Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 108-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 207-бапта:

      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген жағдайда тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "10-1. Өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) демпингке қарсы соманы енгізбеу арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғаны туралы мәліметтерді тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      10-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      он үшінші бөлік "(даму жоспарына)" деген сөздерден кейін ", Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаға" деген сөздермен толықтырылсын;

      он алтыншы бөлік "оныншы" деген сөзден кейін ", 10-1, 10-2" деген цифрлармен толықтырылсын;

      ескертпелерде:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "жауапты хатшысын немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге лауазымды адамын" деген сөздер "конкурстық құжаттаманы, аукциондық құжаттаманы немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылған ақпаратты бекіткен адамын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "екінші бөлікте" деген сөздер "екінші және оныншы бөліктерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) үшінші, сегізінші, 10-1, 10-2, он бірінші және он үшінші бөліктерде – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жүктелген өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдаған адамын не оның міндетін атқаратын адамды;";

      2) 207-1-бап ескертпелерінің 1-тармағындағы "Мемлекеттік мүлік туралы" деген сөздер "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях

Закон Республики Казахстан от 1 июля 2024 года № 108-VIII ЗРК

      Статья 1. Внести в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 5 июля 2014 года следующие изменения и дополнения:

      1) в статье 207:

      часть десятую изложить в следующей редакции:

      "10. Необращение или несвоевременное обращение заказчика, организатора государственных закупок либо единого организатора государственных закупок в суд с иском о признании потенциального поставщика или поставщика недобросовестным участником государственных закупок в случае предоставления потенциальным поставщиком или поставщиком недостоверной информации по квалификационным требованиям и (или) документам, влияющим на конкурсное ценовое предложение, –

      влечет штраф на должностных лиц в размере тридцати месячных расчетных показателей.";

      дополнить частями 10-1 и 10-2 следующего содержания:

      "10-1. Непредставление или несвоевременное представление заказчиком в уполномоченный орган в сфере государственных закупок сведений об уклонении поставщика от заключения договора о государственных закупках путем невнесения обеспечения исполнения договора о государственных закупках и (или) антидемпинговой суммы в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках –

      влечет штраф на должностных лиц в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      10-2. Необращение или несвоевременное обращение заказчика в суд с иском о признании поставщиков недобросовестными участниками государственных закупок в случае неисполнения либо ненадлежащего исполнения поставщиком обязательств по заключенному с ним договору о государственных закупках, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, –

      влечет штраф на должностных лиц в размере тридцати месячных расчетных показателей.";

      часть тринадцатую после слов "(плану развития)" дополнить словами ", выделенным деньгам из Фонда поддержки инфраструктуры образования";

      часть шестнадцатую после слова "десятой" дополнить цифрами ", 10-1, 10-2";

      в примечании:

      в пункте 1:

      в подпункте 1) слова "ответственного секретаря или иного осуществляющего полномочия ответственного секретаря должностного лица, определяемого Президентом Республики Казахстан" заменить словами "лица, утвердившего конкурсную документацию, аукционную документацию или информацию, размещенную при осуществлении государственных закупок способом запроса ценовых предложений";

      в подпункте 2) слова "в части второй" заменить словами "в частях второй и десятой";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) в частях третьей, восьмой, 10-1, 10-2, одиннадцатой и тринадцатой – первого руководителя либо лица, принявшего решение в соответствии с возложенными полномочиями, заказчика либо лица, исполняющего его обязанности;";

      2) в пункте 1 примечания статьи 207-1 слова "О государственном имуществе" заменить словами "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2025 года.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ