements established by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      2. In the event of a violation of the requirements in the field of production and turnover of organic products, producers of organic products and persons engaged in their turnover shall ensure the recall of organic products and (or) the removal of the national mark of conformity of organic products.

Article 17. Maintaining a register of organic producers

      The authorized body in the field of production and turnover of organic products maintains a register of producers of organic products based on data provided by conformity assessment bodies and places it on its Internet resource within the time limits established by the rules for maintaining the register of producers of organic products.

Article 18. Mandatory requirements for labeling of organic products

      1. Labeling of organic products is carried out in accordance with the rules of production and turnover of organic products and the national standard in the presence of a certificate of conformity.

      2. When labeling organic products and advertising them, it is allowed to use the word "organic", a derivative or an abbreviated word from it, separately or in combination with the product name.

      Labeling that may mislead the consumer about the fact that these products correspond to organic products is unacceptable.

Chapter 4. FINAL AND TRANSITIONAL PROVISIONS

Article 19. Responsibility for violation of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products

      Violation of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of production and turnover of organic products entails liability established by the laws of the Republic of Kazakhstan.

Article 20. Procedure for enactment of this Law

      1. This Law shall enter into force six months after the date of its first official publication, with the exception of subparagraph 3) of Article 1 and subparagraph 6) of Article 6, which shall enter into force on January 1, 2025.

      2. To invalidate the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 27, 2015 "On production of organic products".


      President of the Republic of Kazakhstan K.Tokayev