ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктің бірінші абзацында:
"Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі," деген сөздер алып тасталсын;
"сауда" деген сөз "Сауда" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацында:
"Өтінім беруші сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша құжаттарды ұсынбаған жағдайда, шығарған елін айқындау өлшемшартын дұрыс айқындамай,", ", Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін", "берілген тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде" деген сөздер алып тасталсын;
"тауар" деген сөз "Тауар" деген сөзбен, "қағидалар бұзыла отырып" деген сөздер "қағидаларды бұза отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "бірінші," деген сөз алып тасталсын;
екінші абзацта:
"тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын қолданудан айыра отырып, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде," деген сөздер алып тасталсын;
", сараптама ұйымдарына үш айға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздер алып тасталсын.
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 3-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 17-бапта:
тақырыптағы "Отандық" деген сөз "Қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін" деген сөздер "Қазақстанда шығарылатын тауарлар, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің" деген сөздер "Қазақстанда шығарылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 92-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 96-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "отандық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)" деген сөздер "Қазақстанда шығарылатын тауарларды, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 97-1-баппен толықтырылсын:
"97-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі болып табылады.
2. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын және өзге де мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы.
4. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.";
6) 239-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне:
248-баптың 4) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 16-1-бапта:
5) тармақшадағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 16-4-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
2) тармақшадағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын.
5. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 26-1) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 10-бапта:
1) тармақшадағы "отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне" деген сөздер "қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-1) тармақшадағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын.
6. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 8) тармақшасындағы "отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң" деген сөздер "қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағының 8-6) тармақшасындағы "отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң" деген сөздер "қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
21-1) тармақша алып тасталсын;
40-1) тармақшадағы ", Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесі" деген сөздер алып тасталсын;
40-2) тармақша алып тасталсын;
2) 3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "Қазақстанда шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-бапта:
7-2) және 7-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7-2) тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
7-3) тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) тауарды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады;";
12) және 15-4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-12) тармақшамен толықтырылсын:
"15-12) Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидаларын бекітеді;";
4) 14-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "отандық өндірістің" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-1-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "отандық және" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарлар мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "Қазақстанда шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 18-2-баптың 2) тармақшасындағы "қазақстандық" деген сөз "Қазақстанда шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 18-5-бап алып тасталсын;
9) 31-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасындағы "отандық өндіріс тауарларын" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 32-2-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын.
8. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 2-тармағының 12-1) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 15-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын.
9. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға қағаз жеткізгіште не техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Аккредиттеуге арналған өтінімді қоспағанда, қағаз жеткізгіштегі құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.";
3-тармақ "табыс етеді" деген сөздерден кейін "не техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жібереді" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 18-баптың 11-тармағы "жазбаша" деген сөзден кейін "не техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберген" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 19-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі "шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде" деген сөздер "техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "өтінім берушіге" деген сөздер "өтініш берушіге техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 21-баптың 7-тармағы "аттестаты" деген сөзден кейін "техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 22-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі "шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектiсiне жазбаша түрде" деген сөздер "аккредиттеу субъектiсiне техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жаңарту кезінде аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жаңартудың себептерін негіздей отырып өтінімін және өзгерістер енгізілген құжаттарды техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште ұсынады. Жаңартуға өтінім қағаз жеткізгіште жіберілген кезде өзгерістер енгізілген құжаттар екі данада ұсынылады.";
7) 26-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аккредиттеу субъектісінің техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште жіберген өтініші болғанда;";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аккредиттеу субъектісінің техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште жіберген өтінішінің болуы;".
10. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
11. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-баптың 2-тармағында:
12) тармақшасындағы "отандық тауарларды өндіру мен қызмет көрсету" деген сөздер "Қазақстанда шығарылатын тауарлар өндірісінің және көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшасындағы "отандық тауарлар мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылатын тауарлардың және" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы "(тиеуге)" деген сөзден кейін "(Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін алдын ала хабардар ете отырып, порттардың сыртқы рейдінде тұрған кемелерді бункерлеуді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
13. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-1) және 4-2) тармақшалары алып тасталсын;
2) 11-баптың 1-1-тармағының 2) тармақшасындағы "отандық" деген сөз "Қазақстанда шығарылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 14-баптың бірінші бөлігінде:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын береді;";
15) тармақша алып тасталсын;
5) 21-баптың 4-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын.
14. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымшаның 357-1-жолы алып тасталсын.
15. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "отандық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)" деген сөздер "Қазақстанда шығарылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 8) тармақшасы "тәртібін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 11-баптың 4-тармағында:
1-1) тармақшадағы "техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын" деген сөздер "ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;";
3) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
"18-1-бап. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы
1. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауышы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы болып танылады.
2. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы техникалық-экономикалық ақпарат объектілері сыныптауыш топтарының кодтары мен атауларының жиынтығын жүйеге келтіру арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сыныптаудағы біріздендірудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді.
3. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлеріне қолданылады.
4. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышын мемлекеттік органдар, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жөніндегі жұмыстарға қатысатын және (немесе) оларды өз қызметінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар пайдаланады.";
4) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын жария талқылау стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.".
17. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптағы "отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өнім берушілерге" деген сөздер "қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. "Техникалық реттеу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13) тармақшасындағы ", тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау" деген сөздер алып тасталсын;
2) 40-баптың 2-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы "шығарылған жері туралы сертификат және ішкі айналысқа арналған тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы" деген сөздер "шығу тегі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріліп жүзеге асырылады.";
2) 4-баптың 6) тармақшасындағы "отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге" деген сөздер "қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. "Өнеркәсіптік саясат туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері – кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстанда шығарылған тауар – толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауар немесе өндіру кезінде өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегі орындалатын, өндіріс шарттарына сәйкес келетін қайта өңделген тауар, ол туралы мәліметтер қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қамтылады;";
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;
7-2) қарсы міндеттемелер – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің осы Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өзара міндеттемелері;";
13) және 14) тармақшалардағы "отандық тауарларын," деген сөздер "Қазақстанда шығарылатын тауарларын, орындалатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
"23-1) цифрлық верификация – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі арқылы жүзеге асырылатын өтініш берушіні бағалаудың автоматты процесі;";
"25) ірі тапсырыс берушілер – кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар; квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері; қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері; жүйе құраушы кәсіпорындар.";
2) 3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "отандық тауарлар мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарлардың және" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын бекітеді;";
4) 9-бапта:
13) тармақша алып тасталсын;
14) тармақшадағы "отандық" деген сөз "Қазақстанда шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"41-1) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
41-2) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізеді;";
5) 10-бапта:
2) және 3) тармақшалардағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер тиісінше "Қазақстанда шығарылған тауарларын және", "Қазақстанда шығарылған тауарларының және" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) және 8) тармақшалардағы "отандық жоғары технологиялық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-баптың 3) тармақшасындағы "тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың" деген сөздер "жүйе құраушы кәсіпорындардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін өтініш берушілердің өндірісін бағалауға қатысады;";
8) 13-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацындағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
2), 4), 5) және 6) тармақшалардағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы "отандық жоғары технологиялық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларының және" деген сөздермен ауыстырылсын;
10), 10-1) және 10-2) тармақшалардағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацындағы "отандық тауарларын, жұмыстары" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларын, орындалатын жұмыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қазақстандық тауар өндірушінің болуы.";
11) 29-баптың 9) тармақшасындағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларының және" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 37-баптағы "Отандық", "отандық" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 38-бапта:
тақырыптағы "отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "отандық жоғары технологиялық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "отандық жоғары технологиялық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 43-бапта:
1-тармақтағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "отандық өндірушілер" деген сөздер "қазақстандық тауар өндірушілер, қызметтерді көрсетушілер" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларының және" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "отандық тауарлары мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарларын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 46-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) қолда бар өндірістік қуаттарда өндірілген тауарларды сатып алудың ұзақ мерзімді кепілдік берілген көлемін көздейтін кепілдендірілген сатып алу шарттары;";
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ірі тапсырыс берушілер өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша тапсырыс берушілер болып табылады.";
16) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"47-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу тәртібі
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін сатып алу жоспарларын (алдын ала, жылдық, ұзақ мерзімді);
2) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылардан "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын;
3) табиғи монополиялар субъектілерінен "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалатын алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбелерін;
4) жүйе құраушы кәсіпорындардан алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарларды сатып алу жоспарларын алады.
2. Ірі тапсырыс берушілердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарлары (бағдарламалары, тауарлар тізбелері) сатып алуды жүзеге асырудың бірінші жылының алдындағы жылы ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарларында (бағдарламаларында, тауарлар тізбелерінде) ішкі нарықта сатып алынатын тауарларды немесе кепілдік міндеттемелері қолданылатын шетелде шығарылған тауарларды қоспағанда, сатып алуға жоспарланатын тауарлардың тізбесі көзделеді.
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ерекшеліктерге сәйкестігін қарайды.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ірі тапсырыс берушілерге сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді.
Ірі тапсырыс берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзінің сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) өзгерістер енгізеді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға қайта жібереді.
Бұл ретте өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
5. Сатып алуға жоспарланатын тауарлардың келісілген тізбесі 1 ақпанға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде орналастырылады.
6. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасуға мүдделі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде осы Заңның 48-бабына сәйкес офтейк-келісімшарттар және осы Заңның 48-1-бабына сәйкес кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасу үшін өтінімді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбесі жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде береді.
7. Ірі тапсырыс берушілер өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өтінімдерін қарайды және өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде офтейк-келісімшарттар немесе кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасады.
8. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасалғаннан кейін ірі тапсырыс берушінің өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасына зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтар жүргізуге құқығы бар.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасына зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтар өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарт жасалғанға дейін ірі тапсырыс беруші ұсынатын тауардың техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы негізінде жүргізіледі.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасының зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтарының оң нәтижелері алынған жағдайда осы тауар топтамасын беру жүргізіледі. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасының зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтарының теріс нәтижелері алынған кезде өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарт өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының кінәсінан орындалмаған болып есептеледі және бұзуға жатады.
Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберінде тауар берілген кезге дейін ірі тапсырыс берушілер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып ала алады.
Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шартқа қол қойылғаннан кейін тауардың қосымша техникалық сипаттамаларын, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттерін, жиынтықталуына қойылатын талаптарды көрсетуге тыйым салынады.";
17) мынадай мазмұндағы 47-1, 48-1, 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 және 51-7-баптармен толықтырылсын:
"47-1-бап. Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуы
1. Өндіріс көлемі тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жиынтық өндіріс көлемінің үш пайызынан астамын құрайтын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жүйе құраушы кәсіпорындар болып табылады.
2. Жүйе құраушы кәсіпорындар тізбесін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алуы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның елішілік құндылықты мониторингтеуіне жатады.
4. Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алуы осы Заңның 47, 48, 48-1 және 49-баптарында айқындалған талаптар сақталған жағдайда алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарларды сатып алу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.";
"48-1-бап. Кепілдендірілген сатып алу шарттары
1. Кепілдендірілген сатып алу шарттары бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарлардың кепілдік берілген көлемін жасалған кепілдендірілген сатып алу шартының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді негізде беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жасалған кепілдендірілген сатып алу шарттары қаржы ұйымдарында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстанның Даму Банкінде кепіл нысанасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жасалған кепілдендірілген сатып алу шартына өзгерістер енгізу ірі тапсырыс берушінің және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының келісуі бойынша жүзеге асырылады.
3. Кепілдендірілген сатып алу шартының қолданылу мерзімі шартта айқындалады, бірақ бір жылдан кем болмайды. Кепілдендірілген сатып алу шартының ең ұзақ қолданылу мерзімі он жылдан аспайды.
4. Кепілдендірілген сатып алу шартында:
тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетіле отырып, олардың атаулары;
шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне өнім беру көлемі;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін шарт тараптарының жауапкершілігі;
тараптардың келісуі бойынша өзге де талаптар қамтылуға тиіс.";
"51-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру тәртібі
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастыру қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерден тұрады:
1) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтінім беру;
2) цифрлық верификация;
3) өндірісті бағалау;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның тізілімге енгізу не енгізбеу туралы шешім қабылдауы.
2. Өтінім беру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты жинауға және өңдеуге келісім;
2) өндірісті бағалау және мониторингті жүзеге асыру үшін өндірістік объектіге қолжетімділік беруге келісім;
3) өндірістік объектіде бейнебақылау жүйесін орнату жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға, мониторингті жүзеге асыру үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға бейнеақпаратты қарауға қашықтан қолжетімділік беруге келісім;
4) тауар өндірудің мәлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мәлімделген шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мәліметтер ұсынылады.
3. Өтінім берілгеннен кейін өндірістік қызметті растайтын қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалған өлшемшарттар бойынша цифрлық верификация жүзеге асырылады.
Тізілімге енгізу үшін қажетті мәліметтерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі қалыптастырады.
Цифрлық верификация нәтижелері өтінім берушіге "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Цифрлық верификация нәтижесі теріс болған жағдайда шешімде негіздемелері бар уәжді жауап қамтылуға тиіс.
4. Өндірісті бағалау кезінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, өндірістің мәлімделген шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалуын тексеруді, тауар өндірудің мәлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мәлімделген шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Бұл ретте өтінім беруші мәлімдеген өндірістік және технологиялық операциялар өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегіне сай келуге тиіс.
5. Осы баптың 2-тармағына сәйкес өтінім беруші мәлімдеген мәліметтер негізінде өндірісті бағалау мүмкін болмаған кезде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, көшпелі инспекцияны жүзеге асырады.
Салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерін көшпелі инспекцияға қатысуға тарту ерікті сипатта болады және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Көшпелі инспекцияның қорытындысы бойынша өндірісті бағалау актісі жасалады.
6. Өндірісті бағалау нәтижесі оң болған кезде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өтінім берушіні тізілімге енгізеді.
Өндірісті бағалау нәтижесі теріс болған кезде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар уәжді жауап автоматты түрде жіберіледі.
Кәсіпкерлік субъектісі анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін тізілімге енгізу үшін өтінімді қайта беруге құқылы.
7. Өтінім беруші өтінімде көрсетілген, берілген мәліметтердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Қазақстандық тауар өндіруші, тауар және елішілік құндылық үлесі туралы мәліметтерді көрсете отырып, өзі өндіретін тауар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс тізілімнен үзінді-көшірме қазақстандық тауар өндірушінің тізілімде болуын растау болып табылады.
9. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өндіретін қазақстандық тауар өндірушілерді тізілімге енгізу кезінде өндірісті бағалау талап етілмейді.
10. Осы баптың талаптары бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге қолданылмайды және осы Заңның 51-2-бабымен регламенттеледі.
51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу және одан шығару тәртібі
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым Қазақстанда шығарылған тауарларға теңестіріледі.
2. Тізілімге енгізу үшін бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушіні растау тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын тізілімдегі бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге мониторинг жүргізеді және оның нәтижелері туралы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
4. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерді тізілімге енгізуді және одан шығаруды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның хабарламасы негізінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілер тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабарламаға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға шағым жасауға құқылы.
51-3-бап. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар
1. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар:
1) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, оның аумағында не оның аумақтық теңізінде (өзге де ішкі су айдындарында) немесе оның түбінен не Қазақстан Республикасының аумағындағы атмосфералық ауадан өндірілген табиғи ресурстар (пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстар, су, жер ресурстары);
2) Қазақстан Республикасында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды, Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мәліметтерді пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес көмірсутектерді немесе уранды өндіруге арналған келісімшарттар туралы мәліметтерді көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мәліметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімге енгізу үшін ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері туралы мәліметтерді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
6. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы органдар тізілімге енгізу үшін ұсынады.
7. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар туралы мәліметтерді тізілімге осы баптың 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынылған мәліметтер негізінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган енгізеді.
51-4-бап. Тізілімді мониторингтеу
1. Қазақстандық тауар өндіруші тізілімге енгізілгеннен кейін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган тоқсанына бір реттен кем болмайтындай кезеңділікпен цифрлық верификация арқылы мониторингтеуді жүзеге асырады.
2. Мониторинг қорытындысы бойынша осы Заңның 51-1-бабының 3-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.
Анықталған сәйкессіздіктер жойылмаған жағдайда қазақстандық тауар өндіруші тізілімнен шығарылады.
51-5-бап. Апелляциялық комиссия
1. Цифрлық верификация арқылы мониторинг нәтижелері бойынша тізілімнен шығару жөніндегі қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтарын, шағымдарын апелляциялық комиссия қарайды.
2. Апелляциялық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтары, шағымдары апелляциялық комиссияға тізілімнен шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде беріледі.
4. Апелляциялық комиссия берілген қарсылық, шағым бойынша шешімді қажетті құжаттарды сұрату және (немесе) тыңдау өткізу және (немесе) көшпелі комиссия өткізу арқылы қабылдайды.
5. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша:
қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімнің қабылдануын негіздей отырып, осындай шешімдердің бірін шығарады.
6. Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша түрде шығарылады және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның орындауы үшін міндетті болып табылады.
7. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
8. Қарсылықтар, шағымдар қанағаттандырылған кезде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган осындай қарсылық, шағым берген қазақстандық тауар өндірушіні осы Заңның 51-1-бабында көзделген кезеңдерден өткізбей тізілімге енгізеді.
51-6-бап. Тізілімнен шығару
Қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығаруды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) тізілімді мониторингтеуді жүргізу кезіндегі цифрлық верификация нәтижелері;
2) бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді мониторингтеу нәтижелері;
3) қазақстандық тауар өндірушінің тізілімнен шығару туралы өтініші негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Қайта ұйымдастыру кезінде жаңадан құрылған заңды тұлға тізілімге қайта енгізу үшін өтінім береді.
Тізілімнен шығарылған қазақстандық тауар өндірушілердің осы Заңның 51-1-бабына сәйкес тізілімге енгізу үшін қайта өтінім беруге құқығы бар.
51-7-бап. Өндіріс шарттары, өндірістік және технологиялық операциялар
1. Мақсаты тауарды алу болып табылатын шикізатты немесе материалды қайта өңдеу, өңдеу, сондай-ақ материалды жинау өндірістік және технологиялық операциялар болып табылады.
2. Өндіріс шарттарында бір немесе бірнеше өлшемшарттар:
тауарды шикізаттың және (немесе) жиынтықтау материалдарының белгілі бір түрінен өндіру;
өнімді сынақтан өткізу;
нормативтік-техникалық немесе рұқсат беру құжаттарының болуы қамтылуға тиіс.
3. Өндіріс шарттарын, өндірістік және технологиялық операцияларды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Салалық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өндіріс шарттарын, өндірістік және технологиялық операцияларды әзірлеуге қатысады.
Өндіріс шарттарында, өндірістік және технологиялық операцияларда Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген өндірістік және технологиялық операциялар туралы, сондай-ақ әрбір тауар үшін өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
4. Тауар өндірісінің өндіріс шарттарына, өндірістік және технологиялық операцияларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде өндірістің бұрын белгіленгеннен гөрі неғұрлым қолайлы шарттарын белгілеуге жол берілмейді.";
18) 4-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:
"61-1-бап. Елішілік құндылықты дамыту
1. Ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларына және олардың үлгілік нысанына сәйкес елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға міндетті.
2. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге әзірлейді және бекітеді.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге әзірлейді және бекітеді.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге әзірлейді және бекітеді.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын жүйе құраушы кәсіпорындар өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге әзірлейді және бекітеді.
Тиісті мемлекеттік органдардың елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын келісуден бас тартуына негіздер:
1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша төмендетілген нысаналы индикаторлар;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өтінімдерінің санын ескере отырып, өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу бойынша сай келмейтін индикаторлар;
3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болмауы.
3. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларында мынадай бағыттар көзделеді:
1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру;
2) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу және орындау;
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту;
4) өзге де бағыттар.
4. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша ірі тапсырыс берушілердің нақты іс-қимылдары, сондай-ақ осындай субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары және нақты нысаналы көрсеткіштері бар өзге де іс-шаралар қамтылатын іс-шаралар жоспарлары көзделеді.
5. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеу мақсатында ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларына және олардың үлгілік нысанына сәйкес олардың іске асырылуы туралы ақпарат береді.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингтеуді өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларына және олардың үлгілік нысанына сәйкес жүзеге асырады.
6. Осы бапта белгіленген міндеттемелерді орындалған деп тану тәртібі елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларына және олардың үлгілік нысанына сәйкес айқындалады.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын орындамау, мұндай орындамау ірі тапсырыс берушінің кінәсінан болмаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";
19) 68-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Осы Заңның 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 және 51-7-баптары қолданысқа енгізілгенге дейін берілген "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды деп белгіленсін.
"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттарды беру 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады деп белгіленсін. Осындай "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.";
20) 69-бап 2) тармақшасындағы "18-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі." деген сөздер "18-бапты;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 51-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
21. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "отандық тауарлар мен" деген сөздер "Қазақстанда шығарылған тауарлардың және" деген сөздермен ауыстырылсын.
22. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 32) тармақшасындағы "отандық шығарылатын тауарлармен," деген сөздер "Қазақстанда шығарылатын тауарлармен, орындалатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге" деген сөздер "қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 2-тармағындағы "отандық" деген сөз "қазақстандық" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Қызметтің басталатыны туралы хабарлама негізінде түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес 2024 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде екінші санаттағы рұқсатты алмаған немесе түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті тоқтататыны туралы хабарлама жібермеген заңды тұлғалар қызметтің басталатыны туралы бұрын жіберілген хабарлама негізінде өз қызметін жалғастыруға құқылы және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен 2025 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде екінші санаттағы рұқсатты алуға немесе түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті тоқтататыны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
3-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарын, 7-тармағының 2), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларын, 8, 11 және 12-тармақтарын, 13-тармағының 2) тармақшасын, 15 және 17-тармақтарын, 19-тармағының 2) тармақшасын, 20-тармағы 1) тармақшасының төртінші – он бірінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, бесінші – жетінші абзацтарын, 5) және 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші, төртінші – жетінші абзацтарын, 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларын, 17) тармақшасының он жетінші – тоқсан үшінші абзацтарын, 19) және 20) тармақшаларын, 21 және 22-тармақтарын, 2-бапты;
2) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 7-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші – бесінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 13-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 14 және 18-тармақтарын, 20-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |