Валюталық реттеу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 24 желтоқсан N 54-I. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.13. N 57 Заңымен (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзіледi) (Z050057)

      Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағындағы валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптерi мен тәртiбiн, валюталық операциялар субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi айқындайды.

  I-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдары

      Қазақстан Республикасының валюта заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнен және валюталық реттеу органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен ,   2001.01.30. N 154  Заңымен .

       1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      1) валюталық реттеу - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдiң төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығын, iшкi валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлеу және оның сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi; 
      2) валюта - мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлiгi немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражат; 
      3) ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы; 
      4) шетел валютасы - шет мемлекеттердiң валютасы; 
      5) резиденттер: 
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жерi бар, соның iшiнде шетелде уақытша тұратын немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнде оның шегiнен тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар; 
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерi бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан жерi бар филиалдары мен өкiлдiктерi; 
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi; 
      6) резидент еместер - барлық заңды тұлғалар, олардың өкiлдiктерi мен филиалдары, сондай-ақ "резиденттер" ұғымында аталмаған жеке тұлғалар; 
      7) валюталық құндылықтар: 
      шетел валютасы; 
      номиналы шетел валютасымен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары; 
      тазартылған құйма алтын; 
      ұлттық валюта, резиденттер мен резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары; 
      8) инвестициялар: 
      ақшаны, бағалы қағаздарды, заттарды, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерiне құқықты және өзге де мүлiктi; 
      инвестициялау объектiсiнiң жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету; 
      бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында беру; 
      9) экспорт-импорт мәмiлелерi: 
      жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті қоса алғанда, тауарға меншiк құқығының резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) ауысуын көздейтiн мәмiлелер (инвестицияларға жатқызылған мәмiлелерден басқа); <*>
      резиденттің резидент емеске (резидент еместің резидентке) қызмет көрсетуін (жұмыс орындауын), сондай-ақ резиденттің резидент емеске (резидент еместің резидентке) жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті уақытша иелену және пайдалану құқығы мен лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтарды беруді көздейтін мәмілелер; <*>
      10) уәкiлеттi банктер - валюта операцияларын, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша операцияларды жүзеге асыратын банк заңдарында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензиясы бар банктер; <*>
      11) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар - шетел валютасымен банк операцияларын жүргiзуге  лицензиясы бар заңды тұлғалар; <*>
      12) айырбастау пункттерi - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен жүзеге асырылатын айырбастау операцияларын жүргiзу үшiн арнайы жабдықталған орындар.
       Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.30. N 154  Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.05.08. N 411  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

         1-2-бап. Валюталық операциялар

      1. Валюталық операциялар: 
      1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар; 
      2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. 
      2. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар ағымдағы операциялар және капитал қозғалысына байланысты операциялар болып бөлiнедi. <*>
      3. Ағымдағы операциялар: 
      1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар; 
      2) 180 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және алу; 
      3) салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтердi, сыйақыларды және өзге кiрiстердi аудару және алу; 
      4) гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару; 
      5) осы Заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар болып табылады. 
      4. Капитал қозғалысына байланысты операциялар: 
      1) инвестицияларды жүзеге асыру; 
      2) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүргiзуге арналған аударымдар; 
      3) жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті қоспағанда, жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтардың ақысын төлеу үшін аударымдар; <*> 
      4) тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар; 
      5) 180 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және алу; 
      6) <*>
      7) зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiлелер бойынша халықаралық аударымдар; 
      8) жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар;
      9) валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру болып табылады. <*>
      5. Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясында өзгеше мерзiм белгiленбесе, резиденттер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты төлемiнiң валютасын алуға және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты күнiнен бастап 180 күн iшiнде немесе тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлар экспорты күнінен бастап 365 күннің ішінде олардың уәкiлеттi банктердегi шоттарына есептелуге тиiс. <*>
      Резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортының төлемi ретiнде алған валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде өздерi тiркелген мемлекеттiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктерiндегi немесе өзге де қаржы институттарындағы олардың шоттарына есептеуге жол берiледi.
      6. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін аванстық төлем жасауды көздейтін импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына резидент аударған валютаны, резидент емес міндеттемелерін орындамаған жағдайда, резидент алуға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында өзге мерзім белгіленбеген болса, ол валюта аударым жасалған күннен бастап 180 күннен кешіктірілмей оның уәкілетті банктердегі шоттарына есептелуге тиіс. <*>
      7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банктеріндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасы түріндегі қаражатты шетелден қайтармау, сондай-ақ тауарға төленген ақша сомасына пара-пар тауарды алмау не Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзімдерде импорттық мәмілелер бойынша ақшаны қайтармау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 1-2 баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.30. N 154  Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.05.08. N 411  Заңымен .

  II-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ

       2-бап. Валюталық реттеу органдары

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негiзгi валюталық реттеу органы болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады. 
      2-1. Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс. 
       Ескерту. 2-1 тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.30. N 154  Заңымен .

       3-бап. Валюталық операциялар жүргiзуге қойылатын
             шектеулер

      1. Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында және төтенше жағдайлар пайда болған реттерде Қазақстан Республикасының Президентi кез келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi резиденттердiң экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу қоюға және экспорттық валюта түсiмiн мiндеттi түрде сату тәртiбiн белгiлеуге құқылы. 
      2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысулар нысанына шектеулер белгiлеуге құқылы. 
       Ескерту. 2-1 тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.30. N 154  Заңымен .

       4-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
             операцияларды лицензиялау

      1. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға лицензиялар берудi, олардың қолданылуын тоқтата тұруды және керi қайтарып алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заңдарға сәйкес жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты "Лицензиялау туралы"  Қазақстан Республикасының  Заңында айқындалған операцияларды лицензиялайды. 
      3. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асыруға лицензиялар барлық қажеттi құжаттар тапсырылған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi. 
      4. Лицензияларды керi қайтарып алуға не қолданылуын тоқтата тұруға: 
      1) лицензиаттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес талап етiлетiн ақпаратты бермеуi немесе көрiнеу жалған ақпарат беруi; 
      2) лицензиаттың валюта заңдарын бұзуы; 
      3) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында көзделген өзге де негiздемелер негiз болып табылады.". 
       Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.30. N 154  Заңымен .

       5-бап. Валюталық операциялар туралы есеп
             және ақпарат беру

      Валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есеп берудiң нысандарын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi және оны барлық резиденттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер орындауға мiндеттi. 
      Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер ақпараттар мен құжаттарды: 
      осы Заңның талаптарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және басқа валюталық бақылау органдарының сұратуы бойынша; 
      уәкiлеттi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға олар арқылы жүргiзiлетiн валюта операциялары бойынша берiп тұруға мiндеттi. 
       Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.30. N 154  Заңымен .

       6-бап. Валюталық бақылау

      1. Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары мен агенттерi жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық реттеу қызметiн жүзеге асыруға құқылы мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады. 
      3. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi ұйымдар, сондай-ақ алған лицензияларына сәйкес олар операциялар жүргiзген кезде валюта заңдарының сақталуын бақылау мiндетi жүктелген басқа да ұйымдар валюталық бақылау агенттерi болып табылады. 
      Валюталық бақылау агенттерi: 
      1) операциялар, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша операциялар жүргiзген кезде валюта заңдарының талаптарын сақтауға; 
      2) валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудiң толымдылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз етуге; 
      3) валюта заңдарын клиенттерiнiң бұзуының өздерiне мәлiм болған фактiлерi туралы құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне хабарлауға мiндеттi.
      4. Валюталық бақылау органдары өз қызметтерiн жүзеге асыру үшiн валюталық бақылау агенттерiн тартуға және оларды мiндеттi түрде орындауы үшiн жекелеген тапсырмалар беруге құқылы.
       Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен ,   2001.01.30. N 154  Заңымен .

  III ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР

       7-бап. Қазақстан Республикасында шетел валютасымен
             операциялар жүргiзудiң негiздерi

      1. Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер және аударымдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сондай-ақ салық және кеден заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана Қазақстан Республикасының валютасымен жүргiзiлуге тиiс. 
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген шектеулер тараптардың бiрi болып операцияларға қатысатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қатысатын операцияларға қолданылмайды. 
      3. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алуды, сатуды және айырбастауды резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн тәртiппен уәкiлеттiк берiлген банктер мен уәкiлеттiк берiлген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ олардың айырбастау пункттерi арқылы жүргiзедi. 
      4. Уәкiлеттiк берiлген банктер мен уәкiлеттiк берiлген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ олардың айырбастау пункттерiнен тыс жерлерде шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға тыйым салынады. 
      5. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң валюта операциялары туралы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тараптардың келiсiмi бойынша кез келген валюта түрiнде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен , 2001.01.30. N 154  Заңымен .

       8-бап. Резиденттердiң есепшоттары

      1. Резиденттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген банктерде шетел валютасындағы есепшоттар аша алады. Егер Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында өзгеше көзделмеген болса, резиденттердiң тауарлар мен қызметтер үшiн төлем ретiнде, сондай-ақ несие ретiнде алатын шетел валютасы уәкiлеттiк берiлген банктердегi есепшоттарына мiндеттi түрде есептелуге тиiс. <*>
      2. Резиденттердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген тәртiпте шетел банктерiнде Қазақстан Республикасының валютасымен және шетел валютасымен есепшоттары болуы мүмкiн. 
      3. Уәкiлеттiк берiлген банктердiң Қазақстан Республикасының банктерi мен шетел банктерiнде корреспонденттiк және өзге де есепшоттары болуы мүмкiн.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 411  Заңымен .

         9-бап. Резидент еместердiң есепшоттары

      1. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiпте уәкiлеттiк берiлген банктерде Қазақстан Республикасының валютасымен және шетел валютасымен есепшоттары болуы мүмкiн. 
      2. Шетелдiк банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiпте Қазақстан Республикасының банктерiнде шетел валютасымен және Қазақстан Республикасының валютасымен корреспонденттiк және өзге де есепшоттар ашуға құқылы. 

       10-бап. Шетел валютасымен айырбастау операциялары

      1. Уәкiлеттiк берiлген банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген валюталық ашық позиция лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасында және шет елдерде шетел валютасын еркiн айырбастай алады, сатып алады және сата алады. 
      2. Уәкiлеттiк берiлген банктердiң шетел валютасын сатып алуы, сатуы және айырбастауы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      3. Уәкiлеттiк берiлген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өздерiне берiлген лицензияға сәйкес Қазақстан Республикасында операциялар жүргiзу үшiн шетел валютасын айырбастай алады, сатып алады және сата алады. 
      4. Резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға құқылы. 
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен .

       11-бап. Халықаралық банктiк төлемдер мен аударылымдар

      1. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы ағымдағы операцияларды орындау үшiн жүзеге асырылатын халықаралық банктiк төлемдер мен аударылымдарды уәкiлеттiк берiлген банктер шектеусiз, 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргiзедi. <*>
      2. Капитал қозғалысына байланысты және Қазақстан Республикасының валютасы мен шетел валютасын пайдалана отырып жүргiзiлетiн операцияларды орындау үшiн жүзеге асырылатын халықаралық банктiк төлемдер мен аударылымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      3. Халықаралық банк төлемдерi мен аударылымдары: 
      резиденттердiң резидент еместер эмиссиялаған бағалы қағаздарды; 
      резидент еместердiң резиденттер эмиссиялаған бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында жүзеге асырылады, олар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың нормаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген тәртiппен жүргiзiледi. <*>
      4. Қазақстан Республикасынан экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызметтерден түскен валюталық түсiмдер резиденттердiң Қазақстан Республикасы банктерiндегi есепшоттарына шектеусiз есептеледi.
       Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 411  Заңымен , 2003.05.16. N 416  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       12-бап. Халықаралық почта аударылымдары және валюталық
              құндылықтарды жөнелту

      Халықаралық почта аударылымдарын және валюталық құндылықтарды жөнелтудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Ұлттық почта операторы жүзеге асырады. <*>
       Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 411  Заңымен .

          13-бап. Номиналы және (немесе) құны ұлттық валютада
              көрсетiлген валюталық құндылықтарды, қолма-қол
              ұлттық валютаны, бағалы қағаздарды және төлем
              құралдарын әкелу және әкету

      1. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық құндылықтарды әкелуi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Валюталық құндылықтарды әкету тәртiбi мен нормасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. 
      3. <*>
      4. Қолма-қол ұлттық валюта мен ұлттық валютадағы төлем құралдарын әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiпте жүзеге асырылады. 
      5. Номинал құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады. <*>
      6. Валюталық құндылықтарды әкелудiң және әкетудiң кедендiк ресiмдеу тәртiбi кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.09. N 277  заңымен ,   2001.01.30. N 154  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

  IV тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 411  Заңымен .

       14-бап. Валюталық бақылау органдары лауазымды
             адамдарының және агенттерінің құқықтары мен
             міндеттері <*>

      1. Валюталық бақылау органдарының лауазымды адамдары және агенттері тексерулер кезінде туындайтын мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қажетті түсініктер мен мәліметтер алуға құқылы.
      2. Валюталық бақылау органдарының лауазымды адамдары және агенттері резиденттер мен резидент еместердің қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәліметтерін жария етпеуге міндетті.
       Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 431  Заңымен .

       15-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын
              бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О валютном регулировании

Закон Республики Казахстан от 24 декабря 1996 г. N 54. Утратил силу - Законом РК от 13 июня 2005 г. N 57 (вводится в действие по истечении шести месяцев со дня опубликования) (Z050057).

      О валютном регулировании

      Сноска. Утратил силу Законом РК от 13.06.2005 № 57 (вводится в действие по истечении шести месяцев со дня опубликования).

     

      ОГЛАВЛЕНИЕ

      Сноска. По всему тексту цифру "120" заменены цифрой "180" - Законом РК от 8 мая 2003 г. N 411 .

      Настоящий Закон определяет принципы и порядок осуществления валютных операций на территории Республики Казахстан, права и обязанности субъектов валютных операций, ответственность за нарушение валютного законодательства.

Глава I. Общие положения

Статья 1. Валютное законодательство Республики Казахстан

      Валютное законодательство Республики Казахстан основывается на Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона, иных законодательных актов Республики Казахстан и нормативных правовых актов органов валютного регулирования.

      Сноска. Статья 1 - в редакции Закона РК от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2).

Статья 1-1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие понятия:

      1) валютное регулирование - деятельность уполномоченных государственных органов (органов валютного регулирования) по установлению порядка проведения валютных операций в целях обеспечения укрепления платежного баланса страны, устойчивости национальной валюты, развития внутреннего валютного рынка и контролю за его соблюдением;

      2) валюта - денежные единицы, принятые государствами как законное платежное средство или официальные стандарты стоимости в наличной и безналичной формах, в виде банкнот, казначейских билетов и монет, в том числе из драгоценных металлов (включая изъятые или изымаемые из обращения, но подлежащие обмену на находящиеся в обращении денежные знаки), а также средства на счетах, в том числе в международных денежных или расчетных единицах;

      3) национальная валюта - валюта Республики Казахстан;

      4) иностранная валюта - валюта иностранных государств;

      5) резиденты:

      физические лица, имеющие постоянное место жительства в Республике Казахстан, в том числе временно находящиеся за границей или находящиеся на государственной службе Республики Казахстан за ее пределами;

      все юридические лица, созданные в соответствии с законодательством Республики Казахстан, с местонахождением на территории Республики Казахстан, а также их филиалы и представительства с местонахождением в Республике Казахстан и за ее пределами;

      дипломатические, торговые и иные официальные представительства Республики Казахстан, находящиеся за пределами Республики Казахстан;

      6) нерезиденты - все юридические лица, их представительства и филиалы, а также физические лица, не указанные в понятии "резиденты";

      7) валютные ценности:

      иностранная валюта;

      ценные бумаги и платежные документы, номинал которых выражен в иностранной валюте;

      аффинированное золото в слитках;

      национальная валюта, ценные бумаги и платежные документы, номинал которых выражен в национальной валюте, в случае совершения с ними операций между резидентами и нерезидентами;

      8) инвестиции:

      передача денег, ценных бумаг, вещей, имущественных прав, включая права на результаты интеллектуальной творческой деятельности, и иного имущества в целях:

      обеспечения участия в уставном капитале объекта инвестирования;

      приобретения ценных бумаг;

      9) экспортно-импортные сделки:

      сделки, предусматривающие переход от резидента к нерезиденту (от нерезидента к резиденту) права собственности на товары, включая имущество, приравненное к недвижимым вещам (кроме сделок, относимых к инвестициям);

      сделки, предусматривающие оказание услуг (выполнение работ) резидентом нерезиденту (нерезидентом резиденту), а также передачу резидентом нерезиденту (нерезидентом резиденту) права временного владения и пользования имуществом, приравненным к недвижимым вещам, и прав на объекты интеллектуальной собственности по лицензионному договору;

      10) уполномоченные банки - банки, имеющие лицензию на проведение операций, предусмотренных банковским законодательством, осуществляющие валютные операции, в том числе по поручениям клиентов;

      11) уполномоченные организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, - юридические лица, имеющие лицензию на проведение банковских операций в иностранной валюте;

      12) обменные пункты - специально оборудованные места проведения обменных операций с наличной иностранной валютой, осуществляемых в соответствии с лицензией Национального Банка Республики Казахстан.

      Сноска. Дополнен статьей 1-1 - Законом РК от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2). Внесены изменения - Законом РК от 8 мая 2003 г. N 411 ; от 10 июля 2003 года N 483 (вводится в действие с 1 января 2004 года).

Статья 1-2. Валютные операции

      1. Валютными операциями являются:

      1) операции, связанные с переходом права собственности и иных прав на валютные ценности;

      2) ввоз и пересылка в Республику Казахстан, а также вывоз и пересылка из Республики Казахстан валютных ценностей любым способом.

      2. Валютные операции между резидентами и нерезидентами подразделяются на текущие операции и операции связанные с движением капитала.

      3. Текущими операциями являются:

      1) переводы для осуществления расчетов по экспортно-импортным сделкам, предусматривающим отсрочку платежа либо авансовый платеж за товары, работы и услуги на срок не более 180 дней;

      2) предоставление и получение кредитов на срок не более 180 дней;

      3) перевод и получение дивидендов, вознаграждения и иных доходов по вкладам (депозитам), инвестициям, заемным и иным операциям;

      4) переводы неторгового характера, включая гранты, переводы сумм наследства, заработной платы, пенсии, алиментов и другие;

      5) все иные валютные операции, не отнесенные настоящим Законом к операциям, связанным с движением капитала.

      4. Операциями, связанными с движением капитала, являются:

      1) осуществление инвестиций;

      2) переводы для осуществления расчетов по сделкам, предусматривающим полную передачу исключительного права на объекты интеллектуальной собственности;

      3) переводы в оплату имущественных прав на недвижимость, за исключением имущества, приравненного к недвижимым вещам;

      4) переводы для осуществления расчетов по экспортно-импортным сделкам, предусматривающим отсрочку платежа либо авансовый платеж за товары, работы и услуги на срок более 180 дней;

      5) предоставление и получение кредитов на срок более 180

      дней;

      6) (исключен)

      7) международные переводы по сделкам, связанным с накоплением пенсионных активов;

      8) международные переводы по договорам страхования и перестрахования накопительного характера;

      9) передача в доверительное управление валютных ценностей.

      5. Валюта в оплату экспорта товаров (работ, услуг) должна быть получена резидентами и зачислена на их счета в уполномоченных банках в течение 180 дней с даты экспорта товаров (работ, услуг), или в течение 365 дней с даты экспорта отдельных товаров, перечень которых устанавливается Правительством Республики Казахстан, если иной срок не установлен в лицензии Национального Банка Республики Казахстан.

      На основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан допускается зачисление валюты, полученной резидентами в качестве оплаты за экспорт товаров (работ, услуг), на их счета в иностранных банках или иных финансовых институтах, имеющих соответствующее право по законодательству государств, в которых они зарегистрированы.

      6. Валюта, переведенная резидентом в пользу нерезидента, для осуществления расчетов по импортным сделкам, предусматривающим авансовый платеж за товары (работы, услуги), в случае неисполнения обязательств нерезидентом должна быть получена резидентом и зачислена на его счета в уполномоченных банках не позднее 180 дней с даты перевода, если иной срок не установлен в лицензии Национального Банка Республики Казахстан.

      7. Невозвращение из-за границы средств в иностранной валюте, подлежащих в соответствии с законодательством Республики Казахстан обязательному перечислению на счета в уполномоченных банках Республики Казахстан, а также неполучение товара, эквивалентного сумме денег, уплаченной за него, либо невозвращение денег по импортным сделкам в сроки, установленные валютным законодательством Республики Казахстан, влекут ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан. <*>

      Сноска. Дополнен статьей 1-2 - Законом РК от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2). Внесены изменения - Законом РК от 8 мая 2003 г. N 411 .

Глава II. Валютное регулирование

Статья 2. Органы валютного регулирования

      1. Основным органом валютного регулирования в Республике Казахстан является Национальный Банк Республики Казахстан, осуществляющий функции валютного регулирования в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2. Правительство Республики Казахстан и иные государственные органы осуществляют валютное регулирование в пределах своей компетенции в соответствии с законодательством Республики

      Казахстан.

      2-1. Нормативные правовые акты по вопросам валютного регулирования, разработанные органами валютного регулирования, подлежат обязательному согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан.

      Сноска. В статью 2 внесены изменения - Законом РК от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2).

Статья 3. Ограничения на проведение валютных операций

      1. В целях выполнения международных обязательств и в случае возникновения чрезвычайных ситуаций Президент Республики Казахстан вправе принять решение по ограничению или приостановлению любых валютных операций.

      2. Национальный Банк Республики Казахстан вправе установить ограничения на валюту платежа экспортных операций резидентов и режим обязательной продажи экспортной валютной выручки.

      2-1. В целях обеспечения экономической безопасности государства Национальный Банк Республики Казахстан вправе устанавливать ограничения на форму расчетов по отдельным экспортно-импортным сделкам.

      Сноска. В статью 3 внесены изменения - Законом РК от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2).

Статья 4. Лицензирование операций, связанных с использованием валютных ценностей

      1. Выдача, приостановление действия и отзыв лицензий на совершение операций, связанных с использованием валютных ценностей, осуществляются Национальным Банком Республики Казахстан в соответствии с законодательством.

      2. Национальный Банк Республики Казахстан лицензирует операции, связанные с использованием валютных ценностей, определенные Законом Республики Казахстан "О лицензировании".

      3. Лицензии на осуществление операций, связанных с использованием валютных ценностей, выдаются не позднее месячного срока со дня представления всех необходимых документов.

      4. Основаниями для отзыва либо приостановления действия лицензии являются:

      1) непредставление лицензиатом информации или представление им заведомо недостоверной информации, требуемой в соответствии с нормативными правовыми актами Национального Банка Республики Казахстан;

      2) нарушение лицензиатом валютного законодательства;

      3) иные основания, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О лицензировании".

      Сноска. Статья 4 - в редакции Закона РК от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2).

Статья 5. Отчетность о валютных операциях и представление информации

      Формы учета и отчетности по валютным операциям устанавливаются Национальным Банком Республики Казахстан по согласованию с уполномоченными государственными органами в соответствии с их компетенцией и обязательны для исполнения всеми резидентами, а также нерезидентами, осуществляющими деятельность на территории Республики Казахстан.

      Все резиденты Республики Казахстан, а также нерезиденты, осуществляющие деятельность на территории Республики Казахстан, обязаны представлять информацию и документы:

      по запросам Национального Банка Республики Казахстан и других органов валютного контроля в целях исполнения требований настоящего Закона;

      уполномоченным банкам и уполномоченным организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, по проводимым через них валютным операциям.

      Сноска. Статья 5 - в редакции Закона РК от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2).

Статья 6. Валютный контроль

      1. Валютный контроль в Республике Казахстан осуществляется органами и агентами валютного контроля.

      2. Органами валютного контроля в Республике Казахстан являются государственные органы, которые вправе в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществлять функции валютного регулирования.

      3. Агентами валютного контроля являются уполномоченные банки и уполномоченные организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, а также другие организации, на которые в соответствии с полученными лицензиями возложена обязанность контроля за соблюдением валютного законодательства при проведении ими операций.

      Агенты валютного контроля обязаны:

      1) соблюдать требования валютного законодательства при проведении ими операций, в том числе по поручениям клиентов;

      2) обеспечивать полноту и объективность учета и отчетности по валютным операциям;

      3) сообщать в правоохранительные органы и Национальный Банк Республики Казахстан о ставших им известными фактах нарушения валютного законодательства, допущенных их клиентами.

      4. Органы валютного контроля для осуществления своих функций имеют право привлекать агентов валютного контроля и давать обязательные для их исполнения отдельные поручения.

      Сноска. В статью 6 внесены изменения - Законами РК от 11 июля 1997 г. N 154 ; от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2).

Глава III. Валютные операции

Статья 7. Основы проведения операций с иностранной валютой в Республике Казахстан

      1. Все платежи и переводы по операциям между резидентами должны производиться только в валюте Республики Казахстан, за исключением случаев, предусмотренных нормативными правовыми актами Национального Банка Республики Казахстан, а также налоговым и таможенным законодательством.

      2. Ограничения, установленные пунктом 1 настоящей статьи, не распространяются на операции, одной из сторон которых выступают Национальный Банк и Министерство финансов Республики Казахстан.

      3. Покупка, продажа и обмен иностранной валюты в Республике Казахстан производятся резидентами и нерезидентами через уполномоченные банки и уполномоченные организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, а также их обменные пункты в порядке, определяемом Национальным Банком Республики Казахстан.

      4. Покупка, продажа и обмен иностранной валюты, минуя уполномоченные банки и уполномоченные организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, а также их обменные пункты, запрещена.

      5. Платежи по операциям между резидентами и нерезидентами осуществляются по соглашению сторон в любой валюте в соответствии с нормативными правовыми актами Национального Банка Республики Казахстан о валютных операциях.

      Сноска. В статью 7 внесены изменения - Законами РК от 11 июля 1997 г. N 154 ; от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2).

Статья 8. Счета резидентов

      1. Резиденты могут иметь счета в иностранной валюте в уполномоченных банках в порядке, установленном Национальным Банком Республики Казахстан. Иностранная валюта, получаемая резидентами в качестве оплаты за товары и услуги, а также в качестве кредита, подлежит обязательному зачислению на их счета в уполномоченных банках, если иное не предусмотрено валютным законодательством Республики Казахстан.

      2. Резиденты могут иметь счета в валюте Республики Казахстан и в иностранной валюте в иностранных банках в порядке, установленном Национальным Банком Республики Казахстан.

      3. Уполномоченные банки могут иметь корреспондентские и иные счета в банках Республики Казахстан и иностранных банках. <*>

      Сноска. В статью 8 внесены изменения - Законом РК от 8 мая 2003 г. N 411 .

Статья 9. Счета нерезидентов

      1. Нерезиденты могут иметь счета в иностранной валюте и в валюте Республики Казахстан в уполномоченных банках в порядке, установленном Национальным Банком Республики Казахстан.

      2. Иностранные банки имеют право на открытие корреспондентских и иных счетов в иностранной валюте и в валюте Республики Казахстан в банках Республики Казахстан в порядке, установленном Национальным Банком Республики Казахстан.

Статья 10. Обменные операции с иностранной валютой

      1. Уполномоченные банки могут свободно обменивать, покупать и продавать иностранную валюту как в Республике Казахстан, так и за рубежом в пределах лимита открытой валютной позиции, установленного Национальным Банком Республики Казахстан.

      2. Операции по купле, продаже и обмену иностранной валюты уполномоченными банками могут осуществляться через Национальный Банк Республики Казахстан.

      3. Уполномоченные организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, могут обменивать, покупать и продавать иностранную валюту в Республике Казахстан для осуществления операций в соответствии с выданной им лицензией.

      4. Резиденты и нерезиденты имеют право на покупку, продажу и обмен иностранной валюты в порядке, установленном Национальным Банком Республики Казахстан.

      Сноска. В статью 10 внесены изменения - Законом РК от 11 июля 1997 г. N 154 .

Статья 11. Международные банковские платежи и переводы

      1. Международные банковские платежи и переводы, осуществляемые для исполнения текущих операций между резидентами и нерезидентами, производятся уполномоченными банками без ограничений, в порядке, установленном Национальным Банком Республики Казахстан.

      2. Международные банковские платежи и переводы, осуществляемые для исполнения операций, связанных с движением капитала, и проводимые с использованием валюты Республики Казахстан и иностранной валюты, осуществляются в порядке, установленном Национальным Банком Республики Казахстан.

      3. Международные банковские платежи и переводы, осуществляемые в целях приобретения: резидентами ценных бумаг, эмитированных нерезидентами; нерезидентами ценных бумаг, эмитированных резидентами, - производятся в порядке, установленном Национальным Банком Республики Казахстан и согласованном с уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, с учетом норм международных договоров, участником которых является Республика Казахстан.

      4. Валютная выручка, поступающая за экспорт товаров и услуг из Республики Казахстан, зачисляется на счета резидентов в банках Республики Казахстан без ограничений. <*>

      Сноска. В статью 11 внесены изменения - Законом РК от 8 мая 2003 г. N 411 ; от 16 мая 2003 г. N 416 ; от 10 июля 2003 года N 483 (вводится в действие с 1 января 2004 года).

Статья 12. Международные почтовые переводы и пересылка валютных ценностей

      Международные почтовые переводы и пересылка валютных ценностей осуществляется Национальным оператором почты в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан. <*>

      Сноска. В статью 12 внесены изменения - Законом РК от 8 мая 2003 г. N 411 .

Статья 13. Ввоз и вывоз валютных ценностей, наличной национальной валюты, ценных бумаг и платежных инструментов, номинал и (или) стоимость которых выражены в национальной валюте

      1. Ввоз валютных ценностей резидентами или нерезидентами осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2. Порядок и нормы вывоза валютных ценностей устанавливаются Национальным Банком Республики Казахстан.

      3. (исключен)

      4. Ввоз и вывоз наличной национальной валюты и платежных инструментов в национальной валюте осуществляются в порядке, устанавливаемом Национальным Банком Республики Казахстан.

      5. Ввоз и вывоз ценных бумаг, номинальная стоимость которых выражена в национальной валюте, осуществляются в порядке, определяемом уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан.

      6. Порядок таможенного оформления ввоза и вывоза валютных

      ценностей осуществляется в соответствии с таможенным законодательством.

      Сноска. Статья 13 - с изменениями, внесенными Законами РК от 9 июля 1998 г. N 277 ; от 30 января 2001 г. N 154 (порядок введения в действие - см. ст. 2); от 10 июля 2003 года N 483 (вводится в действие с 1 января 2004 года).

Глава IV. Заключительные положения <*>

      Сноска. Глава 4 - в редакции Закона РК от 8 мая 2003 г. N 411 .

Статья 14. Права и обязанности должностных лиц органов и агентов валютного контроля

      1. Должностные лица органов и агенты валютного контроля в пределах своей компетенции в соответствии с законами Республики Казахстан вправе получать необходимые объяснения и сведения по вопросам, возникающим при проверках.

      2. Должностные лица органов и агенты валютного контроля обязаны не разглашать сведения, составляющие служебную, коммерческую и иную охраняемую законом тайну резидентов и нерезидентов.

Статья 15. Ответственность за нарушение валютного законодательства Республики Казахстан

      Лица, виновные в нарушении валютного законодательства Республики Казахстан, несут ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан.

Президент
Республики Казахстан