Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 168 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Кодексімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 03.07.2014 № 226-V Кодексімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1-бап. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн, бұған осы Заңмен күшiне енгiзудiң өзге мерзiмдерi белгiленген ережелерi қосылмайды.

      2-бап. 1959 жылғы 22 шiлдедегi "Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiн бекiту туралы" Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң, сондай-ақ 1959 жылғы 22 шiлдеден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген барлық заңдардың 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшi жойылды деп танылсын.
      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес келтiрiлуге тиiс.
      Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн аталған заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi.

      3-бап. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн шығарылған сот үкiмдерi мен қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа шараларды қолдану туралы өзге де сот актiлерi, егер заң әрекеттiң қылмыстылығын жоятын, қылмыс жасаған адамның жазасын жеңiлдететiн немесе жағдайын өзге де түрде жақсартатын жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң қылмыстық заңының керi күшi белгiленетiн 5-бабына сәйкес келтiру мақсатымен қайта қаралсын. Бұрын шығарылған сот үкiмдерiн және басқа да сот актiлерiн қайта қарауды үкiмдi шығарған соттың немесе сотталған адам жазасын өтеп жатқан жерде орналасқан соттың судьясы жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес қылмыс деп танылмайтын әрекеттер жөнiнде қозғалған барлық қылмыстық iстер тоқтатылуға тиiс.

      4-бап. Осы Кодекстiң қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау туралы ережелерi 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап, бас бостандығын шектеу түріндегі жазалау туралы ережелері 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап, өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, қамау түріндегі жазалау туралы ережелері - 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 4-бап өзгерту енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.10.30 N 349, 2003.12.31 N 514, 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 21-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасы бойынша қызметтен босату, 21-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 8) тармақшасы бойынша жұрт алдында кiнәсiн бетiне басы, 21-бабының бiрiншi бөлiктiң 9) тармақшасы бойынша келтiрiлген залалды өтеу мiндетiн жүктеу түрiндегi жазаға сотталған адамдар жазасын өтеуден босатылып, соттылығы алынып тасталады.

      6-бап. Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 25-бабы бойынша бас бостандығынан айырмай сотталған адамның жұмыс iстейтiн жерiнен басқа түрде жазасын өтеу арқылы еңбекпен түзеу жұмыстары түрiнде жазаға сотталған адамдарға белгiленген жаза мемлекет кiрiсiне ұстап қалуға жататын сома мөлшерiндегi айыппұлмен ауыстырылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi күшiне енгiзiлген сәтке төленген сомалар есепке алынуға тиiс. Бұл жағдайда кесiлген айыппұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң тиiстi бабында көзделген айыппұлдың ең жоғары мөлшерiнен аспауға тиiс.

      7-бап. Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 23-1-бабы бойынша аса қауiптi рецидивистер деп танылған адамдар жазасын ерекше режимдегi еңбекпен түзеу колонияларында бас бостандығынан айыру түрiнде өтейдi.

      8-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 175-бабына Ескертудiң 4-тармағында бекiтiлген ереже "Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық Кодексiн бекiту туралы" 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ КСР заңымен бекiтiлген Қазақ КСР Қылмыстық Кодексiнiң 63 (бандитизм), 76 (ұрлық), 76-1 (тонау), 76-2 (шабуыл жасап тонау), 76-3 (алаяқтық), 76-4 (бөтен бiреудiң мүлкiн меншiктену немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау жолымен талан-таражға салу), 76-7 (қорқытып алу), 203-бабында (атылатын қаруды, оқ-дәрiнi немесе жарылғыш заттарды ұрлау), 205-2 (радиоактивтi материалдарды ұрлау), 213-1 (есiрткi заттарды ұрлау) баптарында көзделген қылмыстардың қайсыбiреуiн бұрын жасаған адамдарға қолданылады.

      9-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабында бекітілген ережелер жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
      Ескерту. Заң 9-баппен толықтырылды - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

О введении в действие Уголовного кодекса Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 16 июля 1997 г. N 168. Утратил силу Кодексом РК от 3 июля 2014 года № 226-V

      Сноска. Утратил силу Кодексом РК от 03.07.2014 № 226-V (вводится в действие с 01.01.2015).

      Статья 1. Ввести в действие Уголовный кодекс Республики Казахстан с 1 января 1998 года, за исключением положений, для которых настоящим Законом установлены иные сроки введения в действие.

      Статья 2. Признать утратившим силу с 1 января 1998 года Уголовный кодекс Казахской ССР, утвержденный Законом Казахской ССР от 22 июля 1959 года "Об утверждении Уголовного кодекса Казахской ССР", а также все законы, которыми в Уголовный кодекс Казахской ССР внесены изменения и дополнения в период с 22 июля 1959 года до 1 января 1998 года.
      Законы и нормативные правовые акты, действующие на территории Республики Казахстан, подлежат приведению в соответствие с Уголовным кодексом Республики Казахстан.
      Впредь до приведения в соответствие с Уголовным кодексом Республики Казахстан указанные законы и нормативные правовые акты применяются в части, не противоречащей Уголовному кодексу Республики Казахстан.

      Статья 3. Пересмотреть вынесенные до 1 января 1998 года приговоры судов и иные судебные акты о применении иных мер уголовно-правового характера с целью приведения их в соответствие со статьей 5 Уголовного кодекса Республики Казахстан, устанавливающей обратную силу уголовного закона в случае, когда закон устраняет преступность деяния, смягчает наказание или иным образом улучшает положение лица, совершившего преступление. Пересмотр ранее вынесенных приговоров судов и других судебных актов производится судьей суда, вынесшего приговор, или суда, находящегося по месту отбывания наказания осужденным.
      Подлежат прекращению все возбужденные уголовные дела о деяниях, не признающихся преступлениями в соответствии с Уголовным кодексом Республики Казахстан.

      Статья 4. Положения Уголовного Кодекса Республики Казахстан о наказании в виде привлечения к общественным работам вводятся в действие с 1 января 2000 года, о наказании в виде ограничения свободы - с 1 января 2003 года, о пожизненном лишении свободы - с 1 января 2004 года, о наказании в виде ареста - с 1 января 2010 года.
      Сноска. Статья 4 с изменениями, внесенными законами РК от 05.05.2000 N 47; от 30.10.2002 N 349; от 31.12.2003 N 514; от 10.12.2009 № 228-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

      Статья 5. Лица, осужденные к наказанию в виде увольнения от должности по подпункту 6) части первой статьи 21, общественного порицания по подпункту 8) части первой статьи 21, возложения обязанности загладить причиненный вред по подпункту 9) части первой статьи 21 Уголовного кодекса Казахской ССР, освобождаются от отбывания наказания со снятием с них судимости.

      Статья 6. Лицам, осужденным к наказанию в виде исправительных работ без лишения свободы с отбыванием наказания не по месту работы осужденного по статье 25 Уголовного кодекса Казахской ССР, назначенное наказание заменяется штрафом в размере суммы, подлежащей удержанию в доход государства. Суммы, выплаченные на момент введения в действие Уголовного кодекса Республики Казахстан, подлежат зачету. Назначенный в этом случае штраф не может превышать максимального размера штрафа, предусмотренного соответствующей статьей Уголовного кодекса Республики Казахстан.

      Статья 7. Лица, признанные особо опасными рецидивистами по статье 23-1 Уголовного кодекса Казахской ССР, отбывают наказание в виде лишения свободы в исправительных колониях особого режима.

      Статья 8. Положение, закрепленное в пункте 4 Примечания к статье 175 Уголовного кодекса Республики Казахстан, распространяется на лиц, ранее совершивших какое-либо из преступлений, предусмотренных статьями 63 (бандитизм), 76 (кража), 76-1 (грабеж), 76-2 (разбой), 76-3 (мошенничество), 76-4 (хищение чужого имущества путем присвоения или растраты либо путем злоупотребления служебным положением), 76-7 (вымогательство), 203 (хищение огнестрельного оружия, боевых припасов или взрывчатых веществ), 205-2 (хищение радиоактивных материалов), 213-1 (хищение наркотических средств) Уголовного кодекса Казахской ССР, утвержденного Законом Казахской ССР от 22 июля 1959 года "Об утверждении Уголовного кодекса Казахской ССР".
      Статья 9. Положения, закрепленные в статье 251 Уголовного кодекса Республики Казахстан, распространяются на лиц, имеющих разрешения органов внутренних дел на хранение и ношение огнестрельного бесствольного, газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия, с 1 января 2016 года.
      Сноска. Закон дополнен статьей 9 в соответствии с Законом РК от 23.04.2014 № 200-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Президент
      Республики Казахстан