Саяси партиялар туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 2 шiлде N 16-I. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2002.07.15. N 344 Заңымен. ~Z020344

 


     Осы Заң саяси партиялар құрудың құқықтық негiздерiн, олардың

құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси

партиялардың мемлекеттiк органдармен және басқа ұйымдармен

қатынастарын реттейдi.

                             1-тарау

                         Жалпы ережелер

     1-бап. Саяси партия ұғымы


 
       Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк өкiмет билiгiн жүзеге асыру iсiне өз өкiлдерi арқылы қатысу жолымен өздерiнiң саяси еркiн анықтауға және бiлдiруге жәрдемдесетiн ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
 
      2-бап. Саяси партиялар туралы заңдар
 
      Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясында негiзделедi. "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.
 
      3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
 
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға еркiн бiрiгуге құқығы бар.
      2. Қазақстан Республикасының азаматы бiр саяси партияның ғана мүшесi бола алады.
      3. Саяси партияға мүшелiк Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
      4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге қақылы.
 
      4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
 
      1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
      2. Мемлекеттiң саяси партиялар iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Сондай-ақ саяси партияларға мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге, саяси партияларды мемлекеттiң қаржыландыруына да жол берiлмейдi.
      3. Азаматтардан кез келген нысанда, соның iшiнде ресми құжаттарда қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.
      4. Парламент депутаттарының, Үкiмет мүшелерiнiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтердi атқаруға құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттiк қызметшiлер өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
      6. Саяси партиялардың аппараттарында жұмыс iстейтiн адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.
 
      5-бап. Саяси партиялар құрудың және оның қызметiнiң негiздерi
 
      1. Саяси партиялар заң алдында тең болады.
      2. Саяси партиялар өз мүшелерiнiң ерiктiлiгi мен тең құқықтылығы, есеп берушiлiк, жариялылық пен заңдылық, өзiн өзi басқару мен өзiн өзi қаржыландыру негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi.
      3. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады.
      4. Саяси партияның басшы органдары Қазақстан Республикасы аумағында болуға тиiс.
      5. Саяси партиялар қоғамның саяси өмiрiне қатысу, Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси еркiн қалыптастыру мен iске асыру және белгiленген тәртiпте мемлекеттiк өкiмет билiгi органдарын құруға қатысу үшiн құрылады.
      6. Қазақстан Республикасы аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының, дiни негiздегi партиялардың, сондай-ақ тiркелмеген саяси партиялардың қызметiне жол берiлмейдi.
      7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни тектiк-топтық және рулық араздықты өршiтуге бағытталған саяси партиялар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
      8. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға

 

жол берiлмейдi.

     9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар құруға және олардың

қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген

құрамалар құруға тыйым салынады.

     10. Оқу орындарының оқу процесiнде саяси партиялардың

бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.

                              2-тарау

              САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ

                              ЖӘНЕ ТАРАТУ

     6-бап. Саяси партияны құру


 
       1. Саяси партия, партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, саны кемiнде он адамнан тұратын тобының бастамасымен құрылады. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткiзу үшiн ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкiн.
      2. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданып, оның басшы органдары құрылады.
 
      7-бап. Саяси партияның атауы және нышандары
 
      1. Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның нышандары мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң атаулары мен нышандарынан айрықша болуға тиiс.
      2. Саяси партиялардың Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын өз нышандары ретiнде пайдалануға құқығы жоқ.
      3. Саяси партиялар эмблемаларды, жалауларды, гимндердi, вымпелдердi, омыраубелгiлердi және басқа ерекше белгiлердi нышандар ретiнде пайдалануға құқылы.
      4. Саяси партиялардың нышандары осы Заңның 5-бабының 7-тармағында аталған мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс.
      5. Саяси партия нышандарының сипаттамасы мен нобайлары жарғыда айтылуға тиiс.
 
      8-бап. Саяси партияға мүшелiк
 
      1. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады.
      2. Саяси партияларға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгiне, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
      3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьялар саяси партияларда болмауға, қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс.
      4. Қазақстан Республикасының Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде өзiнiң саяси партиядағы қызметiн тоқтата тұрады.
      5. Мүшелiкке ие болу және одан айрылу шарттары, тәртiбi, сондай-ақ партия мүшелiрiнiң құқықтары мен мiндеттерi саяси партияның жарғысымен белгiленедi.
 
      9-бап. Саяси партияның жарғысы
 
      Саяси партияның жарғысында қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, саяси партияның бақылау органдары, құзыретi және оларды құру тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс.
 
      10-бап. Саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу
 
      1. Саяси партияларды мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
      2. Саяси партиялардың құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
      3. Саяси партияларды тiркеу мен қайта тiркеу, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      4. Саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу үшiн олардың құрамында Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамынан өкiлдiк ететiн кемiнде үш мың азамат болуға тиiс.
      5. Саяси партияны тiркеу үшiн тiркеушi органға "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көрсетiлген құжаттар, партияның бағдарламасы мен саяси партия мүшелерiнiң тiзiмi табыс етiледi.
      6. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.
 
      11-бап. Саяси партияларды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
 
      Саяси партияларды, олардың құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) тiркеуден Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша бас тартылуы мүмкiн. Тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
 
      12-бап. Саяси партиялардың қызметiн тоқтата тұру
 
      Саяси партиялардың қызметi қоғамдық бiрлестiктер туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша тоқтатыла тұрады.
 
      13-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату
 
      1. Саяси партияны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және саяси партияның жарғысында көзделген тәртiппен оның жоғары органының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      2. Қайта ұйымдастырудан кейiн жаңадан құрылған саяси партияларды

 

тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен

жүзеге асырылады.

     3. Саяси партия:

     а) оның жоғары органының шешiмi бойынша;

     б) соттың шешiмi бойынша таратылады.

     4. Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы немесе

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен

сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргiзедi.

                            3-тарау

                   САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI

     14-бап. Саяси партиялардың құқықтары мен мiндеттерi


 
       1. Саяси партиялар жарғы мен бағдарламада айқындалған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
      а) өз қызметi туралы ақпаратты таратуға және өздерiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға;
      б) қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына ерiктi негiздерде бiрiгуге;
      в) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; Қазақстан Республикасының мәслихаттарындағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсынуға;
      г) бұқаралық ақпараттың баспа құралдарын құруға;
      д) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      е) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;
      ж) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген шектерде шаруашылық серiктестiктер, мекемелер, қоғамдық қорлар құруға;
      з) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      2. Саяси партиялар:
      а) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға;
      б) әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
      в) оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы және оның басшылары туралы деректердi мемлекеттiк тiркеуге енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тiркеушi органға хабарлап отыруға;
      г) қаржы органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында

 

белгiленген мерзiм мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есеп

берiп отыруға мiндеттi.

     15-бап. Саяси партиялардың меншiгi

     Саяси партиялардың меншiгiнде, Қазақстан Республикасының

заңдарымен тыйым салынған объектiлердi қоспағанда, оның жарғысында

көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi

объектiлер, сондай-ақ оның қаражаты есебiнен құрылатын кәсiпорындар

болуы мүмкiн.

     16-бап. Саяси партияларды қаржыландыру көздерi  және олардың

             қаражатын пайдалану


 
       1. Саяси партиялардың қаражат, егер бұларды төлеу жарғыларында көзделсе, мүшелiкке кiру жарналары мен мүшелiк жарналардан, Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бiрлестiктерiнiң және өзге де мемлекеттiк емес ұйымдарының ерiктi түрде жинаған қайырмалдықтарынан, жарғыларға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және өзге де шаралар, лотереялар өткiзуден түсетiн түсiмдерден, кәсiпкерлiк және баспа қызметiнен алынатын табыстардан және заңдарда тыйым салынбаған басқа да түсiмдерден құралады.
      2. Саяси партиялардың дiни бiрлестiктерден қаражат немесе өзге де мүлiк алуға құқығы жоқ.
      3. Саяси партияларды шетелдiң заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың қаржыландыруына жол берiлмейдi.
      4. Саяси партияның ақша және өзге мүлкiн оның мүшелерi

 

арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға сәйкес

жұмсалуға тиiс. Саяси партиялардың өз қаражатын қайырымдылық

мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.



     5. Саяси партиялар мүшелерiнiң оның мүлкiне құқықтары жоқ және

оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал саяси партия өз

мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

     ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11.

              N 154 Заңымен. 


Z970154_



                             4-тарау

                       ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     17-бап. Саяси партиялар туралы заңдарды бұзғандық үшiн

             жауапкершiлiк

     Саяси партиялар туралы заңдарды бұзғаны үшiн осыған кiнәлi заңды

және жеке тұлғалар, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды

адамдары және саяси партияның басшы органдарының құрамына кiретiн

адамдар жауапты болады.

     18-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары

     Саяси партиялар "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан

Республикасы Заңына сәйкес халықаралық байланыстар жасай алады.

     Қазақстан Республикасының

             Президентi






О ПОЛИТИЧЕСКИХ ПАРТИЯХ

Закон Республики Казахстан от 2 июля 1996 г. N 16 Утратил силу - Законом Республики Казахстан от 15 июля 2002 года № 344.

      Сноска. Утратил силу Законом РК от 15.07.2002 № 344 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      Настоящий Закон определяет правовые основы создания политических партий, их права и обязанности, гарантии деятельности; регулирует отношения политических партий с государственными органами и другими организациями.

     

      Глава 1

     

      ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

     

      Статья 1. Понятие политической партии

     

      Политической партией признается добровольное объединение граждан Республики Казахстан, содействующее выявлению и выражению их политической воли путем участия через своих представителей в осуществлении государственной власти.

     

      Статья 2. Законодательство о политических партиях

     

      Законодательство Республики Казахстан о политических партиях основывается на Конституции Республики Казахстан, состоит из Закона Республики Казахстан "Об общественных объединениях", настоящего Закона и других законодательных актов Республики Казахстан.

     

      Статья 3. Право на объединение в политические партии

     

      1. Граждане Республики Казахстан имеют право на свободу объединения в политические партии.

      2. Гражданин Республики Казахстан может состоять членом только одной политической партии.

      3. Членство в политической партии не может быть основанием ограничения прав и свобод гражданина Республики Казахстан.

      4. Каждый вправе указывать или не указывать свою партийную принадлежность.

     

      Статья 4. Государство и политические партии

     

      1. Государство обеспечивает соблюдение прав и законных интересов политических партий.

      2. Не допускается незаконное вмешательство государства в дела политических партий и политических партий в дела государства. Не допускается также возложение на политические партии функций государственных органов, государственное финансирование политических партий.

      3. Запрещается требовать от граждан в любой форме, в том числе и в официальных документах, указания партийной принадлежности.

      4. Депутаты Парламента, члены Правительства не вправе занимать оплачиваемые должности в политических партиях.

      5. Государственные служащие при исполнении должностных обязанностей руководствуются требованиями законодательства и не связаны с решениями политических партий и их органов.

      6. На лиц, работающих в аппаратах политических партий, распространяется законодательство Республики Казахстан о труде, социальной защите и социальном страховании.

     

      Статья 5. Основы создания и деятельности

      политических партий

     

      1. Политические партии равны перед законом.

      2. Политические партии создаются и действуют на основе добровольности и равноправия их членов, отчетности, гласности и законности, самоуправления и самофинансирования.

      3. Организационная структура политических партий строится по территориальному принципу.

      4. Руководящие органы политической партии должны находиться на территории Республики Казахстан.

      5. Политические партии создаются для участия в политической жизни общества, формирования и реализации политической воли граждан Республики Казахстан и участия в установленном законом порядке в формировании органов государственной власти.

      6. На территории Республики Казахстан не допускается деятельность политических партий других государств, партий на религиозной основе, а также незарегистрированных политических партий.

      7. Запрещается создание и деятельность политических партий, цели или действия которых направлены на насильственное изменение конституционного строя, нарушение целостности Республики Казахстан, подрыв безопасности государства, разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни.

      8. Не допускается создание в государственных органах организаций политических партий.

      9. Запрещается создание и деятельность военизированных политических партий, а также военизированных формирований при политических партиях.

      10. Не допускается пропаганда программных, уставных требований политических партий в учебном процессе учебных заведений.

     

      Глава 2

     

      СОЗДАНИЕ, РЕОРГАНИЗАЦИЯ И ЛИКВИДАЦИЯ

      ПОЛИТИЧЕСКИХ ПАРТИЙ

     

      Статья 6. Создание политической партии

     

      1. Политическая партия создается по инициативе группы граждан Республики Казахстан не менее десяти человек, созывающих учредительный съезд (конференцию) партии. Для подготовки и проведения учредительного съезда (конференции) может быть образован организационный комитет.

      2. На учредительном съезде (конференции) принимаются решения о создании политической партии, ее названии, уставе, программе и формируются ее руководящие органы.

     

      Статья 7. Наименование и символика политической

      партии

     

      1. Полное и сокращенное наименование политической партии и ее символика должны отличаться от наименования и символики государственных органов, организаций, других общественных объединений, зарегистрированных в Республике Казахстан.

      2. Политические партии не вправе использовать в качестве своей символики государственные символы Республики Казахстан и других государств.

      3. Политические партии вправе использовать в качестве символики эмблемы, флаги, гимны, вымпелы, значки и другие атрибуты.

      4. Символика политических партий не должна служить пропаганде целей, указанных в пункте 7 статьи 5 настоящего Закона.

      5. Описание и эскизы символики политической партии должны содержаться в уставе.

     

      Статья 8. Членство в политической партии

     

      1. Членом политической партии может быть гражданин Республики Казахстан, достигший восемнадцатилетнего возраста.

      2. Членство иностранных граждан, лиц без гражданства, а также коллективное членство в политических партиях не допускается.

      3. Военнослужащие, работники органов национальной безопасности, правоохранительных органов и судьи не должны состоять в политических партиях, выступать в поддержку какой-либо политической партии.

      4. Президент Республики Казахстан, на период осуществления своих полномочий, приостанавливает свою деятельность в политической партии.

      5. Условия, порядок приобретения и утраты членства, а также права и обязанности членов партии определяются уставом политической партии.

     

      Статья 9. Устав политической партии

     

      Устав политической партии помимо сведений, предусмотренных законодательством об общественных объединениях, должен содержать положения о контрольных органах политической партии, компетенции и порядке их формирования.

     

      Статья 10. Государственная регистрация политических

      партий

     

      1. Государственная регистрация политических партий осуществляется Министерством юстиции Республики Казахстан.

      2. Учетная регистрация структурных подразделений (филиалов и представительств) политических партий осуществляется территориальными органами юстиции.

      3. Регистрация и перерегистрация политических партий, а также учетная регистрация их структурных подразделений (филиалов и представительств) осуществляется в порядке и сроки, предусмотренные законодательством о государственной регистрации юридических лиц.

      4. Для государственной регистрации политических партий в их составе должно быть не менее трех тысяч граждан, представляющих более половины областей Республики Казахстан.

      5. Для регистрации политической партии в регистрирующий орган представляются документы, указанные в Законе Республики Казахстан "Об общественных объединениях", программа партии и список членов политической партии.

      6. Срок государственной регистрации прерывается по основаниям, предусмотренным законодательством о государственной регистрации юридических лиц.

     

      Статья 11. Отказ в государственной регистрации

      политической партии

     

      Отказ в регистрации политической партии, ее структурного подразделения (филиала и представительства) возможен по основаниям, предусмотренным законодательными актами Республики Казахстан. Отказ в регистрации может быть обжалован в судебном порядке.

     

      Статья 12. Приостановление деятельности политических

      партий

     

      Деятельность политических партий приостанавливается в порядке, установленном законодательными актами об общественных объединениях.

     

      Статья 13. Реорганизация и ликвидация политической

      партии

     

      1. Реорганизация политической партии (слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование) производится по решению ее высшего органа в порядке, предусмотренном законодательными актами Республики Казахстан и уставом политической партии.

      2. Регистрация вновь образованных после реорганизации политических партий осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      3. Политическая партия ликвидируется:

      а) по решению ее высшего органа;

      б) по решению суда.

      4. Ликвидация политической партии производится ликвидационной комиссией, назначаемой высшим органом политической партии, или судом в порядке, предусмотренном гражданским законодательством Республики Казахстан.

     

      Глава 3

     

      ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПОЛИТИЧЕСКИХ ПАРТИЙ

     

      Статья 14. Права и обязанности политических партий

     

      1. Политические партии для осуществления целей и задач, определенных уставом и программой, в установленном законодательством порядке имеют право:

      а) распространять информацию о своей деятельности и пропагандировать свои цели и задачи;

      б) объединяться на добровольных началах в ассоциации (союзы), избирательные блоки;

      в) выдвигать кандидатов в Президенты Республики Казахстан, в депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан и маслихатов Республики Казахстан; через своих представителей в маслихатах Республики Казахстан выдвигать кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан;

      г) учреждать печатные средства массовой информации;

      д) осуществлять издательскую деятельность;

      е) проводить собрания, митинги и демонстрации, шествия и пикетирования;

      ж) осуществлять предпринимательскую деятельность, в пределах, установленных Законом Республики Казахстан "Об общественных объединениях", учреждать хозяйственные товарищества, учреждения, общественные фонды;

      з) осуществлять иные права, предусмотренные настоящим Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан.

     

      2. Политические партии обязаны:

      а) соблюдать требования Конституции и законодательства Республики Казахстан;

      б) обеспечить каждому гражданину возможность ознакомиться с затрагивающими его права и интересы документами, решениями и источниками информации;

      в) информировать регистрирующий орган об изменениях места нахождения его постоянно действующего органа и данных о его руководителях в объеме сведений, включаемых в единый государственный регистр;

      г) представлять финансовым органам отчет о своей финансовой деятельности в сроки и объеме, установленные законодательством Республики Казахстан.

     

      Статья 15. Собственность политических партий

     

      В собственности политических партий могут находиться объекты, необходимые для материального обеспечения деятельности, предусмотренной ее уставом, а также предприятия, создаваемые за счет ее средств, за исключением объектов, запрещенных законодательством Республики Казахстан.

     

      Статья 16. Источники финансирования и использование

      средств политических партий

     

      1. Средства политических партий формируются из вступительных и членских взносов, если их уплата предусмотрена уставами, добровольных пожертвований граждан, общественных объединений и иных негосударственных организаций Республики Казахстан, поступлений от проведения в соответствии с уставами лекций, выставок, спортивных и иных мероприятий, лотерей, доходов от предпринимательской и издательской деятельности и других, не запрещенных законодательством поступлений.

      2. Политические партии не вправе получать средства или иное имущество от религиозных объединений.

      3. Не допускается финансирование политических партий иностранными юридическими лицами и гражданами, иностранными государствами, международными организациями, юридическими лицами с иностранным участием.

      4. Деньги и иное имущество политической партии не могут распределяться между ее членами и должны расходоваться в соответствии с уставными целями. Допускается использование политическими партиями своих средств на благотворительные цели.

      5. Члены политической партии не имеют прав на ее имущество и не отвечают по ее обязательствам, а политическая партия не отвечает по обязательствам своих членов.

      Сноска. В статью 16 внесены изменения - Законом РК от 11 июля 1997 г. N 154 Z970154_ .

     

      Глава 4

     

      ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ

     

      Статья 17. Ответственность за нарушение законодательства

      о политических партиях

      Ответственность за нарушение законодательства о политических

      партиях несут виновные в этом юридические и физические лица, в том

      числе должностные лица государственных органов и лица, входящие в

      состав руководящих органов политической партии.

      Статья 18. Международные связи политических партий

      Политические партии могут поддерживать международные связи в

      соответствии с Законом Республики Казахстан "Об общественных

      объединениях".

      Президент

      Республики Казахстан