"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде

Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 12 қарашадағы N 189

      "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" U952727_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
 
      5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. Тiркеушi орган
      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және әдiлет органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады.";
 
      7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Құқықтық кадастрды жүргiзу
      1. Құқықтық кадастрды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және жергiлiктi жерлердегi оның тiркеушi органдары Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзедi.
      2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде тiркеушi органдар жылжымайтын мүлiк объектiсi орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқықтық кадастр жүргiзу үшiн қажеттi теңдестiк, техникалық, құндық, құқықтық, сондай-ақ басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.
      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жүйесi құқықтық кадастрда объектiлiк принцип бойынша жүзеге асырылады, жер учаскелерiне телiнедi және жердiң барлық санаттары мен оларды орналасқан басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi үшiн бiрыңғай жүйе болып табылады.
      4. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтар, олардың пайда болуы, ауысуы, ауырлануы (шектелуi) және тоқтатылуы туралы барлық жазбалар құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң кадастрлық нөмiрiмен бiр iзге салынады, бұл нөмiрдi заңда белгiленген тәртiппен жер және құқық кадастрларын жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бередi.
      5. Құқықтық кадастрдың тiркеу парағының нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi:
      8-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жер-кадастр картасы (схемасы, жоспары);";
      2-тармақ алып тасталсын;
      9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Жер кадастр картасы
      1. Жер кадастрын жүргiзушi органдар Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органның жер-кадастр карталарымен (жер учаскелерiнiң схемаларымен, жоспарларымен) қамтамасыз етедi. Әкiмшiлiк ауданның (қаланың) жер-кадастрлық картасы (схемасы) бiрнеше бөлiк болып жасалуы мүмкiн.
      2. Жер-кадастр картасының деректерi тiркеу iсiнде сақталатын жер учаскесiнiң топографиялық жоспарымен толықтырылуы мүмкiн.
      10-бап алып тасталсын;
      11-33-баптар тиiсiнше 10-32-баптар болып саналсын;
      12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу салдарлары
      1. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу жер туралы заңдарды белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу кезiнде құқықтарды тiркеу осы Жарлықта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Жаңадан құрылған жер учаскелерiне ресiмделген тiркеу парақтары мен тiркеу iстерiнде бұрынғы кадастрлық нөмiрлерi мен жер учаскелерiне олар бiрiктiрiлгенге немесе бөлiнгенге дейiн жүргiзiлген тiркеу iстерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.";
      21-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құқықтық кадастрдың мәлiметтерiн Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпы жұрт пайдалана алады және олар осы Жарлық пен арнаулы нормативтiк құқықтық актiде белгiленген тәртiппен мүдделi адамдарға берiледi.";

 

     32-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

     "4. Осы Жарлықтың 5-бабының ережесi Қазақстан Республикасының

Әдiлет министрлiгi жанынан белгiленген тәртiппен тiркеушi органдар

құрылған кезден бастап күшiне енедi. Тiркеушi органдар құрылғанға

дейiн жылжымайтын мүлiктi тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен құрылған

басқа да мемлекеттiк ұйымдар жүргiзген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды

және онымен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудiң заңды күшi

болады.".


     Қазақстан Республикасының

           Президентi






О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 25 декабря 1995 года N 2727 "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним"

Закон Республики Казахстан от 12 ноября 1997 г. N 189-I

      Внести в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, U952727_ "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 24, ст. 168) следующие изменения и дополнения:
      статью 5 изложить в следующей редакции:
      "Статья 5. Регистрирующий орган
      Государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним осуществляют Министерство юстиции Республики Казахстан и подведомственные органам юстиции государственные предприятия.";
     статью 7 изложить в следующей редакции:
      "Статья 7. Ведение правового кадастра
      1. Правовой кадастр ведется Министерством юстиции Республики Казахстан и его регистрирующими органами на местах по единой для Республики Казахстан системе.
      2. Государственная регистрация прав на недвижимое имущество и сделок с ним осуществляется с учетом идентификационных, технических, стоимостных, правовых, а также других характеристик объектов недвижимости, необходимых для ведения правового кадастра, по месту нахождения объекта недвижимости регистрирующими органами в соответствующих административно-территориальных единицах.
      3. Система регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в правовом кадастре осуществляется по объектному принципу, привязывается к земельным участкам и является единой для всех категорий земель и расположенных на них других объектов недвижимости.
      4. Все записи о правах на объекты недвижимости, их возникновении, переходе, обременении (ограничении) и прекращении идентифицируются в правовом кадастре кадастровым номером объекта недвижимости, который присваивается в установленном законодательством порядке государственными органами, уполномоченными вести земельный и правовой кадастры.
      5. Форма регистрационного листа правового кадастра утверждается Правительством Республики Казахстан.":
      в статье 8:
      подпункт 1) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "1) земельно-кадастровой карты (схемы, плана);";
       пункт 2 исключить;
       статью 9 изложить в следующей редакции:
      "Статья 9. Земельно-кадастровая карта
      1. Органы, ведущие земельный кадастр, обеспечивают регистрирующий орган Министерства юстиции Республики Казахстан земельно-кадастровыми картами (схемами, планами земельных участков). Земельно-кадастровые карты (схемы) административного района (города)

 

могут составляться в нескольких частях.

     2. Данные земельно-кадастровой карты могут дополняться

топографическим планом земельного участка, который хранится в

регистрационном деле.";

     статью 10 исключить:

     статьи 11-33 считать соответственно статьями 10-32;

     статью 12 изложить в следующей редакции:

     "Статья 12. Последствия объединения и разделения земельных

                 участков


     1. Объединение и разделение земельных участков осуществляется в

порядке, определяемом законодательством о земле.


 
       2. При объединении и разделении земельных участков регистрация прав осуществляется в порядке, установленном настоящим Указом.
      3. В регистрационных листах и регистрационных делах, оформленных на вновь образованные земельные участки, должны содержаться сведения о прежних кадастровых номерах и регистрационных делах, заведенных на земельные участки до их объединения или разделения.";
      в статье 21:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Сведения правового кадастра являются общедоступными, за исключением случаев, предусмотренных законодательством и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, и предоставляются заинтересованным лицам в порядке, установленном настоящим Указом и специальным нормативным правовым актом.";
      статью 32 дополнить пунктом 4 следующего содержания:
      "4. Положение статьи 5 настоящего Указа действует с момента создания в установленном порядке регистрирующих органов при Министерстве юстиции Республики Казахстан. Государственная регистрация прав на недвижимое имущество и сделок с ним, произведенная до создания регистрирующих органов другими государственными организациями, созданными в установленном порядке для регистрации недвижимости, имеет юридическую силу.".
 

     Президент

Республики Казахстан