Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 18 қазан. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1998.11.20. N 305 Заңымен. ~Z980305

 


     Осы Заң аудиторлық қызметтi жүзеге асырудың құқықтық негiздерiн

анықтайды және ол меншiк иесi мен мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiн

қорғауға жәрдемдесетiн тәуелсiз қаржылық бақылау жүйесiн құруға

бағытталған.

     Осы Заңның қалыптары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында,

меншiк түрлерi мен қызмет саласына қарамастан, барлық шаруашылық

жүргiзушi субъектiлерге, сондай-ақ мемлекеттiк органдарға қолданылады.


                       I тарау


                     Жалпы ережелер


     1-бап. Аудиторлық қызметтiң құқықтық негiздерi



 
       Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтiң жүзеге асырылуына байланысты қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң құжаттарымен реттеледi.
      Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнде осы Заңда және республиканың аудиторлық қызметтi реттейтiн өзге заң құжаттарында жазылған ережелерден басқа ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттар мен келiсiмдер қолданылады.
      Банк қызметiн аудиторлық тексерудi жүзеге асыру және банк қызметiн тексерудi жүзеге асыратын аудиторларға қойылатын талаптар банк заңдарымен реттелiп отырады.
      Ескерту. 1-бап 3-шi бөлiкпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң
               1995.08.31. N 2447 жарлығымен.
 
      2-бап. Аудит
 
      Аудит - бұл бухгалтерлiк есеп берудi, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң берген есебiнiң дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметi туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебiн, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгiленген қалыптарға сәйкестiгiн тексеру.
      Аудиттi шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен (тапсырыс берушiлермен) жасалған шарт негiзiнде тәуелсiз адамдар (аудиторлар), аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүзеге асырады.
      Аудиторлық тексерулер мемлекеттiк органдар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсiпорындар шаруашылық қызметiнiң заңдылығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.
      Егер белгiленген тәртiп бойынша тiркелмеген және Аудиторлық қызметпен айналысу құқығы бiлiктiлiк комиссиясының аттестациясынан өтпеген болса, бiрде-бiр заңды ұйым немесе нақты адам "аудитор" деп атала алмайды немесе өздерiн аудиторлық қызметпен айналысушы ретiнде көрсете алмайды.
      Аудиттi өз жарлықтарына сәйкес қызмет негiзi Қазақстан аумағында белгiленген тәртiппен Аудиторлық қызметпен айналысу құқығы бiлiктiлiк комиссиясынан рұқсат алған аудиторлық, сараптамалық және консультативтiк қызмет көрсету болып табылатын шетел аудиторлары мен фирмалары жүргiзе алады.
 
      3-бап. Аудиторлық қызмет
 
      Аудиторлық қызмет деп аудиттi ұйымдастыру мен әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексерудi iс жүзiнде орындау және басқа да аудиторлық қызметтi көрсету түрiндегi кәсiпкерлiк қызмет түсiнiледi.
      Аудиторлық қызметтер қаржылық есеп берудiң заңдарға, өзге де қалыпты құжаттарға сәйкестiгi мен ондағы қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң дұрыс көрсетiлуi, бухгалтерлiк есеп, қаржы, салық салу, құқық, банк және сақтандыру iсi, экология, өндiрiстi дұрыс ұйымдастыру, маркетинг мәселелерi бойынша, нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өндiрiстiк қуаты тиiмдiлiгiн арттыру үшiн резервтердi анықтау мақсатында қаржы жағдайын талдау мен болжау мәселелерi бойынша ақы төлеу негiзiнде жасалған шарттар бойынша аудиторлық тексерулер, сараптаулар, кеңес беру түрiнде көрсетiледi.
 
      4-бап. Аудитор
 
      Бiлiктiлiк комиссиясы аттестациялаған және аудиторлық қызметпен айналысуға бес жыл мерзiмге бiлiктiлiк куәлiгi берiлген адам аудитор бола алады.
      Аудиторлар кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi ретiнде өз қызметiн жеке дара тәртiбiнде немесе мамандандырылған аудиторлық ұйымдар (фирмалар) арқылы атқара алады. Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар бiрлестiктердiң әр алуан түрiн құра алады.
      Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар мемлекеттiк органдар мен өздерiне тапсырыс берушiлерiмен тәуелсiз болады.
      Аудиторлар мен аудиторлардың көмекшiлерi, ғылыми немесе оқытушылық қызметпен айналысатын адамдардан басқасы мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдарда қызметке тұра алмайды.
      Пайдакүнемдiк қылмыстары үшiн сотталған адамдардың аудиторлық iспен айналысуына жол берiлмейдi.
 
      5-бап. Аудиторлық фирма
 
      Аудиторлық фирма - бұл қызметiнiң негiзгi түрi аудиторлық қызметтер көрсету болып табылатын ұйым.
      Аудиторлық фирмалар меншiктiң кез-келген түрi негiзiнде құрыла алады.
      Аудиторлық фирмаға, егер онда бiр ғана аудитор жұмыс iстейтiн болса, аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға рұқсат етiледi.
      Аудиторлық фирмаға тек қана аудитор басшы бола алады.
 
      6-бап. Аудитордың көмекшiсi
 
      Аудиттi өткiзу кезiнде қосалқы жұмысты атқару үшiн аудитордың жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар адамдардан өзiне көмекшiлер алуына болады. Аудитор көмекшiсi аудиторлық қорытындыға, сараптамалық қорытындыға, анықтамаға немесе аудиттi өткiзгенi туралы басқа да ресми құжатқа қол қою құқығымен пайдаланбайды.
      Аудитор мен көмекшiнiң өзара қарым-қатынасы, көмекшi орындайтын жұмыс көлемi, еңбекке ақы төлеу, оның қызметiне байланысты және басқа да мәселелер қолданылып жүрген заңдар мен олардың арасындағы келiсiмдер бойынша анықталады.
      Аудитордың көмекшiсi аудиторлық қызметтердi көрсетуге байланысты өзiне немесе аудиторға тапсырыс берушi хабарлаған мағлұматтарды жария етпеуге мiндеттi.
      Аудитордың көмекшiсi ретiнде жұмыс iстеген уақыт аудиторлық қызметпен айналысу құқығын растайтын куәлiк алуға қажет жұмыс стажына енедi.
 
      7-бап. Аудиторлық қорытынды
 
      Аудитор аудит нәтижелер бойынша ресми құжат болып табылатын қорытынды жазып, оны тапсырыс берушiге шартта белгiленген уақытта бередi. Қорытындыда объектiнiң есеп беруiнiң, балансының қолданылып жүрген заңдардың, бухгалтерлiк және басқа да есеп жүргiзудiң талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер келтiрiлiп, қаржылық есеп беруде кездескен бұзушылықтар мен қателiктердi жою жөнiнде ұсыныстар жасалады.
      Аудиторлық қорытынды белгiленген стандарттарға сай келуге, оған тексеру жүргiзген аудитор қол қойып, растауға тиiс. Аудиторлық қорытынды аудитордың қолы қойылған, сондай-ақ шартта өзгеше көзделмесе, тексеруден өткен объектiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолдары қойылған аудитті өткiзгенi туралы актiнiң

 

негiзiнде рәсiмделедi.

     Консультациялар түрiндегi аудиторлық қызметтер анықтама

және басқа да ресми құжаттар рәсiмделiп, ауызша не жазбаша

түрде көрсетiледi. Сараптамалар түрiндегi аудиторлық қызметтер

сараптамалық қорытынды немесе құжат арқылы рәсiмделедi.


                        II тарау


                  Аудиторларды аттестаттау

                    шарттары мен тәртiбi


     8-бап. Аудиторларды аттестаттау


     Аудиторларды аттестаттауды (бiлiктiлiк тұрғысынан жарамдылығын

анықтауды) Бiлiктiлiк комиссиясы жүргiзедi.


 
       Аудиторлық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген талапкер- адамдар мынадай талаптарға сай келгенде ғана аттестацияға жiберiледi:
      жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi болуы керек;
      экономика, қаржы, есептеу-талдау, бақылау-тексеру немесе құқық мәселелерi бойынша жұмыс тәжiрибесi болуы керек.
      Аудит мәселелерi жөнiнде белгiлi бiр бiлiмдердiң болуы тиiстi емтихан алу арқылы анықталады.
      Емтихан тапсыра алмаған адамдардың Бiлiктiлiк комиссиясы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр жыл өткен соң қайтадан емтихан тапсыруына құқығы бар.
      Бiлiктiлiк куәлiгi бес жыл мерзiмге берiледi.
 
      9-бап. Бiлiктiлiк комиссиясы
 
      Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген үмiткерлердi, соның iшiнде шетел үмiткерлерiн аттестаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанынан Бiлiктiлiк комиссиясы құрылады.
      Бiлiктiлiк комиссиясы аудиторлар өкiлдерi мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң тең санынан 5 жыл мерзiмге құрылады.
      Бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы болып оның мүшелерi арасынан аудитор сайланады.
      Аудиторларды аттестаттауға Бiлiктiлiк комиссиясы шарттық негiзде орталық экономикалық органдардың, банктердiң, салық қызметтерiнiң мамандарын, экономика ғылыми өкiлдерi мен жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамын тартады.

 

     Бiлiктiлiк комиссиясы туралы ереженi емтиханға

енгiзiлген қаржылық-экономикалық және есептеу-талдау

пәндерiнiң тiзбегiн емтихан тапсыру-тәртiбiн Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтедi.


     10-бап. Бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн

             жою негiздерi


     Бiлiктiлiк комиссиясы бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн мынадай

негiздер бойынша:

     аудитордың кәсiби жарамсыздығы анықталған;

     бiлiктiлiк куәлiгi негiзделген мағлұматтардың күмәндiлiгi

анықталған;

     аудитор ретiнде қызметiн бiр жылдан астам уақыт бойы

бастай алмай кiдiрткен;

     қасақана жалған аудиторлық қорытынды берсе және

Қазақстан Республикасы заңдарын өзгеше бұзған жағдайларда

жоя алады.

     Аудитор Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмiне сот арқылы

шағым беруге қақылы.


                         III тарау  


          Аудиттi өткiзу және өзге де аудиторлық

             қызметтер көрсету тәртiбi туралы


     11-бап. Аудиттi өткiзу мен аудиторлық қызметтер

             көрсетудiң жалпы шарттары


     Аудитор өз қызметiн жеке дара немесе аудиторлық фирманың

қызметкерi ретiнде көрсете алады.


 
       Аудитордың жеке дара аудиторлық қызметтер көрсетуге бiлiктiлiк куәлiгi болған және жеке кәсiпкер (шаруашылық жүргiзушi субъект) ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезде ғана құқығы бар.
      Өз құрамында бiлiктiлiк куәлiгi бар, шаруашылық жүргiзушi субъект ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен бiр ғана аудиторы болған жағдайда аудиторлық фирманың аудиторлық қызметтер көрсетуге құқығы болады.
      Мемлекеттiк атқарушы өкiмет органдарына, мемлекеттiк- өкiметтiк өкiлеттiгi бар бақылау-тексеру мекемелерiне аудиторлық қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
      Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар есеп жүргiзедi және де қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өздерi тұратын жерлердегi салық және статистика органдарына өз қызметi туралы статистикалық және бухгалтерлiк есеп бередi.
 
      12-бап. Аудиттi өткiзу және өзге де аудиторлық
              қызметтер көрсету үшiн негiздер
 
      Аудит аудитор (аудиторлық фирма) мен тапсырыс берушi арасындағы шарт негiзiнде өткiзiледi.
      Консультациялар түрiндегi аудиторлық қызметтер шарт негiзiнде, тапсырыс берушi аудиторға (аудиторлық фирмаға) ауызша немесе жазбаша өтiнiш бiлдiруi түрiнде көрсетiледi.
      Аудиттi өткiзуге және өзге де аудиторлық қызметтер көрсетуге жасалған шартта тексерудiң мәнiсi мен мерзiмi, аудиторлық қызметкердiң көлемi, төленетiн ақы мөлшерi мен шарттары, тараптардың жауапкершiлiктерi көзделедi. Шартта тараптардың келiсiм бойынша басқа да жағдайлар, соның iшiнде алынған экономикалық тиiмдiлiкке байланысты аудиторлық жұмысқа қосымша ақы төлеудiң мөлшерi немесе ол жұмыстың сапасыз орындалғаны үшiн келiсушi тараптардың қаржылары есебiнен жазалау шаралары да көзделуi мүмкiн.
      Шарттар тараптары негiзiнде атқарылатын аудиторлық қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығындар тексерiлетiн шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң өнiмдерiнiң (жұмыстарының, қызметтерiнiң) өзiндiк құнына енгiзiлген шығынына жатқызылады.
 
      13-бап. Аудиттiң нәтижелерi туралы есеп беру
 
      Шартты аудитордың (аудиторлық фирманың) орындауы аудиторлық қорытындының немесе, шартта өзгеше көзделмесе, басқа ресми құжаттың қабылдау-өткiзу актiсi бойынша анықталады.
      Аудиторлық қорытынды тиiстi қалыптар мен стандарттар

 

сақтала отырып жасалады және онда тапсырыс берушiнiң бухгалтерлiк

есебiнiң дұрыстығы, толықтығы және заңдарға сәйкестiгi

қуатталғандығы немесе бұл қуаттаудан дәлелдi түрде бас тартуы

мазмұндалуы тиiс.


     14-бап. Даярлауды шешу


     Аудиторлар (аудиторлық фирмалар) мен тапсырыс берушiлердiң

арасында туатын келiспеушiлiктер, егер бұл шартта көзделсе,

сот арқылы немесе Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасы

арқылы шешiледi.


     15-бап. Аудиторларды мемлекеттiк

             органдардың тартуы



 
       Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiнiң жекелеген жақтарын бақылауға құқық берiлген құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдар тексерудi тағайындаған орган өкiлеттiктерi шегiнде ғана шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне тексеру (ревизия) жүргiзу үшiн шарт негiзiнде аудиторларды тарта алады. Аудиторлық қорытындының негiзiнде құқық қорғау және осыған уәкiлдiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiм қабылдауға құқығы бар. Аудиторлық қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындарды тексерудi (ревизияны) тағайындаған орган мойнына алады.
 

 

     16-бап. Аудиттi өткiзу кезiндегi шектеулер


     Тапсырыс берушiмен (меншiк иесiмен немесе тексерiлетiн

шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң басшысымен) қызметтiк

қатынастардағы, сондай-ақ жақын туыстық, жақын жекжаттық

немесе ерлi-зайыпты қатынастардағы, не онымен ортақ қаржы

мүдделерi бар адамдар аудитор ретiнде қатыса алмайды.


                      IV тарау

          Аудиторлар мен тапсырыс берушiлердiң

                құқықтары, мiндеттерi


     17-бап. Аудиторлардың құқықтары


     Жасалған шарттарға сәйкес аудиторлық тексерудi өткiзу

кезiнде аудиторлар мен аудиторлық фирмалардың:

     бухгалтерлiк кiтаптар мен қаржы-шаруашылық қызметi

жөнiндегi басқа да құжаттамаларды тексеруге;

     ақша сомасының, бағалы қағаздардың, материалдық құндылықтардың

бар-жоғын тексеруге;


 
       тексерiлетiн шаруашылық жүргiзушi субъектiден, оның лауазымды адамдарынан аудиттi өткiзу үшiн қажеттi барлық түсiнiктемелер мен қосымша мәлiметтердi алуға;
      аудиттің мақсатын орындау үшiн барлық қажеттi ақпаратты үшiншi адамдардан алуға;
      тексерiлетiн объектiлерде жұмыс iстейтiн, оның басшыларымен (меншiк иелерiмен) қызмет, туыстық жағынан тiкелей қатынастары бар немесе қаржы жағынан ортақ мүддесi бар адамдардан басқа әртүрлi мамандарды жұмысқа шарт негiзiнде тартуға;
      тексерiлетiн заңды ұйымдардың операциялары мен есепшоттарының жай-күйi туралы қажеттi мәлiметтердi банктерден алуға құқықтары бар;
 
      18-бап. Аудиторлардың мiндеттерi
 
      Аудиторлардың тексерiлетiн субъектiнiң келiсiмiнсiз коммерциялық құпиясы бар ақпаратты, тексеру нәтижелерiн меншiк иесiне не тексерудi (ревизияны) тағайындаған органға берген реттерiн қоспағанда, жария етуге құқықтары жоқ. Қаржы-шаруашылық операциялары заңдылығын бұзу деректерi анықталған жағдайда аудиторлар аудиторлық қорытындыға оларды жою жөнiндегi ұсыныстарын енгiзуге мiндеттi.
      Аудиторлық қорытынды бойынша жасалған ұсыныстарды тексерiлетiн субъект немесе тексерудi тағайындаған орган жүзеге асырады.
      Аудиторлар тапсырманы орындауға байланысты алынған, сондай-ақ өздерi жасаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етедi.
 
      19-бап. Тапсырыс берiшiнiң құқықтары
 
      Тапсырыс берушiнiң:
      аудиторлық тексерудiң нәтижелерiмен танысуға;
      бухгалтерлiк есеп, қаржы және статистикалық есеп берудi жүргiзу және ашылған кемшiлiктер мен бұзушылықтарды түзету тәртiбi туралы кеңестер мен ұсыныстарды алуға;
      аудиторлық тексерудiң нәтижелерi бойынша дауларды шешу үшiн сотқа жүгiнуге құқықтары бар.
      Тапсырыс берушi болып табылмайтын, тексерiлетiн шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң де дәл осындай құқықтары болады.
      Қаржы-шаруашылық қызметiн тексеру үшiн тапсырыс берушiнiң шетел аудиторлары мен аудиторлық фирмаларын қатыстыруына құқығы бар.
      Тапсырыс берушiнiң осы Заңның талаптарын сақтай отырып, аудиторды (аудиторлық фирманы) еркiн түрде таңдауға құқығы бар.
 
      20-бап. Тапсырыс берушiнiң мiндеттерi
 
      Тапсырыс берушi (тапсырыс берушi болып табылмайтын тексерiлетiн субъектi):
      аудиттi сапалы орындау үшiн аудиторға (аудиторлық фирмаға) қолайлы жағдай туғызуға;
      аудиторға барлық қажеттi құжаттарды беруге, сондай-ақ

 

олардың растығы үшiн жауапкершiлiктi мойнына алуға мiндеттi.

     Тапсырыс берушi шартқа сәйкес аудиторлық қызметтерге ақы

төлеуге мiндеттi.

     Аудиттiң өткенiне қарамастан бухгалтерлiк есеп-қисапты

жүргiзу саласында қолданылып жүрген заңдарды сақтау үшiн,

қаржылық мерзiмдiк, жылдық есеп берудi жасап, оны уәкiлдi

мемлекеттiк органдарға дер кезiнде тапсыру үшiн жауапкершiлiк

шаруашылық жүргiзушi субъектiге жүктеледi.


                          V тарау


               Аудиторлар мен аудиторлық

             фирмалардың жауапкершiлiктерi


     21-бап. Аудиторлардың жауапкершiлiктерi



 
       Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар Қазақстан Республикасының

 

заңдары мен шартта көзделген өз мiндеттерiнiң бiлiктi және сапалы

орындалуы үшiн жауап бередi.

     Аудитті сапасыз өткiзудiң салдарынан тапсырыс берушiге

шығын келуiне байланысты аудиторлар мен аудиторлық фирмалардың

материалдық жауапкершiлiгi шартта көрсетiледi.


     22-бап. Жауапкершiлiктi сақтандыру


     Аудиторлық фирмалар материалдық жауапкершiлiгiне өз қаржысы

есебiнен, ал жеке аудиторлар - өз есебiнен де, сақтандыру

есебiнен де сақтандыру арқылы кепiлдiк бередi.


                         VI тарау


            Аудиторлардың қоғамдық бiрлестiктерi


     23-бап. Аудиторлардың қоғамдық бiрлестiктерi



 
       Мамандығына байланысты мүдделерiн бiлдiру, аудиттi өткiзуге әдiстемелiк ұсыныстар жасау, аудиторлардың бiлiктiлiгiн көтеруге арналған шараларды өткiзу, аудиторлық қызметтер нарқын зерттеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды қаржы, бухгалтерлiк есеп пен салық салу саласындағы қалыпты құжаттармен қамтамасыз ету, аудиторлық жұмысты ұйымдастыру iсiнде оларға кеңес берiп, iс жүзiнде көмек көрсету мақсатында аудиторлар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қоғамдық бiрлестiктер құра алады.
 
      24-бап. Аудиторлар палатасы
 
      Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасы:
      тәуелсiз қоғамдық бiрлестiк болып табылады және ол Қазақстан Республикасы аумағында аудиттiң дамуына, жетiлдiрiлуiне және бiр iзге түсуiне жәрдемдесуге тиiс;
      Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң Аудиторлар палатасы Жарғысын сақтайтын аудиторлық фирмаларын, жекелеген аудиторларын ерiктi негiзде бiрiктiредi және олардың қызметiн үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының

 

және Қазақстан Республикасы Аудиторларының жиналысында бекiтiлетiн

Палата Жарғысының ауқымында жұмыс iстейдi.

     Қазақстан Республикасының Аудиторлар Палатасы Бiлiктiлiк

комиссиясы құрамына өз мүшелерiн делегат ретiнде жiбередi.

     Қазақстан Республикасының Аудиторлар Палатасы шетелдердiң

бақылау органдарымен, тиiстi халықаралық ұйымдармен байланысты

жүзеге асырады, олармен iскерлiк ынтымақтастық туралы келiсiмдер

жасайды.



     Қазақстан Республикасының

             Президентi







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады