Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 228-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат;  N 13-14, 63-құжат; N 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; N 17, 82, 83-құжаттар):
      1) 41-баптың төртінші бөлігіндегі "бостандығын шектеуге," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 42-баптың екінші бөлігінде:
      "күніне төрт сағаттан аспайтын" деген сөздерден кейін ", егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса - күніне сегіз сағатқа дейінгі, бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес" деген сөздермен толықтырылсын";
      "шектеудің немесе қамауға алудың" деген сөздер "шектеудің, қамауға алудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "45 және 46 және" деген сөздер "45, 46," деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 64-бапта:
      екінші бөлікте "қоғамдық тәртіпті бұзса" деген сөздер "қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасаған, сондай-ақ заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық іс-әрекеттер жасаймын деп қорқытқан жағдайда, не егер шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.";

      4) 72-баптың үшінші бөлігіндегі "Бала он төрт жасқа толғаннан кейін немесе ол шетінеген жағдайда" деген сөздер "Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 360 және 361-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды
                талаптарына бағынбау

      1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына әдейі бағынбауы -
      бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет -
      үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу -
      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің
               қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ
               сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп
               қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе
               өміріне қол сұғу

      1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданамын деп қорқыту -
      екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану -
      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша не өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалған әрекеттер -
      жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкерінің не оның жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының өміріне оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында қол сұғу -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат; N 15-16, 71, 73-құжаттар; N 17, 81, 83-құжаттар):
      1) 192-баптың екінші бөлігінде "358-бабында (екінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "360-бабында (үшінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 285-баптың алтыншы бөлігіндегі "360-баптарында" деген сөздер "360 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 455-бапта:
      екінші бөліктегі "орындайтын органның ұсынуы" және "өздерінің ұсынуы" деген сөздер тиісінше "орындайтын органның ұсынуы (өтініші)" және "өздерінің ұсынуы (өтініші)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы бөлік "ұсынуы" деген сөзден кейін "(өтініші)" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 457-бапта:
      "апелляциялық тәртіпте" деген сөздер "апелляциялық және қадағалау тәртібімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "47-тарауында" деген сөздер "46, 47 және 50-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 15-16, 73-құжат):
      1) 17-баптың 1-тармағындағы ", қамау үйлерінің" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.";

      3) 24-баптың 1-тармағы "инспекциясы" деген сөзден кейін"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 27-бапта:
      1-тармақ "айыппұлға," деген сөзден кейін "бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "Бас бостандығын шектеуге, қамауға" деген сөздер "Қамауға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 30-баптың 1-тармағында:
      "инспекциясы" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындаған тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "белгілейтін" деген сөз "тізімдерін тоқсан сайын сотқа ұсынатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 32-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе ол оқумен айналыспаса, қоғамдық жұмыстардың уақыты күніне сегіз сағаттан аспайды.";
      үшінші сөйлемдегі "рұқсат беруге құқылы" деген сөздер "рұқсат береді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Түзеу жұмыстары сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі.
      Түзеу жұмыстарын орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясының қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.";

      8) 39-баптың бесінші абзацы "жазаны өтеуден жалтаруы туралы" деген сөздерден кейін ", ұсталған соманың мөлшері және оны аудару мерзімдері туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 42-баптың 3-тармағындағы "2" деген цифр "1" деген цифрмен ауыстырылсын;

      10) 44-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде бармаған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотталған адамның орналасқан жері анықталмаса, сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыныс енгізеді.";
      3-тармақ алып тасталсын;

      11) 49-баптың 2-тармағындағы "жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруға ұсына алады" деген сөздер "жазаның олар өтемеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыра алады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 52-бапта:
      1-тармақта "қоғамдық тәртіпті бұзуы" деген сөздер "қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ "заңды талаптарын орындаудан бас тарту" деген сөздерден кейін ", сол сияқты оларды қорлау не оларға қатысты күш қолданамын деп қорқыту" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 53-бапта:
      1-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қылмыстық-атқару инспекциясының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.";
      2-тармақтағы "прокурордың" деген сөз "соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "прокурордың" деген сөз "соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны туралы деректер болған жағдайда," деген сөздерден кейін "қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 63-бапта:
      1-тармақта "қамау үйлерінде" деген сөздер "тергеу изоляторларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "қамау үйінде" деген сөздер "тергеу изоляторында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "қамау үйінен", "қамау үйінде" деген сөздер тиісінше "тергеу изоляторынан", "тергеу изоляторында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 64, 65, 66 және 67-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-бап. Қамау түрінде жазаны орындаудың тәртібі мен шарттары

       1. Қамауға сотталған адамдар құлыпталатын жалпы камераларда қатаң оқшаулау жағдайында ұсталады. Күзетпен ұсталатын адамдардың өзге санаттарынан еркектер, әйелдер, сондай-ақ бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және соттылығы бар адамдар оқшау және бөлек орналастырылады. Қылмыстық-атқару жүйесінің қамау түріндегі жазаны орындау және жазасын қамау түрінде өтеп жатқан адамдарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдардың айдауылсыз жүруіне тыйым салынады.
      2. Қамауға алу түрінде сотталған адамдарға:
      өздерінің жеке шотында бар қаражатын ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
      бірінші кезекте қажетті заттар мен маусымдық киім-кешек салынған посылкалар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға;
      адвокаттармен кездесуге;
      ұзақтығы күн сайын кемінде бір жарым сағат сейілдеуге рұқсат етіледі.
      Қамауға алуға сотталған адамдарды жалпы білім беретін және кәсіптік оқыту жүзеге асырылмайды.
      3. Ерекше жеке мән-жайлар кезінде қамауда ұстауға сотталған адамдарға жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілуі мүмкін.

      65-бап. Қамау түріндегі жазаны өтеуші адамдарды еңбекке тарту

      Тергеу изоляторының әкімшілігі сотталған адамдарды қамау түрінде жазасын өтеуге арналған тергеу изоляторының үй-жайларына шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға ұзақтығы аптасына төрт сағаттан аспайтын уақытқа ақы төлемей тартуға құқылы.

      66-бап. Қамауға алуға сотталған адамдарға қолданылатын
              көтермелеу және жазалау шаралары мен оларды
              қолдану тәртібі

      1. Сотталған адамдарға жақсы тәртібі үшін алғыс, бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алып тастау, телефон арқылы сөйлесуге рұқсат ету түрінде көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін.
      Жоғарыда тізбеленген көтермелеу шараларын қолдану құқығын тергеу изоляторының бастығы немесе оны алмастыратын адам пайдаланады.
      2. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдарға жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін сөгіс немесе он тәулікке дейінгі мерзімге карцерге жабу түріндегі жаза қолданылады.
      Жаза бұзушылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тексеру жүргізіліп жатқан болса - оның аяқталған күнінен бастап, бірақ бұзушылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады.
      Жаза дереу орындалады. Бір тәртіп бұзушылық үшін бірнеше жаза қолдануға тыйым салынады.
      Жаза тергеу изоляторы бастығының немесе оны алмастыратын адамның қаулысымен қолданылады, ол сотталған адамға оның қолын қойғызып жарияланады. Сотталған адамдарды карцерге жабу оларды карцерде ұстау мүмкіндігіне жасалған медициналық куәландырудан кейін жүргізіледі.
      3. Карцерге жабылған, қамау түріндегі жазаға сотталған адамдарға тамақ өнімдерін сатып алуға, посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алуға тыйым салынады. Олардың ұзақтығы күн сайын кемінде бір сағат сейілдеуге құқығы бар.
      Карцерден мерзімінен бұрын босату медициналық қорытындыға сәйкес, сотталған адамның карцерде одан әрі болуын оның денсаулығы көтермейтін жағдайларда тергеу изоляторы бастығының немесе оны алмастыратын адамның қаулысы бойынша жүргізіледі.

      67-бап. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдарды
              материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету
              және оларға медициналық қызмет көрсету

      1. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдарды материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету жалпы режимдегі түрмелерде жазасын өтеп жатқан адамдар үшін белгіленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдар медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Сотталған адамдарға медициналық көмек көрсету, санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін Әділет министрлігі және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

      16) 68-бапта:
      1-тармақта:
      "олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген сөздерден кейін ", түзеу мекемесінде қолайлы оперативтік ахуалды ұстап тұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жіберілуі мүмкін" деген сөздер "жіберіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы ", сондай-ақ сотталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Бас бостандығынан айыруға сотталған, Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан шетелдіктер жазаларын одан әрі өтеу үшін өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекеттерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жіберілуі мүмкін.";

      17) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Түзеу колониялары кәмелетке толған бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазасын өтеуіне арналған. Олар колония-қоныстар, жалпы, қатаң және айрықша режимдегі колониялар болып бөлінеді.
      Сотталған адамдар құлыпталатын үй-жайларда тұратын бір түзеу колониясында әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін.";

      18) 71-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Сотталғандардың орын ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      19) 77-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарға қадағалауды және тексерулер жүргізуді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.";

      20) 78-бапта:
      1-тармақтағы "дыбыстық-бейнелік" деген сөздерден кейін "(бейнелік қадағалау жүйесі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Техникалық қадағалау мен бақылау құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.";

      21) 80-баптың 3-тармағындағы "режимі" деген сөз "режимі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар ету арқылы" деген сөздермен ауыстырылып, "мерзімге енгізіледі." деген сөздерден кейін "Ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді." деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 87-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерін түзеу мекемелерінің қызметкерлері бақылайды.
      Қылмыстық-атқару жүйесінің сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерін бақылау жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.";

      23) 100-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Сотталған адамдардың ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына құқығы бар. Демалыстар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес түзеу мекемесінің шегінен тысқары шығатындай немесе шықпайтындай етіп беріледі.
      7. Сотталған адамдарға:
      1) ауыр жұмыстарға, зиянды (аса зиянды) және (немесе) еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарға қамтылғандарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн;
      2) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн ақы төленетін қосымша жыл сайынғы еңбек демалыстары беріледі.";

      24) 105-баптың 4-тармағы "ескеріле отырып," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейтін тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 106-баптың 2-тармағы "психологиялық-педагогикалық әдістер негізінде" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 112-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сотталған адамның еңбекақы төленбейтін жұмыстан негізсіз бас тартуы; алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануы; ұсақ бұзақылық; түзеу мекемесі әкімшілігінің өкілдерін қорқытуы немесе оларды қорлауы не оларға бағынбауы, соның ішінде өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан оларға бағынбауы; түзеу мекемелерінде пайдалануға рұқсат етілмеген нәрселерді жасауы, сақтауы немесе беруі (алуы); құмар ойындарға қатысуы; сот тағайындаған міндетті емделуден жалтаруы; емдеу-профилактикалық мекемесінің ішкі тәртіп ережелерін бұзуы; ереуілдер немесе өзге де топтасып бағынбауларды ұйымдастыруы, сол сияқты оларға белсене қатысуы; жыныстық сипаттағы лайықсыз іс-әрекеттерді жасауы; осы бапта көрсетілген бұзушылықтарды жасауға бағытталған сотталған адамдар топтарын ұйымдастыруы немесе оларға белсене қатысуы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзуы болып табылады.";

      27) 167-баптың 4-тармағындағы "сотталушының" деген сөз "сотталған адамның зайыбына немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 169-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақта:
      мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      "ауыстыру" деген сөзден кейін "туралы өтініште" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақтағы "ұсыныс" және "ұйғарым" деген сөздер тиісінше "өтініш" және "қаулы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 171-баптың 1-тармағындағы "бір жылға дейінгі мерзімге немесе бала он төрт жасқа толғанға дейін" деген сөздер "бес жылға дейінгі, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 172-бапта:
      тақырыбындағы "не баласы он төрт жасқа толуы" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақта:
      "Бала он төрт жасқа толғаннан" деген сөздер "Жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ол өлген" деген сөздер "бала өлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 173-бапта:
      2-тармақтағы "Бас бостандығын шектеуге, қамауға" деген сөздер "Қамауға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "Бас бостандығын шектеу, қамау" деген сөздер "Қамау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "зейнеткерлік куәлігі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ өзге де жеке құжаттары" деген сөздермен толықтырылсын;

      32) 176-баптың 1-тармағындағы "бас бостандығынан шектеу немесе"
деген сөздер алып тасталсын;

       33) 181-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шартты түрде сотталған адамдардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен ішкі істер органдарының қызметкерлері тартылады.";

      34) 182-баптың 4-тармағы "шақыру бойынша" деген сөздердің алдынан "айына екі рет тіркелу үшін, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын.

      35) 183-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Сынақ мерзімінің өтуі соттың шартты түрде сотталған адамды іздестіру жариялау туралы қаулысы шыққан сәттен бастап тоқтатылады және соттың шешімі бойынша қайта басталады.";

      36) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "184-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жауаптылығы

      1. Сотталған адам қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасап, сол үшін оған әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы сынақ мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы сотқа ұсыныс енгізеді, сондай-ақ оны шартты сотталудың күші жойылуы мүмкін екендігі туралы жазбаша түрде ескертеді.
      2. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа сынақ мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс жібереді.
      3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасаған, заңды талаптарға бағынбаған, сол сияқты шартты сотталған адамның тәртібіне бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық іс-әрекеттер жасаймын деп қорқытқан не егер сотталған адам бақылаудан жасырынған жағдайда, сотқа шартты жазаның күшін жою туралы ұсыныс жіберіледі.
      4. Қылмыстық-атқару инспекциясына тіркелу үшін келмеген сәттен бастап он бес күннен астам уақыт ішінде тұратын жері анықталмаған, шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынған деп танылады.".
      4. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 212-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2002 ж., N 18, 158-құжат; 2003 ж., N 24, 180-құжат):
      4-бапта:
      бірінші сөйлем алып тасталсын;
      екінші сөйлем "2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейін ", қамау түріндегі жазалау туралы ережелері - 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
      5. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 338-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2003 ж., N 24, 180-құжат):
      4-бапта:
      бірінші сөйлем алып тасталсын:
      екінші сөйлемде:
      "Осы Кодекстің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейін ", қамау түріндегі жазалау туралы ережелері - 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
      6. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      14-баптың 14) тармақшасы "нақты адамдардың" деген сөздерден кейін "қылмыстық-атқару жүйесінің," деген сөздермен толықтырылсын.
      7. "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 15-16, 63-құжат):
      33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Күзетте және қадағалауда ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылар бұл орындардың аумақтарында айдауылдың не күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің айдауымен жүріп-тұрады. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында дыбыс және бейне техникалары пайдаланылуы мүмкін.
      Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.".
      8. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 143-құжат; 2008 ж., N 10-11, 39-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат; N 15-16, 75-құжат; N 18, 84-құжат; N 19, 88-құжат):
      1) 25-2-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кіру азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.";
      4-тармақ "әскери міндеттілер" деген сөздерден кейін "мен әскерге шақырылушылар" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 26-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне кәсіби даярлығының деңгейіне және мамандығы бойынша дербес жұмыс стажына қарай Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен сыныптық біліктілік беріледі.";

      3) 26-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жауаптылығы

      1. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, еңбек тәртібін бұзғаны, сол сияқты қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметке байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
      1) ескерту;
      2) сөгіс;
      3) қатаң сөгіс;
      4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
      5) атқаратын қызметінен босату;
      6) арнайы атағын бір саты төмендету;
      7) қылмыстық-атқару жүйесінен босату.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкеріне тәртіптік жаза теріс қылығы анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.";

      4) 29-баптың 2-тармағы "жыл сайынғы демалыс" деген сөздер "жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 29-1-бапта:
      1-тармақтағы "отыз тәулік демалыс" деген сөздер "отыз тәулік жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "кезекті демалыс" деген сөздер "жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "кезекті, қысқа мерзімді, қосымша демалыстарының, науқастануына, жүкті болу мен бала тууына байланысты демалыстарының" деген сөздер "жыл сайынғы ақылы еңбек, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстарының, қысқа мерзімді демалыстарының, науқастануына, жүктілікке және босануға байланысты демалыстарының, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер демалыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 30-баптың 1-тармағы "Осы Заңда" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру тәртібімен" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады