Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
1. "Аренда туралы" Қазақ КСР Заңының (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 10, 87-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
2. Былай белгiленсiн:
- осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн туған арендалық қатынастар арендалық шарттардың мерзiмi бiткенге дейiн сақталады және қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен тек сот шешiмi негiзiнде бұзылуы мүмкiн;
- осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн құрылған арендалық кәсiпорындар 1993 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қызметкерлердiң кәсiпорынның ортақ меншiгiндегi үлесiн даралап, шаруашылық серiктестiктерi немесе акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылуға тиiс.
3. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi