1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" 1993 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы Z933100_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 17, 421-құжат; 1995 ж., N 15-16, 109-құжат);
2) "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 18 қазандағы қаулысы B933500_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 17, 422-құжат).
2-бап. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1984 ж., N 14 (қосымша); N 41, 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190, 191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж.,N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1997 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 146, 152-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 208-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы Z980236_ ; 1998 жылғы 9 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1998 жылғы 8 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша)" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы Z980252_ ; 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Алматы қаласының мәртебесі туралы мәселелер бойынша)" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) Z980259_ мынадай мазмұндағы 170-5-баппен толықтырылсын:
"170-5-бап. Міндетті аудит өткізуден жалтару не оны
өткізуге кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндетті аудит өткізуден жалтару не оны өткізуге кедергі жасау - жеке тұлғаларға құқық бұзушылық жасалған кездегі заңдарда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі және лауазымды адамдарға оннан елуге дейінгі мөлшеріндегі сомада айыппұл салуға әкеп соғады." Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б. Үмбетова А.