Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 96-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      35-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Электр энергиясын нетто-тұтынушы болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект өндірген электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өндіру немесе электр энергиясын сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруына байланысты дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.".

      2. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      32-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-2) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;";

      50) тармақшадағы "электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясының нетто-тұтынушылары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес нетто-тұтынушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді қамтамасыз ету;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын кредиттеуді;";

      3) 5-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;";

      4) 12-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "Электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушылар мен электр энергиясын нетто-тұтынушыларды" деген сөздер "Нетто-тұтынушыларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 13-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жиынтық белгіленген қуаты 10 мегаваттан аспайтын, өздерінің қызмет көрсету аймағында орналасқан, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және 2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу мен сатудың ұзақ мерзімді шарттары болмаған гидроэлектр станцияларынан осы Заңның 12-1-бабына сәйкес белгіленген электр энергиясына шекті тариф бойынша басым тәртіппен сатып алады.

      Бұл ретте электр энергиясын осы гидроэлектр станцияларынан 2023 жылғы 1 шілдеге белгіленген қуат деңгейінде сатып алуға жол беріледі.";

      6) 14-баптың 6-тармағындағы "мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелерiне" деген сөздер ", нетто-тұтынушылар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу желілерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 15-9-бапта:

      1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты республикалық маңызы бар қалалардағы, құрамында электр станциялары жұмыс істейтін, соның ішінде жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) энергия өндіруші ұйымдармен ғана жасалады.";

      "5. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесі қарайтын кезеңде өзгертілуге жатпайды.

      Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім жасасу (жасасудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезеңде энергия өндіруші ұйым тиісті инвестициялық бағдарламаға іс-шараның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгергендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.

      Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне нарық кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қайтадан алуға міндетті.";

      9-тармақтың 3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыны қоса алғанда, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестицияларды қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тариф қамтылады.".

      3. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект (бұдан әрі – ауқымы шағын объект) – жалпы белгіленген қуаты екі жүз киловатқа дейінгі (қоса алғанда), жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ауқымы шағын объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;";

      5) тармақша "энергия өндіруші ұйым –" деген сөздерден кейін "нетто-тұтынушыларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      9), 9-1) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;";

      2) 3-баптың 2-тармағының 1-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2) нетто-тұтынушыларға қолдау шараларын ұсынуды;";

      3) 4-бапта:

      тақырыптағы "негізгі бағыттары" деген сөздер "міндеттері мен қағидаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады:";

      5) тармақшадағы "бағыттары бойынша жүзеге асырылады" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Мыналар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің қағидаттары болып табылады:

      1) энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік;

      2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау;

      3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы субъектілер мүдделерінің теңгерімі;

      4) генерация құрылымында жаңартылатын энергия көздерінің үлесін дамыту жөніндегі міндеттемелерге қол жеткізу;

      5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың инвестициялық тартымдылығы.";

      4) 6-бапта:

      5-1), 5-2), 5-5), 5-7) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      7-2) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;";

      8), 9-1), 9-2), 10), 10-1), 10-3), 10-6), 10-7) және 10-8) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-9) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату тәртібін айқындайды;";

      5) 7-баптың 3-2) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 9-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы "тұтынушыларға" деген сөзден кейін "және шекті тарифтер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақта:

      бірінші бөлік "энергия өндіруші ұйымдарға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ нетто-тұтынушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "(гидроэлектр станциялары)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ нетто-тұтынушылар" деген сөздермен толықтырылсын;

      9, 10 және 11-тармақтар алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      "9-1-бап. Нетто-тұтынушыларды энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын сату шарттары

      1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы энергия беруші ұйымның желілеріне тұтынушы ретінде қосылған кезде онымен электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын жасасуға міндетті.

      2. Энергия беруші ұйым нетто-тұтынушыға тиесілі ауқымы шағын объектінің шекараларын бөлгенге дейін өзінің жағындағы нүктеде энергия беруші ұйымның электр желісіне нетто-тұтынушының кедергісіз қосылуын қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Нетто-тұтынушы өзiне қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифi бойынша электр желiсiнен есептi кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiне, нақ сол кезең iшiнде электр желiсiне өзі берген көлемдi шегере отырып, ақы төлейдi.

      Электр желiсiне есептi кезең iшiнде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемi электр желiсінен нақ сол кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiнен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлеміне оның шекті бағасы бойынша (тұтынушылар топтары бойынша сараламай) ақы төлейдi.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатуы нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8) 10-баптың 5-тармағы "жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін" деген сөздерден кейін ", соның ішінде ауқымы шағын объектілерді" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 3-тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарын және 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам поддержки использования возобновляемых источников энергии и электроэнергетики

Закон Республики Казахстан от 19 июня 2024 года № 96-VIII ЗРК.

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Предпринимательский кодекс Республики Казахстан от 29 октября 2015 года:

      статью 35 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Физическое лицо, являющееся нетто-потребителем электрической энергии, вправе не регистрироваться в качестве индивидуального предпринимателя в связи с осуществлением деятельности по выработке электрической энергии и (или) тепловой энергии или продаже электрической энергии, произведенной маломасштабным объектом по использованию возобновляемых источников энергии, в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике":

      1) в статье 1:

      подпункт 32-2) изложить в следующей редакции:

      "32-2) нетто-потребитель электрической энергии (далее – нетто- потребитель) – физическое или юридическое лицо, обеспечивающее полностью или частично собственное потребление электрической энергии и (или) тепловой энергии от маломасштабного объекта по использованию возобновляемых источников энергии, принадлежащего ему на праве собственности или ином вещном праве, подключенного к распределительной электрической сети и оборудованного системами раздельного учета объемов потребления электрической энергии из сети и объемов поставки в нее, включая комбинированные установки возобновляемых источников энергии;";

      в подпункте 50) слова "индивидуальных потребителей электрической и (или) тепловой энергии и нетто-потребителей электрической энергии" заменить словом "нетто-потребителей";

      2) в статье 3:

      пункт 2 дополнить подпунктом 10-1) следующего содержания:

      "10-1) обеспечение кредитования строительства, реконструкции и модернизации электрических сетей региональных электросетевых компаний, находящихся в коммунальной собственности;";

      пункт 3 дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:

      "5-1) кредитование строительства, реконструкции и модернизации электрических сетей региональных электросетевых компаний, находящихся в коммунальной собственности, за счет бюджетных средств, осуществляемое в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;";

      3) статью 5 дополнить подпунктом 10-1) следующего содержания:

      "10-1) разрабатывает и утверждает правила кредитования строительства, реконструкции и модернизации электрических сетей региональных электросетевых компаний, находящихся в коммунальной собственности, по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию;";

      4) в абзаце первом пункта 2 статьи 12 слова "индивидуальных потребителей электрической и (или) тепловой энергии и нетто-потребителей электрической энергии" заменить словом "нетто-потребителей";

      5) пункт 3 статьи 13 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:

      "Энергоснабжающие организации в приоритетном порядке выкупают электрическую энергию у гидроэлектростанций суммарной установленной мощностью не более 10 мегаватт, находящихся в зоне их обслуживания, введенных в эксплуатацию до 1 июля 2023 года и не имевших на 1 июля 2023 года заключенных с единым закупщиком долгосрочных договоров купли-продажи электрической энергии согласно законодательству Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии, по предельному тарифу на электрическую энергию, установленному в соответствии со статьей 12-1 настоящего Закона.

      При этом выкуп электрической энергии у данных гидроэлектростанций допускается на уровне установленной мощности на 1 июля 2023 года.";

      6) пункт 6 статьи 14 после слов "энергоснабжающим организациям" дополнить словом ", нетто-потребителям";

      7) в статье 15-9:

      пункты 1 и 5 изложить в следующей редакции:

      "1. Инвестиционные соглашения на модернизацию, реконструкцию и (или) расширение со строительством генерирующих установок с использованием газа в качестве альтернативного типа топлива заключаются только с действующими (существующими) энергопроизводящими организациями, в составе которых действуют электрические станции, в том числе осуществляющими комбинированное производство тепловой и электрической энергии, находящимися в городах республиканского значения, в отношении основного генерирующего тепловую и электрическую энергию оборудования.";

      "5. Инвестиционные программы по модернизации, реконструкции и (или) расширению со строительством генерирующих установок с использованием газа в качестве альтернативного типа топлива не подлежат изменению в период рассмотрения советом рынка.

      В период принятия уполномоченным органом решения о заключении (об отказе в заключении) инвестиционного соглашения с энергопроизводящей организацией по модернизации, реконструкции и (или) расширению со строительством генерирующих установок с использованием газа в качестве альтернативного типа топлива энергопроизводящая организация вправе внести изменения в соответствующую инвестиционную программу на основании документов, подтверждающих изменение технико-экономических показателей мероприятия, в порядке, определенном уполномоченным органом.

      При этом энергопроизводящие организации обязаны повторно получить положительное заключение совета рынка и государственной экспертизы на технико-экономическое обоснование мероприятия по модернизации, реконструкции и (или) расширению со строительством генерирующих установок с использованием газа в качестве альтернативного типа топлива.";

      часть первую подпункта 3) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "3) тариф на услугу по поддержанию готовности электрической мощности как переменную величину по годам с учетом возврата инвестиций в отношении основного генерирующего тепловую и электрическую энергию оборудования в рамках инвестиционной программы по модернизации, реконструкции и (или) расширению со строительством генерирующих установок с использованием газа в качестве альтернативного типа топлива, включая вознаграждения, выплачиваемые по соответствующим инвестиционным займам, с учетом срока покупки услуги по поддержанию готовности электрической мощности (в месяцах) и объема услуги по поддержанию готовности электрической мощности.".

      3. В Закон Республики Казахстан от 4 июля 2009 года "О поддержке использования возобновляемых источников энергии":

      1) в статье 1:

      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:

      "4-1) маломасштабный объект по использованию возобновляемых источников энергии (далее – маломасштабный объект) – технические устройства общей установленной мощностью до двухсот киловатт (включительно), предназначенные для производства электрической и (или) тепловой энергии с использованием возобновляемых источников энергии, и взаимосвязанные с ними сооружения и инфраструктура, технологически необходимые для эксплуатации маломасштабного объекта;";

      подпункт 5) дополнить словами ", за исключением нетто-потребителей";

      подпункты 9), 9-1) и 12) исключить;

      подпункт 13) изложить в следующей редакции:

      "13) нетто-потребитель электрической энергии (далее – нетто- потребитель) – физическое или юридическое лицо, обеспечивающее полностью или частично собственное потребление электрической энергии и (или) тепловой энергии от маломасштабного объекта, принадлежащего ему на праве собственности или ином вещном праве, подключенного к распределительной электрической сети и оборудованного системами раздельного учета объемов потребления электрической энергии из сети и объемов поставки в нее, включая комбинированные установки возобновляемых источников энергии;";

      2) подпункт 1-2) пункта 2 статьи 3 изложить в следующей редакции:

      "1-2) предоставление мер поддержки нетто-потребителям;";

      3) в статье 4:

      в заголовке слова "Основные направления" заменить словами "Задачи и принципы";

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "1. Задачами государственного регулирования в области поддержки использования возобновляемых источников энергии являются:";

      в подпункт 5) внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      дополнить пунктом 2 следующего содержания:

      "2. Принципами государственного регулирования в области поддержки использования возобновляемых источников энергии являются:

      1) энергетическая и экологическая безопасность;

      2) безопасность жизни и здоровья людей, охрана окружающей среды при использовании возобновляемых источников энергии;

      3) баланс интересов субъектов в области поддержки использования возобновляемых источников энергии;

      4) достижение обязательств по развитию доли возобновляемых источников энергии в структуре генерации;

      5) инвестиционная привлекательность использования возобновляемых источников энергии.";

      4) в статье 6:

      подпункты 5-1), 5-2), 5-5), 5-7) и 7) исключить;

      дополнить подпунктами 7-1) и 7-2) следующего содержания:

      "7-1) разрабатывает и утверждает правила подключения к электрическим сетям и эксплуатации маломасштабных объектов;

      7-2) разрабатывает и утверждает типовой договор купли-продажи электрической энергии у нетто-потребителей;";

      подпункты 8), 9-1), 9-2), 10), 10-1), 10-3), 10-6), 10-7) и 10-8) исключить;

      дополнить подпунктом 10-9) следующего содержания:

      "10-9) определяет порядок купли-продажи электрической энергии у нетто-потребителей;";

      5) подпункт 3-2) статьи 7 исключить;

      6) в статье 9:

      подпункт 2) пункта 1 после слов "заключенным двусторонним договорам" дополнить словами "и энергоснабжающим организациям по предельным тарифам";

      в пункте 7:

      часть первую после слов "и вторичные энергетические ресурсы," дополнить словами "а также нетто-потребителям";

      часть вторую после слов "паводковой электроэнергии)," дополнить словами "а также нетто-потребители";

      пункты 9, 10 и 11 исключить;

      7) дополнить статьей 9-1 следующего содержания:

      "Статья 9-1. Условия для подключения нетто-потребителей к сетям энергопередающих организаций и продажи электрической энергии энергоснабжающим организациям

      1. Энергоснабжающая организация обязана заключить с нетто-потребителем типовой договор купли-продажи электрической энергии при подключении его к сетям энергопередающей организации в качестве потребителя.

      2. Энергопередающая организация обязана обеспечить беспрепятственное подключение нетто-потребителя к электрической сети энергопередающей организации в точке, находящейся с его стороны до раздела границ маломасштабного объекта, принадлежащего нетто-потребителю.

      3. Нетто-потребитель оплачивает обслуживающей его энергоснабжающей организации по ее действующему тарифу потребленный им за расчетный период из электрической сети объем электрической энергии за вычетом объема, поставленного им в электрическую сеть за тот же период.

      В случае превышения объема электрической энергии, поставленной нетто-потребителем за расчетный период в электрическую сеть, над объемом электрической энергии, потребленной им за тот же период из электрической сети, обслуживающая энергоснабжающая организация оплачивает нетто-потребителю вышеуказанный объем превышения по его предельной цене (без дифференциации по группам потребителей).

      Покупка-продажа электрической энергии у нетто-потребителей энергоснабжающей организацией осуществляется в соответствии с правилами купли-продажи электрической энергии у нетто- потребителей.";

      8) пункт 5 статьи 10 после слов "по использованию возобновляемых источников энергии" дополнить словами ", в том числе маломасштабных объектов,".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпунктов 2) и 3) пункта 2, абзацев третьего, четвертого, пятого, седьмого и восьмого подпункта 4) и подпункта 7) пункта 3 статьи 1, которые вводятся в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ