1975 жылғы 14 қаңтарда Нью-Йоркте қол қойылған Ғарыш кеңiстiгiне
жiберiлген объектiлердi тiркеу туралы конвенцияға Қазақстан
Республикасы қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Ғарыш кеңiстiгiне жiберiлетiн объектiлердi тiркеу
туралы Конвенция
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсатта зерттеудi және пайдалануды дамытуда барлық адамзаттың жалпы мүдделiлiгiн тани отырып,
1967 жылғы 27 қаңтардағы Айды және басқа да аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөнiндегi мемлекеттер қызметiнiң принциптерi туралы Шартта, ғарыш кеңiстiгiндегi өзiнiң ұлттық қызметi үшiн мемлекеттер жауапкершiлiкте болады деп белгiленгенiн және ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектi тiркелiмге енгiзiлген мемлекет туралы айтылғанын еске сала отырып,
сондай-ақ 1968 жылғы 22 сәуiрдегi Ғарышкерлердi құтқару, ғарышкерлердiң қайтып келуi және ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектiлердiң қайтып келуi туралы Келiсiмде, ұшыруды жүзеге асырған өкiметтердiң аумағынан тыс жерден табылған олардың ғарыш кеңiстiгiне жiберген объектiсi қайтып келгенге дейiн ұшыруды жүзеге асырған өкiметтердiң талап ету бойынша танып-бiлу деректерiн беруге тиiс екенi көзделгенiн еске сала отырып,
1972 жылғы 29 наурыздағы Ғарыш объектiлерi келтiрген залал үшiн халықаралық жауапкершiлiк туралы конвенция ұшырушы мемлекеттердiң жауапкершiлiгiне қатысты олардың ғарыш объектiлерiнiң келтiрiлген залалы үшiн халықаралық нормалар мен рәсiмдердi белгiлейтiнiн одан әрi еске сала отырып,
Айды және басқа да аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөнiндегi мемлекеттер қызметiнiң принциптерi туралы Шарт тұрғысында ұшырушы мемлекеттердiң олардың ғарыш кеңiстігiне жiберген ғарыш объектiлерiнiң ұлттық тiркелiмiн көздеуге тiлек бiлдiре отырып,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы жүргiзетiн болатын, ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектiлердiң мiндеттi негiзде орталықтандырылған тiзiлiмiн құруға одан әрi тiлек бiлдiре отырып,
сондай-ақ ғарыш объектiлерiн бiрдейлендiруге жәрдемдесе алатын
қатысушы мемлекеттердiң қосымша қаражаты мен рәсiмдерiн қамтамасыз
етуге тiлек бiлдiре отырып,
ғарыш кеңiстiгiнде жiберiлетiн объектiлердi тiркеудiң мiндеттi
жүйесi, атап айтқанда, оларды бiрдейлендiруге мүмкiндiк бередi және
ғарыш кеңiстiгiн зерттеудi және пайдалануды реттейтiн халықаралық
құқықтың қолданылуы мен дамуына жәрдемдеседi деп санай отырып,
мына төмендегiлер жайында келiстi:
I бап
Осы Конвенцияның мақсаты үшiн:
а) "ұшырушы мемлекет" терминi:
i) ғарыш объектiсiн жiберудi жүзеге асыратын немесе
ұйымдастыратын мемлекеттi;
ii) аумағынан немесе қондырғысынан ғарыш объектiсiн жiберу
жүзеге асырылатын мемлекеттi бiлдiредi.
b) "ғарыш объектiсi" терминiне ғарыш объектiсiнiң құрамдас бөлiктерi, сондай-ақ оны әкелу жабдықтары мен оның бөлiктерi кiредi;
c) "тiркеушi мемлекет" терминi II бапқа сәйкес ғарыш объектiсi тiзiлiмге енгiзiлген ұшырушы мемлекеттi бiлдiредi.
II бап
1. Ғарыш объектiсi Жер төңiрегiндегi орбитаға немесе одан әрi ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген кезде ұшырушы мемлекет осы ғарыш объектiсiн өзi жүргiзетiн тиiстi тiзiлiмге жазу жолымен тiркейдi. Әрбiр ұшырушы мемлекет осындай тiзiлiмдi белгiлеу туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды.
2. Осындай кез келген ғарыш объектiсiне қатысты екi немесе одан да көп ұшырушы мемлекет болған кезде, осы баптың 1-тармағына сәйкес осы объектiнi олардың қайсысы тiркейтiнiн өздерi бiрлесiп айқындайды, бұл ретте айды және басқа да аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөнiндегi мемлекеттердiң қызметiнiң принциптерi туралы Шарттың VIII бабының ережелерi ескерiледi және ғарыш объектiсiне және оның кез келген экипажына заңды құқығы мен бақылау жасауы туралы мәселесi бойынша ұшырушы мемлекеттер арасындағы жасалған немесе жасалуы мүмкiн тиiстi келiсiмдерге залал
келтiрiлмейдi.
3. Әрбiр тiзiлiмнiң мазмұны мен оны жүргiзу шарттарын тиiстi
тiркеушi мемлекет айқындайды.
III бап
1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы IV бапқа сәйкес табыс
етiлетiн ақпарат енгiзiлетiн Тiзiлiмдi жүргiзедi.
2. Осы Тiзiлiмдегi ақпаратқа толық және ашық түрде қол жеткiзу
қамтамасыз етiледi.
IV бап
1. Әрбiр тiркеушi мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас
хатшысына практикалық жүзеге асырылатын таяу мерзiмде өзiнiң
тiзiлiмiне енгiзiлген әрбiр ғарыш объектiсi туралы мынадай ақпаратты
табыс етедi:
а) ұшыратын мемлекеттiң немесе ұшыратын мемлекеттердiң атауы;
b) ғарыш объектiсiнiң тиiстi белгiленуi немесе оны тiркелген
нөмiрi;
с) ұшырылудың күнi мен аумағы немесе орны;
d) мыналарды қоса алғанда, орбитаның негiзгi параметрлерi:
i) айналу кезеңi;
ii) көлбей қозғалуы;
iii) апогейi;
iv) перигейi.
е) ғарыш объектiсiнiң жалпы мақсаты.
2. Әрбiр тiркеушi мемлекет өзiнiң тiзiлiммен енгiзiлген ғарыш объектiсiне қатысты қосымша ақпаратты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына оқтын-оқтын бере алады.
3. Әрбiр тiркеушi мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын барынша мүмкiн болған дәрежеде және практикалық жүзеге асырылатын таяу мерзiмде салыстырмалы түрде өзi бұрын ақпарат берген және бұған дейiн Жер төңiрегiндегi орбитаға шығарылған ғарыш объектiлерiнiң, ендi бұл орбитада жоқтығы туралы хабардар етедi.
V бап
Жер төңiрегiндегi орбитаға немесе одан әрi ғарыш кеңiстiгiне жiберiлетiн ғарыш объектiсiне IV баптың 1 (b) тармағында айтылған белгiлеу немесе тiркелген нөмiрi немесе ол екеуi де, қондырылған кезде тiркеушi мемлекет, IV бапқа сәйкес ғарыш объектiсi туралы ақпарат беру кезiнде бұл оқиға туралы Бас хатшыны хабардар етедi. Бұл жағдайда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы хабарламаны Тiзiлiмге енгiзедi.
VI бап
Егер осы Конвенцияның ережелерiн қолдану қатысушы мемлекетке оған немесе оның кез келген жеке немесе заңды тұлғасына залал келтiрген немесе қауiптi не зиян тигiзуi мүмкiн сипаты болған ғарыш объектiсiн тануға мүмкiндiк бермесе, басқа қатысушы мемлекеттер, атап айтқанда, ғарыш объектiлерiн және оған iлеспе бақылау құралдары бар мемлекеттердi қоса, әдiл де орынды шарттарда көрсетiлетiн, объектiнi бiрдейлендiруге көмек беру туралы осы қатысушы мемлекеттен келiп түсетiн немесе оның атынан Бас хатшы арқылы табыс етiлген өтiнiшке барынша мүмкiн болған дәрежеде жауап бередi. Мұндай өтiнiш жасап отырған қатысушы мемлекет осы өтiнiшке негiз болған оқиғалардың уақыты, сипаты мен жағдайлары туралы барынша мүмкiн болған дәрежеде ақпарат бередi. Мұндай көмек көрсету шарты мүдделi тараптардың арасындағы келiсiмнiң заты болып табылады.
VII бап
1. Осы Конвенцияда, VIII-XII баптарды қоспағанда, мемлекеттерге сiлтеме жасау, егер бұл ұйым осы Конвенцияда көзделген құқықтар мен мiндеттердi өз мойнына аламын деп мәлiмдесе және егер бұл ұйымға мүше мемлекеттердiң көпшiлiгi осы Конвенцияға және Айды және басқа аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөнiндегi мемлекеттер қызметiнiң принциптерi туралы шартқа қатысушы мемлекеттер болып табылса, ол сондай-ақ ғарыш қызметiн жүзеге асыратын кез келген халықаралық үкiметаралық ұйымға қатысты деп қарастырылады.
2. Осы Конвенцияға қатысушы болып табылатын мұндай кез келген ұйымға мүше мемлекеттер бұл ұйым осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлiмдеме жасауын қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады.
VIII бап
1. Осы Конвенция барлық мемлекеттердiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегi Орталық мекемелерiнде қол қоюы үшiн ашық, Осы Конвенцияға қол қоймаған кез келген мемлекет осы баптың 3-тармағына сәйкес ол күшiне енгенге дейiн оған кез келген уақытта қосыла алады.
2. Осы Конвенция оған қол қойған мемлекеттердiң бекiтуiне жатады. Бекiту грамоталары мен оған қосылу туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына өткiзiлуге тиiс.
3. Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысына бесiншi бекiту грамотасы сақтауға өткiзiлгеннен кейiн бекiту грамоталарын сақтауға тапсырған мемлекеттер арасында күшiне енедi.
4. Бекiту грамоталары немесе оған қосылу туралы құжаттары осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн сақтауға тапсырылатын мемлекеттер үшiн, ол олар бекiту грамоталарын немесе оған қосылу туралы құжаттарын сақтауға тапсырған күннен күшiне енедi.
5. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбiр бекiту грамоталарына және оған қосылу туралы құжатқа әрбiр қол қоюдың күнi туралы, сақтауға өткiзудiң күнi туралы осы Конвенцияның күшiне ену күнi туралы, сондай-ақ басқа да хабарламалар туралы барлық қол қойған және қосылған мемлекеттердi дереу хабардар етедi.
IX бап
Осы Конвенцияға қатысушы кез келген мемлекет Конвенцияға түзетулер ұсына алады. Түзетулер, оларды Конвенцияға қатысушы көпшiлiк мемлекеттер қабылдағаннан кейiн, ол кейiннен осы түзетулердi қабылдаған Конвенцияға қатысушы қалған әрбiр мемлекет үшiн олар осы түзетулердi қабылдаған күннен күшiне енедi.
X бап
Осы Конвенция күшiне енген соң он жылдан кейiн оны қайта қарау мәселесi, Конвенцияны қолданудың тәжiрибесi негiзiнде оны өзгертудiң қажеттiгi бар ма деген мәселенi қарау үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының алдын ала күн тәртiбiне енгiзiлетiн болады. Алайда, Конвенция күшiне енген соң бес жылдан кейiн кез келген уақытта Конвенцияға қатысушы мемлекеттердiң үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша және қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгiнiң келiсiмiмен осы Конвенцияны қайта қарау мақсатында қатысушы мемлекеттердiң конференциясы шақырылады. Мұндай қайта қарау кезiнде, атап айтқанда, ғарыш объектiлерiн бiрдейлендiруге қатысты жетiстiктердi қоса алғанда, кез келген тиiстi техникалық жетiстiктер ескерiлетiн болады.
XI бап
Конвенцияға қатысушы кез келген мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын жазбаша түрде хабарлар ету жолымен Конвенция күшiне енгеннен кейiн бiр жылдан соң өзiнiң одан шығуы туралы хабарлай алады. Мұндай шығу осы хабарлау алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң күшiне кiредi.
XII бап
Осы Конвенцияның түпнұсқа мәтiнi, ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiндегi мәтiндерi түпнұсқамен бiрдей болып табылады, олар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткiзiледi, ол Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттерге куәландырылған көшiрменi жолдайды.
Өздерiнiң тиiстi үкiметтерiмен осыған тиiстi түрде уәкiлеттiк берiлген төменде қол қоюшылар осыны куәландыру үшiн, бiр мың тоғыз жүз жетпiс бесiншi жылғы он төртiншi қаңтарда Нью-Йоркте қол қою үшiн ашық осы Конвенцияға қол қойды.
Ұлттық Аэроғарыш Агенттiк Бас
директорының орынбасары