1. 1963 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңы бекiткен Қазақ КСР Азаматтық iстер жүргiзу кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi мен Үкiметiнiң Жаршысы, 1964 ж., N 2; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1980 ж., N 50, 215-құжат; 1981 ж., N 36, 612-құжат, 1982 ж., N 2, 23-құжат; N 4, 53-құжат; 1983 ж., N 41, 435-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж.,N 19, 192, 193-құжаттар; N 49, 514-құжат; 1988 ж., N 2, 19-құжат; N 15, 148-құжат; N 16, 159-құжат; 1990 ж., N 11, 110-құжат; 1991 ж., N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 294-құжат; N 24, 597-құжат; 1993 ж., N 8, 161-құжат; N 17, 419, 424-құжаттар; 1995 ж., N 23, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 11, 152-құжат):
86-бапта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша 4) тармақша болып есептелсiн;
194-баптың бесiншi бөлiгi "сондай-ақ осы Кодекстiң 206-бабының талаптарын түсiндiру" деген сөздермен толықтырылсын;
203-баптың бiрiншi бөлiгi "iске қатысушы" деген сөздерден кейiн
"сондай-ақ сот орындаушысының ұсынуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 206-бап мынадай редакцияда жазылсын: "206-бап. Шешiмдi орындау 1. Сот шешiмi ол заңды күшiне енген соң немесе сот шешiмiмен белгiленген мерзiм басталған соң он күннен кешiктiрiлмей, ал шұғыл орындау қажет болған жағдайларда - сот шешiмi жария етiлген күннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей ерiктi түрде орындалуға тиiс. 2. Сот шешiмi ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, ол заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындатылуға тиiс. 207-бапта: 3) тармақша алып тасталсын; 4) тармақша 3) болып есептелсiн; 209-бап алып тасталсын; 338-бап мынадай редакцияда жазылсын: "338-бап. Мәжбүрлеп орындатылуға тиiстi сот қаулылары Мәжбүрлеп орындатылуға тиiстi сот қаулылары: 1) азаматтық және шаруашылық iстер бойынша сот шешiмдерi, ұйғарымдары мен қаулылары; 2) мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiндегi қылмыстық iстер бойынша сот үкiмдерi мен қаулылары; 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiндегi соттардың қаулылары; 4) сот бекiткен мүлiктiк өндiрiп алу бойынша бiтiм келiсiмдерi; 5) заңдарда көзделген жағдайларда шетел соттарының шешiмдерi"; 340-бап мынадай редакцияда жазылсын: "340-бап. Атқару құжаттары Атқару құжаттары мыналар болып табылады: 1) сот қаулылары негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
2) халықаралық коммерциялық төрелiк және өзге де соттардың шешiмi, ұйғарымы, қаулысы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
3) мемлекеттiк нотариустардың атқару жазбалары;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) шығарған қаулылар;
5) халықаралық және шетелдiк соттар мен төрелiк соттар шешiмдерi негiзiнде берілетін атқару парақтары;
6) мерзiмiнде төленбеген, төлем төлеушi акцептеген төлем тапсырмалары;
7) заңмен көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары";
341-бапта:
бiрiншi бөлiгi "заңды күшiне" сөзден кейiн "және ерiктi түрде орындау мерзiмi аяқталған соң" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк "сот орындаушысына" деген сөзбен толықтырылсын;
үшiншi бөлiктегi "мемлекеттiк, кооперативтiк немесе басқа қоғамдық ұйымдардың" деген сөздер "қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ меншiк түрiне қарамастан, ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
348-352-баптар алып тасталсын.
353-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"353-бап. Борышкерге iздеу салу
1. Алименттер өндiрiп алу, мертiгумен немесе денсаулықтың өзгедей зақымдануымен, асыраушысының қаза болуымен келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстер бойынша, сондай-ақ борышкердiң тұратын жерi белгiсiз болған өзге де жағдайларда, судья сот орындаушысының ұсынуы бойынша iшкi iстер органдары арқылы борышкерге iздеу салу туралы ұйғарым шығарады.
2. Алименттер өндiрiп алу туралы iстер бойынша, iздеу салу кезеңiнде кәмелетке толмаған балаларға жәрдемақы төлеген жағдайда, судья алимент бойынша берешектiң пайда болғандығы туралы сот атқарушысының ұсынысы негiзiнде, төленген жәрдемақылар сомасын осы сомаларға он процент қоса есептей отырып, борышкерден өндiрiп алуға атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарады.
354, 367, 368-баптар, 39-41-тараулар және 369-427-баптар алып тасталсын; 428-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқару iсiн жүргiзу процесiндегi әрекеттерiне немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауға құқылы." 2. 1984 жылғы 22 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., N 14, (қосымша); N 41, 534-құжат; 1985 ж.,N 19, 190, 191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; ҚазақстанРеспубликасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1997 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 146, 152-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 208-құжат; N 22, 333-құжат):
185-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"185-2-бап. Соттар мен басқа органдардың қаулыларын
орындауда сот орындаушысына кедергi келтiру
Азаматтардың немесе лауазымды адамдардың қажеттi құжаттар, материалдар, мәлiметтер беруден, қолма-қол ақша сомаларын немесе мүлiктi тексеруге жiберуден бас тартуынан, шақыру бойынша келуден, атқару құжаты бойынша өзге де әрекеттердi орындаудан бас тартуынан көрiнетiн сот орындаушысының заңды әрекеттерiне кедергi жасауы -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бес еседен жиырма есеге
дейiнгi, ал лауазымды адамдарға - он бес еседен елу есеге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; мынадай мазмұндағы 185-6-баппен толықтырылсын: "185-6-бап. Атқару құжатын жоғалтқаны үшiн лауазымды адамның жауапкершiлiгi Меншiк нысанына қарамастан ұйымның лауазымды адамының өзiне орындау үшiн берiлген атқару парағын немесе басқа атқару құжатын жоғалтуы - айлық есептiк көрсеткiштiң бес еседен жиырма есеге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады." 248-1-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4)тармақшасы "185-6" деген цифрмен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Президентi оқығандар: Багарова Ж. Икебаева А.