Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 3 қазандағы № 130-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      3-баптың 8) тармағы "мотоциклдер," деген сөзден кейін "мопедтер," деген сөзбен толықтырылсын.

      2. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      6), 25), 29-1) және 29-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) велосипед – екі немесе одан көп дөңгелегі бар және үстінде отырған адамдардың дене күшімен, оның ішінде қозғалтқыш пайдаланыла отырып, қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;";

      "25) жүргізуші – көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушы. Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері жүргізушіге теңестіріледі;";

      "29-1) көлік құралының орташа жүру жылдамдығы – көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалатын жылдамдық;

      29-2) көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электр қозғалтқышы (электр қозғалтқыштары) бар және (немесе) ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт (шасси тұтынушыларға жеткізіп берілетін жағдайда көлік құралының шассиіне берілетін паспорт);";

      мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-3) көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) жүйесінде ресімделген көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты);";

      38) тармақшадағы "мопедтерді," деген сөз алып тасталсын;

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) мопед – қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мопедтерге мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да механикалық көлік құралдары теңестіріледі;";

      46) тармақша алып тасталсын;

      47) тармақшадағы "тізіліміне енгізілген" деген сөздер "қызметіне арналған рұқсатты алған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53-1) тармақшадағы "электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен мопедтерді" деген сөздер "электр самокаттар мен электр қозғалтқышы бар велосипедтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";

      3) 11-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 29-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың" деген сөздер "уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 36-баптың 2-тармағындағы "жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 39-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 54-бапта:

      3-тармақтың 5-1) тармақшасы "мотоциклді" деген сөзден кейін "немесе мопедті" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:

      16) тармақша "жылдамдықтан асыруға;" деген сөздер "жылдамдықтан асыруға тыйым салынады." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Көлік құралының ең жоғары жүру жылдамдығынан асыру көлік құралының орташа жүру жылдамдығын автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркеп-белгілеу немесе есептеу арқылы айқындалады;";

      17) тармақшадағы "басқа көлік құралдарына" деген сөздер "жол жүрісіне басқа да қатысушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2) және 18-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) мотоциклді немесе мопедті ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай басқаруға;

      18-2) мотоциклді немесе мопедті бір дөңгелегімен жүргізіп басқаруға, сол сияқты осы көлік құралын басқаруға арналған орыннан тыс орналасуға;

      18-3) мотоциклдермен немесе мопедтермен, сондай-ақ арнаулы бейімдемелерде габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұратын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;";

      21) тармақшада:

      он бірінші абзацтағы "балалар және спорт алаңдарында тоқтауға" деген сөздер "балалар немесе спорт алаңында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "велосипед жолында және (немесе) велосипед жүретін жолақта тоқтауға;";

      35) тармақша алтыншы абзацындағы "тіркемемен сүйретуге;" деген сөздер "тіркемемен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, сондай-ақ мопедтермен сүйретуге;";

      36) тармақшада:

      төртінші абзац "мотоциклдің" деген сөзден кейін "немесе мопедтің" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші абзацтағы "санынан артық тасымалдауға;" деген сөздер "санынан артық;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "он алты жасқа толмағандарды мотоциклдің немесе мопедтің артқы орындығында тасымалдауға;";

      37) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;

      8) 55-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы "мотоциклмен" деген сөзден кейін "немесе мопедпен" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ 3) тармақшасындағы "басын шығаруға тыйым салынады." деген сөздер "басын шығаруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) мотоцикл немесе мопед жүріп келе жатқан кезде аяқ тіреуіштерге немесе орындыққа тұруға тыйым салынады.";

      9) 57-бапта:

      тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша "Мопед, электр самокат" деген сөздер "Электр самокат" деген сөздермен ауыстырылып, "және мопедтермен", "мопедпен және", "мопедтерді,", "мопедтермен," деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Тротуармен және (немесе) жаяу жүргіншілер жолымен қозғалтқышы бар велосипедтермен жүруге тыйым салынады.

      Велосипед жүргізушілерге жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, жолдың жүру бөлігімен түймеленген шлемдерсіз жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.";

      10) 64-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақ "мотороллерлер," деген сөзден кейін "мопедтер;" деген сөзбен толықтырылсын;

      11) 71-1-баптың 8) тармақшасындағы "жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі," деген сөздер "уәкілетті орган және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 72-баптың 1-тармағы 11) тармақшасының екінші бөлігіндегі "жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 73-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "А1" кіші санаты – ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі бір жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты он бір киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер, сондай-ақ мопедтер;";

      8-тармақтағы "В1 кіші санатындағы (мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар көлік құралдарынан басқа)" деген сөздер "А1" және "В1" кіші санаттарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 74-бапта:

      1-тармақ "адамдарға" деген сөзден кейін "көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының алтыншы бөлігінде немесе 613-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар жеті жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының жетінші бөлігінде немесе 613-бабының оныншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар сегіз жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді.

      Емтихандар тапсыруға осы шектеу әкімшілік жауаптылыққа соңғы тартылған кезден бастап есептеледі.";

      15) 77-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі "маршруттар бойынша ғана" деген сөздерден кейін "және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің қатысуымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 88-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізген" деген сөздер "Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне арналған рұқсаты бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-бап. Техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібі

      1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне рұқсаттар береді.

      2. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді.

      3. Техникалық қарап-тексеру операторлары көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін:

      1) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуге;

      2) осы баптың 2-тармағына сәйкес көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсат беру талаптарына сай келуге тиіс.

      4. Жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде заңды тұлғаның құрылтайшылары (акцияларының бақылау пакеті бар акционерлері) және (немесе) дара кәсіпкерлер техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айырылған кезден бастап келесі үш жыл ішінде техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған жаңа рұқсат алуға өтініш беруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны – техникалық қарап-тексеру операторын құруға не оған қатысуға құқылы емес.".

      3. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-қосымша мынадай мазмұндағы 84-2-жолмен толықтырылсын:

      "

84-2. 

Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсат беру

Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсат

Иеліктен шығарылмайтын;
мерзімсіз рұқсат

  ";

      2) 3-қосымшаның 47-тармағы алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасының үшінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын, 8), 9), 10), 13), 16) және 17) тармақшаларын, 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам организации движения отдельных видов транспортных средств и цифровизации дорожной безопасности

Закон Республики Казахстан от 3 октября 2024 года № 130-VIII ЗРК

Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Уголовный кодекс Республики Казахстан от 3 июля 2014 года:

      пункт 8) статьи 3 после слова "мотоциклы," дополнить словом "мопеды,".

      2. В Закон Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года "О дорожном движении":

      1) в статье 1:

      подпункты 6), 25), 29-1) и 29-2) изложить в следующей редакции:

      "6) велосипед – транспортное средство, имеющее два колеса или более и приводимое в движение мускульной силой людей, находящихся на нем, в том числе с использованием двигателя;";

      "25) водитель – лицо, управляющее транспортным средством, погонщик, ведущий по дороге скот, стадо, вьючных, упряжных или верховых животных. К водителю приравнивается мастер обучения вождению во время образовательного процесса;";

      "29-1) средняя скорость движения транспортного средства – скорость, определяемая путем деления протяженности участка дорог общего пользования международного, республиканского значения, пройденного транспортным средством, на промежуток времени, в течение которого это расстояние пройдено;

      29-2) паспорт транспортного средства (паспорт шасси транспортного средства) – паспорт, выдаваемый на предназначенные для движения по автомобильным дорогам общего пользования автомототранспортные средства, имеющие двигатель внутреннего сгорания с рабочим объемом свыше пятидесяти кубических сантиметров или электрический двигатель (электрические двигатели) максимальной (суммарной) мощностью более четырех киловатт и (или) максимальную конструктивную скорость более пятидесяти километров в час, и прицепы к ним (паспорт, выдаваемый на шасси транспортного средства в случае поставки шасси их потребителям);";

      дополнить подпунктом 29-3) следующего содержания:

      "29-3) электронный паспорт транспортного средства (паспорт шасси транспортного средства) – паспорт транспортного средства (паспорт шасси транспортного средства), оформленный в системе электронных паспортов транспортных средств (паспортов шасси транспортных средств);";

      в подпункте 38) слово "мопедов," исключить;

      подпункт 41) изложить в следующей редакции:

      "41) мопед – двух- или трехколесное механическое транспортное средство, снабженное двигателем внутреннего сгорания с объемом двигателя, не превышающим пятидесяти кубических сантиметров, либо электрическим двигателем и имеющее максимальную конструктивную скорость не более пятидесяти километров в час. К мопедам приравниваются мокики, скутеры и другие механические транспортные средства с аналогичными характеристиками;";

      подпункт 46) исключить;

      в подпункте 47) слова "включенные в реестр" заменить словами "получившие разрешение на деятельность";

      в подпункте 53-1) слово "мопедов" заменить словом "велосипедов";

      2) пункт 2 статьи 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Международные договоры, ратифицированные Республикой Казахстан, имеют приоритет перед настоящим Законом. Порядок и условия действия на территории Республики Казахстан международных договоров, участницей которых является Республика Казахстан, определяются законодательством Республики Казахстан.";

      3) подпункт 4) статьи 11 исключить;

      4) в подпункте 4) пункта 1 статьи 29 слова "уполномоченных органов по обеспечению безопасности дорожного движения и" заменить словами "уполномоченного органа и уполномоченного органа";

      5) в пункте 2 статьи 36 слова "по обеспечению безопасности дорожного движения" исключить;

      6) подпункт 7) пункта 3 статьи 39 исключить;

      7) в статье 54:

      подпункт 5-1) пункта 3 после слова "мотоциклом" дополнить словами "или мопедом";

      в пункте 4:

      подпункт 16) дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "Превышение максимальной скорости движения транспортного средства определяется путем фиксации или вычисления средней скорости движения транспортного средства сертифицированными специальными контрольно-измерительными техническими средствами и приборами, работающими в автоматическом режиме;";

      в подпункте 17) слова "транспортным средствам" заменить словами "участникам дорожного движения";

      дополнить подпунктами 18-1), 18-2) и 18-3) следующего содержания:

      "18-1) управлять мотоциклом или мопедом, не держась за руль хотя бы одной рукой;

      18-2) управлять мотоциклом или мопедом на одном колесе, а равно располагаться вне места, предназначенного для управления данным транспортным средством;

      18-3) перевозить на мотоциклах или мопедах, а также на специальных приспособлениях груз, который выступает более чем на пятьдесят сантиметров по длине или ширине за их габариты, или груз, мешающий управлению;";

      в подпункте 21):

      в абзаце одиннадцатом слова "детских и спортивных площадках" заменить словами "детской или спортивной площадке";

      дополнить абзацем двенадцатым следующего содержания:

      "на велосипедной дорожке и (или) велосипедной полосе движения;";

      подпункт 35) дополнить абзацем седьмым следующего содержания:

      "мопедов, а также мопедами, кроме буксировки прицепа, предназначенного для эксплуатации с мопедом;";

      в подпункте 36):

      абзац четвертый дополнить словами "или мопеда";

      дополнить абзацем шестым следующего содержания:

      "не достигших шестнадцатилетнего возраста, на заднем сидении мотоцикла или мопеда;";

      абзац второй подпункта 37) исключить;

      8) в статье 55:

      подпункт 2) пункта 2 после слова "мотоцикле" дополнить словами "или мопеде";

      пункт 3 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) вставать на опоры для ног или сиденье во время движения мотоцикла или мопеда.";

      9) в статье 57:

      в заголовке и по всему тексту слова "мопедов,", "и мопедах", "мопедами,", "мопедом и" исключить;

      пункт 4 исключить;

      пункт 6 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:

      "Запрещается двигаться по тротуару и (или) пешеходной дорожке на велосипедах с двигателем.

      Водителям велосипедов запрещается перевозить пассажиров по правому краю проезжей части дороги, в том числе по полосе для маршрутных транспортных средств, в один ряд либо по обочине, проезжей части дороги без застегнутых шлемов.";

      10) в статье 64:

      в подпункте 2) пункта 1 слова "с максимальной конструктивной скоростью более пятидесяти километров в час" исключить;

      пункт 3 после слова "мотороллеры," дополнить словом "мопеды;";

      11) в подпункте 8) статьи 71-1 слова "уполномоченными органами по обеспечению безопасности дорожного движения," заменить словами "уполномоченным органом и уполномоченными органами";

      12) в части второй подпункта 11) пункта 1 статьи 72 слова "по обеспечению безопасности дорожного движения" исключить;

      13) в статье 73:

      подпункт 10) части первой пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "10) подкатегория "А1" – мотоциклы, трициклы, квадроциклы с максимальной конструктивной скоростью более пятидесяти километров в час, с рабочим объемом двигателя внутреннего сгорания, не превышающим ста двадцати пяти кубических сантиметров, и максимальной мощностью, не превышающей одиннадцати киловатт, а также мопеды;";

      в пункте 8 слова "подкатегории "В1" (кроме транспортных средств с мотоциклетной посадкой или рулем мотоциклетного типа)" заменить словами "подкатегорий "А1" и "В1";

      14) в статье 74:

      пункт 1 после слов "соответствующей подготовки" дополнить словами "в учебных организациях по подготовке водителей транспортных средств";

      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Лица, привлеченные к административной ответственности в порядке, предусмотренном частью шестой статьи 608 или частью девятой статьи 613 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, не допускаются к сдаче экзаменов на получение права на управление транспортными средствами в течение семи лет.

      Лица, привлеченные к административной ответственности в порядке, предусмотренном частью седьмой статьи 608 или частью десятой статьи 613 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, не допускаются к сдаче экзаменов на получение права на управление транспортными средствами в течение восьми лет.

      Данное ограничение к сдаче экзаменов исчисляется с момента последнего привлечения к административной ответственности.";

      15) часть первую пункта 6 статьи 77 дополнить словами ", и в присутствии мастера обучения вождению во время образовательного процесса";

      16) в части первой пункта 2 статьи 88 слова "включенными уполномоченным органом в области транспорта и коммуникаций в реестр" заменить словами "имеющими разрешение на деятельность";

      17) статью 89 изложить в следующей редакции:

      "Статья 89. Разрешительный порядок деятельности операторов технического осмотра

      1. Уполномоченный орган в области транспорта и коммуникаций выдает разрешения на деятельность операторов технического осмотра в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".

      2. Уполномоченный орган в области транспорта и коммуникаций разрабатывает, согласовывает с уполномоченным органом в сфере разрешений и уведомлений и уполномоченным органом в сфере информатизации и утверждает нормативный правовой акт об утверждении разрешительных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, форм заявлений для получения разрешения второй категории, форм разрешений второй категории, правил осуществления разрешительных процедур и правил осуществления деятельности операторов технического осмотра.

      3. Операторы технического осмотра для осуществления деятельности по проведению обязательного технического осмотра транспортных средств должны:

      1) иметь государственную регистрацию в качестве индивидуального предпринимателя – для индивидуального предпринимателя или в качестве юридического лица – для юридического лица;

      2) соответствовать разрешительным требованиям, утвержденным уполномоченным органом в области транспорта и коммуникаций в соответствии с пунктом 2 настоящей статьи.

      4. Субъект частного предпринимательства, в том числе учредители (акционеры, с контрольным пакетом акций) юридического лица и (или) индивидуальные предприниматели, с момента лишения разрешения на деятельность оператора технического осмотра не вправе подавать заявление на новое разрешение на деятельность оператора технического осмотра, а также учреждать либо участвовать в другом юридическом лице – операторе технического осмотра в течение последующих трех лет.".

      3. В Закон Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях":

      1) приложение 2 дополнить строкой 84-2 следующего содержания:

      "

84-2.

Выдача разрешения на деятельность оператора технического осмотра

Разрешение на деятельность оператора технического осмотра

Неотчуждаемое; бессрочное разрешение

      ";

      2) пункт 47 приложения 3 исключить.

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 1, абзацев третьего, девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого и четырнадцатого подпункта 1), подпункта 3), абзацев второго, седьмого, восьмого, девятого, десятого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого и двадцать первого подпункта 7), подпунктов 8), 9), 10), 13), 16) и 17) пункта 2, пункта 3 статьи 1, которые вводятся в действие по истечении шести месяцев после дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ