Алматыда 1997 жылғы 14 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім (2000 жылғы 8 ақпанда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 1, 11-құжат) Бұдан әрi қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Үкiметi, өзара тиiмдi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшiн күштердi бiрiктiрудегi өзара мүдделiлiктi ескере отырып; ғарыштық ғылым мен техниканың екi Мемлекеттiң ғылыми-техникалық потенциалы мен әлеуметтiк-экономикалық саласының дамуы үшiн маңызын түсiне отырып;
1994 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Украина Үкiметiнiң ғарыштық қызметтi жүзеге асырудағы ынтымақтастығының қағидалары туралы Келiсiмге адалдықтарын растай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келiсiм:
- бiр мемлекеттiң заңды тұлғаларының екiншi мемлекеттiң ұлттық ғарыштық бағдарламасының шеңберiнде жобаларды жүзеге асыруға қатысуы;
- бiрлескен және көп жақты ғарыштық, соның iшiнде коммерциялық бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
- осы салада уағдаластықтарға қол жеткiзу және жекелеген келiсiмдер жасау жолымен ғарыш кеңiстiгiн бейбiтшiлiк мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы екi жақтық ынтымақтастықтың құқықтық және өзге шарттарын анықтайды.
2-бап
Ынтымақтастық мына қағидалар негiзiнде жүзеге асырылады:
- екi мемлекетте құрылған ғарыштық инфрақұрылымның элементтерiн сақтау, өзара тиiмдi дамыту және пайдалану;
- Тараптардың осы Келiсiм шеңберiнде жобаларды жүзеге асыру (жұмыстарды орындау) процесiнде жасалған өнеркәсiптiк және интеллектуалдық үлестегi құқығын олардың жұмсаған қаражатына пропорционал қамтамасыз ету;
- ғарыштық техника мен қызмет көрсетуiнiң әлемдiк рыногында тиiмдi iс-әрекеттi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды үйлестiру;
- бiрлескен ғарыштық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету;
- бiрлескен ғарыштық қызмет процесiнде халықаралық мiндеттердi, аумағында бiрлескен ғарыштық қызмет жүзеге асырылатын мемлекеттiң заңдық және нормативтi актiлерiнiң басым iс-әрекетiмен екi Мемлекет заңдарының және нормативтiк актiлерiнiң, соның iшiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегiлердiң талаптарын бұзбау;
- мемлекеттiк құпияларды сақтау және бiрлескен қызмет процесiнде алдын-ала келiсiлген құпиялық шарттарын бұзбау.
3-бап
Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық мына негiзгi бағыттарда жүзеге асырылады:
- ғарыштық техниканы жетiлдiру тәжiрибелiк базасын және жер үстiндегi басқару мен жiберу кешендерiнiң объектiлерiн қоса алғанда жер үстiндегi ғарыштық инфрақұрылымды қолдау және дамыту;
- зымырандық-ғарыштық техника және ғарыштық зерттеулер саласында әзiрлеу, өндiру және пайдалану бойынша бiрлескен жобаларды жүзеге асыру;
- атмосферадан тыс астрономиясы, күн-жер байланыстары физикасы, аспан денелерi мен планетааралық кеңiстiктi зерттеу саласында, сондай-ақ ғарыштық ғылымның өзге салаларындағы зерттеу;
- зымырандық-ғарыштық салалары мүдделерiнде жаңа материалдар, технологиялар және жабдықтар жасау;
- ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдаланудағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа жолдары мен құралдарын iздеу.
Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастықты басқа бағыттар бойынша жүзеге асыра алады.
4-бап
Осы Келiсiмнiң 3 Бабында көрсетiлген бағыттардағы ынтымақтастық:
- ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар орындау;
- ғарыштық аппараттарды (объектiлер) ұшыру, ұшыруларды басқаруды қамтамасыз ету, көлiк қызметтерiн беру және пайдалы жүктемелерге қызмет көрсету;
- жердегi ғарыш инфрақұрылымының объектерiн пайдалану және жөндеу, зымырандық-ғарыштық техниканы жетiлдiру үшiн тәжірибе базасын ұстау және дамыту;
- үшiншi мемлекеттерге, олардың заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға ғарыштық объектiлерiн ұшыру бойынша өзара тиiмдi шарттарда коммерциялық қызметтер көрсету;
- ақпарат-талдау материалдарын жариялау;
- қажеттi нормативтiк құжаттарды дайындау;
- екi мемлекеттiң ұйымдары мен кәсiпорындарының өндiрiс саласында ғарыштық технологияларды практикалық қолдануына көмектесу;
- ғарыштық техниканы жетiлдiру және қолдану үшiн жер үстi ғарыштық инфрақұрылым объектiлерiн беру;
- ғарыш саласында мамандар дайындау және қайта дайындау жолдарымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тараптар өзара келiсiм бойынша ынтымақтастықтың басқа нысандарын қосымша қолдана алады.
5-бап
Тараптар осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi (ҚР ҰАҒА) мен Украинаның Ұлттық ғарыш агенттiгiне (УҰҒА) жүктейдi.
Осы өкiлеттiктер шеңберiнде ҚР ҰЛҒА мен УҰҒА:
- екi мемлекеттiң мүдделi министрлiктерi мен ведомстволары, ұйымдары мен кәсiпорындары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi;
- тиiс екi жақты бағдарламаларда көзделген жобалар (жұмыстар) бойынша қызметтердiң барлық түрлерiнiң жүргiзiлу барысына бақылауды жүзеге асырады және екi мемлекеттiң ұйымдары мен кәсiпорындарының осы Келiсiм шеңберiнде алған мiндеттемелерiн орындауына жәрдемдеседi;
- бiр Тараптың заказ берушiлерi екiншi Тараптың орындаушыларымен (ғылыми және өндiрiстiк ұйымдарымен) жасайтын контрактiлерiн (шарттарын) мүдделi министрлiктер және мекемелермен келiседi немесе бекiтедi және осы контрактердiң (шарттардың) тиiстi түрде орындалуына бақылауды қамтамасыз етедi.
Қажет болған жағдайда ҚР ҰАҒА және УҰҒА қызметтердi үйлестiру үшiн арнайы комиссиялар және жұмыс топтарын құра алады.
6-бап
Тараптар шарттық негiзде, сондай-ақ Тараптар Мемлекеттерiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары жүзеге асыратын көп жақты ғарыштық бағдарламалар мен ғарыштық коммерциялық жобалар шеңберiнде, соның iшiнде үшiншi мемлекеттерге ғарыштық объектердi ұшыру бойынша қызмет көрсету бойынша зымырандық-ғарыштық техниканы жасау, модернизациялау және пайдалану үшiн Тараптар Мемлекеттерiнiң аумағына әкелiнетiн және әкетiлетiн зымырандық-ғарыштық техникаға, сондай-ақ техникалық және технологиялық жабдықтарға, қосалқы бөлшектерге, құраушы бұйымдар мен материалдарға әкелу және әкету баж салығын, салықтарды, акциздердi қолданбауды және сандық шектеулердi белгiлемеудi мiндеттенедi.
7-бап
Тараптың әрқайсысы ұлттық және оның қатысуымен халықаралық жобаларды жүзеге асыру кезiнде екiншi Тараптың жер үстi ғарыштық инфрақұрылымының жекелеген объектерiн шарттық негiзде пайдалана алады.
Тараптар бiр жақты тәртiпте ғарыш объектiлерiнiң және өз мемлекеттерiнiң аумағында орналасқан жер үстi ғарыштық инфрақұрылым объектiлерiнiң қызметiне терiс ықпал жасауы мүмкiн әрекеттердi жасамайды.
8-бап
Тараптар ғарыштық зерттеулер, технологиялар бойынша ғылыми және техникалық ақпараттармен алмасуға және оларды келiсiлген қағидалар, нормалар және рәсiмдер негiзiнде қолдануға жәрдемдесетiн болады.
Бiрлескен жұмыстар мен тәжірибелер өткiзу кезiнде алынған ғылыми және техникалық мәлiметтер мен ақпараттар екi Тарапқа және олар өкiлдiк берген органдарға берiлетiн болады.
Құпия мәлiметтердi беру және оны осы Келiсiм шеңберiнде пайдалану Тараптардың келiсуi бойынша жүзеге асырылады.
9-бап
Тараптардың және олардың өкiлеттi органдарының алдын ала өзара келiсiмсiз Бiрлескен жобалардың мазмұны туралы мәлiметтердi, оларды жүзеге асыру кезiнде алынған нәтижелер мен мәлiметтердi, сондай-ақ осы Келiсiм шеңберiнде алмасатын ақпаратты үшiншi жаққа беруге немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқығы жоқ.
10-бап
Егер Тараптар нақты қызмет түрлерi бойынша оларды қаржыландырудың басқа қағидаларын анықтамаса, бiрлескен, соның iшiнде ұлттық ғарыштық бағдарламалар шеңберiндегi, ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға байланысты қызметтi қаржыландыруды Тараптар (контракт) шарт негiзiнде жүзеге асырады.
Тараптардың ғылыми бағдарламалар (жобалар) бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет қаражаттарының нақты көлемi үлестiк қатысу қағидасын ескере отырып және Тараптардың әрқайсысының мүдделерiне орындалатын ғылыми зерттеулерге бөлiнетiн ассигнование шегiнде анықталады.
11-бап
Осы Келiсiм Тараптардың әрқайсысының үшiншi мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын шектемейдi және Тараптардың әрқайсысының екiншi Тарапқа, сондай-ақ үшiншi мемлекеттерге қатысты осы Тарап қатысатын өзге шарттармен және уағдаластықтарда көзделген құқықтары мен мiндеттерiн алып тастамайды.
12-бап
Осы Келiсiм шеңберiнде қызметтiң нақты түрлерi бойынша екi Тараптың,
ҚР ҰАҒА мен УҰҒА, олардың Мемлекеттерi ұйымдарының, сондай-ақ олармен байланысты мердiгерлер мен субмердiгерлердiң арасындағы қатынастарындағы халықаралық жауапкершiлiктi қоса алғанда жауапкершiлiк мәселелерiн реттеудiң тиiстi қағидалары, нормалары және рәсiмдерi жасалады. 13-бап Тараптардың әрқайсысы өз Мемлекетiнiң аумағында екi жақты ғарыштық қызметке қатысатын екiншi Тарап Мемлекетiнiң ұйымдары қызметкерлерiнiң құрамынан тұлғаларын құқықтық және әлеуметтiк қорғау бойынша шаралар қабылдайды. 14-бап Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану жөнiндегi даулар келiссөздер арқылы шешуге жатады. 15-бап Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi бойынша толықтырылулар мен өзгертулер енгiзiлуi мүмкiн. 16-бап
Осы Келiсiм Тараптардың әрқайсысының оның күшiне енуi үшiн қажет мемлекет елшiлiк тиiстi рәсiмдерiнiң орындалғаны туралы жазбаша мәлiмдеме алған күннен бастап күшiне енедi.
Келiсiм жиырма жыл мерзiмге қолданыста болады және, егер Тараптардың ешқайсысы кезектi мерзiмнiң бiтуiнен алты ай бұрын, өзiнiң оның қолданысын тоқтатқысы келетiн ниетi туралы жазбаша түрде мәлiмдемесе, оның күшi өздiгiнен он жылдық мерзiмдерге ұзартылатын болады.
Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылған жағдайда егер Тараптар өзге
туралы келiспесе, оның ережелерi кез-келген аяқталмаған жобалар мен жұмыстарға қолданылады. Алматы қаласында 1997 жылдың 14 қазанда екi данада, әрқайсысы қазақ, украин және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндер теңбе-тең болып табылады. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру бойынша келiспеушiлiк туындағанда орыс тiлiндегi мәтiннiң басымшылдығы бар. Қазақстан Республикасының Украина Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.