Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу мен қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483-ІІ Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж. N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар):

      1) 105-баптың 2-тармағы "бюджеттiң" деген сөзден кейiн "немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 282-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi "Қазақстан Республикасы" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 331-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Екiншi деңгейдегi банктер банктiк кепiлдiктермен кепiлгерлiктердi осы Кодекске сәйкес, уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде берудi жүзеге асыра алады.".

      2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат):

      1) 715-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде, 728-баптың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 824-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "талаптары" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 825-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша "және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;

      4) 825-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру ережесiн сақтандырушы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда ол уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлуге тиiс. Сақтандырудың нақты түрi бойынша сақтандыру ережесi осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.";
      3-тармақ алып тасталсын;

      5) 830-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агентiнiң өз кәсiби қызметiнiң нәтижесiнде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтердi, кәсiби сақтандыру рыногының басқа қатысушысына не сақтандыру агентiне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе қосарлас сақтандыру жөнiндегi қатынастарға байланысты ақпарат беру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге құқығы жоқ.";

      6) 841-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады." деген сөздер алып тасталып, "тоқтатылған" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын және 841-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi заңды күшiне енгiзiлген не уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандырушының epiктi таратылуына pұқcат бepу туралы шешiмi күшiне енгiзiлген реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.";

      7) 842-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      Жинақтаушы емес сақтандыру шарты осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлiгiне құқығы бap.
      Жинақтаушы сақтандыру шарты осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген жағдай бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушыдан алынған сақтандыру жарналары толық көлемде қайтарылуға тиiс.
      Сақтандырушыны тарату кезiнде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгiне сәйкес жүзеге асырылады.".

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар):

      1) мынадай мазмұндағы 158-1-баппен толықтырылсын:

      "158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу

      Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -
      елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "168-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдарының
                талаптарын бұзу

      1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпарат табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - алпыс айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) мынадай мазмұндағы 168-2-баппен толықтырылсын:

      "168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының
                  талаптарын бұзу

      1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
      заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жөнiндегi талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептiлiк жасауы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 170-бапта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 171-баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 172-1-баппен толықтырылсын:

      "172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру)
                  ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын
                  таратуға байланысты талаптарды бұзу

      1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясының қызметiне уәкiлеттi мемлекеттiк органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген есептiлiк пен қосымша ақпаратты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 173-бапта:
      бiрiншi, бесiншi және оныншы бөлiктердiң бiрiншi абзацы "ұйымының" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегiзiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында "олардың" деген сөз алып тасталсын; "аффилиирленген" деген сөздiң алдынан "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздермен толықтырылсын;
      он төртiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында "Аудитордың" деген сөз "Аудиторлық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ұйымдарының" деген сөз "ұйымдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мiндеттi" және "қызметiне" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 541-баптың бiрiншi бөлiгiнде "172" деген цифрлар алып тасталсын; "190-203" деген цифрлар "190, 192, 194, 197, 199, 200, 202, 203" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 572-баптың бiрiншi бөлiгiнде ("168, 169-171" деген цифрлар "168, 168-2 (екiншi, бесiншi, жетiншi және сегiзiншi бөлiктер - валюталық бақылау мәселелерi бойынша, оныншы және он бiрiншi бөлiктер), 169" деген цифрлармен ауыстырылсын; "218" деген цифрдан кейiн "(валюталық бақылау мәселелерi бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 573-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "573-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
                қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган

      1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 88 (бiрiншi бөлiк), 158-1, 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы бөлiктер), 170, 171, 172, 172-1, 173, 174, 175 (бiрiншi бөлiк), 191, 193, 195, 196, 198, 201, 218-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары құқылы.";

      11) 574-1-бап алып тасталсын;

      12) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      1) тармақшаның жиырма төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (138, 158, 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202-баптар);";
      3) тармақшадағы "банктiк қадағалауды, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын.

      4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж,, N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат):

      1) 16-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы "ұйымдардан" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 97-баптың 2-тармағының екiншi сөйлемiндегi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 131-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 144-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 227-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшада:
      бiрiншi абзацта "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргiзу және клирингке қатысушылардың - банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдардың таза позицияларын айқындау;";
      он бiрiншi абзацтағы "жылжымалы мүлiктiң" деген сөздер "өзге де жылжымалы мүлiктiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша "қызметтер" деген сөздiң алдынан "инвестициялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      6) 501-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "20-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;";

      7) 502-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өтiнiш жасаған кезде;".

      5. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат):
      342-бапта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескере отырып," деген сөздер алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат):

      1) 1-баптың үшiншi бөлiгiнде "қаржы-кредит ұйымдарында" деген сөздерден кейiн "өз құзыретi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 4-баптың бiрiншi бөлiгiнде Қазақстан Ұлттық Банкi (бұдан былай - банктер) берген лицензияның негiзiнде" деген сөздер алып тасталсын;

      3) II тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"II тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi
мақсаты, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi";

      4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен
              мiндеттерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
      Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
      4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.";

      5) 8-бапта:
      в), г), e, е-1) тармақшалары алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы д-1), и-1) және и-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және салып жiберу; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi;";
      "и-1) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;
      и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүзеге асыруға, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау, салып жiберу, банкаралық клиринг жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;";
      з) тармақшасы "банктер" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын, "банктердiң" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын; к) және м) тармақшалары "банктердiң" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      л) және л-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;";
      "л-2) уәкiлеттi органмен бiрлесiп өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық және өзге де есептiлiгiнiң тiзбесiн, халықаралық стандарттарға сай келетiн нысандарын, табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;";
      мынадай мазмұндағы л-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "л-3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;";
      мынадай мазмұндағы р-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;";
      у-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;";
      мынадай мазмұндағы у-4), у-5), у-6) және у-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "у-4) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын, ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
      у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
      у-6) банктер беретiн кредиттердiң көлемiн реттеу мақсаттары үшiн, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлем жасамау қаупiн азайту, сондай-ақ банк салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн банктердiң қаражатын резервте ұстайды;
      у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;";

      6) 9-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және өзi алған таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.";

      7) 10-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      бiрiншi сөйлемде "бекiткен ережеге сәйкес" деген сөздер "белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi сөйлем алып тасталсын;

      8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын iске асырылмаған кiрiстiң пайда болған сомасын қоспағанда) ретiнде айқындалады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бaнк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына азайтылған таза кiрiсi қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жұмсалады.
      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, алынған таза кiрiстiң қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады.
      Алынған пайда жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, пайда болған айырма Қазақстан Ұлттық Банкiнiң келесi қаржы жылдарындағы таза кiрiсi есебiнен өтеледi.";

      9) 15-бапта:
      б) тармақшасында "банк қызметiне" деген сөздер "банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      д), е-3), н) және т) тармақшалары алып тасталсын;
      е) тармақшасында "ломбардтарға, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкiлеттi ұйымдарға берiлетiн лицензияларды қоспағанда," деген сөздер "осы Заңда көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      л) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту;";
      с) тармақшасында "бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандарттарын" деген сөздер "қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ц) және ч) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "ц) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таза кiрiсiн бөлу;
      ч) өкiлеттiгiне Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi шешiмдердi шұғыл қабылдау кiретiн лауазымды адамды (Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.";

      10) 19-бапта:
      алтыншы бөлiк алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң құрылымын айқындайды.";

      11) 24-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.";

      12) 27-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.";

      13) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.";

      14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын инфляцияның төмен деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
      Ақша-кредит саясаты:
      қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
      ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
      ең төменгi мiндеттi резервтердiң  нормативтерiн (резервтiк талаптарды);
      ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.";

      15) 30, 31, 33-36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi

      Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
      1) қарыздар беру;
      2) депозиттер қабылдау;
      3) валюталық интервенциялар;
      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
      5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
      6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
      7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

      31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы

      Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.
      Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.";

      "33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату

      Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.

      34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша
              сыйақы ставкалары

      Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

      35-бап. Қарыздар

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
      Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.

      36-бап. Валюталық интервенциялар

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.";

      16) мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2 және 36-3-баптармен толықтырылсын:

      "36-1-бап. Депозиттер

      Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

      36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар.
      Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.

      36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу

      Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.";

      17) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Тозған және бүлiнген банкноттар

      Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.
      Тозған және бүлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.";

      18) 47-1-бапта "банктер", "банктердiң" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар", ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:

      "48-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төлем жүйелерiн
                 ұйымдастыру мен реттеудегi өкiлеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерi жұмыс істеуінің тиiмдiлігi мен сенімдiлігiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыру iсiне қатысуға құқылы.";

      20) 52-1-бапта:
      1) және 2) тармақшаларда "алты айдан" деген сөздер "бiр жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада ", өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      21) 53 және 55-баптар алып тасталсын;

      22) 56-баптың д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "д) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;";

      23) 58-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң үшiншi абзацы алып тасталсын;
      Yшiншi бөлiктегi "осы Заңмен" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтыннан немесе шетел валютасынан немесе алтынның құнынан тұратын активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерiстердiң салдары болып табылатын iске асырылмаған кiрiстерi iске асырылған кiрiстер мен шығыстарды шегерiп тастағаннан кейiнгi айырманы қайта бағалау шотына жатқыза отырып қаржы жылы iшiнде жүргiзiлетiн қайта бағалаумен реттеледi.
      Алтын-валюта активтерiнiң жинақталған қайта бағалау сомасы ағымдағы жылдың алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстардың таза позициясы бойынша пайда болған терiс соманы өтейдi, сондай-ақ активтер шығарылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкi белгiленген тәртiппен iске асырылған кiрiстерге жатқызылады.";

      25) 61-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады.";
      үшiншi бөлiкте "Оның реттеушiлiк функциясы" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеушiлiк функциялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiкте "банктердiң" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын, бесiншi бөлiкте "банктерден," деген сөзден кейiн "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан," деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржылық ұйымдардың
               қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi негiзгi
               өкiлеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес қаржылық ұйымдарға лицензия берудi, оларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
      Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
      1) қаржылық ұйымдар мен олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың банк операцияларын жүргiзуiне лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбiн айқындауға;
      3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға өкiлеттi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.";

      27) 62-1, 63 және 64-баптар алып тасталсын;

      28) 66-баптың үшiншi бөлiгiнде "жылдық балансы және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп" деген сөздер "жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 67-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн;";
      екiншi бөлiк алып тасталсын;

      30) 68-баптың үшiншi бөлiгiнде "қаржы-шаруашылық" деген сөздер алып тасталсын;

      31) 70-бапта "Банк қадағалауы мен бақылауы" деген сөздер "Қадағалау мен бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын; "банкте" деген  сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 70-1-баптың екiншi бөлiгiнде "Ұлттық қорын" деген сөздерден кейiн ", өзге де қорлар мен ұйымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 73-бап алып тасталсын.

      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi заң күшi бар N 2170 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 26-құжат; 1997 ж., N 11, 143-құжат):
      20-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат):

      1) 6-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Осы Заңның 11-бабының 1), 2-1), 3) - 8) тармақшаларында көзделген, қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.";

      2) 11-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi абзацта "1." деген цифр алып тасталсын;
      1) тармақшадағы "банктер" деген сөзден кейiн "және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi;";

      3) тармақшада "ұйымдарын аудиторлық тексеру" деген сөздер "ұйымдарының аудитi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35 құжат; N 15-16, 109 құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат):

      6-баптың екiншi және төртiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, банк және сақтандыру қызметi нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты, ал банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын есептiк тiркеу үшiн аталған органның келiсiмi қосымша талап етiледi.";
      "Зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қызмет нысанасы болып табылатын заңды тұлғаларды тiркеу үшiн оны ашуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.".

      10. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжат):

      1) 1-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптағы "(оның iшiнде Ұлттық Банкке)" деген сөздер ", оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
      Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.";

      4) 4-баптағы "Ұлттық Банкiнiң қалыптық" деген сөздер "уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк" деген сөздермен ауыстырылсын; "өз құзыретiне" деген сөздер "өздерiнiң құзыретiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 5-баптағы "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 6-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы және 2-тармағындағы "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 7-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 8-баптың 2-тармағында:
      а) тармақшадағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталсын; "қор биржасында листингтен өткен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы а-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "а-1) банктердiң бiр заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы, г) тармақшасында аталған жағдайларды қоспағанда, банктiң өз капиталының он процентiнен аспауға тиiс;";
      г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына осы ұйымдардың кепiл ретiнде қабылданған акциялары (қатысу үлестерi) банктердiң оларды өткiзгенге дейiн кепiл туралы шарттарының талаптарына сәйкес банктердiң меншiгiне ауысқан реттерде банктердiң қатысуы (заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепiлге қабылданған акциялардың банктiң меншiгiне ауысуы арқылы банктiң тiкелей қатысуы банктiң өз капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс, бұл ретте оларды өткiзу мерзiмi бiр жылдан аспауға тиiс);";
      е-1) тармақшасындағы "қор биржасында листингтен өткен" деген сөздер "қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 9-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "Ұлттық Банк" деген сөздер "Уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "Ұлттық Банк" деген сөздер "Уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 11-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiктерi уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылады.";

      11) 11-1-баптың мәтiнiндегi "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Банктi құру және оның жарғылық капиталына қатысу";

      13) 12-бап алып тасталсын;

      14) 13-бапта:
      баптың тақырыбындағы "Ұлттық Банктiң" деген сөз "Уәкiлеттi органның" және мәтiнiндегi "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "қабылдаған жағдайда" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 15-бапта:
      тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы

      1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
      Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.";

      16) 16-бапта:
      1-тармақтағы "төленедi" деген сөз "көрсетiледi және қалыптастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы ", осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банктiң құрылтайшылары және акционерлерi - заңды тұлғалар акцияларға орналастырылған активтердi және басқа тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн шегере отырып, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес есептелген өз капиталы шегiнде банк акцияларын сатып алады.";
      7 және 8-тармақтардағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 17-бапта:
      1 -тармақтағы "осы Заңның 18-бабында баяндалған" деген сөздер "осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Заңның 18-бабында белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-7-тармақтардағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "iрi қатысушыларын" деген сөздерден кейiн "және олардың қаржылық жай-күйiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 17-1-бапта:
      2-тармақта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "ол iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн;";
      5 және 7-тармақтардағы "Ұлттық Банк," деген сөздер "уәкiлеттi орган," деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 18-бапта:
      1-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алып тасталсын;

      20) 19-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банкiге", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      б) тармақшасындағы "бухгалтерлiк баланстары" деген сөздер "қаржылық есептiлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; "қорытындысы" деген сөз "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      г) тармақшасындағы "бухгалтерлiк баланс" деген сөздер "қаржылық есептiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын; "қорытындысы" деген сөз "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "қорытындысы" деген сөз "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 20-бапта:
      тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Банкiнiң" деген сөз "Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын; "банктер" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2 және 5-тармақтардағы "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған банктi немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде бұрын банктiң нeмece басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесiнiң төрағасы, бiрiншi басшысы (басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтерi болған адамдар танылады. Аталған талап белгiленген тәртiппен банктi немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданған күннен кейiн бес жыл бойы қолданылады.";
      4-тармақтағы "оның орынбасары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан құжаттарға қол қою немесе банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан олардың активтерiн иелiктен айыру құқығы бар банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Келiсуге қайтадан ұсынуға келiсiм беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап кемiнде үш айдан кейiн жол берiледi.";
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Банктердiң басшы қызметкерлерiнiң кандидатураларын келiсудiң тәртiбi, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiнiң кандидатурасын келiсудiң тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";

      22) 21-бапта:
      1-1, 2 және 4-тармақтардағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "он және одан көп процентiн иеленушi" деген сөздер "он және одан көп процентiн иеленушi немесе сатып алуға ниет бiлдiрушi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 22-23-баптардағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 24-баптың 2-тармағындағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 25-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банкiнiң", "Ұлттық Банкпен" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi қойылған құрылтай шарты мен жарғының және банктi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттi.";

      26) 26-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банктiк, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi.";
      екiншi бөлiк алып тасталсын;
      үшiншi бөлiктегi "Ұлттық Банк" деген сөздерден кейiн "немесе уәкiлеттi орган" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың а) тармақшасындағы "Ұлттық Банкiнiң қалыптық талаптарына" деген сөздер "уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жұмыс iстеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшiн:
      1) банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердiң және сақтауға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердiң;
      2) тәуекелдер мен iшкi бақылау жүйелерi бар бөлiкте уәкiлеттi орган белгiлеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.";
      4-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздердiң алдында "уәкiлеттi орган немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта "Банк" деген сөздiң алдынан "Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен" деген сөздермен толықтырылып "Банк" деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;
      8-тармақта "Ұлттық Банктiң" деген сөздердiң алдынан "уәкiлеттi органның немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 27-баптың а) тармақшасындағы "2-тармағында" деген сөздер "2 және 2-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 28-бапта:
      мәтiнiндегi "Ұлттық Банкiмен", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органмен", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, оның iшiнде әдiлет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi немесе толықтыруларды мемлекеттiк тiркелуден кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң немесе толықтырулардың нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.";

      29) 29-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банкiнiң", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкпен" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi ", бiрiктiруге" деген сөз алып тасталсын; "өз филиалын ашуға" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен және талаптарға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; "Банкiнiң" деген сөз "Банктiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банк филиалын ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
      1) банктiң басқару органының филиал ашу туралы шешiмi;
      2) банк растаған және филиал жүргiзуге уәкiлеттi банк операцияларының тiзбесiн қамтитын үш дана етiп жасалған банк филиалы туралы ереже;
      3) осы Заңның 19-бабы 3-тармағының және 20-бабы 3-5-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қызметтерiне кандидаттар туралы мәлiметтер.";
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 6-1-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Банктiң филиалы туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде банк тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлауға тиiс.";
      "6-1. Қазақстан Республикасының резидент банкi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде банктiң өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшпен өкiлдiк ашу туралы өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан үш айдың iшiнде оның қаржылық жағдайы тұрақты болып, ол пруденциялық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда, уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы.
      Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiгiн ашуына келiсiм беру туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
      1) банк өкiлдiгiн ашу туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi банк басқармасы органының шешiмi;
      2) банк растаған үш дана етiп жасалған Өкiлдiк туралы ереже;
      3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес өкiлдiктiң бiрiншi басшысы туралы деректер.
      Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiк ашуына келiсiм беру туралы мәселенi үш ай мерзiмде қарауы тиiс.
      Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiк ашуына келiсiм беруден бас тарту кез келген мынадай негiздер бойынша:
      1) банктiң қаржылық жай-күйi тұрақсыз болған жағдайда;
      2) банктiң өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан алты айдың iшiнде пруденциялық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi банк орындамағанда;
      3) банкке қатысты осы Заңда көзделген қолданылып жүрген шектеулi ықпал ету шаралары және санкциялар болғанда;
      4) осы тармақта көзделген құжаттардың бiрi ұсынылмағанда жүргiзіледі.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының резидент емес банкiнiң өкiлдiк ашуына келiсiм беру туралы мәселесiн үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
      Қазақстан Республикасының резидент емес банкiнiң өкiлдiк ашуына келiсiм беруден бас тарту осы тармақта көзделген кез келген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда жүргiзiледi.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Филиалды және өкiлдiктi әдiлет органдарында есептiк тiркегеннен кейiн банк он төрт күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi мен мөрi бар филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.";

      30) 30-бапта:
      1-тармақтағы "банкiлердiң" деген сөз "банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      к) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "к) банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және pacтaу, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзу және клиринг қатысушылары - банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;";
      м) тармақшасындағы "қозғалатын мүлiктi" деген сөздер "өзге де қозғалатын мүлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      т) тармақшасы алып тасталсын;
      екiншi және үшiншi бөлiктер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      "2-3. Банктер мен кредиттiк серiктестiктерге осы баптың 2-тармағының а), б), в), в-1), г), д), e), ж), з), и), м), р), с), у), ф), х) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.
      Осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган бередi.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға Ұлттық Банк осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi.";
      3-тармақтағы "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      а) тармақшасы "мемлекеттiк бағалы қағаздарымен" деген сөздер алып тасталып, "Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша" деген сөздерден кейiн ", белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      б) тармақшасы "сондай-ақ" деген сөздерден кейiн "белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      г) тармақшасы алып тасталсын;
      екiншi бөлiктегi "клирингтiк қызметтi қоспағанда" және "Ұлттық Банкiнiң келiсiмiмен" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақта "Ұлттық Банктiң" деген сөздердiң алдынан "Уәкiлеттi органның немесе" деген сөздермен толықтырылсын; "банктердiң" деген сөзден кейiн "және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көзделген банк операцияларын жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүргiзуге құқылы.";

      31) 35-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "беруге" деген сөзден кейiн "немесе қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменi қабылдауға" деген сөздермен толықтырылсын;

      32) 40-бапта:
      3-тармақтағы "олардың жақын туыстары" деген сөздер "олардың жұбайлары және жақын туыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "осы заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан "мұндай иеленушi мемлекет болып табылатын жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Банкпен ерекше қатынастарға байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысында кейiннен хабарлана отырып, жүзеге асырылады.";
      8-тармақтағы "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 41-45-баптардағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 46-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банкiнiң", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкiнi", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқау.";

      35) 47-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.";
      4-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақтағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкiлеттi орган лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде қабылданған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жариялайды.";
      8-тармақтағы "Ұлттық Банктiң " деген сөздер алып тасталсын;

      36) 47-1-баптағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 48-бапта:
      1-тармақта:
      г) және м) тармақшаларындағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) тармақшасындағы "Ұлттық Банкiге" деген сөздер "уәкiлеттi органға және (немесе) Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      з) тармақшасындағы "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы к-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырмауы;";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензиялар жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушысы болып табылмайтын банктен керi қайтарып алынады.";
      2-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздерден кейiн "немесе уәкiлеттi орган" деген сөздермен толықтырылсын;

      38) 48-1-бапта:
      2-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      мәтiндегi "банк қызметiн тоқтату туралы Ұлттық Банктiң өтiнiшiмен сот iс қозғағанға дейiнгi" деген сөздер "уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.";
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақтағы "арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлдiк берiлген адамдарға)" деген сөздер "тарату комиссиясының төрағасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.";
      8-тармақтағы "мен арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлдiк берiлген адамдардың)" деген сөздер алып тасталсын;
      9-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) және тарату комиссиясының құрамына қосылған Ұлттық Банк қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, Ұлттық Банктiң банктердiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы бойынша шығындарды қаржыландыруына, сондай-ақ банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспа басылымдарында жариялау жөнiндегi шығыстарды өтеуiне жол берiлмейдi.";

      39) 49-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы а-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;";
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтағы "Ұлттық Банк Басқармасының" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      40) 50-бапта:
      6-тармақтың: а) және д) тармақшаларындағы "органдарына:" деген сөзден кейiн "прокурордың санкциясымен" деген сөздермен толықтырылсын; г) тармақшасындағы "клиенттердiң" деген сөздiң алдынан "прокурордың санкциясымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Клиенттiң банк шоттары бойынша ақшаның жылжуы туралы оның жеке шотынан үзiндi көшiрме болуға тиiстi мәлiметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.".

      41) 52-бапта:
      тақырыбындағы "Салымдарға (депозиттерге)" деген сөздер "Депозиттерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мәтiндегi "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салымдарға (депозиттерге) " деген сөздер "депозиттерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      42) 54-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "Ұлттық Банк" деген сөздер "Ұлттық Банкпен бiрлесе отырып, уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктер операциялар мен оқиғаларды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржы есептiлiгi туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.".
      2-тармақтағы "Ұлттық Банкiге оның сұратуы бойынша" деген сөздер "уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң өз құзыретi шегiнде жiберiлген сұратуы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-1-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздердiң алдынан "Уәкiлеттi органның және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;

      43) 54-1-баптағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) 55-баптағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган және (немесе) Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 56-баптағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 57-бапта:
      1-1-тармақтағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банк қызметiне аудит жүргiзуге лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.";
      3-тармақтың үшiншi абзацындағы "Ұлттық Банкiнiң қалыптық құқықтық құжаттарына" деген сөздер "уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      екiншi бөлiктегi "қорытындысы" деген сөз "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "және қорытындысын" деген сөздер алып тасталсын; "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5 және 6-тармақтардағы "Ұлттық Банкiге", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөзбен ауыстырылсын;

      47) 58-бапта:
      1-тармақтағы "Ұлттық Банкiге" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банк қызметiне аудит жүргiзуге лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтату және оларды керi қайтарып алу тәртiбi және шарттары, өтiнiш берушiге қойылатын талаптар осы Заңда белгiленген талаптар ескерiле отырып, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.";
      3-тармақ алып тасталсын;

      48) 59-бапта:
      тақырыптағы ", қорытындысын" деген сөз алып тасталсын;
      мәтiндегi "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкiден", "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      в) тармақшасындағы ", қорытындысы" деген сөз алып тасталсын;
      д) тармақшасындағы ", қорытынды" деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақта:
      а) тармақшасындағы ", қорытындыларын" деген сөз алып тасталсын;
      в) тармақшасындағы "қорытындының" деген сөз "есебiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын, г) тармақшасындағы "қорытындылар" деген сөз "есептер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      e) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "е) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензияны қайтарып алу туралы шешiм бар болса;";

      49) 60-63-баптардағы "Ұлттық Банкiнiң", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкiден" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органнан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 64-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмiнде мыналар болуға тиiс:";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жарияланады.";

      51) 66-бапта:
      тақырыптағы "Ұлттық Банкiнiң тарапынан" деген сөздер алып тасталсын;
      1 және 2-тармақтардағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      52) 67-баптағы "Ұлттық Банкiнiң", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) 68-баптың 1-тармағының а) тармақшасындағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      54) 68-1-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      екiншi бөлiктегi "Ерiктi" деген сөзден кейiн "немесе мәжбүрлеп" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiк алып тасталсын;

      55) 69-бапта:
      1-тармақта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банкке", " Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "баланстық есеп" деген сөздерден кейiн ", тарату комиссиясының мүшелiгiне кандидаттар, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын оның бөлiмшелерiнiң тiзiмi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "Ұлттық Банкiден" деген сөздер алып тасталсын;
      "тарату комиссиясын" деген сөздердiң алдынан "банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктегi "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.";
      7-1-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      56) 71-бапта:
      1-тармақтағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi.";

      57) 72-бапта:
      1-тармақтағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "Ұлттық Банк" деген сөздер алып тасталсын;

      58) 73-бапта:
      мәтiндегi "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктен" "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органнан", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы iстi қозғаған күннен бастап:
      1) банк құрылтайшыларының (қатысушыларының), органдарының банктiң мүлкiне билiк етуге құқығы жоқ;
      2) соттардың таратылатын банкке қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың банкке қойған кез келген талаптары, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тек тарату iсiнде ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық органдарының талаптары бойынша банктiң банк шоттарынан ақшаны, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандыруға жататын ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ банктiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
      5) банктiң лауазымды тұлғаларына оларға тиесiлi банк акцияларын иелiктен шығаруға тыйым салынады.";
      2-тармақтағы "барлық шығыстар" деген сөздерден кейiн ", осы Заңның 48-1 бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.";
      6-тармақтағы "Банктi" деген сөз "Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-1-тармақтағы "Банктiң тарату комиссиясын тағайындаған" деген сөздер "Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
      Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына және уәкiлеттi органға жiбередi.
      Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.";

      59) 74-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, банктiң тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.";
      "Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларын тағайындау тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртiбi және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.";
      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс.";
      3-тармақ алып тасталсын;

      60) 74-2-баптың 3-тармағының г-1) және ж) тармақшаларындағы "таратылатын банктiң" деген сөздер ", таратылатын банкте ашылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      61) 74-3-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.";
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
      Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.
      2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
      Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.
      2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
      2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.";
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "оны жүргiзу" деген сөздерден кейiн ", осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.";

      62) 74-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесiндегi
                 бақылау өкiлеттiктерi

      1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:
      1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
      2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталған жағдайда, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге құқылы.
      2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      63) 9-1-тарау алып тасталсын;

      64) 75-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен" деген сөздер "осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын; "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      65) 77-баптағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздердiң алдынан "Уәкiлеттi органның және" деген сөздермен толықтырылсын.

      11. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж.,  N 17, 155-құжат):
      21-баптың 1-тармағының 5-2) тармақшасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң" деген сөздерден кейiн "және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат):

      3-бапта:
      4-тармақтағы "заңнамасына сәйкес" деген сөздер "заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      1) тармақшада:
      бiрiншi абзацындағы "заңнамасына сәйкес" деген сөздер "заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарын және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.".

      13. "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; 1999 ж., N 20 722-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; 2003 ж., N 1051-құжат; N 11, 56-құжат):

      1) 1-1-баптың 10) және 11) тармақшаларындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 11-баптың 3-тармағындағы "бағалы қағаздар шығару мен оның айналысы саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органмен" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-баптың 5-тармағындағы "бағалы қағаздардың шығарылуы, айналысы және тiркелуi саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж. N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат):

      1) 27-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "аударуға" деген сөздiң алдынан ", уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 35-бап "келiсiм бойынша" деген сөздерден кейiн ", ол белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 37-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";

      4) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн
               жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.";

      5) 40-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуден өтпеген адам;";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiнiң кандидатурасы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен онымен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келiсiмдi:
      1) келiсiм беру негiзiнде дұрыс емес мәлiметтер анықталған;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне байланысты бiр жыл iшiнде екi және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғаны туралы деректердiң болуы;
      3) осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуi анықталған негiздерде қайта қарауға құқылы.";

      6) 41-бапта:
      1-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға;";
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметке;";

      7) 42-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен консервациялауды енгiзуге;";

      8) мынадай мазмұндағы 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптармен толықтырылсын:

      "42-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау ұғымы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағының 3) - 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бiрi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.
      3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды көздейдi.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртiбiмен он күн мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.

      42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi
                уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын
                уақытша басқарушы)

      1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.
      3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.

      42-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына
                консервация жүргiзу туралы шешiмi

      1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерiн;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесiн;
      3) консервациялауды қолданудың басталуын және мерзiмiн;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;
      5) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамын;
      6) консервациялау режимiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi әзiрлеу жөнiндегi нұсқаманы, кiрiс туралы декларацияны, меншiктiң бар екендiгi және оның мөлшерi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;
      7) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.
      2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.

      42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiнде
                басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы зейнетақы қорын
                басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы
                зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi

      1. Консервация жасалуы басталысымен және оның мерзiмiнде:
      1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң оны басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының және оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi бүкiл өкiлеттiктер уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) көшедi;
      4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) мәлiм етпестен және оның жазбаша келiсiмiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы):
      1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiнде дербес шешiм қабылдауға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан шарттарға және құжаттарға қол қоюға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның мүддесiне орай талап қоюға;
      4) жұмыстан босату, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға құқылы.

      42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша
                әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша
                басқарушының) қызметiн бақылау

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
      1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiндегi iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;
      2) уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар беруге;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты беруiн талап етуге;
      4) жасалған жұмыс туралы уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебiн тыңдауға;
      5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптерi уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

      42-6-бап. Консервациялауды тоқтату

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң өтуi;
      2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын да) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкеп соғады. Бұл жағдайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
      3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасының жақсаруына әкеп соқпаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензияны қайтарып алуға құқылы.";

      9) 43-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бiрiктiру, бөлiп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады. Pұқсат беру талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры (қорлары) бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегі қызметті және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жаңа лицензия алуға мiндеттi.";
      үшiншi бөлiктегi "қайта ұйымдастыру жағдайында" деген сөздер "түрiн өзгерткен жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 45-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы "уәкiлеттi органның" деген сөздерден кейiн "өзi белгiлеген тәртiппен берген" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-1 тармақ алып тасталсын;
      2-тармақтағы "осы баптың 3-7 тармақтарында" деген сөздер "осы Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
      Ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Кредиторлар комитетiн құрудың және оның қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";
      4-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде белгiленген тәртiппен құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген кезектiлiкпен қанағаттандырылады.
      Тиiстi кезектiлiк басталғаннан кейiн кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың барабарлық принципiн сақтай отырып мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүзеге асырылады.";

      11) мынадай мазмұндағы 45-1, 45-2, 45-3 және 49-1-баптармен толықтырылсын:

      "45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауы тиiс.
      Өтiнiшке мына құжаттар:
      1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
      2) тарату туралы шешiм қабылданған күнге зейнетақы активтерiн бағалау;
      3) зейнетақы активтерiн тапсыру мерзiмi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар жоспары және акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен жинақтаушы зейнетақы қорының өзiнiң қызметiн тоқтатуға әзiрлiк жоспары;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның қаражатының жеткiлiктi екенiн куәландыратын баланстық есеп;
      5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
      6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
      2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиіс.
      Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.
      3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның таратылуға рұқсатын алған күннен бастап он күн iшiнде салымшылар мен алушыларға Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын екi мерзiмдiк баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуы туралы хабарлауға мiндеттi.
      4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуды аяқтаудың мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға құқылы.

      45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп
                таратудың ерекшелiктерi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияларының керi қайтарылып алынуына;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
      Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияны керi қайтарып алуға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның лицензиясын керi қайтарып алу туралы мәселенi қарайды.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын қайтарып алу туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi тағайындайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн тағайындаудың тәртiбi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi өз қызметiн уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа табыс етiледi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi атқарған жұмыс туралы есептi сот бекiтедi.
      Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясын тағайындау туралы шешiм қабылданған күннен бастан он күннен аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келiсiм жасауына болмайды.
      6. Сот жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғаған күннен бастап:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (қатысушылары), жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне билiк етуге құқылы емес;
      2) бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген талаптары, жинақтаушы зейнетақы қорын ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату iсiн жүргiзу барысында ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық органдарының, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде өтiнiм жасауына жол берiлмейдi;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдарының өздерiне тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
      Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұрауы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректердi ұсынуға мiндеттi.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
      Тарату тәртiбi және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.
      Сот тарату жөнiндегi есептi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

      45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорларының
                таратылу процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
      2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге құқылы.
      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      "49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргiзедi.
      2. Жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептiлiгiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";

      12) 50-баптың 4-тармағының 6) тармақшасындағы "берiлуi мүмкiн." деген сөздер алып тасталып, нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiлуi мүмкiн.";

      13) 53-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен" деген сөздер "уәкiлеттi органмен оның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 55-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      15) 58-баптың екiншi бөлiгiндегi "уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алып тасталсын, "жөнiндегi қызметтi" деген сөздерден кейiн "және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн" деген сөздермен толықтырылсын.".

      15. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2003 жылғы 20 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 14 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 12-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн жүргiзуге лицензияны аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар болған жағдайда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өзi белгiлеген тәртiппен бередi.";

      2) 18-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) аудит жүргiзiлген субъектiлердi банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы хабардар ете отырып, қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi.".

      16. "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 784-құжат; 2001 ж., N 21-22, 282-құжат):
      4-баптың 4-тармағының 6) тармақшасында және 6-тармағының 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Қаржы лизингi туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 10, 247-құжат):
      10-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Мемлекеттiк материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 378-құжат):
      13-баптың 5-тармағында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 21, 382-құжат):
      4 - 8-баптарда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер тиiсiнше "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2003 жылғы 20 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 14 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) мәтiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағында "Уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган)" деген сөздер "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi органның) және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылып, "сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 6-баптың 5-тармағында екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисiн бере отырып қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi қызметтi уәкiлеттi органмен сақтандыру ережелерiн келiскеннен кейiн ғана жүзеге асыруға құқылы.";

      4) 8-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      5) 11-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы "аталған қызметтi" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "жүзеге асыруға құқылы." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi ("өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн) жүзеге асыруға құқылы.";

      6) 15-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Трансшекаралық сақтандыру және қайта сақтандыру";

      1-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге қайта сақтандыруға беруi тiкелей Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымына, онда рейтингтi агенттiктердiң белгiлi бiр рейтингi болған жағдайда, жүзеге асырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн жоғарыда аталған резидент емес сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруi рейтингтi агенттiктердiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерi арқылы не Қазақстан Республикасының резидентi - сақтандыру брокерi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Рейтингтi агенттiктердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

      7) 16-баптың 3-тармағындағы "қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi" деген сөздер "кiрiстерi мен шығыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 25-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      9) 26-бапта:
      2-тармақтағы "акционер" деген сөз "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "тартуға" деген сөзден кейiн "және берiлген рұқсатты керi қайтарып алуға" деген сөздермен толықтырылсын; "акционердiң" деген сөз "өтiнiш берушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 27-баптың 1-тармағында:
      4) тармақшадағы "қаржы-шаруашылық қызметi" деген сөздер "кiрiстерi мен шығыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша "таяудағы үш жылға арналған" деген сөздерден кейiн "актуариймен куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) басшы қызметкерлер лауазымдарына сайланатын (тағайындалатын) тұлғалар туралы мәлiметтер;";

      11) 34-бапта:
      тақырып "басшы қызметкерлерiне" деген сөздерден кейiн "және сақтандыру брокерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төрағасы мен басқарма мүшелерi, директорлар кеңесiнiң төрағасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бap сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерi және оның орынбасарлары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi (болған жағдайда) сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының) басшы қызметкерлерi болып табылады.
      Сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi және олардың орынбасарлары, сондай-ақ сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар өзге де тұлғалар сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерi болып табылады.";
      2-тармақта "ұйымының басшы қызметкерлерi" деген сөздерден кейiн "және сақтандыру брокерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "ұйымының басшы қызметкерiн" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша "сақтандыру қызметiне" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерiнiң қызметiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      3) тармақшаның бiрiншi сөйлемiндегi "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша "тарату" деген сөзден кейiн ", акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқарма, директорлар кеңесi төрағасының қызметiне және сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларын сайлау (тағайындау) үшiн жоғары бiлiмнiң болуы мiндеттi шарт болып табылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң және сақтандыру брокерi бас бухгалтерiнiң жоғары бiлiмi немесе жұмыс профилiне сәйкес келетiн арнаулы орта бiлiмi болуы тиiс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерiнiң, әдеттегiдей, қаржылық қызмет көрсету саласында мынадай: сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысының, бас бухгалтерiнiң және олардың сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқармасы, директорлар кеңесi төрағасының және бас бухгалтерiнiң - кемiнде үш жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бacқapмa мүшелерiнiң және бас бухгалтерi орынбасарының - кемiнде екi жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң - кемiнде бiр жыл жұмыс стажы болуға тиiс.";
      6-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiнде "ұйымының басшы қызметкерi" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерi" деген сөздермен толықтырылсын; "ұйымы" деген сөзден кейiн "сақтандыру брокерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгiнде "атқарған адам" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерi" деген сөздермен толықтырылсын; "ұйымы" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "алты" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "ұйымының басшы қызметкерi" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "алты ай" деген сөздер "үш ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта "ұйымының басшы қызметкерiн" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 37-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктiң 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленген және актуарий куәландырған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспар (сақтандыру ұйымы үшiн);";
      екiншi бөлiгiндегi "5) - 8) тармақшалары" деген сөздер "6) - 8) тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияға сақтандырудың қосымша сыныптарын енгiзу, сондай-ақ сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда лицензия сақтандырудың қосымша сыныптары көрсетiлiп не алып тасталып қайта ресiмделуге тиiс.";

      13) 38-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы ", лицензия беруден бас тартылады." деген сөздер алып тасталып, "жасамаса" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) сақтандыру сыныптары бойынша бизнес-жоспар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келмесе лицензия беруден бас тартылады.";

      14) 43-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi;";
      11) тармақшада "мерзiмiн" деген сөзден кейiн "Ұлттық Банкпен бiрлесiп" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақша алып тасталсын;
      20) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "20) "уәкiлеттi" деген сөздiң алдынан "Ұлттық Банкпен бiрлесе отырып және" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 46-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қайта сақтандыруды жүзеге асырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң ұстағаны, егер бұл ретте осы баптың 3-тармағының талаптары бұзылмайтын болса, қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша мiндеттеменiң жалпы көлемiнiң кем дегенде бec процентiн құрауы тиiс.";

      16) 47-баптың 3-тармағындағы "әдiстемесiне" деген сөз "әдiстемесiн қалыптастыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 51-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.";
      2-тармақ алып тасталсын;

      18) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы нұсқамасы.";

      19) 55-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бұзушылықты жою жөнiндегi жазбаша нұсқамасын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамаған;";
      2-тармақтағы "Уәкiлеттi мемлекеттiк органның керi қайтарып алу туралы шешiмiнде" деген сөздер "Керi қайтарып алу туралы шешiмде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 56-бапта:
      1-тармақтағы "Уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер алып тасталып, "сақтандыру" деген сөз бас әрiппен жазылсын және 3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер алып тасталсын;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
      Уақытша әкiмшiлiктiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы ic материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.";
      6-тармақта "(ал одан кейiн сот тағайындайтын арнайы басқарушының да)" деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақ "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының" деген сөздерден кейiн "және тарату комиссиясының" деген сөздермен, "қызметiн мәжбүрлеп тоқтату жөнiндегi" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi болмаған жағдайларда не осы шығыстарды жабу үшiн оның құны жеткiлiксiз болса, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдiк екi баспасөз басылымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату жөнiнде сот қабылдаған шешiм туралы ақпаратты жариялау бойынша шығыстарын жабу үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 61-баптың 4-тармағында:
      "бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк органмен келiсе отырып" деген сөздер алып тасталсын;

      22) 66-баптың 1-тармағында:
      екiншi бөлiктегi "Өз еркiмен" деген сөздер алып тасталып, "таратылатын" деген сөз үлкен әрiппен жазылсын;
      үшiншi бөлiк алып тасталсын;

      23) 67-бапта:
      5-тармақтағы "ұйымы" деген сөзден кейiн "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы мұрағатта сақтауға арналған құжаттарды белгiленген тәртiппен тапсыруға және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.";

      24) 69-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақта "арнайы басқарушыға" деген сөздер "тарату комиссиясының төрағасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
      7-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер ", осы Заңның талаптары ескерiле отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 70-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату жөнiнде iс қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссияларын тағайындау тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетiн ай сайынғы сыйақы олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауы тиiс.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа табыс етедi.
      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату жөнiндегi iстi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тіркеуді жүзеге асыратын тиiстi әдiлет органына, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртiбi және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтау үшiн өткiзуге және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.";
      6-тармақ алып тасталсын;

      26) 72-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату жөнiндегi iске байланысты шығыстар, сондай-ақ соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн, не уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы шешiмi күшiне енгенге дейiн басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс жүргiзiледi.";

      27) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-бап. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру)
               ұйымдарын тарату процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) тарату комиссияларынан iстелген жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты да алуға;
      2) тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) тарату комиссияларының қызметiн тексерудi жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған кезде кемшiлiктердi жою жөнiнде, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге құқылы.
      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      28) 76-бапта "қаржы-шаруашылық қызметi" деген сөздер "кiрiстер мен шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2003 жылғы 21 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 14 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 17-баптағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат):
      6-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi бөлiктiң 6) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер ", осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 2), 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады