Женевада 1971 жылғы 23 маусымда қабылданған Еңбекшілер өкілдері туралы 1971 жылғы Конвенция бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
135 Конвенция
Кәсіпорындарда еңбекшілер уәкілдерінің құқықтарын қорғау және
оларға берілетін мүмкіндіктер туралы конвенция
(2002 жылғы 31 шілдеден күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi Женевада шақырған және 1971 жылғы 2 маусымда өзiнiң елу алтыншы сессиясына жиналған Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас Конференциясы,
Еңбек саласында бiрлесу бостандығына нұқсан келтiруге бағытталған кез-келген кемсiту әрекеттерiнен еңбекшiлердi қорғау көзделген, ұжымдық келiссөздер ұйымдастыру және жүргiзудегi құқы туралы 1949 жылғы Конвенцияның ережелерiн ескере отырып,
Еңбекшiлер уәкiлдерiне қатысты осы ережелердi толықтыру ниетiн назарға ала отырып,
Сессияның күн тәртiбiнiң бесiншi тармағы болып табылатын, кәсiпорындарда еңбекшiлердің құқықтарын қорғау және оларға берiлетiн құқықтар туралы бiрқатар ұсыныстар қабылдауға қаулы ете отырып,
Осы ұсыныстарға конвенция нысанын берудi шеше келiп, Еңбекшiлер уәкiлдерi туралы 1971 жылғы конвенция деп аталуы мүмкiн, бiр мың тоғыз жүз жетпiс бiрiншi жылғы маусым айының жиырма үшi күнi осыны қабылдады:
1-бап
Кәсiпорындарда еңбекшiлер уәкiлдерi олардың еңбекшілер уәкiлдерi ретiндегi мәртебесiне немесе қызметтерiне немесе олардың кәсiподаққа мүшелiгiне немесе қолданыстағы заңдарға немесе ұжымдық шарттарға не, басқа бiрлескен келiсiмдi шарттарға сәйкес әрекет ету шамасымен кәсiподақ қызметiне қатысуларына негiзделiп, жұмыстан шығаруды қоса алғандағы, оларға нұқсан келтiруi мүмкiн кез-келген әрекеттерден тиiмдi қорғауды пайдаланады.
2-бап
1. Кәсiпорындарда еңбекшiлердің уәкiлдерiне олардың өз қызмет-мiндеттерiн тез де тиiмдi орындауларына тиiстi мүмкiндiктер берiледi.
2. Осымен байланысты сол елдiң еңбек қатынастары жүйесiнің ерекшелiктерi, тиiстi кәсiпорынның қажеттiлiгi, мөлшерi және мүмкiндiктерi ескерiледi.
3. Мұндай мүмкiндiктердiң берілуi тиiстi кәсiпорынның жұмысының тиiмдiлiгiн төмендетуге тиiстi емес.
3-бап
Осы Конвенцияның мақсаттарында "еңбекшiлердiң уәкiлдерi" терминi, олар:
а) кәсiптiк одақтар тағайындаған немесе сайлаған кәсiподақ уәкiлдерi, нақты айтқанда уәкiлдерi немесе осындай кәсiподақтардың мүшелерi; немесе
б) ұлттық заңдардың ережелерiне немесе қағидаларына немесе ұжымдық шарттардың ережелерiне сәйкес кәсiпорын еңбекшiлерi еркiн түрде сайлаған және функцияларына тиiстi елдегi кәсiподақтардың айрықша құзыры ретiнде танылған қызметтер кiрмейтiн уәкiлдер, нақты айтқанда уәкiлдер болса да, ұлттық заңдарға сәйкес нақ осылай болып танылған тұлғаларды бiлдіредi.
4-бап
Ұлттық заңдар немесе қағидалар, ұжымдық шарттар, төрелiк немесе сот шешiмдерi осы Конвенцияда көзделген қорғалуы және мүмкiндiктерi танылған, еңбекшiлер уәкiлдерiнiң санатын немесе санаттарын айқындауы мүмкiн.
5-бап
Бiр кәсiпорында кәсiподақ уәкiлдерi сияқты сайланбалы уәкiлдер де болған кезде, қажет болған жағдайда, сайланбалы уәкiлдердің болуы мүдделi кәсiподақтардың немесе олардың уәкiлдерiнің көзқарастарын бұзуға пайдаланылмас үшiн, сондай-ақ сайланбалы уәкiлдер мен мүдделi кәсiподақтар және олардың уәкiлдерi арасында барлық тиiстi мәселелер бойынша ынтымақтастықты ынталандыру үшiн тиiстi шаралар қолданылуға тиiстi.
6-бап
Осы Конвенцияның жүзеге асырылуы ұлттық iс-тәжiрибеге сәйкес келетiн, ұлттық заңдар немесе қағидалар, ұжымдық шарттар арқылы немесе кез-келген басқа жолмен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
7-бап
Осы Конвенцияны бекiту туралы ресми құжаттар тiркеу үшiн Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жіберiледi.
8-бап
1. Осы Конвенция Бас Директор бекiту туралы құжаттарын тiркеген Халықаралық Еңбек Ұйымы Мүшелерiн ғана байланыстырады.
2. Ол Бас Директор Ұйымның екi Мүшесiн бекiту туралы құжаттарды тiркеген соң он екi айдан кейiн күшiне енедi.
3. Кейiн осы Конвенция Ұйымның әрбiр Мүшесiне қатысты бекiту туралы оның құжаты тiркелген мерзiмнен он екi айдан кейiн күшiне енедi.
9-бап
1. Осы Конвенцияны бекiткен Ұйымның кез-келген мүшесi оның бастапқы күшiне енген кезiнен он жыл кезең өтiсiмен Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберілген және ол тiркеген, бұзу туралы акт арқылы оны бұзуы мүмкiн. Бұзу туралы акт тiркелгеннен бiр жылдан кейiн осы бұзу күшiне енедi.
2. Осы бапта көзделген, осының алдындағы тармақта аталған он жыл кезең өтiсiмен бiр жыл мерзiмде өзiнің бұзу тұрғысындағы құқын пайдаланбаған, осы Конвенцияны бекiткен Ұйымның әрбiр мүшесi келесi кезеңге он жылға байланысты болады және кейiн осы бапта белгiленген тәртiппен, әрбiр он жыл кезең өтiсiмен осы конвенцияны бұза алады.
10-бап
1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры өзiнiң Ұйым Мүшелерiнен алған, бекiту туралы барлық құжаттардың және бұзу туралы актiлердің тiркелгенi туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерiн хабардар етедi.
2. Бас Директор бекiту туралы өзi алған екiншi құжаттың тiркелгенi туралы Ұйым Мүшелерiн хабардар ете отырып, олардың назарын осы Конвенцияның күшiне енген мерзiмiне аударады.
11-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры осының алдындағы баптардың ережелерiне сәйкес өзi тiркеген, бекiту туралы барлық құжаттарға және бұзу туралы актiлерге қатысты толық мәлiметтердi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жiбередi.
12-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi өзi қажет деп тапқан әрбiр кезде осы Конвенцияны қолдану туралы Бас Конференцияға баяндама тапсырады және Конференцияның күн тәртiбiне оны толық немесе iшiнара қайта қарау туралы мәселе енгiзудің жөнiн шешедi.
13-бап
1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық немесе iшiнара қайта қарайтын жаңа конвенция қабылдаған жағдайда және егер жаңа конвенцияда басқасы көзделмесе, онда:
а) 9-баптың ережелерiне қарамастан, Ұйымның қандай да бiр Мүшесiнiң қайта қаралатын жаңа конвенцияны бекiтуi, қайта қаралатын жаңа конвенция күшіне енген жағдайда, осы Конвенцияны тез арада бірден бұзуға әкеледі;
б) Қайта қаралатын, жаңа конвенция күшіне енген мерзімнен бастап, осы Конвенция оны Ұйым Мүшелерінің бекітуі үшін жабық болады.
2. Осы Конвенция өзін бекіткен, бірақ қайта қаралатын, жаңа конвенцияны бекітпеген Ұйымның мүшелеріне қатысты нысаны мен мазмұны бойынша қандай жағдайда да күшінде қалады.
14-бап
Осы Конвенцияның ағылшын және француз тіліндегі мәтіндердің күші бірдей.
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.