Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 47-құжат; 1997 жылғы 15 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Азаматтарды жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" және "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлықтарына толықтырулар енгiзу жөнiндегi" 1997 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; 1997 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және
судьялардың мәртебесi туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығына
өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңы) мынадай өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
2. 3-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
2)-7) тармақшалар 1)-6) тармақшалар болып есептелсiн.
3. 7-бапта:
1-тармақтағы "Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi мен қаулылары
көпшiлiк алдында жария етiледi" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi мен қаулылары көпшiлiк алдында
жария етiледi".
4. 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жоғары тұрған соттардың iс қарауы iс жүргiзу заңдарында
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.".
5. 10-бапта:
1-тармақ "құрады" деген сөзден кейiн "және таратады" деген
сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Аудандық (қалалық) соттардың сот учаскелерiн әдiлет
басқармасының бастығы мен облыстық және оған теңестiрiлген сот
төрағасының бiрлескен ұсынысы бойынша Әдiлет министрi құрады және
таратады.".
6. 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Оның құрамында сот учаскесi құрылған жағдайда аудандық (қалалық)
сот соттың төрағасынан, сот учаскесiнiң аға судьясынан және тұрақты
судьялардан тұрады.".
7. 12-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
8. 13-бапта:
баптың атауы "сот учаскесiнiң аға судьясы" деген сөздермен
толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Сот учаскесiнiң аға судьясы судья болып табылады және осы баптың 2-тармағының 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында, сондай-ақ 6) тармақшасында (сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату бөлiгiнде) аталған өкiлеттiктi қоспағанда, аудандық (қалалық) соттардың құқықтарына ие болады."
9. 14-бапта:
баптың атауы "төрағасының" деген сөзден кейiн "сот учаскесiнiң
аға судьясының" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"(қалалық) соттың төрағасы" деген сөздерден кейiн "сот
учаскесінiң аға судьясы" деген сөздермен толықтырылсын;
"оның" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын.
10. 15-баптың 1-тармағы "құрады" деген сөзден кейiн "және
таратады" деген сөздермен толықтырылсын.
11. 16-бапта:
1-тармақта:
"төрағадан" деген сөзден кейiн "алқалардың" деген сөз "сот
алқаларының" деген сөздермен толықтырылсын;
"өзге де" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларындағы "алқа" деген сөз
"сот алқасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап.
Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төралқасы
Облыстық және оған теңестiрiлген сотың төралқасы соттың төрағасынан және жыл сайын облыстық соттың құрамы сот мүшелерiнiң жалпы санына жасырып дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен сайлайтын төрт тұрақты судьядан тұрады.".
13. 19-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) iстi өз құзыретiнiң шегiнде қадағалау тәртiбiмен және iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды;";
2) тармақшадағы "алқалар" деген сөз "сот алқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "қызметi мен" деген сөздер алып тасталсын.
14. 21-бапта:
баптың атауы мен 1-тармақтағы "алқалары" деген сөз "сот алқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "алқаларының" деген сөздiң алдынан "сот" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ "бiр алқаның" және "Басқа алқаның" деген сөздер "бiр
сот алқасының" және "басқа сот алқасының" деген сөздермен
ауыстырылсын.
15. 22-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша "отырыстарында" деген сөздiң алдынан "сот" деген
сөзбен толықтырылсын;
5) тармақша "төрағаларының" деген сөздiң алдынан "сот" деген
сөзбен толықтырылсын;
6) тармақшада "қызметiне" деген сөздiң алдынан "сот" деген
сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшада "алқа төрағасы" деген сөздер "сот алқасы төрағасы"
деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) белгiленген тәртiппен өздiгiнен сот алқаларының төрағалары және облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың судьялары жөнiнде немесе әдiлет басқармасының бастығымен бiрлесе отырып, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьялары, сот учаскелерiнiң аға судьялары жөнiнде оларға бiлiктiлiк сыныптарын беру және олардан айыру туралы ұсыныс енгiзедi;";
13) тармақша 14) тармақша болып есептелсiн;
3-тармақ "алқа төрағаларының" деген сөздердiң орнына "сот алқасы төрағаларының" деп жазылсын.
16. 23-бапта:
баптың атауындағы, 1-тармақтағы және 2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "сот алқасының" деген сөздер "соттардың сот алқасының" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 5) тармақшасы "алқаның" деген сөзден кейiн "сот алқасының" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "Алқа төрағасы" деген сөздер "Сот алқасының төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Әскери соттарды Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады және таратады.".
18. 25-баптың 1-тармағы "төрағасы мен" деген сөздерден кейiн "тұрақты" деген сөзбен толықтырылсын.
19. 27-бапта:
1-тармақта "алқалар төрағаларынан және" деген сөздер "сот
алқаларының төрағаларынан және тұрақты" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында "алқа" деген сөз "сот
алқасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта "және оған теңестiрiлген сот" деген сөздер алып
тасталсын.
20. 28-бапта:
1-тармақ "заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың
қызметiн қадағалауды жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
2) тармақшада "барлық" деген сөз алып тасталсын;
3) тармақтағы "соттарға" деген сөз алып тасталсын;
21. 29-бапта:
2-тармақта:
"алқалардың" деген сөз "сот алқаларының" деген сөздермен
ауыстырылсын;
"өзге де" деген сөз алып тасталсын;
3-тармақта:
3), 4) және 5) тармақшаларда "алқа" деген сөз "сот алқасы" деген
сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша "әскери" деген сөздiң алдынан "сот" деген сөзбен
толықтырылсын.
22. 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"30-бап. Жоғарғы Соттың Пленумы
Жоғарғы Соттың Пленумы Төрағаның, сот алқалары төрағаларының,
Жоғарғы Сот судьяларының құрамында жұмыс iстейдi".
23. 31-бапта:
1) тармақшада "соттарға" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын;
"5) Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының мүшелерiн сайлайды;
6) Жоғарғы Сот төралқасының мүшелерiн сайлайды;";
5) тармақша 7) болып есептелсiн.
24. 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жоғарғы Сотың Төралқасы Жоғарғы Соттың Төрағасынан, жыл сайын
пленумда пленум мүшелерiнiң жалпы санынан жасырын дауыс беру арқылы
көпшiлiк дауыспен сайланатын сегiз тұрақты судьядан тұрады".
25. 34-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) iстердi қадағалау тәртiбiмен және iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды;";
3) тармақшада "алқалар" деген сөз "сот алқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
26. 35-бапта:
баптың атауындағы, 1 және 2-тармақтардағы "алқалары" деген сөздер "сот алқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "Iстердi қадағалау ретiмен қарау Жоғарғы Сот
Төрағасының және Бас Прокурордың наразылықтары бойынша жүргiзiледi"
деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта "алқалардың" деген сөз "сот алқаларының" деген
сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын.
27. 36-бапта:
2-тармақта;
3) тармақшада "1)" деген сан алып тасталсын;
4) тармақшада "алқалардың" деген сөз "сот алқаларының" деген
сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада "алқаларда сот құрамдарын құрады" деген сөздер "қажет болған жағдайларда бiр сот алқасының судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартуға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) белгiленген тәртiппен Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру, одан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi, сондай-ақ заңдарға сәйкес дербес немесе Әдiлет министрiмен бiрлесе отырып, судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру және олардан айыру мәселелерiн шешедi;
14) Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штаттарын оны ұстауға бөлiнген қаражат шегiнде бекiтедi;";
13) тармақша 15) тармақша болып есептелсiн;
3-тармақта "алқа" деген сөз "сот алқасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
28. 37-бапта:
баптың атауындағы және 1-тармақтағы "алқасының", "алқаның" деген сөздер "сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацта "Сот алқасының" деген сөздер "Соттың сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшада "сот тексеруiн" деген сөздер "сот практикасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "алқаның" деген сөздер "сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада "алқаның" және "алқасына" деген сөздер "сот
алқасының" және "сот алқасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) және 8) тармақшаларда "алқаның" деген сөздер "сот алқасының"
деген сөздермен ауыстырылсын;
2) - 11) тармақшалар тиiсiнше 1) - 10) тармақшалар болып
есептелсiн;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның
мiндеттерiн атқаруды Жоғарғы Соттың Төрағасы басқа сот алқалары
төрағаларының бiреуiне немесе Жоғарғы Соттың судьяларына жүктейдi".
29. 38-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар тиiсiнше 2 және 3-тармақтар болып есептелсiн.
30. 40-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында "тәртiбiмен" деген
сөздiң алдынан "сайлау" деген сөзбен толықтырылсын.
31. 41-баптың 3-тармағында "өз өтiнiшi бойынша iшкi iстер органы
беретiн" деген сөздер алып тасталсын;
32. 42-баптың 3-тармағында:
"60 жас" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен заңдарына сәйкес белгiленедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Сот алқаларының" деген сөздер "Соттың сот алқаларының" деген
сөздермен ауыстырылсын;
33. 44-бапта:
1-тармақта "Соты алқаларының" деген сөздер "Сотының сот
алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "соттар алқаларының" деген сөздер "соттардың сот
алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "төрағалары" деген сөзден кейiн "сот учаскелерiнiң аға
судьялары" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жоғарғы Соттың Төрағасы, осы соттың сот алқаларының
төрағалары сол сотың мүшелерi арасынан қызметке бес жыл мерзiмге
сайланады.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, осы соттардың сот алқаларының төрағалары, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары қызметке бес жыл мерзiмге тағайындалады".
34. 45-бапта:
1-тармақ "сайланған" деген сөзден кейiн "немесе тағайындалған" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының мәжiлiсiнде ант бередi.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары Жоғарғы Соттың пленумында ант қабылдайды. Қалған судьялар судьялардың тиiстi конференцияларында ант бередi".
35. 46-бапта:
1-тармақтың 1-тармақшасы "не қылмыс жасаған жерiнде ұсталуына байланысты оны қамауға алу немесе ауыр қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауапқа тарту жағдайында" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"Судьялардың" деген сөздiң алдынан "Жоғарғы Соттың Төрағасына
қатысты - Республика Президентi" деген сөздермен толықтырылсын;
"Жоғарғы сот алқаларының" деген сөздер "Жоғарғы соттың сот
алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
36. 47-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшада "судья лауазымын атқарудың шектi жасына жетуiне
немесе қайтыс болуына байланысты" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) судья осы Жарлықтың 42-бабының 1-тармағында көзделген
талаптарды орындамаған кезде;";
4) - 6) тармақшалар тиiсiнше 5) - 7) тармақшалар болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) судьяларды басқа қызметке тағайындаған, сайлаған және
мемлекеттiк органдардағы басқа қызметке ауыстырған жағдайда;
9) судья қызметiнде болудың шектi жасына жетуiне байланысты;
10) қайтыс болған жағдайда.";
2-тармақта:
1) тармақшада:
"шешiмiмен" деген сөз "қаулысымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
"алқаларының" деген сөз "сот алқаларының" деген сөздермен
ауыстырылсын;
2) тармақшада "соттар алқаларының" деген сөздер "соттардың сот
алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
37. 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"48-бап. Судьяларды ауыстыру
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьялары, сот учаскелерiнiң аға судьялары олардың келiсiмiмен тиiсiнше облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларының, әдiлет басқармалары бастықтарының ұсынуы бойынша Әдiлет министрiнiң шешiмiмен сол деңгейде ауыстырылуы мүмкiн.".
38. 49-бапта:
3-тармақта "сондай-ақ аудандық (қалалық)... сот төрағасы және судьясы ұсынған лауазымына" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, сондай-ақ сот учаскелерiнiң аға судьялары қызметiне ұсынылатын адамдарға материалдарды ресiмдеудi және бұл материалдары Әдiлет бiлiктiлiк алқасына ұсынуды Әдiлет министрi жүзеге асырады.";
4 және 5-тармақтар тиiсiнше 5 және 6-тармақтар болып есептелсiн;
5-тармақта:
"соттар алқаларының" деген сөздер "соттардың сот алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы, осы соттардың сот алқаларының төрағасы қызметiне кемiнде екi балама кандидат ұсынылады.";
6-тармақта "алқаларының" деген сөз "сот алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
39. 50-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы "алқаларының" деген сөз "сот алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "сот алқаларының", "осы соттар алқаларының" деген сөз "Соттың сот алқаларының", "осы соттардың сот алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының шешiмiне жасалған шағымдарды қарайды;
4) Жоғарғы Сот Төрағасының, осы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларының, осы соттардың сот алқалары төрағалары мен судьяларының орнынан түсуi және орнына түсуiн тоқтату туралы мәселелердi қарайды;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) сот-құқықтық реформаларды жүзеге асыру жөнiндегi мәселелердi қарайды.";
4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жоғарғы Сот Кеңесi өз мүшелерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот Кеңесiнiң хатшысын сайлайды.
Қазақстан Республикасының Президентi болмаған жағдайда оның тапсыруымен Жоғарғы Сот Кеңесiнiң отырысында Жоғарғы Сот Кеңесi мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң мүшелерi мен шақырылған адамдар отырыстың өткiзiлетiн уақыты, орны мен күн тәртiбi отырыс басталардан кемiнде үш күн бұрын хабардар етiледi.";
7-тармақ алып тасталсын;
8, 9-тармақтар тиiсiнше 7, 8-тармақтар болып есептелiп, мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жоғарғы Сот Кеңесi қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру жолымен оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қорытындылар және /немесе/ ұсыныстар қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық етушiнiң даусы шешушi дауыс болады. Қорытындыға
және (немесе) ұсынысқа Жоғарғы Сот Кеңесiнiң дауыс беруге қатысқан
барлық мүшелерi қол қояды.
8. Жоғарғы Сот Кеңесi өз отырысында қаралған мәселелер бойынша
қорытындыларды және (немесе) ұсыныстарды Қазақстан Республикасының
Президентiне енгiзедi, Мемлекет басшысы солардың негiзiнде тиiстi
шешiм қабылдайды.";
10-тармақ 9-тармақ болып есептелсiн.
40. 51-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшада "сондай-ақ аудандық (қалалық) соттың төрағалары мен
судьялары қызметiне" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларының, сот учаскелерi аға судьяларының қызметiне ұсыныстар жасайды;";
3) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша 3) тармақша болып есептелсiн;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларын, сот учаскелерiнiң аға судьяларының орнынан түсуi және орнына түсуiн тоқтату туралы мәселелердi қарап, ұсынымдар жасайды, Әдiлет министрi солардың негiзiнде тиiстi шешiм қабылдайды;
5) нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысуға тiлек бiлдiрген адамдардың өтiнiштерi бойынша бiлiктiлiк емтихандарын қабылдап, ұсынымдар жасайды, Әдiлет министрлiгi солардың негiзiнде тиiсiнше лицензиялар бередi.";
8-тармақ алып тасталсын;
9-11-тармақтар тиiсiнше 8-10-тармақтар болып есептелсiн;
8-тармақта "шешiм және ұсыным" және "алқа төрағасының" деген сөздер "шешiмдер және (немесе) ұсынымдар" және "алқа отырысында төрағалық етушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
9-тармақ "әдiлет бiлiктiлiк алқасы" деген сөздерден кейiн "осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында аталғандарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
41. 52-бапта:
1-тармақта:
1 тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Сот шешiмiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер судья бұл ретте заңның өрескел бұзылуына жол бермеген болса, бұл шешiмдi шығарған немесе шығаруға қатысқан судьяның жауапты болуына әкеп соқпайды";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) iстi қараудың заңда белгiленген iс жүргiзу мерзiмдерiн өрескел бұзғаны үшiн;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылады;";
2-тармақта "алқалардың төрағалары" деген сөздер "сот алқаларының төрағалары" деген сөздермен ауыстырылып, одан кейiн "және сот учаскелерiнiң аға судьялары" деген сөздермен толықтырылсын.
42. 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"53-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы
Тәртiптiк iс қозғауға:
1) Әдiлет министрiнiң - облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сондай-ақ сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарғының 52-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; әдiлет басқармасы бастығының аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты дәл сол негiздер бойынша;
2) Жоғарғы Сот Төрағасының - Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты осы Жарлықтың 1-тармағында, ал сот алқалары төрағаларына қатысты - сол сияқты 52-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша;
3) облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының - осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабының 1-тармағында, ал сот алқаларының төрағаларына қатысты сол сияқты 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша құқығы бар.".
43. 55-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жоғарғы Сот Кеңесi Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының шешiмдерiне жасалған арыздарды қарайды.
2. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң тәртiптiк алқасы Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағаларына қатысты тәртiптiк iстердi, сондай-ақ облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалардың шешiмдерiне шағымдарды қарайды.
Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасы Жоғарғы Соттың пленумында екi жыл
мерзiмге сайланады.
3. Облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар облыстық
және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларына, сондай-ақ аудандық
(қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен
судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты тәртiптiк
iстердi қарайды.";
5-тармақтағы "Әдiлет министрi мен Жоғарғы Сот Төрағасы" деген
сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi" деген сөздермен
ауыстырылсын.
44. 57-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"Тәртiптiк жазаны оны белгiлеген тәртiптiк алқа мерзiмiнен бұрын
алып тастауы мүмкiн.".
45. 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"58-бап. Тәртiптiк алқаның шешiмдерiне шағымдану
1. Облыстың және оған теңестiрiлген тәртiптiк алқаның шешiмiне өзi жөнiнде шешiм шығарылған судья, сондай-ақ iс қозғаған адам он күн мерзiмде Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасына шағымдануы мүмкiн.
2. Жоғарғы Сот тәртiптiк алқасының шешiмiне өзi жөнiнде шешiм
шығарылған судья, сондай-ақ iс қозғаған адам он күн мерзiм iшiнде
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесiне шағымдана алады.".
46. 59-бапта:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы соттардың судьяларына бiлiктiлiк
сыныптары берiледi.
Судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру және олардан айыру
мәселелерi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен
белгiленедi.
5. Қазақстан Республикасының әскери соттары мен әскери сот
алқасының судьяларына Әскери қызмет өткеру туралы ереже қолданылады
және олар заңдармен белгiленген үлестiң барлық түрiмен
қамтамасыз етiледi.".
47. 68-бапта:
бiрiншi абзац 1-тармақ болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Судьяларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық
емдеудiң тәртiбi мен ережелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiмен белгiленедi.".
48. 69-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Судьяларды сақтандыру";
1-тармақта "жеке" деген сөзден кейiн "мүлiктiк" деген сөзбен
толықтырылсын.
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi сақтандырудың тәртiбi
мен ережелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық
актiлерiмен белгiленедi".
49. 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Судьяның орнынан түсуi мынадай жағдайларда:
судья қызметiне тағайындалғанда;
ол қылмыс немесе сот билiгінiң беделiн түсiретiн келеңсiз әрекет
жасағанда;
өз еркiмен өтiнiш бергенде;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғанда;
ол қайтыс болғанда тоқтатылады.".
50. 74-бапта:
1-тармақ "(қалалық) деген сөзден кейiн "және оған теңестiрiлген"
деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штаттарын оны ұстауға
бөлiнген қаражат шегiнде Жоғарғы Соттың Төрағасы бекiтедi.".
51. 75-бапта:
1-тармақ және 3-тармақтың 1) тармақшасы "(қалалық)" деген сөздерден
кейiн "және оған теңестiрiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн;
2-тармақтың 8) тармақшасында "жұмысқа басшылық жасайды" деген сөздер "жұмысты ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын.
52. 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"76-бап. Сот отырысының хатшысы
1. Азаматтық, шаруашылық және қылмыстық iстердi бiрiншi инстанция бойынша қараған кезде сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасын жүргiзедi және төрағалық етушiнiң ұйғаруы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды.
2. Жоғарғы Соттың сот отырысының хатшыларын Жоғарғы Соттың Төрағасы, ал жергiлiктi соттарда - әдiлет басқармалары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың сот
отырыстары хатшыларының сан құрамы осы соттар судьяларының сан
құрамына сәйкес болуға тиiс.".
53. 77-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот орындаушылары Жоғарғы Соттан басқа барлық соттар жанында
болады.
Сот орындаушыларын қызметке тағайындау мен қызметтен босатуды
әдiлет басқармасы жүзеге асырады.
Сот орындаушылары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн
үлгi, нормалар мен тәртiп бойынша арнаулы киiммен тегiн қамтамасыз
етiледi, оларға қоғамдық көлiктiң барлық түрлерiнде - таксиден басқа,
қалалық, қала маңындағы және жергiлiктi қатынас көлiктерiнде тегiн
жүруге рұқсат берiледi.
Сот орындаушыларының сан құрамы судьялардың сан құрамына сәйкес
болуға тиiс.".
54. 78-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот жасауылдары барлық соттар жанында болады.
Жоғарғы Соттың сот жасауылдарын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi соттарда - әдiлет басқармалары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.".
2-тармақтың 5) тармақшасында "соттардың" деген сөзден кейiн "қауiпсiз" деген сөздермен толықтырылсын.
55. 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жоғарғы Соттың Төрағасына, осы соттың сот алқаларының
төрағалары мен судьяларына Қазақстан Республикасының Президентi
белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы
соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық
(қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен
судьяларына, сот учаскелерінiң аға судьяларына Әдiлет министрi
белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.".
56. 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"82-бап. Баспасөз органдарына
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Әдiлет министрлiгiнiң
өз баспасөз органдары болады".
57. 83-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. 44-баптың 4-тармағының күшi тиiстi қызметтерге 1996 жылғы 1
қаңтардан кейiн сайланған және тағайындалған адамдарға қолданылады.".
58. 84-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Судьяларды аттестаттау туралы ереженi Қазақстан Республикасының
Президентi бекiтедi";
4-тармақта:
2) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
4) тармақша "ереженi" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк алқасы, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар туралы ереженi" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi