Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 117-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 444-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарды, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдарды, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар адамдарды құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту –

      жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдардың, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар адамдардың құмар ойындарға және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуге қатысуына рұқсат ету –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамдардың құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруына және өткізуіне рұқсат ету –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға алып келеді.";

      2) 445-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "6-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінде, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор үй-жайларында, казино мен ойын автоматтары залының кассаларында, тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассаларында және электрондық кассаларында, өзінің интернет-ресурстарында құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуді орналастыру жөніндегі талаптарды сақтамауы –

      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      он бірінші бөліктің бірінші абзацы "алтыншы," деген сөзден кейін "6-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 445-1-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "түбіртектері немесе өзге де құжаттары" деген сөздер "электрондық лотерея билеттері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "түбіртектер немесе өзге де құжаттар", "түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан" деген сөздер тиісінше "электрондық лотерея билеттері", "электрондық лотерея билеттерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 451-бап мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "16. Телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радио сигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдығын тарату –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      17. Осы баптың он алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын шартты қолжетімді карталар және жабдық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      5) 455-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес келмейтін, букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар жарнамасын тарату және (немесе) орналастыру –

      жеке тұлғаларға – алпыс, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      бесінші бөліктің бірінші абзацы "бірінші," деген сөзден кейін "1-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      6) 684-баптың бірінші бөлігінде:

      "445, 445-1," деген цифрлар алып тасталсын;

      "451 (бірінші, екінші, үшінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде)" деген сөздер "451 (бірінші, екінші, үшінші, сегізінші, тоғызыншы және он жетінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 729-баптың бірінші бөлігі "418 (1-1-бөлігінде)," деген сөздерден кейін "451 (он алтыншы бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 732-баптың бірінші бөлігіндегі "464-бабында" деген сөздер "444 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 445, 445-1, 455 (1-1-бөлігінде) және 464-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 804-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "445 (бірінші және он бірінші бөліктері)," деген сөздер алып тасталсын;

      14) тармақшадағы "445," деген цифрлар алып тасталсын;

      14-1) тармақшадағы "(214, 445-1-баптар)" деген сөздер "(214-бап)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) тармақша "402 (төртінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "451 (он жетінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі "445 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)" деген сөздер "444 (бесінші бөлігінде), 445 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4) тармақшасын, 6) тармақшасының үшінші абзацын, 7) тармақшасын және 9) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях

Закон Республики Казахстан от 8 июля 2024 года № 117-VIII ЗРК.

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. cт.2 .

Статья 1. Внести в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 5 июля 2014 года следующие изменения и дополнения:

      1) в статье 444:

      часть вторую изложить в следующей редакции:

      "2. Вовлечение лиц в возрасте до двадцати одного года, лиц, ограниченных в участии в азартных играх и (или) пари, а также лиц, имеющих неисполненные обязательства по исполнительным документам об имущественных взысканиях, включенных уполномоченным органом, осуществляющим реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере обеспечения исполнения исполнительных документов, в Единый реестр должников, в занятия азартными играми и (или) пари на деньги, вещи и иные ценности –

      влечет штраф на физических лиц в размере двухсот месячных расчетных показателей.";

      дополнить частями третьей, четвертой и пятой следующего содержания:

      "3. Допуск лиц в возрасте до двадцати одного года, лиц, ограниченных в участии в азартных играх и (или) пари, а также лиц, имеющих неисполненные обязательства по исполнительным документам об имущественных взысканиях, включенных уполномоченным органом, осуществляющим реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере обеспечения исполнения исполнительных документов, в Единый реестр должников, к участию в азартных играх и (или) пари на деньги, вещи и иные ценности –

      влечет штраф на субъектов среднего предпринимательства в размере трехсот, на субъектов крупного предпринимательства – в размере одной тысячи месячных расчетных показателей.

      4. Допуск к организации и проведению азартных игр и (или) пари лиц, находящихся в списке лиц, ограниченных в участии в азартных играх и (или) пари, –

      влечет штраф на субъектов среднего предпринимательства в размере трехсот, на субъектов крупного предпринимательства – в размере одной тысячи месячных расчетных показателей.

      5. Действия, предусмотренные частями третьей и четвертой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влекут приостановление действия лицензии.";

      2) в статье 445:

      дополнить частью 6-1 следующего содержания:

      "6-1. Несоблюдение организатором игорного бизнеса требований по размещению в игорных заведениях, помещениях букмекерской конторы или тотализатора, кассах казино и зала игровых автоматов, кассах и электронных кассах тотализатора или букмекерской конторы, на собственных интернет-ресурсах предупреждения о рисках и вреде участия в азартных играх и (или) пари –

      влечет штраф на субъектов среднего предпринимательства в размере трехсот, на субъектов крупного предпринимательства – в размере одной тысячи месячных расчетных показателей, с приостановлением действия лицензии.";

      абзац первый части одиннадцатой после слова "шестой," дополнить цифрами "6-1,";

      3) в статье 445-1:

      в абзаце первом части первой слова "квитанциям или иным документам" заменить словами "электронным лотерейным билетам";

      в абзаце первом части третьей слова "квитанциях или иных документах", "квитанций или иных документов" заменить соответственно словами "электронных лотерейных билетах", "электронных лотерейных билетов";

      4) статью 451 дополнить частями шестнадцатой и семнадцатой следующего содержания:

      "16. Распространение карт условного доступа к услугам операторов телерадиовещания и оборудования, предназначенного для индивидуального приема теле-, радиосигнала операторов телерадиовещания, не имеющих лицензию в сфере телерадиовещания и не обладающих собственными спутниковыми системами вещания на территории Республики Казахстан, –

      влечет штраф на физических лиц в размере десяти, на субъектов малого предпринимательства – в размере двадцати, на субъектов среднего предпринимательства – в размере тридцати, на субъектов крупного предпринимательства – в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.

      17. Действие, предусмотренное частью шестнадцатой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влечет штраф на физических лиц в размере двадцати, на субъектов малого предпринимательства – в размере сорока, на субъектов среднего предпринимательства – в размере шестидесяти, на субъектов крупного предпринимательства – в размере ста месячных расчетных показателей, с конфискацией карт условного доступа и оборудования, явившихся непосредственными предметами совершения административного правонарушения.";

      5) в статье 455:

      дополнить частью 1-1 следующего содержания:

      "1-1. Распространение и (или) размещение рекламы букмекерских контор или тотализаторов, не соответствующей положениям законодательства Республики Казахстан о рекламе, –

      влекут штраф на физических лиц в размере шестидесяти, на должностных лиц – в размере восьмидесяти, на субъектов малого предпринимательства или некоммерческие организации – в размере ста двадцати, на субъектов среднего предпринимательства – в размере ста семидесяти, на субъектов крупного предпринимательства – в размере четырехсот месячных расчетных показателей.";

      абзац первый части пятой после слова "первой," дополнить цифрами "1-1,";

      6) в части первой статьи 684:

      цифры "445, 445-1," исключить;

      слова "451 (частями первой, второй, третьей, восьмой и девятой)" заменить словами "451 (частями первой, второй, третьей, восьмой, девятой и семнадцатой)";

      7) часть первую статьи 729 после слов "418 (частью 1-1)," дополнить словами "451 (частью шестнадцатой),";

      8) в части первой статьи 732 слова "статьей 464" заменить словами "статьями 444 (частями третьей, четвертой и пятой), 445, 445-1, 455 (частью 1-1) и 464";

      9) в части первой статьи 804:

      в подпункте 1) слова "445 (части первая и одиннадцатая)," исключить;

      в подпункте 14) цифры "445," исключить;

      в подпункте 14-1) слова "(статьи 214, 445-1)" заменить словами "(статья 214)";

      подпункт 50) после слов "402 (часть четвертая)," дополнить словами "451 (часть семнадцатая),";

      10) в части первой статьи 910-1 слова "445 (части первая, вторая, третья, четвертая, пятая, шестая, седьмая, восьмая, девятая и десятая)" заменить словами "444 (часть пятая), 445 (части первая, вторая, третья, четвертая, пятая, шестая, 6-1, седьмая, восьмая, девятая и десятая)".

Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 4), абзаца третьего подпункта 6), подпункта 7) и абзаца пятого подпункта 9) статьи 1, которые вводятся в действие с 1 октября 2024 года.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ