Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсан N 209-I Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V Кодексімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 05.07.2014 № 234-V Кодексімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1-бап. Осы Заңда күшіне енгізудің өзге мерзімдері белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілсін.

      2-бап. Мыналар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын:
      1. "Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексін бекіту туралы" 1971 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексі (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1971 ж., N 51, 1973 ж., N 29, N 34, 1977 ж., N 14, N 29, N 45; 1981 ж., N 22, 71-құжат; 1982 ж., N 2, 24-құжат; 1983 ж., N 15, 156-құжат; N 46, 117, 118-құжаттар; 1985 ж., N 49, 514-құжат; 1986 ж., N 28, N 49, 507-құжат; 1987 ж., N 45, 542-құжат; 1988 ж., N 35, 323-құжат; 1989 ж., N 23, 174-құжат; 1991 ж., N 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 319-құжат; 1993 ж., N 17, 418-құжат);

      2. "Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексін күшіне енгізу тәртібі туралы" 1972 жылғы 11 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1972 ж., N 21);

      3. "Қазақ КСР еңбекшілер депутаттары аудандық, қалалық және облыстық Кеңестері атқару комитеттерінің жанындағы байқау комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" 1965 жылғы 28 сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1967 ж., N 34; N 1971 ж., N 12; 1972 ж., N 23; 1987 ж., N 24, 313-құжат; N 32, N 49 66-құжаттар).

      3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес келтірілуге тиіс.
      Алдағы уақытта аталған заңдар мен нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.

      4-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау туралы ережелерi 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап, бас бостандығын шектеу түрiндегi жазалау туралы ережелерi - 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап, өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, қамау түріндегі жазалау туралы ережелері - 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
      Ескерту. 4-бап өзгерту енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2003.12.31 N 514, 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің жалпы және қатаң режимдегі түзеу колонияларында, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтейтін сотталған адамдарды ұстаудың жеңілдікті жағдайлары туралы ережелері бұл үшін қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2000 жылдан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының заңымен күшіне енгізіледі.

      6-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуші сотталған адамдар Қылмыстық-атқару кодексі күшіне енгізілгеннен кейін жасаған жазасын өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін ұстаудың қатаң жағдайларына ауыстырылуы мүмкін.

      7-бап. 1998 жылғы 1 қаңтарға қарай ұстаудың жақсартылған жағдайларына ауыстырылған сотталған адамдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде жазасын өтеудің жеңілдетілген жағдайларындағы сотталғандар үшін көзделген ережелер қолданылады.     

      8-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикалық бюджеттің жобаларында түзеу мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға орталықтандырылған күрделі қаржылар мен ақша қаражатын қарастыратын болсын.     

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

О введении в действие Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН от 13 декабря 1997 г. N 209. Утратил силу Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года № 234-V

      Сноска. Утратил силу Кодексом РК от 05.07.2014 № 234-V (вводится в действие с 01.01.2015).

      Статья 1. Ввести в действие Уголовно-исполнительный кодекс Республики Казахстан с 1 января 1998 года, за исключением положений, для которых настоящим Законом установлены иные сроки введения в действие.
      Статья 2. Признать утратившими силу с 1 января 1998 года:
      1. Исправительно-трудовой кодекс Казахской ССР, утвержденный Законом Казахской ССР от 17 декабря 1971 года "Об утверждении Исправительно-трудового кодекса Казахской ССР" (Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1971 г., N 51; 1973 г., N 29, N 34; 1977 г., N 14, N 29, N 45; 1981 г., N 22, ст.71; 1982 г., N 2, ст.24; 1983 г. N 15, ст.156; N 46, ст. 117, 118; 1985 г., N 49, ст. 514; 1986 г., N 28, N 49, ст. 507; 1987 г., N 45, ст. 542; 1988 г., N 35, ст.323; 1989 г.. N 23, ст.174; 1991 г., N 26, ст. 348; Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1992 г., N 13-14, ст. 319; 1993 г., N 17, ст. 418).
      2. Указ Президиума Верховного Совета Казахской ССР от 11 мая 1972 г. "О порядке введения в действие Исправительно-трудового кодекса Казахской ССР" (Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1972 г., N 21).
      3. Указ Президиума Верховного Совета Казахской ССР от 28 апреля 1965 г. "Об утверждении Положения о наблюдательных комиссиях при исполнительных комитетах районных, городских и областных Советов депутатов трудящихся Казахской ССР (Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1967 г., N 34; 1971 г., N 12; 1972 г., N 23; 1987 г., N 24, ст. 313; N 32, ст. 49, ст. 66).
      Статья 3. Законы и нормативные правовые акты, действующие на территории Республики Казахстан, подлежат приведению в соответствие с  Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан.
      Впредь до приведения в соответствие с Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан указанные законы и нормативные правовые акты применяются в части, не противоречащей Уголовно-исполнительному кодексу Республики Казахстан.
      Статья 4. Положения Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан о наказании в виде привлечения к общественным работам вступают в силу с 1 января 2000 года,о наказании в виде ограничения свободы - с 1 января 2003 года, о пожизненном лишении свободы - с 1 января 2004 года, о наказании в виде ареста - с 1 января 2010 года.
      Сноска. Статья 4 с изменениями, внесенными законами РК от 05.05.2000 N 47; от 31.12.2003 N 514; от 10.12.2009 № 228-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).
       Статья 5. Положения Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан о льготных условиях содержания осужденных, отбывающих наказание в исправительных колониях общего и строгого режимов , а также в воспитательных колониях , вводятся в действие законом Республики Казахстан по мере создания необходимых для этого условий, но не позднее 2000 года.
      Статья 6. Осужденные, отбывающие наказание в виде лишения свободы, могут быть переведены в строгие условия содержания за нарушение установленного порядка отбывания наказания, совершенные после введения в действие Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан.
      Статья 7. Осужденным, переведенным к 1 января 1998 года в улучшенные условия содержания, применяются положения, предусмотренные  Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан для осужденных, находящихся в облегченных условиях отбывания наказания.
      Статья 8. Правительству Республики Казахстан предусматривать ежегодно в проектах республиканского бюджета централизованные капитальные вложения и финансовые средства на укрепление материальной базы исправительных учреждений.

     Президент
     Республики Казахстан