Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 112-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:

      "135-1-бап. Лауазымды адамдардың жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы

      1. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      2) 147-1-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацында:

      "жиырма" деген сөз "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бестен он бес" деген сөздер "бестен жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "он бестен отыз" деген сөздер "жиырмадан отыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "жиырма" деген сөз "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 434-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер –";

      екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "4. Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет –

      алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      4) 434-2-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 449-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:

      "қайыршылық," деген сөзден кейін "жезөкшелікпен айналысу," деген сөздермен толықтырылсын;

      "сипатта қызметтер" деген сөздер "сипаттағы өзге де қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 450-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы "айналысу" деген сөзден кейін ", сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 730-1-баппен толықтырылсын:

      "730-1-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы

      1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Кодекстің 135-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      8) 804-баптың бірінші бөлігінің 65) тармақшасындағы "баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
      Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам противодействия торговле людьми, проявлению вандализма и порче чужого имущества

Закон Республики Казахстан от 5 июля 2024 года № 112-VIII ЗРК

      Статья 1. Внести в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 5 июля 2014 года следующие изменения и дополнения:

      1) главу 12 дополнить статьей 135-1 следующего содержания:

      "Статья 135-1. Несообщение должностными лицами о фактах оставления новорожденного, поступления и доставления детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

      1. Несообщение должностными лицами медицинских организаций и организаций, осуществляющих функции по защите прав ребенка, о фактах оставления новорожденного, поступления и доставления детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, в орган, осуществляющий функции по опеке или попечительству, и прокуратуру соответствующей административно-территориальной единицы, –

      влечет штраф в размере десяти месячных расчетных показателей.

      2. То же деяние, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влечет штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.";

      2) в статье 147-1:

      в абзаце втором части первой:

      слово "двадцати" заменить словом "пятидесяти";

      слова "от пяти до пятнадцати" заменить словами "от пяти до двадцати";

      в абзаце втором части второй слова "от пятнадцати до тридцати" заменить словами "от двадцати до тридцати";

      в абзаце втором части третьей слово "двадцати" заменить словом "шестидесяти";

      3) в статье 434:

      в части первой:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "1. Нецензурная брань в общественных местах, оскорбительное приставание к физическим лицам и другие подобные действия, выражающие неуважение к окружающим, нарушающие общественный порядок и спокойствие физических лиц, –";

      в абзаце втором слово "влечет" заменить словом "влекут";

      дополнить частями четвертой, пятой и шестой следующего содержания:

      "4. Осквернение зданий, иных сооружений, жилых помещений, мест общего пользования, имущества на транспорте и в иных общественных местах –

      влечет штраф в размере пятидесяти месячных расчетных показателей либо административный арест на срок от пяти до двадцати суток.

      5. Действие, предусмотренное частью четвертой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влечет административный арест на срок от двадцати до тридцати суток.

      6. Действие, предусмотренное частью пятой настоящей статьи, совершенное лицами, к которым административный арест в соответствии с частью второй статьи 50 настоящего Кодекса не применяется, –

      влечет штраф в размере шестидесяти месячных расчетных показателей.";

      4) в статье 434-2:

      в абзаце втором части первой слово "пяти" заменить словом "десяти";

      в абзаце втором части второй слово "десяти" заменить словом "двадцати";

      5) абзац первый части первой статьи 449:

      после слова "попрошайничества," дополнить словами "занятия проституцией,";

      после слова "оказания" дополнить словом "иных";

      6) заголовок и абзац первый части первой статьи 450 после слова "проституцией" дополнить словами ", оказания иных услуг сексуального характера";

      7) дополнить статьей 730-1 следующего содержания:

      "Статья 730-1. Уполномоченный орган в области защиты прав детей Республики Казахстан

      1. Уполномоченный орган в области защиты прав детей Республики Казахстан рассматривает дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьей 135-1 настоящего Кодекса.

      2. Рассматривать дела об административных правонарушениях и налагать административные взыскания вправе руководитель уполномоченного органа в области защиты прав детей Республики Казахстан и его заместители.";

      8) в подпункте 65) части первой статьи 804 слово "ребенка" заменить словами "детей Республики Казахстан".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ