Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 10 ақпандағы № 164-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:

      14-баптың екінші бөлігінде:

      "арнайы пошта жәшіктерінің" деген сөздер "арнаулы жәшіктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Пошта жәшіктеріне" деген сөздер "Арнаулы жәшіктерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Арнайы пошта жәшіктері" деген сөздер "Арнаулы жәшіктер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      544-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын.

      3. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 25-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган" деген сөздер "уәкілетті орган халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 39-баптың 2-тармағы 16) тармақшасындағы "қолдануды жүзеге асырады." деген сөздер "қолдануды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.";

      3) 41-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы "сақталуын тексередi." деген сөздер "сақталуын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын.

      "4) осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың сақталуын тексереді.".

      4. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 21-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Байланыс операторлары мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарын ұсына отырып, мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде осы байланыс жолдары мен арналарында уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз етеді.";

      2) 23-баптың 4-тармағы:

      "күзет қызметінің" деген сөздерден кейін "(президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Президенттік байланыс қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды байланыс операторлары техникалық мүмкіндік болған кезде өтеусіз негізде ұсынады.".

      5. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 16) тармақшасындағы "пошта жәшігінің мекенжайынан немесе" деген сөздер алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      23-баптың 6-тармағында:

      5) тармақшаның бірінші бөлігіндегі "әкелуге" деген сөздер "әкелуге, өткізуге және өзге де беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшадағы "пайдалануға беруге" деген сөздер "құруға немесе дамытуға, оның ішінде пайдалануға беруге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-2) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;";

      2) мынадай мазмұндағы 21-2-баппен толықтырылсын:

      "21-2-бап. Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы

      Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабархат (хабарлама), осындай шараны есепке алу және (немесе) алу мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ақпараттандыру объектісі болып табылатын "әлеуметтік әмиян" арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы алынуы мүмкін.".

      8. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      16) тармақшадағы "осындай жөнелтілімді пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша адресатқа немесе жөнелтушіге" деген сөздер "пошта жөнелтілімін пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімі – пошта жөнелтілімі (пошта карточкасынан басқа), оны беру кезінде жөнелтуші оның құнын пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен растаушы құжаттарды ұсыну арқылы жариялайды;";

      24) тармақша алып тасталсын;

      29) тармақшадағы ", оның iшiнде пошта жәшiктерiнен алу арқылы қабылданған" деген сөздер алып тасталсын;

      31) тармақша "сенiм білдірiлген адамына" деген сөздерден кейін "не парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен құқықты растау процесі арқылы адресаттың келісімін алу жолымен үшінші тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      32) тармақшадағы "адресатқа жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн" деген сөздер "жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн пошта жөнелтілімiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      42) тармақшадағы "адресатқа" деген сөз алып тасталсын;

      43) тармақшадағы "уәкiлеттi орган бекiткен пошта жөнелтілімі бланкісінің нысанын толтыра отырып" деген сөздер алып тасталсын;

      47) тармақшадағы "адресатқа немесе жөнелтушіге" деген сөздер алып тасталсын;

      51) тармақшадағы "пошта жөнелтілімінің адресатына қолын қойғызып" деген сөздер "қол қойғызып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      52) тармақшадағы "пошта жәшіктері немесе", "адресатқа" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

      1. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары пошта байланысы саласын дамыту, пошта байланысы саласындағы көрсетілетін қызметтер нарығын реттеу және кеңейту болып табылады.

      2. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасында пошта қызметін қалыптастыру мен дамыту, көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну және оларды іске асыруды ұйымдастыру;

      2) пошта төлемінің мемлекеттiк белгiлерінің пошта айналымы жөніндегі қызметтi реттеу.

      3. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) пошта байланысы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуы;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға көрсетілетін пошта байланысы қызметтерінің қолжетiмдi болуы;

      3) пошта операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн пошта операторларының сақтауы;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында пошта жөнелтiлімдерi қозғалысының және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдері транзитінің еркіндігі;

      5) көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну және осы қызметтiң нәтижелерiн пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi;

      6) пошта құпиясын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасында ұлттық пошта желісінің дамуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      8) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының қызметтерін көрсету кезінде пошта операторлары үшін пошта байланысы саласындағы қағидалар мен талаптар бiрлiгi.";

      3) 5-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік функцияларды, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пошта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пошта байланысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      3), 4), 5), 6), 8), 17) және 18) тармақшалар алып тасталсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы ", оның ішінде қажет болған кезде пошта байланысы бөлімшелерін сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 10-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "пошта жәшіктерінен жинап алынған және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;

      "адресатқа" деген сөз "пошта жөнелтілімін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтеріне:

      1) тіркелмейтін хатты жіберу бойынша көрсетілетін қызмет;

      2) жаздырып алынатын мерзiмдi баспасөз басылымдарын тарату бойынша көрсетілетін қызмет жатады.";

      5) 11-баптың 1-тармағындағы "адресатқа" деген сөз алып тасталсын;

      6) 12-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "адресатқа" деген сөз алып тасталсын;

      7) 17-баптың 2-тармағындағы "ұйымдастыру Пошта" деген сөздер "ұйымдастыру уәкілетті орган бекітетін пошта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 20-баптың 2 және 4-тармақтарындағы "Адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны" деген сөздер "Пошта жөнелтілімінің табыс етілгені" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 22-бапта:

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "пошта жәшіктерін және" деген сөздер алып тасталсын;

      7-тармақтағы "215," деген цифрлар алып тасталсын;

      10) 23-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақ 4) тармақшасындағы "жүзеге асыруға құқылы." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауды және сақтауды жүзеге асыруға құқылы.";

      11) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Пошта байланысы бөлімшелерін жабу туралы шешім қабылданған кезде пошта операторы бұл туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін бөлімшені жабудың болжамды күнінен үш ай бұрын хабардар етеді.";

      12) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-бап. Поштоматтар

      1. Поштоматтар ғимараттар мен құрылысжайларда не көппәтерлі тұрғын үйлерде орналастырылуы мүмкін.

      2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың меншік иелері не олардың сенім білдірілген адамдары пошта операторларының көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну мақсатында поштоматтарды орналастыруы үшін оларға шарт негізінде алаңдар бере алады.

      3. Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жиналыста пошта операторларының көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну мақсатында поштоматтарды орналастыруы үшін оларға кондоминиум объектісі мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға беру туралы шешім қабылдайды.";

      13) 35-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "пошта жәшіктеріне," деген сөздер алып тасталсын;

      14) 36-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пошта жөнелтілімі адресатқа немесе оның заңды өкіліне немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адамына не парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен құқықты растау процесі арқылы адресаттың немесе жөнелтушінің келісімін алу жолымен үшінші тұлғаларға жеткізілген және (немесе) оны пошта операторы табыс еткен кезге дейін жөнелтушіге тиесілі болады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Пошталық ақша аударымы адресатқа жеткізілген және (немесе) оны пошта операторы табыс еткен кезге дейін жөнелтушіге тиесілі болады.";

      15) 37-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктегі "өзіне тиесілі пошта жәшігі немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      16) 38-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдау немесе табыс ету алдында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті. Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланыла отырып, электрондық түрде немесе автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық пайдаланыла отырып немесе "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы ақпараттық жүйелер жолымен келісім алынғанын растайтын өзге де тәсілмен не қағаз жеткізгіште қол қойғызып алынады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланыла отырып, электрондық түрде немесе автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық пайдаланыла отырып немесе "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы ақпараттық жүйелер жолымен келісім алынғанын растайтын өзге де тәсілмен не қағаз жеткізгіште қол қойғызып алынады.";

      17) 39-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "жөнелтуші мен адресатты" деген сөздер "пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 44-бапта:

      1-тармақ "алушыға" деген сөзден кейін "немесе оның заңды өкіліне немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адамына не парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен құқықты растау процесі арқылы адресаттың немесе жөнелтушінің келісімін алу жолымен үшінші тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      1) тармақшадағы "құндылығы сомасының" деген сөздер "құндылығының құны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "жарияланған құндылығы бір бөлігі" деген сөздер "бір бөлігінің жарияланған құндылығының құны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша "жарияланған құндылығы" деген сөздерден кейін "құнының" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Пошта операторы жарияланған құндылық үшін тариф төленген жағдайда құндылығы жарияланған пошта жөнелтіліміне жауапты болады.".

      9. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына

      6-бапта::

      2-тармақтың сегізінші бөлігі "6)," деген цифрдан кейін "21)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      8-тармақ "6)," деген цифрдан кейін "21)," деген цифрлармен толықтырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2) және 3 ) тармақшаларын және 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтар – 2027 жылғы 31 желтоқсан аралығында тоқтатыла тұрсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оказания услуг связи, государственных закупок, транспорта и почты

Закон Республики Казахстан от 10 февраля 2025 года № 164-VIII ЗРК.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего Закона см. ст. 2.

Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Уголовно-исполнительный кодекс Республики Казахстан от 5 июля 2014 года:

      в части второй статьи 14:

      слова "специальных почтовых ящиков" заменить словами "специальных ящиков";

      слова "почтовые ящики" заменить словами "специальные ящики";

      слова "Специальные почтовые ящики" заменить словами "Специальные ящики".

      2. В Кодекс Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года "О таможенном регулировании в Республике Казахстан":

      пункт 1-1 статьи 544 исключить.

      3. В Закон Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании":

      1) пункт 2 статьи 25 после слов "уполномоченным органом" дополнить словами "по согласованию с уполномоченным органом по вопросам миграции населения";

      2) пункт 2 статьи 39 дополнить подпунктом 17) следующего содержания:

      "17) контроль и надзор за соблюдением условий, указанных в пункте 2 статьи 25 настоящего Закона.";

      3) пункт 1 статьи 41 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) соблюдение условий, указанных в пункте 2 статьи 25 настоящего Закона.".

      4. В Закон Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи":

      1) статью 21 дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Операторы связи при оказании услуг связи государственным органам с предоставлением линий и каналов связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, обеспечивают на безвозмездной основе на данных линиях и каналах связи применение средств защиты информации в порядке, определяемом уполномоченным органом.";

      2) пункт 4 статьи 23:

      после слова "охраны" дополнить словами "(за исключением нужд президентской связи)";

      дополнить частью второй следующего содержания:

      "Линии и каналы связи, каналы в кабельной канализации и площади, необходимые для размещения технических средств, для нужд президентской связи предоставляются операторами связи на безвозмездной основе при наличии технической возможности.".

      5. В Закон Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма":

      в подпункте 16) статьи 1 слова "адреса почтового ящика или" исключить.

      6. В Закон Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О национальной безопасности Республики Казахстан":

      в пункте 6 статьи 23:

      в части первой подпункта 5) слова "а также ввоз" заменить словами "а также ввоз, реализация и иная передача";

      в подпункте 8) слово "ввод" заменить словами "создание или развитие, в том числе ввод".

      7. В Закон Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах":

      1) статью 1 дополнить подпунктом 5-2) следующего содержания:

      "5-2) мера государственной поддержки физических лиц – государственные услуги или иные формы государственной поддержки, направленные на повышение благополучия физических лиц, за исключением индивидуальных предпринимателей и лиц, занимающихся частной практикой, юридических консультантов, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      2) дополнить статьей 21-2 следующего содержания:

      "Статья 21-2. Мера государственной поддержки физических лиц

      Извещение (уведомление) о мере государственной поддержки физических лиц, учет и (или) получение такой меры осуществляются посредством "социального кошелька", являющегося объектом информатизации, в порядке, определенном уполномоченным органом в сфере оказания государственных услуг.

      При этом мера государственной поддержки физических лиц может быть получена посредством иных объектов информатизации в порядке, определенном уполномоченным органом в сфере оказания государственных услуг.".

      8. В Закон Республики Казахстан от 9 апреля 2016 года "О почте":

      1) в статье 1:

      в подпункте 16) слова "такое отправление адресату или отправителю" заменить словами "почтовое отправление";

      дополнить подпунктом 17-1) следующего содержания:

      "17-1) почтовое отправление с объявленной ценностью – почтовое отправление (кроме почтовой карточки), при подаче которого отправителем объявляется его стоимость путем представления подтверждающих документов в порядке, определяемом уполномоченным органом в области почты;";

      подпункт 24) исключить;

      в подпункте 29) слова ", в том числе путем выемки из почтовых ящиков" исключить;

      подпункт 31) дополнить словами ", либо третьим лицам путем получения согласия адресата через процесс подтверждения права посредством ввода пароля (пин-кода) или сканирования штрих-кода";

      в подпункте 32) слово "адресату" заменить словами "почтового отправления";

      в подпункте 37) слово "сфере" заменить словом "области";

      в подпункте 42) слово "адресату" исключить;

      в подпункте 43) слова "с заполнением формы бланка почтового отправления, утвержденного уполномоченным органом" исключить;

      в подпункте 47) слова "адресату или отправителю" исключить;

      в подпункте 51) слова "адресату почтового отправления" исключить;

      в подпункте 52) слова "почтовые ящики или", "адресату" исключить;

      2) статью 4 изложить в следующей редакции:

      "Статья 4. Основные цели, задачи и принципы государственного регулирования в области почтовой связи

      1. Основными целями государственного регулирования в области почтовой связи являются развитие отрасли почтовой связи, регулирование и расширение рынка услуг в области почтовой связи.

      2. Основными задачами государственного регулирования в области почтовой связи являются:

      1) формирование и развитие почтовой деятельности, предоставление услуг почтовой связи в Республике Казахстан и организация их реализации;

      2) регулирование деятельности по почтовым обращениям государственных знаков почтовой оплаты.

      3. Основными принципами государственного регулирования в области почтовой связи являются:

      1) соблюдение законности при осуществлении деятельности в области почтовой связи;

      2) доступность услуг почтовой связи пользователям услуг оператора почты на территории Республики Казахстан;

      3) соблюдение операторами почты прав и законных интересов пользователей услуг оператора почты;

      4) свобода перемещения почтовых отправлений на территории Республики Казахстан и транзита международных почтовых отправлений через территорию Республики Казахстан;

      5) равенство прав физических и юридических лиц при предоставлении услуг почтовой связи и использовании результатов этой деятельности;

      6) обеспечение почтовой тайны;

      7) обеспечение развития и функционирования национальной почтовой сети в Республике Казахстан;

      8) единство правил и требований в области почтовой связи для операторов почты при оказании услуг почтовой связи пользователям услуг оператора почты.";

      3) в статье 5:

      в пункте 1:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) осуществляет стратегические, регулятивные, реализационные и контрольные функции в пределах своей компетенции;";

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) на основе и во исполнение основных направлений внутренней и внешней политики государства, определенных Президентом Республики Казахстан, и основных направлений социально-экономической политики государства, его обороноспособности, безопасности, обеспечения общественного порядка, разработанных Правительством Республики Казахстан, формирует государственную политику в области почтовой связи в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) разрабатывает и утверждает нормативные правовые акты в области почтовой связи в соответствии с основными целями и задачами настоящего Закона и законодательством Республики Казахстан;";

      подпункты 3), 4), 5), 6), 8), 17) и 18) исключить;

      подпункт 2) пункта 2 дополнить словами ", в том числе при необходимости принимают меры по сохранению отделений почтовой связи";

      4) в статье 10:

      в части первой пункта 1:

      слова "собранных из почтовых ящиков и (или)" исключить;

      слово "адресату" заменить словами "почтового отправления";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. К универсальным услугам почтовой связи относятся:

      1) услуги по пересылке нерегистрируемого письма;

      2) услуги по распространению периодических печатных изданий по подписке.";

      5) в пункте 1 статьи 11 слово "адресату" исключить;

      6) в подпункте 4) пункта 2 статьи 12 слово "адресату" исключить;

      7) пункт 2 статьи 17 дополнить словами ", утверждаемыми уполномоченным органом";

      8) в пунктах 2 и 4 статьи 20 слова "получении адресатом" заменить словом "вручении";

      9) в статье 22:

      в части первой пункта 5 слова "почтовые ящики и" исключить;

      в пункте 7 цифры "215," исключить;

      10) в статье 23:

      подпункт 4) пункта 1 исключить;

      пункт 2 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) осуществлять транспортировку и хранение лекарственных средств и медицинских изделий согласно требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан в области здравоохранения.";

      11) пункт 1 статьи 30 дополнить частью третьей следующего содержания:

      "При принятии решения о закрытии отделения почтовой связи оператор почты информирует об этом местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов за три месяца до предполагаемой даты закрытия.";

      12) статью 32 изложить в следующей редакции:

      "Статья 32. Почтоматы

      1. Почтоматы могут размещаться в зданиях и сооружениях либо многоквартирных жилых домах.

      2. Собственники зданий и сооружений либо их доверенные лица могут предоставлять площади операторам почты на основании договора для размещения ими почтоматов в целях предоставления услуг почтовой связи.

      3. Собственники квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях" принимают на собрании решение о передаче части имущества объекта кондоминиума в имущественный наем операторам почты для размещения ими почтоматов в целях предоставления услуг почтовой связи.";

      13) в части первой пункта 2 статьи 35 слова "почтовым ящикам," исключить;

      14) в пункте 3 статьи 36:

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "3. Почтовое отправление принадлежит отправителю до момента доставки и (или) вручения его оператором почты адресату или его законному представителю, или поверенному, действующему на основании доверенности, либо третьим лицам путем получения согласия адресата или отправителя через процесс подтверждения права посредством ввода пароля (пин-кода) или сканирования штрих-кода.";

      дополнить частью второй следующего содержания:

      "Почтовый перевод денег принадлежит отправителю до момента доставки и (или) вручения его оператором почты адресату.";

      15) в пункте 2 статьи 37:

      в части первой слова "принадлежащие ему почтовый ящик или" исключить;

      часть вторую исключить;

      16) в статье 38:

      часть вторую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "Операторы почты перед приемом или вручением почтового отправления обязаны получить заявление (согласие) пользователя услуг оператора почты на сбор, накопление, использование и хранение персональных данных. Такое согласие отбирается в электронном виде с использованием электронной цифровой подписи или иным способом, которым подтверждает получение согласия, с использованием автоматизированных (электронных) устройств, оборудования или посредством информационных систем через государственный сервис контроля доступа к персональным данным согласно Закону Республики Казахстан "О персональных данных и их защите" либо на бумажном носителе под роспись.";

      пункт 4 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Согласие на сбор, накопление, использование и хранение персональных данных отбирается в электронном виде с использованием электронной цифровой подписи или иным способом, которым подтверждает получение согласия, с использованием автоматизированных (электронных) устройств, оборудования или посредством информационных систем через государственный сервис контроля доступа к персональным данным согласно Закону Республики Казахстан "О персональных данных и их защите" либо на бумажном носителе под роспись.";

      17) в части второй пункта 2 статьи 39 слова "отправителя и адресата" заменить словами "пользователя услуг оператора почты";

      18) в статье 44:

      пункт 1 дополнить словами "или его законному представителю, или поверенному, действующему на основании доверенности, либо третьим лицам путем получения согласия адресата или отправителя через процесс подтверждения права посредством ввода пароля (пин-кода) или сканирования штрих-кода";

      в пункте 3:

      в подпункте 1) слово "суммы" заменить словом "стоимости";

      подпункт 2) после слов "в размере" дополнить словом "стоимости";

      подпункт 3) после слов "в размере части" дополнить словом "стоимости";

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Оператор почты несет ответственность за почтовое отправление с объявленной ценностью при условии оплаты тарифа за объявленную ценность.".

      9. В Закон Республики Казахстан от 1 июля 2024 года "О государственных закупках":

      в статье 6:

      часть восьмую пункта 2 после цифры "6)," дополнить цифрами "21),";

      пункт 8 после цифры "6)," дополнить цифрами "21),".

Статья 2.

      1. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением:

      1) пункта 2 статьи 1, который вводится в действие с 31 декабря 2024 года;

      2) подпунктов 2) и 3) пункта 3 и пункта 5 статьи 1, которые вводятся в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      2. Приостановить с 1 января 2025 года по 31 декабря 2027 года действие части второй пункта 1 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании".

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ