Ескерту. Күші жойылды - ҚР 12.01.2016 № 442-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. Мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Осы Заң атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттiк реттеу – уәкiлеттi органның ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен қағидаларды әзiрлеу, бекiту және қолданысқа енгiзу, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялау жөнiндегi және рұқсаттық бақылау жасау қызметi;
көму - ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қалдықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орналастырылуы;
қадағалау - атом энергиясын пайдалану процесiн реттеу мақсатында уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, лицензиялар мен халықаралық шарттар ережелерiнiң орындалуын тексеру жөнiндегi iс-әрекетi;
орналастыру пункттерi - радиоактивтi заттарды сақтауға немесе радиоактивтi қалдықтарды көмуге арналған арнаулы тұрақты объектiлер мен құрылыстар;
радиациялық қауiпсiздiк - қызметкерлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсердi белгiлеген нормаларға сәйкес шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi;
радиоактивтi заттар - құрамында ядросы өздiгiнен ыдырауға қабiлеттi химиялық элементтер бар материалдар;
радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен құрамы нормативтiк құқықтық актiлермен реттелген мәннен асып түсетiн радиоактивтi заттардан тұратын, шаруашылық қызмет нәтижесiнде пайда болған және одан әрi пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегi материалдар мен заттар;
арнаулы ядролық емес материалдар - ядролық экспортты реттеудiң халықаралық-құқықтық режимiне байланысты, заңнан туындайтын нақ сондай актiлермен айқындалатын материалдар;
атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтер - ядролық материалдарды өндiру үшiн пайдаланылатын ядролық қондырғылар, жабдықтар, технологиялар, радиоактивтi заттар, арнаулы ядролық емес материалдар, иондандырушы сәуле көздерi, сондай-ақ соларға байланысты қызметтер;
атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - атом энергиясы саласындағы мемлекеттiк саясатты, ядролық қаруды таратпау мен Қазақстан Республикасында атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды реттеудi iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
алу деңгейi - белсендiлiк бөлiнiстерiнен көрiнген шамалар кешенi, бұл белсендiлiк жағдайында немесе одан төмен болғанда иондандырушы сәуле көздерi қолданылып жүрген нормаларға сәйкес бақылаудан шығып кетуi мүмкiн;
ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау - адамдардың ядролық материалдар мен қондырғыларға рұқсатсыз қол жеткiзуiне жол бермеуге бағытталған ұйымдық және техникалық шаралардың бiртұтас жүйесi;
сақтау - радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды пайдалану, қайта өңдеу немесе көму үшiн қайтарып алу мүмкiндiгiн көздей отырып, оларды арнайы дайындалған жерлерге (соның iшiнде арнаулы контейнерлерге) уақытша орналастыру;
пайдаланушы ұйым - атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар ұйым;
ядролық қауiпсiздiк - ядролық авариялардың мүмкiн еместiгiн белгiлi бiр ықтималдықпен қамтамасыз ететiн ядролық объектiнiң өзiне тән ерекшелiгi;
ядролық материалдар - бөлiнетiн (ыдырайтын) ядролық заттардан тұратын немесе оларды жаңғырта алатын материалдар;
ядролық қондырғылар - ядролық реакторлар, оның iшiнде атом станцияларының, ғарыш және ұшу аппараттарының, көлiк құралдарының реакторлары; өнеркәсiптiк, эксперименттiк зерттеу реакторлары, ядролық стендiлер; ядролық материалдарды өндiруге, пайдалануға, қайта өңдеуге, тасымалдауға және орналастыруға арналған басқа да кез келген құрылыстар, кешендер, қондырғылар, жабдықтар мен техникалық құралдар.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын
пайдалану саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелерiн реттейтiн өзге де заңдық және нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:
атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
халыққа және қоршаған ортаға атом энергиясы объектiлерiнiң әсерi туралы ақпараттың алуға оңайлығы, объективтiлiгi және уақтылылығы;
Қазақстан Республикасы аумағына басқа мемлекеттердiң радиоактивтi қалдықтарын көмуге тыйым салу;
атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiкке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
атом энергиясын пайдаланатын объектiлер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олар орналасқан аудандарда тұрып, еңбек қызметiн жүзеге асыратын халықтың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
радиациялық әсермен келтiрiлген зиянды өтеу;
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатын, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын талқылауға азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де заңды тұлғалардың қатысуы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы аумағында заңды және жеке тұлғалардың атом қаруын әзiрлеу, жасау, өндiру, сынау, сақтау және тарату мақсатында атом энергиясын пайдалану жөнiндегi кез келген қызметiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы объектiлер
мен субъектiлер
Атом энергиясын пайдаланатын объектiлер:
ядролық қондырғылар;
орналастыру пункттерi;
алу деңгейiнен жоғары иондандырушы сәуле көздерi;
медициналық, оқу, зерттеу, коммерциялық, ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк, оның iшiнде кен қазушы, қайта өңдеушi, сондай-ақ басқа да ұйымдарды қоса алғанда, иондандырушы сәуле көздерiн пайдаланатын ұйымдар болып табылады.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектiлер:
жеке тұлғалар;
өкiлеттi мемлекеттiк реттеу, бақылау және басқару органдары;
атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызметпен айналысатын ұйымдар болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң
негiзгi түрлерi
1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке мыналар жатады:
атом энергиясын пайдаланатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, тоқтатып қою және пайдаланудан шығару;
иондандырушы сәуле көздерін алу деңгейінен төмен пайдаланатын сынақ зертханаларын техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген қызметті қоспағанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты жұмыстарды атқару мен қызметтер көрсету;
ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле көздерi мен радиоактивтi заттарды қолдану, құрамында осы материалдар мен заттар бар пайдалы қазбаларды барлау және оларды өндiру, сондай-ақ ядролық материалдарды, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, тасымалдау және орналастыру;
ядролық қондырғыларды, иондандырушы сәуле көздерiн, ядролық материалдар мен ядролық заттарды пайдалана отырып ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру;
атом энергиясын пайдалануды басқару;
ядролық жарылыстар өткiзiлетiн жерлердегi қызметтiң барлық түрлерi;
атом энергиясын пайдалану кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық жағынан қорғау;
ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле көздерiн, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды есепке алу және бақылау;
ядролық материалдардың, технологиялар мен жабдықтардың, арнаулы ядролық емес материалдардың; қос мақсаттағы материалдардың, технологиялар мен жабдықтардың, иондандырушы сәуле көздерiнiң, радиоактивтi заттардың экспорты мен импорты;
Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды бақылау;
ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi тасымалдау;
мамандар мен қызметкерлердi даярлау және аттестациялау.
2. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтiң барлық түрлерi мемлекет тарапынан үнемi бақылау арқылы жүзеге асырылады.
3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Атом энергиясын пайдалану объектiлерiне меншiк
Меншiктiң кез келген нысанындағы заңды тұлғалар ғана атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң иелерi бола алады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану
саласындағы мемлекеттiк органдары
7-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атом энергиясын
пайдалану саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттік реттеуді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлерiн бақылауды және лицензиялауды және рұқсаттық бақылауды;
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
3) атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн басқаруды және дамытуды айқындайды.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыреті:
1) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде және оны орындау үшін атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен қағидаларды әзірлеу, белгілеу және қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауды және рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
4) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) өз өкілеттігін атқаруға байланысты инспекциялар жүргізу;
6) Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру;
8) жеке және заңды тұлғалардан өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуды және алуды жүзеге асыру;
9) осы Заңды бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдарды беру;
10) атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша және ядролық қаруды таратпау мен ядролық материалдарды бақылау проблемалары бойынша басқа мемлекеттердің өкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
11) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының
құқықтары
Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тiкелей өз мiндеттерiн атқару кезiнде:
белгiленген тәртiп бойынша атом энергиясын пайдалану объектiлерiне кедергiсiз кiрiп, олардың қызметiн сипаттайтын құжаттарды алуға;
халықтың немесе қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатер төндiрген жағдайда заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметiн тоқтата тұруға немесе тоқтату туралы мәселе қоюға құқылы.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
10-бап. Уәкiлеттi органның тәуелсiздiгi
Уәкiлеттi орган атом энергиясын дамыту мен пайдалануға байланысты қызмет атқаратын өзге де атқарушы органдарға, ұйымдарға әкiмшiлiк және қаржы жағынан тәуелсiз.
Уәкiлеттi органның лауазымды адамдардың қызметiне олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде кедергi жасауға жол берiлмейдi.
3-тарау. Атом энергиясын пайдалану пайдалануға байланысты
қызметтiң мiндеттi шарттары
11-бап. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтi
лицензиялау
Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде лицензиялануға жатады.
Уәкілетті органның атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлеріне лицензиялардың қолданысын мынадай жағдайларда:
1) радиациялық авариялар және (немесе) авариялық жағдайлар кезінде;
2) тексерулер нәтижесінде анықталған, ядролық материалдармен, радиоактивті қалдықтармен, иондандырушы сәуле көздерімен айналысу, оларды сақтау, тасымалдау, есепке алу және бақылау кезінде ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
3) анық емес мәліметтер табылған кезде;
4) уәкілетті органның нұсқамалары белгіленген мерзімдерде орындалмаған кезде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұрған кезде уәкілетті орган лицензиатқа қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, лицензияны тоқтата тұру туралы шешімді жібереді.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12-бап. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiк
1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, иондандырушы сәуленің зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалар мүлкінің қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Пайдаланушы ұйым уәкілетті органға Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке байланысты кез келген авария және (немесе) авариялық жағдай туралы хабарлауға міндетті.
3. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiкті ядролық қондырғылармен, ядролық материалдармен, радиоактивтiк қалдықтармен, радиоактивтiк қалдықтар және (немесе) пайдаланылған ядролық отын сақтау қоймаларымен, алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттармен, құрамында алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар бар немесе иондандырушы сәуле шығаратын (шығаруға қабілетті) аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуді немесе қандай да бір іс-қимылдарды, операцияларды орындауды қоса алғанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет қауіпсіздігі саласындағы белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкес пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
ядролық қондырғылар:
жалпы мақсаттағы ядролық қондырғылар;
ядролық отынды дайындау және өндіру жөніндегі қондырғылар;
реактордың түрі көрсетілген атомдық энергетикалық қондырғылар;
реактордың түрі көрсетілген зерттеу атом реакторлары.
Орналастыру пункттері:
жалпы мақсаттағы радиоактивтік қалдықтарды орналастыру пункттері (сақтау қоймалары);
белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
пайдаланылған ядролық отын қоймалары.
Заттар мен материалдар:
изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;
радиоактивтік элементтер құрамы, белсендiлiктің шекті деңгейі және радиоактивтік заттардың агрегаттық жай-күйі көрсетілген алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар.
Радиоактивтік қалдықтар:
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтар;
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтар;
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтар.
Өнеркәсіптік жабдық:
жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік рентген жабдығы;
жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік радиоизотоптық жабдық;
радиоизотоптық датчиктер мен өлшеуіштер;
рентгендік дефектоскоптар;
радиоизотоптық дефектоскоптар;
рентгендік анализаторлар;
рентгендік тексеріп қарау жабдығы;
радиоизотоптық тексеріп қарау жабдығы;
зарядталған бөлшектердің үдеткіштері негізіндегі тексеріп-қарау жабдығы;
зарядталған бөлшектердің өнеркәсіптік үдеткіштері.
Медициналық диагностикалық жабдық:
жалпы мақсаттағы медициналық рентген жабдығы;
медициналық рентгендік дентальдық жабдық;
медициналық рентгендік маммографиялық жабдық;
медициналық рентгендік ангиографиялық жабдық;
медициналық компьютерлік рентгендік томографтар;
медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық;
зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері.
Медициналық терапиялық жабдық:
медициналық терапиялық рентген жабдығы;
медициналық рентгендік симуляторлар;
зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері;
медициналық гамма-терапиялық қондырғылар.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-бап. Радиоактивтi қалдықтармен айналысу
1. Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын радиоактивтi қалдықтардың бәрi олар потенциалды қауiп туғызуы мүмкiн уақыт iшiндегi бүкiл кезеңде халық пен қоршаған ортаны радиациялық қорғауды қамтамасыз ететiндей түрде көмiлуге тиiс.
2. Радиоактивтi қалдықтарды орналастыру радиоактивтi қалдықтардың пайда болуына алып келетiн кез келген қызмет түрiнiң мiндеттi кезеңi ретiнде жобалық және техникалық құжаттамада көзделуге тиiс. Радиоактивтi қалдықтарды жинау мен көмудi ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ бұл қызметтi жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.
3. Радиоактивтi материалдар мен қалдықтарды пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде белгiленген экологиялық талаптар сақталуға тиiс.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09. № 213; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
14-бап. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды
физикалық жағынан қорғау
1. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау ядролық материалдармен операциялар жүргiзiлетiн объектiлердiң құрылысын салудың, пайдаланудың және пайдаланудан шығарудың барлық кезеңдерiнде, сондай-ақ сол материалдарды тасымалдау кезiнде жүзеге асырылады.
2. Егер физикалық жағынан қорғау талаптарын орындауды қамтамасыз ететiн шаралар қолданылмаса, ядролық қондырғылардың пайдаланылуына және кез келген дайындау, пайдалану, қайта өңдеу немесе сақтау сатысындағы ядролық материалдарға байланысты кез келген жұмыстың жүргiзiлуiне тыйым салынады.
3. Пайдаланушы ұйымдар ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық қорғалуын қамтамасыз етедi. Уәкiлеттi орган ядролық қондырғылар мен ядролық материалдардың физикалық қорғалуының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле
көздерiн есепке алу және бақылау
1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерi мемлекеттiк есепке алынып, бақылануға тиiс. Осы мақсат үшiн уәкiлеттi орган ядролық материалдарды және иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн құрады.
2. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерi ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiнiң қолда бар мөлшерiн, олардың орналасқан жерлерiн анықтауды, жоғалуына, рұқсатсыз пайдаланылуына және ұрлануына жол бермеудi, Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органына, ал халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда халықаралық ұйымдар мен басқа да мемлекеттерге ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiнiң болуы мен орын ауыстыруы туралы жедел ақпарат, сондай-ақ көздердiң есептен шығарылуы мен көмiлуi туралы, көздер мен ядролық материалдардың экспорты және импорты туралы мәлiметтер берiп отыруды қамтамасыз етедi.
3. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерi пайдаланылатын қызметтi жүзеге асыратын пайдаланушы ұйым олардың есепке алынуын және уәкiлеттi органға айқын деректер берiлуiн қамтамасыз етедi.
4. Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн ұйымдастыру тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
16-бап. Ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi
алаңдарын таңдау және оларды салу кезiнде
қауiпсiздiкке қойылатын негiзгi талаптар
Ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу атом энергиясын пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалар мен ережелер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
Ядролық қондырғы мен орналастыру пунктiн салу туралы шешiмдi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi өкiлдi органдарының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Үкiметi:
елдiң және оның жекелеген аймақтарының шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн оларға деген қажеттiлiктердi;
аталған объектiлердi орналастыру үшiн атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелерге сай келетiн қажеттi жағдайлардың болуын;
таяу орналасқан азаматтық және әскери объектiлер тарапынан аталған объектiлер қауiпсiздiгiне қатер төнбеуiн;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптарды;
аталған объектiлердi орналастырудың аймақтың өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық дамуы үшiн ықтимал әлеуметтiк және экономикалық зардаптарын ескере отырып қабылдайды.
Аталған объектiлердiң жобалық құжаттары мiндеттi түрде экологиялық, санитарлық және техникалық сараптамадан өтедi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.09. № 213 Заңымен.
17-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле
көздерiн тасымалдау жөнiндегi талаптар
1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн тасымалдау ережелерi жүк жөнелтушiлердiң, тасымалдаушының және жүк алушының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, қауiпсiздiк, физикалық қорғау шараларын, көлiк оқиғалары мен аварияларға жол бермеу жөнiндегi келiсiлген шаралар жүйесiн, буып-түюге, таңбалауға және көлiк құралдарына қойылатын талаптарды, ықтимал авариялардың зардаптарын шектеу және жою жөнiндегi шараларды көздеуге тиiс.
18-бап. Пайдаланушы ұйымға қойылатын негiзгi талаптар
1. Пайдаланушы ұйым ядролық қондырғының, иондандырушы сәуле көзiнiң, орналастыру пунктiнiң қауiпсiздiгi үшiн, сондай-ақ ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды тиiстi дәрежеде пайдаланбағаны үшiн толығымен жауап бередi. Ядролық қондырғының, иондандырушы сәуле көздерiнiң, орналастыру пунктiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк аталған объектiлер басқа пайдаланушы ұйымға берiлгенге немесе жаңа лицензия алынғанға дейiн лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайдың өзiнде сақталады.
2. Пайдаланушы ұйым:
атом энергиясының объектiлерiн пайдалану кезiндегi қызметтiң барлық кезеңдерiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жететiндей қажеттi қаржыға, материалдық-техникалық және адам ресурстарына ие болуға;
атом энергиясын пайдаланатын объектiлердi пайдаланудан шығаруға, аумақты жаңғыртуға, радиоактивтi қалдықтарды көмуге, авариялық ахуалдың зардаптарын жоюға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiне және қоршаған ортаға, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеуге байланысты жұмыстарды атқаруға арналған шараларды қарастырып, оларды қаражатпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Пайдаланушы ұйым:
ядролық қондырғыны, иондандырушы сәуле көзiн және орналастыру пунктiн тек олар арналған мақсаттарға ғана пайдаланылуын;
ядролық қондырғыны, иондандырушы сәуле көзiн және орналастыру пунктiн пайдалануға берудiң, пайдаланудың және пайдаланудан шығарудың барлық кезеңдерiнде сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларын әзiрлеу мен орындауды ұйымдастыруды және үйлестiрудi;
ядролық қондырғыда, иондандырушы сәуле көздерiнде және орналастыру пунктiнде авариялық дайындық шараларын және аварияға қарсы шараларды, сондай-ақ аталған объектiлер қызметкерлерi, халық және қоршаған орта үшiн авариялардың терiс салдарын азайту жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен iске асыруды;
атом энергиясын пайдаланатын объектiлер қызметкерлерiнiң жеке дозаларын есепке алу және олардың өтемге құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етеді.
4. Пайдаланушы ұйымның персоналы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2007.05.07. № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
4-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен
қызметтiң экспорты мен импорты
19-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар
мен қызметтiң экспорты мен импортын жүзеге асыру
Атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтiң коммерциялық мақсатта берiлуiн, сатылуын немесе сатып алынуын немесе коммерциялық емес сипатта берiлуiн қамтитын экспорты мен импортына уәкiлеттi орган бақылау жасайды және олар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
20-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар
мен қызметтiң экспорты мен импортын жүзеге
асыру тәртiбi
Ядролық материалдардың, технологиялардың, жабдықтар мен ядролық қондырғылардың, арнаулы ядролық емес материалдардың, иондандырушы сәуле көздерiнiң, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтардың экспорты мен импортын жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
5-тарау. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен
ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
21-бап. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен
ұйымдардың атом энергиясын пайдалану
саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасының азаматтары, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар:
салынғалы отырған, жобаланып, салынып, пайдаланылып отырған және пайдаланудан шығарылатын атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң қауiпсiздiгi туралы, өздерiнiң тұратын немесе еңбек қызметiн жүзеге асыратын жерлерiндегi радиациялық жағдайға бақылау жасау туралы, сондай-ақ алынған сәуле дозасы туралы атом энергиясын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат алуға;
атом энергиясын пайдалану саласындағы саясатты, заң актiлерiнiң жобаларын және бағдарламаларды талқылауға қатысуға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобалық құжаттарға қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге және қоршаған ортаның радиациялық жағдайына бақылау жасауға;
ядролық қондырғыларды сақтау және көму пункттерiн белгiленген тәртiппен танысу мақсатында барып көруге;
ядролық немесе радиациялық авария нәтижесiнде келтiрiлген залал мен зиянды осы аварияға жол берген пайдаланушы ұйым есебiнен өтеттiруге;
сәуле алудың нормативтiк шектiк мөлшерi артық болған жағдайда адам денсаулығына иондандырушы сәуленiң терiс әсерi үшiн және қосымша қатер факторлары үшiн заңдармен белгiленген тәртiппен пайдаланушы ұйым есебiнен өтем алуға құқылы.
22-бап. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен
ұйымдардың атом энергиясын пайдалану
саласындағы мiндеттерi
Азаматтар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар атом энергиясын пайдалануды реттейтiн заңдарды сақтауға, атом энергиясын пайдалану саласындағы қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң талаптарын орындауға, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану жөнiндегi ұйымдардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға мiндеттi.
6-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы заңдарды
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
23-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы
нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн
жауапкершiлiк және дауларды шешу
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы белгiленген нормативтердiң, стандарттар мен ережелердiң бұзылуына, авариялардың пайда болуына жағдайлар мен алғышарттар жасалуына кiнәлi азаматтар, лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
2. Ақпарат беруден негiзсiз бас тартқаны үшiн, ақпаратты қасақана бұрмалағаны үшiн немесе жасырғаны үшiн, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану мәселелерi жөнiнде жалған ақпарат таратқаны үшiн ұйымдардың, соның iшiнде қоғамдық ұйымдардың (бiрлестiктердiң) және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
3. Атом энергиясын пайдалану туралы заңдарды қолдану мәселелерi жөнiндегi даулар сот тәртiбiмен қаралады.
4. Уәкiлеттi органның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн. Шағым беру уәкілетті орган қабылдаған шешiмнiң қолданылуын тоқтатпайды.
24-бап. Атом энергиясының объектiлерiн тиiстi дәрежеде
пайдаланбау салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу
1. Атом энергиясының объектiлерiн тиiстi дәрежеде пайдаланбау салдарынан азаматтардың денсаулығына, сондай-ақ олардың қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиян зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесi, оны емдеуге, денсаулығын қалпына келтiруге, науқасқа күтiм жасауға жұмсалатын шығындар, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тағайындалған жәрдемақылар ескерiле отырып, зиян келтiрушiнiң есебiнен толық көлемiнде өтелуге тиiс.
2. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдар мен азаматтардың атом энергиясын тиiстi дәрежеде пайдаланбауына байланысты, мүлiктiк шығындарды және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға, авариялық-құтқару мен атом энергиясы объектiлерiн тиiстi дәрежеде пайдаланбау зардаптарын жоюға қатысушы жеке адамдарға жұмсалған шығындарды зиян келтiрушiлерден заңдарда белгiленген тәртiп бойынша толық өтеудi талап етуге құқылы.
3. Атом энергиясы объектiлерiнiң тиiстi дәрежеде пайдаланылмауына кiнәлі заңды және жеке тұлғалар жердi жаңғырту мен жердiң табиғи құнарлылығын қалпына келтiруге жұмсалатын шығындарды қоса алғанда, жерге, суға, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне келтiрiлген зиянды заңдарда белгiленген тәртiп бойынша өтеуге мiндеттi.
7-тарау. Халықаралық шарттар
25-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы
халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта атом энергиясын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi