Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 236

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., N 14 (қосымша); N 41, 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190, 191-құжаттар; N 32 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1997 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 146, 152-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 208-құжат; N 22, 333-құжат).
      1) 165-1-бапта:
      бiрiншi бөлiгiнде:
      "есеп айырысу және өзге де", "есеп айырысу және басқа", "есеп айырысу шотынан немесе басқа да", "ақша қаражаттарының", "есептелген проценттер туралы", "ең төменгi жалақы мөлшерiнiң" деген сөздер тиiсiнше "банктiк", "олардың банктiк", "ақша", "белгiленген сыйақы (мүдде) туралы", "айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi азатжолдағы "сондай-ақ белгiлi бiр жеке тұлғалардың шоттарындағы операцияларды және осы шоттарда, салымдарда ақшаның бар жоғын" деген сөздер алып тасталсын.
      екiншi бөлiктегi "ең төменгi жалақы мөлшерiнiң" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 167-1-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "банкiлiк емес қаржы мекемелерiндегi" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 13-тарау мынадай мазмұндағы 169-5, 169-6, 169-7, 169-8-баптармен толықтырылсын:

      "169-5-бап. Ақпарат беру ережелерiн бұзу және жазбаша
                         нұсқамаларды орындамау

      Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне банк заңдарына сәйкес талап етiлетiн ақпаратты беруден жалтаруы, сондай-ақ шындыққа үйлеспейтiн ақпарат немесе тапсырылуы банк заңдарына сәйкес талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпарат беруi, не банк заңдары бұзылған жағдайда оны жою туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жазбаша нұсқамаларын орындамауы -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк) -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады.

      169-6-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
                 асыратын банктiң немесе ұйымның құқықтық
                 қабiлетiнiң шегiнен тыс немесе банк заңдарында
                 тыйым салынған қызметтi жүзеге асыру

      Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамының лицензияда және банк заңдарында көзделмеген немесе банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға арналған заңдарда арнайы тыйым салынған қызметтi жүзеге асыруы -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк)-
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады.

      169-7-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн
                 жүзеге асыратын банктерде немесе ұйымдарда
                 бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк жүргiзу
                 ережелерiн бұзу

      Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамының бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып бухгалтерлiк есеп жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң не пруденциалдық нормативтердiң және (немесе) банк заңдарында айқындалған сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына алып келген банкiлiк немесе өзге де есептiлiктi жасауы -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк),-
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады.

      169-8-бап. Клиенттердiң банк шоттарын ашу және
                        жабу ережелерiн бұзу

      Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамының клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу ережелерiн бұзуы -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады.";
      4) 17-тарау мынадай мазмұндағы 237-9-баппен толықтырылсын:

      "237-9-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары 169-5, 169-6, 169-7, 169-8-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарлары хақылы.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi заңдарға сәйкес белгiленедi.";
      5) 248-1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк қадағалауын жүзеге асыратын қызметкерлерi (169-5 - 169-8-баптар).".
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Z952155_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; N 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат);
      1) 3-баптың екiншi бөлiгiнiң бесiншi азатжолындағы "банкноты" деген сөзден кейiн "және тиындары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 9-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "10 миллиард" деген сөз "20 миллиард" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 10-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.";
      4) 15-бап:
      мынадай мазмұндағы т) тармақшасымен толықтырылсын:
      "т) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң уәкiлдiк берiлген адамдарының банк қызметiне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдарды ресiмдеу және қарау тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтуi.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келiсiп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды.";
      үшiншi бөлiк төртiншi бөлiк болып есептелсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Z952444_ Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат):
      1) 11-баптың 1 тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында шетел банктерiнiң филиалдарын ашуға тыйым салынады.";
      2) 17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының резиденттерi емес заңды және жеке тұлғаларға (шетел банктерiн қоспағанда) банктi бақылау құқығын беру ерекшелiктерi осы Жарлықтың 21-бабының 1-тармағында белгiленедi.";
      3) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банк банктiң басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) берiлген келiсiмдi мынадай негiздер бойынша:
      а) келiсiм бергенде негiзге алынған мәлiметтердiң бұрыстығы анықталғанда;
      б) банк қызметiне байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жыл iшiнде екi және одан да көп рет әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны туралы деректер болғанда;
      в) осы Жарлықтың 47-бабы 2-тармағының е) тармақшасында көзделген негiздер бойынша қызмет мiндеттерiн атқарудан босатылғанда;
      г) осы баптың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталғанда қайта қарауға хақылы.";
      4) 21-бапта:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң
               қатысуымен банк құруға және оның қызметiне
               қойылатын қосымша талаптар";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды және/немесе жеке тұлғалар (резидент емес банктердi қоспағанда) Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, дауыс беру құқығымен банк акцияларының жиырма бес проценттен астамын топтасып не әрқайсысы жеке-жеке тiкелей немесе жанама түрде иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға хақылы емес.";
      5) 30-бапта:
      2-тармақ: мынадай мазмұндағы р), с), т) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдердi қоспағанда);
      с) чек кiтапшаларын шығару;
      т) бағалы қағаздар рыногындағы клирингтiк қызмет.";
      мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың т) тармақшасында көзделген операциялар жүргiзуге арналған лицензия уәкiлеттi органның келiсуi бойынша берiледi.";
      3-тармақта:
      а) тармақшадағы "сондай-ақ құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа б) тармақшасымен толықтырылсын;
      "б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;";
      б), в), г), д), е), ж) тармақшалары тиiсiнше в), г), д), е), ж), з) тармақшалары болып есептелсiн;
      в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен ескертпелi вексельдердi, вексельдер акцептiн төлеу;";
      4-тармақтың алтыншы азатжолы "бағалы қағаздар" деген сөздердiң

алдынан "клирингтiк қызметтi қоспағанда" деген сөздермен
толықтырылсын.";
     6) 36-баптың үшiншi азатжолында "өндiрiп алуға" деген сөздердiң
алдынан "қарыз алушының келiсiмiнсiз" деген сөздермен толықтырылсын;
     7) 43-баптың 1-тармағында "пайдасы" деген сөз "таза кiрiсi"
деген сөздермен ауыстырылсын;
     8) 50-бапта:
     1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
     "Таратылу процесiндегi банк берген несиелер туралы мәлiметтер
банк құпиясына жатпайды.";
     3-тармақта "4-9" деген сандар "сандар "4-8" деген сандармен
ауыстырылсын;
     4-тармақта "5-9" деген сан "5-8" деген сандармен ауыстырылсын;
     6-тармақ мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын;
     "д) салық органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға
байланысты мәселелер бойынша.";
     7-тармақ мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын:
     "е) салық органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға
байланысты мәселелер бойынша.";
     9-тармақ алып тасталсын;
     9) 57-бапта:
     4-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:


      "Жүргiзiлген аудиторлық тексеру туралы есептiң және аудиторлық ұйым (аудитор) ұсыныстарының көшiрмелерiн банк Ұлттық Банкке табыс етуге тиiс.
      Аудиторлық ұйымның (аудитордың) банктiң қаржылық жағдайы немесе банк қызметiнiң басқа да мәселелерiн тексеру нәтижелерi туралы қорытындысы жеке құжат түрiнде ресiмделедi және коммерциялық құпия болып саналмайды.
      Аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебiн және қорытындысын жасау тәртiбiне қойылатын талаптар Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";
      5-тармақта "есептiң көшiрмесi мен ақпаратты" деген сөздер "қорытындының көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 59-бапта:
      баптың атауындағы "Банк қызметiне" деген сөздер "Банк қызметiне, аудиторлық ұйымның (аудитордың) қорытындысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      үшiншi азатжолындағы "есебi барлық жағдайда жарамсыз деп танылады" деген сөздер "есебi, қорытындысы барлық жағдайда жарамсыз деп танылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы г), д) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "г) аудиторлық ұйымда (аудиторда) банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына Ұлттық Банктiң лицензиясы болмаса;
      д) есеп, қорытынды Ұлттық Банк белгiлеген стандарттарға немесе банк қызметiн аудиторлық тексерудiң нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiнiң талаптарына сай келмесе, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де жағдайларда.";
      2-тармақта:
      а) тармақшадағы "есептерi" деген сөз "есептерiн, қорытындыларын

Ұлттық Банк" деген сөздермен, "танылса" деген сөз "таныса" деген
сөзбен ауыстырылсын;
     в), г) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
     "в) жүргiзiлген аудиторлық тексерудiң (аудиторлық растаудың)
нәтижелерi туралы қорытындының көшiрмесiн Ұлттық Банктiң сұратуы
бойынша табыс етпесе;
     г) аудиторлық ұйым (аудитор) аудиторлық қызметке қатысты
мәселелер бойынша көрiнеу бұрыс қорытындылар (растамалар) берген
болса";
     11) 74-1-баптың 2-тармақшасында "массасына" деген сөзден кейiн
"оған сақтау және есепке алу үшiн сенiп тапсырылған үшiншi
тұлғаларға тиесiлi бағалы қағаздар және" деген сөздермен
толықтырылсын;
     12) III бөлiм мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:

     "9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық
                             үшiн жауапкершiлiк

     74-5-бап. Жалпы ережелер



      1. Банк заңдарының бұзылуына кiнәлi банктер мен олардың лауазымды адамдары заң актiлерiнде белгiленгенiндей жауапты болады.
      Банктiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның мына лауазымды адамдары: бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары (соның iшiнде филиалдың), бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары (соның iшiнде филиалдың) заңдарда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
      2. Банк қызметiн не банк қызметiне аудиторлық тексеру Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясынсыз жүргiзiлген жағдайда бұл операциялардан (қызметтен) түскен кiрiстер заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке алынады.
      3. Банктерге (банктiң лауазымды адамына) айыппұл (өсiм) салуды және оларды өндiрiп алуды Ұлттық Банк не мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот осы Жарлықта белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзедi.
      4. Банктер валюта заңдарын бұзған жағдайда, банктер валюта

заңдарына сәйкес жауап бередi.
     5. Банкке осы Жарлыққа сәйкес жаза қолданылған жағдайда оның
лауазымды адамдары осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке тартылмайды.
     6. Банктер мен олардың лауазымды адамдары үшiн белгiленген
жауапқа тартудың шарттары, негiздерi және тәртiбi банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға да
қолданылады.

     74-6-бап. Ұлттық Банктiң банк қызметiне байланысты құқық
               бұзушылық үшiн айыппұл салуы мен өндiрiп алуының
                                  негiздерi

     1. Ұлттық Банк банкке:


      а) Ұлттық Банкке ақпаратты ұдайы (үздiксiз жалғасқан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақытылы табыс етпесе немесе банк заңдарына сәйкес табыс ету талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етсе не бұрыс мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етсе -
      айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл;
      б) құқық бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамаларды Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде орындамаса -
      айлық есептiк көрсеткiштiң 450 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл;
      в) Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше мәрте (үздiксiз жалғасқан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзса -
      айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл;
      г) осы Жарлыққа сәйкес тыйым салынған не оның құқықтық қабiлетiнiң шегiнен шығатын операциялар мен мәлiметтердi жүзеге асырса -
      мәмiле сомасының 0,1 процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған кiрiс сомасының 50 процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл;
      д) банк операцияларын олардың нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзсе -
      есепке алынбаған мөлшерде айыппұл;
      е) бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттарын немесе әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып бухгалтерлiк есеп жүргiзу не пруденциалдық нормативтердiң және (немесе) банк заңдарында айқындалған сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына алып келген банкiлiк немесе өзге де есептiлiктi жасауы -
      тиiсiнше есепке алынбаған соманың 5 процентiне дейiнгi мөлшерде не айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен аспайтын сомада айыппұл;
      ж) клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзса -
      айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл салуға және олардан өндiрiп алуға хақылы.
      2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде банктер жауапкершiлiгiнiң өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн.
      3. Осы бапта келтiрiлген негiздер бойынша банктерден өндiрiлiп алынған айыппұлдар сомасы республикалық бюджетке аударылады.

      74-7-бап. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылыққа
                сот тәртiбiмен айыппұл мен өсiм салудың
                және оларды өндiрiп алудың негiздерi

      1. Банк клиенттерге, несие берушiлерге және қарыз алушыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты құқық бұзушылық жасаған ретте сот:
      а) ақша төлемi немесе аударымы жөнiндегi нұсқауларды, ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi нұсқауларды уақытылы немесе дұрыс орындамағаны үшiн -
      ақша төлемi немесе аударымы жөнiндегi нұсқаудың не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талап сомасының әрбiр операциялық күн үшiн 0,02 процентi мөлшерiнде, бiрақ аталған соманың 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi өсiм;
      б) ақшаның банкке түскен күнiн есептемегенде, бiр операциялық күннен асырып, иеленушiнiң банк шотына ақшаны уақтылы немесе дұрыс енгiзбегенi үшiн -
      әрбiр операциялық күн үшiн ақша төлемi немесе аударымы жөнiндегi нұсқаудың уақтылы енгiзiлмеген сомасының 0,02 процентi мөлшерiнде, бiрақ ақша төлемi немесе аударымы жөнiндегi нұсқаудың уақтылы енгiзiлмеген сомасының 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi өсiм;
      в) клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтқаны үшiн -
      әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 50 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл салуға және оларды банктен өндiрiп алуға хақылы.
      Айыппұлдар мен өсiмдер сомасының осы тармақта аталған мөлшерi, егер айыппұлдардың, өсiмдердiң нақты мөлшерi шартпен белгiленбесе қолданылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша айыппұлдар мен өсiмдер сомасын клиенттердiң, несие берушiлер мен қарыз алушылардың пайдасына өндiрiп алу олардың арыздары бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

      74-8-бап. Ұлттық Банктiң айыппұл салу және өндiрiп алу
                туралы материалдарды ресiмдеу және қарау тәртiбi

      1. Ұлттық Банк осы Жарлықтың 74-6-бабында және банктер мен олардың лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi туралы заң актiлерiнiң тиiстi нормаларында көзделген шараларды қолдануға негiз болып табылатын құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы тиiстi актiнi (хаттаманы) оған қажеттi құжаттарды қоса бере отырып жасайды.
      2. Ұлттық Банктiң банк қадағалауын жүзеге асыратын қызметкерлерiнiң анықталған құқық бұзушылық туралы акт (хаттама) жасауға құқығы бар.
      3. Анықталған құқық бұзушылық туралы актiнi (хаттаманы) және осы мәселе бойынша басқа да материалдарды Ұлттық Банктiң банк қадағалауын жүзеге асыратын бөлiмшесi тиiстi қорытындысымен қоса Ұлттық Банк Төрағасының, оның орынбасарының немесе Ұлттық Банк Басқармасының қарауына бередi.
      Ұлттық Банктiң Төрағасы немесе оның орынбасары өз өкiлеттiктерi шегiнде, анықталған құқық бұзушылық туралы материалдарды өздерi немесе Ұлттық Банктiң Басқармасы қарағанға дейiн бұл мәселенi Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзуге хақылы, оның шешiмiнiң ұсынымдық сипаты болады.
      4. Банктiң лауазымды адамына әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Төрағасы немесе оның орынбасары қабылдайды.
      Банкке айыппұл түрiнде санкция қолдану туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Басқармасы қабылдайды.
      5. Банктердiң, банктердiң лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi туралы материалдарды ресiмдеудiң ерекшелiктерi және оларды Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның орынбасарының, Ұлттық Банк Басқармасының қарау тәртiбi тиiстi заң актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

      74-9-бап. Анықталған құқық бұзушылық туралы акт (хаттама)
                   және Ұлттық Банктiң оны қарау мерзiмi

      1. Анықталған құқық бұзушылық туралы актiде (хаттамада): оның жасалған күнi және орны, актiнi (хаттаманы) жасаған адамның лауазымы, тегi, аты-жөнi, құқық бұзушылықтың мәнiсi мен өзге де қажеттi мәлiметтер көрсетiледi.
      2. Актiге (хаттамаға) оны жасаған адам, сондай-ақ банктiң тиiстi адамы қол қояды. Акт (хаттама) бойынша қарсылықтар немесе ескертпелер болған жағдайда актiде (хаттамада) бұл туралы ескертпе жасалады және оған жазбаша қарсылықтар, ал қажет болған жағдайда қосымша материалдар қоса берiледi.
      3. Ұлттық Банктiң Төрағасы, оның орынбасары немесе Ұлттық Банктiң Басқармасы банктен, банктiң лауазымды адамынан айыппұл өндiрiп алу туралы табыс етiлген материал бойынша Ұлттық Банк Төрағасының, оның орынбасарының немесе Ұлттық Банк Басқармасының қарауына қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап 30 күн iшiнде, бiрақ құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей өз өкiлеттiгi шегiнде шешiм қабылдайды.
      4. Ұлттық Банк айыппұл өндiрiп алу туралы материалды қарау нәтижелерi туралы банктi, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамын жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
      Ұлттық Банктiң айыппұлды өндiрiп алу туралы материал бойынша

шешiмi осы баптың 5-тармағында айқындалған мерзiмде күшiне енедi.
     5. Айыппұл салу және оны өндiрiп алу туралы тиiстi қаулымен
келiспеген жағдайда банк, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған
лауазымды адамы осы шешiмге бiр ай мерзiм iшiнде сотқа шағымдануға
хақылы.
     Банк, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамы
аталған шешiмге сот тәртiбiмен шағымданған жағдайда қабылданған
қаулының орындалуы дауды сот қарағанға дейiн тоқтатыла тұрады.";
     13) 76-бап алып тасталсын.


     Қазақстан Республикасының
           Президентi
     
     
     
     оқығандар:
     Багарова Ж.
     Икебаева А.
     
      
      


О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 29 июня 1998 года № 236

      Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Кодекс Казахской ССР об административных правонарушениях, принятый Верховным Советом Казахской ССР 22 марта 1984 г., (Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1984 г., № 14 (приложение); № 41, ст. 534; 1985 г., № 19, ст.190, 191; № 32, ст.325; № 45, ст.457; № 49, ст.513; 1986 г., № 13, ст.122; № 25, ст.242; № 31, ст.320; № 49, ст.506; 1987 г., № 2, ст.19; № 16, ст.201; № 29, ст.356; № 32, ст.421; № 41, ст.503; № 46, ст.560; 1988 г., № 35, ст.324; 1989 г., № 16, ст.129; № 27, ст.208; № 45, ст.364; № 49, ст.444; № 50-51, ст.458; 1990 г., № 12-13, ст.114; № 44, ст.410; № 48, ст.445; № 49, ст.461; 1991 г., № 25, ст.318; № 26, ст.348; № 28, ст.373; Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1992 г., № 4, ст.96,98,100; № 13-14, ст.323; № 15, ст.380; № 16, ст.400; 1993 г., № 3, ст.42; № 4, ст.70; № 8, ст.159,161; № 9, ст.220,222; № 20, ст.468, 469; 1994 г., № 4-5, ст.60; № 8, ст.134; № 15, ст.207; № 21-22, ст.272; 1995 г., № 1-2, ст.17, № 5, ст.41; № 8, ст.55; № 9-10, ст.64; № 15-16, ст.105; № 17-18, ст.110; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 1, ст.177; № 14, ст.274,277; № 15, ст.281; 1997 г., № 6, ст.66; № 11, ст.146, 152; № 12, ст.184; № 13-14, ст.208; № 22, ст.333):
      1)в статье 165-1:
      в части первой:
      слова "расчетных и иных", "их расчетных или других", "расчетного и иного", "расчетным и иным", "денежных средств", "о начисленных процентах", "минимальных размеров заработной платы" заменить соответственно словами, "банковских", "их банковских", "банковского", "банковским", "денег", "об установленном вознаграждении (интересе)", "размеров месячного расчетного показателя";
      в абзаце седьмом слова "а также операций и наличия денежных средств на счетах, вкладах конкретных физических лиц" исключить;
      в части второй слова "минимальных размеров заработной платы" заменить словами "размеров месячного расчетного показателя";
      2) в части первой статьи 167-1 слова "небанковские финансовые учреждения" заменить словами "организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций";
      3) главу 13 дополнить статьями 169-5,169-6,169-7,169-8 следующего содержания:
      "Статья 169-5. Нарушение правил представления информации
                     и невыполнение письменных предписаний
 
      Уклонение должностного лица банка или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, от представления в Национальный Банк Республики Казахстан информации, требуемой в соответствии с банковским законодательством, а также представление недостоверной информации или информации, не содержащей сведений, представление которых требуется в соответствии с банковским законодательством, либо невыполнение письменных предписаний Национального Банка Республики Казахстан об устранении выявленных нарушений банковского законодательства, -
      влечет штраф на должностных лиц от сорока до семидесяти, размеров

 

месячного расчетного показателя.

     Действия (или  бездействие), предусмотренные частью первой настоящей

статьи, совершенные повторно в течение года после наложения

административного взыскания, -

     влекут штраф на должностных лиц от шестидесяти до ста размеров

месячного расчетного показателя.


     Статья 169-6. Осуществление деятельности, выходящей

                   за пределы правоспособности банка или

                   организации, осуществляющей  отдельные             

                   виды  банковских операций, или запрещенной

                   банковским законодательством



 
       Осуществление должностным лицом банка или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, деятельности, не предусмотренной лицензией и банковским законодательством, или специально запрещенной законодательством для банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, -
      влечет штраф на должностных лиц от сорока до семидесяти размеров месячного расчетного показателя.
      Действия (или бездействие), предусмотренные частью первой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на должностных лиц от шестидесяти до ста размеров месячного расчетного показателя.
 
      Статья 169-7. Нарушение правил ведения бухгалтерского
                    учета и отчетности в банках или организациях,
                    осуществляющих отдельные виды банковских операций
 
      Ведение должностным лицом банка или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, бухгалтерского учета в нарушение установленных стандартов или методов (принципов) бухгалтерского учета либо составление банковской или иной отчетности, приведшее к искажению содержащихся в ней показателей, либо сведений о выполнении пруденциальных нормативов и (или) других обязательных к соблюдению норм и лимитов, определенных банковским законодательством, -
      влечет штраф на должностных лиц от сорока до семидесяти размеров месячного расчетного показателя.
      Действия (или бездействие), предусмотренные частью первой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на должностных лиц от шестидесяти до ста размеров месячного расчетного показателя.
 
      Статья 169-8. Нарушение правил открытия и закрытия
                    банковских счетов клиентов
 
      Нарушение должностным лицом банка или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, правил открытия и закрытия банковских счетов клиентов -
      влечет штраф на должностных лиц от сорока до семидесяти размеров месячного расчетного показателя.
      Действия (или бездействие), предусмотренные частью первой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на должностных лиц от шестидесяти до ста размеров месячного расчетного показателя.";
 
      4) главу 17 дополнить статьей 237-9 следующего содержания:
      "Статья 237-9. Органы Национального Банка
                     Республики Казахстан
 
      Органы Национального Банка Республики Казахстан рассматривают дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьями 169-5, 169-6, 169-7, 169-8.
      Рассматривать дела об административных правонарушениях и налагать административные штрафы вправе Председатель Национального Банка Республики Казахстан или его заместители.
      Полномочия Председателя Национального Банка Республики Казахстан и его заместителей, органов Национального Банка Республики Казахстан, а также его работников, имеющих право на составление протокола о совершении административного правонарушения, определяются в соответствии с законодательством.";
      5) часть первую статьи 248-1 дополнить подпунктом 6) следующего содержания:
      "6) работники Национального Банка Республики Казахстан, осуществляющие банковский надзор (статьи 169-5 - 169-8).".
      2. В Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 30 марта 1995 г. № 2155 "О Национальном Банке Республики Казахстан" Z952155_ (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 3-4, ст.23; № 12, ст.88; № 15-16, ст.100; № 23, ст.141; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст.184; № 11-12, ст.262; № 19, ст.370; 1997 г., № 13-14, ст.205; № 22, ст.333):
      1) в абзаце шестом части второй статьи 3 после слова "банкнот" дополнить словами "и монет";
      2) в части первой статьи 9 слова "10 миллиардов" заменить словами "20 миллиардов";
      3) часть первую статьи 10 дополнить предложением следующего содержания:
      "Счет переоценки основных средств предназначен для учета результатов индексации основных средств Национального Банка Казахстана.";
      4) в статье 15:
      дополнить подпунктом т) следующего содержания:
      "т) утверждение нормативных правовых актов о порядке оформления и рассмотрения уполномоченными лицами Национального Банка Казахстана материалов об административных правонарушениях, связанных с банковской деятельностью.";
      дополнить частью третьей следующего содержания:
      "Председатель Национального Банка Казахстана или его заместитель предварительно согласовывает вопрос о наложении административного штрафа на должностных лиц банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, с другими членами Правления Национального Банка Казахстана и принимает решение по данному вопросу в форме соответствующего постановления.";
      часть третью считать частью четвертой.
      3. В Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 31 августа 1995 г. № 2444 "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Z952444_ (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 15-16, ст.106; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст.184; № 15, ст.281; № 19, ст.370; 1997 г., № 5, ст.58; № 13-14, ст.205; № 22, ст.333):
      1) пункт 1 статьи 11 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Открытие филиалов иностранных банков в Республике Казахстан запрещается.";
      2) пункт 3 статьи 17 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "Особенности предоставления права контроля над банком юридическим и физическим лицам, являющимся нерезидентами Республики Казахстан (за исключением иностранных банков), определяются пунктом 1 статьи 21 настоящего Указа.";
      3) пункт 2 статьи 20 дополнить абзацами следующего содержания:
      "Национальный Банк вправе пересмотреть выданное согласие на назначение (избрание) руководящего работника банка по следующим основаниям:
      а) выявление недостоверных сведений, на основании которых было выдано согласие;
      б) наличие данных о привлечении к административной ответственности

 

два и более раза в течение года за совершение правонарушений, связанных с

банковской деятельностью;

     в) отстранение от выполнения служебных обязанностей по основаниям,

предусмотренным подпунктом е) пункта 2 статьи 47 настоящего Указа;

     г) установление  несоответствия требованиям, предусмотренным пунктом

3 настоящей статьи.";


     4) в статье 21:

     название статьи изложить в следующей редакции:

     "Статья 21. Дополнительные требования к созданию           

                 и деятельности банка с участием

                 нерезидентов Республики Казахстан";


     пункт 1 дополнить абзацем вторым следующего содержания:

     "Юридические и (или) физические лица-нерезиденты Республики Казахстан

(за исключением банков-нерезидентов) не вправе прямо или косвенно в 

совокупности либо каждый в отдельности владеть, распоряжаться и (или)

управлять более чем двадцатью пятью процентами акций банка с правом

голоса, за исключением случаев, разрешенных Национальным Банком.";

     5) в статье 30:

     пункт 2 дополнить подпунктами р), с), т) следующего содержания:      

     "р) прием на инкассо платежных документов (за исключением векселей); 

     с) выпуск чековых книжек;

     т) клиринговая деятельность на рынке ценных бумаг.";

     дополнить абзацем следующего содержания:     


 
       "Лицензия на проведение операций, предусмотренных подпунктом т) настоящего пункта, выдается по согласованию с уполномоченным органом.";
      в пункте 3:
      в подпункте а) слова "а также ювелирных изделий, содержащих драгоценные металлы и драгоценные камни" исключить;
      дополнить новым подпунктом б) следующего содержания:
      "б) покупку, прием в залог, учет, хранение и продажу ювелирных изделий, содержащих драгоценные металлы и драгоценные камни;";
      подпункты б), в), г), д), е), ж) считать соответственно подпунктами в), г), д), е), ж), з);
      подпункт в) изложить в следующей редакции:
      "в) операции с векселями: принятие векселей на инкассо, предоставление услуг по оплате векселя плательщиком, а также оплата домицилированных векселей, акцепт векселей в порядке посредничества;";
      в абзаце шестом пункта 4 после слова "бумаг" дополнить словами "за

 

исключением клиринговой деятельности,";

     6) в абзаце третьем статьи 36 после слова "взыскание" дополнить

словами "без согласия заемщика";

     7) в пункте 1 статьи 43 слово "прибыли" заменить словами "чистого

дохода";

     8) в статье 50:

     пункт 1 дополнить абзацем вторым следующего содержания:     

     "Не относятся к банковской тайне сведения о кредитах, выданных

банком, находящимся в процессе ликвидации.";     

     в пункте 3 цифры "4 - 9" заменить цифрами "4 - 8";

     в пункте 4 цифры "5 - 9" заменить цифрами "5 - 8";     

     пункт 6 дополнить подпунктом д) следующего содержания:

     "д) налоговым органам: по вопросам, связанным с налогообложением

проверяемого лица.";

     пункт 7 дополнить подпунктом е) следующего содержания:     

     "е) налоговым органам: по вопросам, связанным с налогообложением

проверяемого лица.";

      пункт 9 исключить;

      9) в статье 57:

      пункт 4 дополнить абзацами следующего содержания:     


 
       "Копии отчета о проведенной аудиторской проверке и рекомендации аудиторской организации (аудитора) должны быть представлены банком в Национальный Банк.
      Заключение аудиторской организации (аудитора) о финансовом положении банка или результатах проверки других вопросов деятельности банка оформляется в виде отдельного документа и не составляет коммерческую тайну.
      Требования к порядку составления отчета и заключения аудиторской организации (аудитора) определяются нормативными правовыми актами Национального Банка.";
      в пункте 5 слова "отчета и информацию" заменить словом "заключения";
      10) в статье 59:
      в названии статьи слова "деятельности недействительным." заменить словами "деятельности, заключения аудиторской организации (аудитора) недействительными.";
      в пункте 1:
      в абзаце первом слова "признается недействительным отчет" заменить словами "признаются недействительными отчет, заключение";
      дополнить подпунктами г), д) следующего содержания:
      "г) аудиторская организация (аудитор) не имеет лицензии Национального Банка на право проведения аудиторской проверки банковской деятельности;
      д) отчет, заключение не соответствуют установленным Национальным Банком стандартам или требованиям к порядку оформления результатов аудиторской проверки банковской деятельности, а также в иных случаях, предусмотренных действующим законодательством.";

 

     в пункте 2:

     в подпункте а) слово "отчетов" заменить словами "Национальным Банком

отчетов, заключений";

     подпункты  в), г) изложить в следующей редакции:     

     "в) непредставление по запросу Национального Банка копии заключения о

результатах проведенной аудиторской проверки (аудиторского подтверждения);

     г) выдача аудиторской организацией (аудитором) заведомо

недостоверного

заключения (подтверждения) по вопросам, отнесенным к аудиторской

деятельности;";

     11)в  пункте 2 статьи 74-1 после слов "не включаются" дополнить

словами "вверенные ему для хранения и учета ценные бумаги, принадлежащие

третьим лицам, и ";

     12) раздел III дополнить главой 9-1 следующего содержания:

     "Глава 9-1. Ответственность за нарушения,                

                 связанные с банковской деятельностью


 
 
       Статья 74-5. Общие положения
 
      1. Банки и их должностные лица, виновные в нарушении банковского законодательства, несут ответственность, установленную законодательными актами.
      К административной ответственности привлекаются в установленном законодательством порядке следующие должностные лица банка и организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций: первый руководитель и его заместители (в том числе филиала), главный бухгалтер и его заместители (в том числе филиала).
      2. В случае проведения банковской деятельности либо аудиторской проверки банковской деятельности без соответствующей лицензии Национального Банка доходы от этих операций (деятельности) изымаются в республиканский бюджет в установленном законодательством порядке.
      3. Наложение и взыскание штрафов (пени) на банки (должностное лицо банка) производится Национальным Банком либо судом по заявлению заинтересованных лиц, с учетом особенностей, определенных настоящим Указом.
      4. В случае нарушения банками валютного законодательства банки несут ответственность в соответствии с валютным законодательством.
      5. В случае наложения взыскания на банк в соответствии с настоящим Указом его должностные лица к административной ответственности за данное правонарушение не привлекаются.
      6. Условия, основания и порядок привлечения к ответственности, установленные для банков и их должностных лиц, применяются и к организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций.
 
      Статья 74-6. Основания наложения и взыскания
                   Национальным Банком штрафов
                   за нарушения, связанные с
                   банковской деятельностью
 
      1. Национальный Банк вправе наложить на банк и взыскать с него за:
      а) систематическое (два и более раза в течение двенадцати последовательных календарных месяцев) несвоевременное представление или представление в Национальный Банк информации, не содержащей сведений, представление которых требуется в соответствии с банковским законодательством, либо представление недостоверных сведений (информации) -
      штраф до 400-кратного размера месячного расчетного показателя;
      б) невыполнение в установленный Национальным Банком срок письменных предписаний об устранении нарушений -
      штраф до 450-кратного размера месячного расчетного показателя;
      в) неоднократное (два и более раза в течение двенадцати последовательных календарных месяцев) нарушение установленных Национальным Банком пруденциальных нормативов и (или) других обязательных к соблюдению норм и лимитов -
      штраф до 500-кратного размера месячного расчетного показателя;
      г) осуществление операций и сделок, запрещенных в соответствии с настоящим Указом, либо выходящих за пределы его правоспособности, -
      штраф в размере до 0,1 процента от суммы сделки либо до 50 процентов от суммы полученного дохода по операциям;
      д) проведение банковских операций без соответствующего отражения их результатов в бухгалтерском учете -
      штраф в размере суммы, которая не была учтена;
      е) ведение бухгалтерского учета в нарушение установленных стандартов или методов (принципов) бухгалтерского учета либо составление банковской или иной отчетности, приведшее к искажению содержащихся в ней показателей, либо сведений о выполнении пруденциальных нормативов и (или) других обязательных к соблюдению норм и лимитов, определенных банковским законодательством, -
      штраф в размере до 5 процентов от суммы, которая была учтена ненадлежащим образом, либо в сумме не более 500-кратного размера месячного расчетного показателя;
      ж) нарушение порядка открытия и закрытия банковских счетов клиентов -
      штраф до 500-кратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Законодательными актами Республики Казахстан могут быть предусмотрены также иные основания ответственности банков.
      3. Суммы штрафов, взысканных с банков по основаниям, приведенным в настоящей статье, перечисляются в республиканский бюджет.
 
      Статья 74-7. Основания наложения и взыскания штрафов
                   и пени в судебном порядке за нарушения,
                   связанные с банковской деятельностью
 
      1. При совершении банком нарушений, связанных с банковским обслуживанием клиентов, кредиторов и заемщиков, суд вправе наложить и взыскать с него:
      а) за несвоевременное или неправильное исполнение указаний по платежу или переводу денег, требований по получению денег наличными -
      пеню в размере 0,02 процента от суммы указания по платежу или переводу денег, либо требования по получению денег наличными за каждый операционный день, но не более 5 процентов от указанной суммы;
      б) за несвоевременное или неправильное зачисление денег на банковский счет владельца, свыше одного операционного дня, не считая дня поступления их в банк, -
      пеню в размере 0,02 процента от несвоевременно зачисленной суммы указания по платежу или переводу денег за каждый операционный день, но не более 5 процентов от несвоевременно зачисленной суммы указания по платежу или переводу денег;
      в) за утерю платежных документов клиентов -
      штраф до 50-кратного размера месячного расчетного показателя за каждый платежный документ.
      Размер указанных в настоящем пункте сумм штрафов и пени применяется, если конкретные размеры штрафов, пени не установлены договором.
      2. Взыскание сумм штрафов и пени в пользу клиентов, кредиторов и заемщиков по основаниям, указанным в пункте 1 настоящей статьи, производится в судебном порядке по их заявлению.
 
      Статья 74-8. Порядок оформления и рассмотрения
                   Национальным Банком материалов
                   о наложении и взыскании штрафа
 
      1. О совершении правонарушения, являющегося основанием для принятия мер, предусмотренных статьей 74-6 настоящего Указа и соответствующими нормами законодательных актов об ответственности банков и их должностных лиц, Национальным Банком составляется соответствующий акт (протокол) с приложением к нему необходимых документов.
      2. Право на составление акта (протокола) о выявленном нарушении имеют работники Национального Банка, осуществляющие банковский надзор.
      3. Акт (протокол) о выявленном нарушении и другие материалы по данному вопросу подразделение Национального Банка, осуществляющее банковский надзор, представляет с соответствующим заключением на рассмотрение Председателя Национального Банка, его заместителя или Правления Национального Банка.
      Председатель Национального Банка или его заместитель, в пределах своих полномочий, до рассмотрения ими или Правлением Национального Банка материалов о выявленном нарушении вправе внести данный вопрос на рассмотрение Совета директоров Национального Банка, решение которого носит рекомендательный характер.
      4. Решение о применении административного взыскания к должностному лицу банка принимается Председателем Национального Банка или его заместителем.
      Решение о применении к банку санкции в виде штрафа принимается Правлением Национального Банка.
      5. Особенности оформления материалов об ответственности банков, должностных лиц банков и порядок их рассмотрения Председателем Национального Банка или его заместителем. Правлением Национального Банка определяются нормативными правовыми актами Национального Банка с учетом требований соответствующих законодательных актов.
 
      Статья 74-9. Акт (протокол) о выявленном нарушении и
                   сроки его рассмотрения Национальным Банком
 
      1. В акте (протоколе) о выявленном нарушении указываются: дата и место его составления, должность, фамилия, имя, отчество лица, составившего акт (протокол), существо нарушения и иные необходимые сведения.
      2. Акт (протокол) подписывается лицом, его составившим, а также соответствующим лицом банка. При наличии возражений или замечаний по акту (протоколу) об этом делается оговорка в акте (протоколе) и к нему прилагаются письменные возражения, а в случае необходимости - дополнительные материалы.
      3. Председатель Национального Банка, его заместитель или Правление Национального Банка, в пределах своих полномочий, принимают решения по представленному материалу о взыскании штрафа с банка, должностного лица банка в течение 30 дней со дня поступления необходимых документов на рассмотрение Председателя Национального Банка, его заместителя или Правления Национального Банка, но не позднее двух месяцев со дня обнаружения правонарушения.
      4. О результатах рассмотрения материала о взыскании штрафа

 

Национальный Банк обязан письменно уведомить банк, должностное лицо банка,

привлеченное к административной ответственности.      

     Решение  Национального Банка по материалу о взыскании штрафа вступает

в силу в сроки, определенные пунктом 5 настоящей статьи.      

     5. При несогласии с соответствующим постановлением о наложении и

взыскании штрафа банк, должностное лицо банка, привлеченное к

административной ответственности, вправе обжаловать данное решение в суд

в месячный срок.

     В случае обжалования банком, должностным лицом банка, привлеченным 

к административной ответственности, названного решения в судебном порядке,

исполнение принятого постановления приостанавливается до рассмотрения

спора судом.";

     13) статью 76 исключить.



     Президент

Республики Казахстан