Алматыда 1995 жылғы 15 тамызда жасалған Қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру бойынша құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы
арасындағы қылмыстық істер және адамдарды
ұстап беру бойынша құқықтық көмек туралы
Келісім
(2000 жылғы 12 маусымда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2001 ж., N 5, 46-құжат)
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы,
егемендікті құрметтеу, өзара сыйластық, теңдік және адам құқықтарын сақтау негізінде құқықтық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында,
- екі ел арасындағы даму үстіндегі қатынастарды ескере отырып,
- қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру жөнінде бір-біріне құқықтық көмек көрсетуді ұйғарды және осы мақсатпен мыналар туралы келісті:
1-бөлім
Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
1-бап
1. Уағдаласушы Тараптар осы бөлімнің ережелеріне сәйкес тиісті Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдарының юрисдикциясына жататын қылмыстық істер бойынша бір-біріне көмек көрсету жөнінде өздеріне міндеттемелер алады.2. Қылмыстық істер бойынша өзара іс-қимыл іс жүргізу әрекеттерін орындау, құжаттарды жіберу және табыс ету, заттай айғақтарды беру, іс материалдарын жолдау, соттың шешімдерін тану әрі орындау, адамдарды іздестіру сияқты мәселелерді қамтуға тиіс.
Мынадай жағдайларда құқықтық көмек көрсетуден бас тартылуы мүмкін:
1. Егер сұрау салу осындай сұрау салу алған Уағдаласушы Тарап саяси қылмыс ретінде не соған байланысты қылмыс ретінде, не нақты әскери қылмыс ретінде қарап жатқан құқық бұзушылыққа қатысты болса.
2. Егер сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап сұрау салуды орындаған жағдайда өз елінің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне нұқсан келуі мүмкін деп санаса.
1. Сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап 1-баптың 2-тармағының қолданысына жататын қылмыстық іс жасалғандығы туралы мәселеге қатысы бар және сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы жіберген тапсырманы орындау кезінде өзінің ұлттық Заңына сәйкес барлық қажетті ресімдерді атқаруға тиіс.
3. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі куәлар мен сарапшылардың ант қабылдап жауап беруін қалаған жағдайда, егер бұл соңғысының ұлттық заңдарына қайшы келмесе, онда Уағдаласушы Тараптың екіншісі бұл мәселені қабыл алады.
4. Уағдаласушы Тараптардың бірі құжаттардың көшірмелеріне сұрау салған жағдайда, екіншісі оларды табыс ете алады. Егер сұрау салған Уағдаласушы Тарап құжаттардың түпнұсқаларына сұрау салса, бұл жағдайда сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап осы мәселенің шешілуіне жәрдемдеседі.
5. Сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа берілген ақпаратты құзыретті орган сұрау салынған мәселеге ғана пайдалануы тиіс.
2. Құжаттар мен заттай айғақтар екінші Уағдаласушы Тарапқа, егер құжаттар жіберу кезінде өзгеше ескерілмеген болса, қысқа мерзімде қайтарылуға тиіс.
Егер Уағдаласушы Тараптардың бірінің құзыретті органдарының өкілдері екінші Уағдаласушы Тараптың аумағындағы жекелеген іс жүргізу әрекеттерін орындау кезінде қатысуға тілек білдірсе, соңғысы өзі келіскен жағдайда, сұрау салуда көрсетілген іс жүргізудің уақыты мен өтетін жерін хабарлауға тиіс.
1. Уағдаласушы Тараптардың бірінің құзыретті органының құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын, егер бұл тиісті Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келмейтін болса, екінші Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы орындау үшін қабыл алады.
2. Құзыретті органдарға шақыру қажеттілігі туралы жәрдем көрсету жөніндегі сұрау салулар осындай сұрау салуды алатын Уағдаласушы Тарапқа осы адамдардың тиісті құзыретті органға қашан келуі тиіс уақыттың күн тәртібінде көрсетілген мерзімінен кем дегенде екі ай бұрын жіберілуі тиіс.
3. Уағдаласушы Тараптардың бірінің құзыретті органдары, осы Келісім шеңберінде өзінің ресми дипломатиялық және консулдық арналары арқылы екінші Уағдаласушы Тарап аумағында жүрген өзінің азаматтарына құжаттар жібере алады.
1. Егер сұрау салып отырған Уағдаласушы Тарап істі қарау үшін куәгердің немесе сарапшының тікелей өзі келуі аса қажет деп есептесе, екінші Уағдаласушы Тараптың осы аталған адамдарды сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарына баруы қажеттігі туралы хабардар етуі үшін бұл мән-жайлар сұрау салуда көрсетілуге тиіс.
2. Сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап осындай сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа куәгердің немесе сарапшының берген жауабын хабарлауға тиіс. Осы баптың 1-тармағында ескертілгендей жағдайда, сұрау салуда немесе сотқа шақыру қағазында жол шығындары ескеріле отырып, қажетті шығындардың шамамен алғандағы сомасы көрсетілуге тиіс.
3. Сұрау салған Уағдаласушы Тарап қолданылып жүрген өз тарифтері мен нормаларына сәйкес куәгер мен сарапшының тамағына, жатын орнына және бару-қайту жолына кететін шығындарды өтейді.
1. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарының шақыруы бойынша келген куәгерді немесе сарапшыны азаматтығына қарамастан бұрын жасаған қылмысы үшін бас еркінен айыруға, тұтқындауға немесе қуғындауға болмайды.
2. Сұрау салушы Тараптың шақыртуы бойынша келген адам, оның азаматтығына қарамастан осындай сұрау салу алған Уағдаласушы Тараптың аумағына жүріп кеткенге дейін қылмыстық қудалауға тартылмайды.
3. Осы баппен қамтамасыз етіліп отырған жеке басқа қол сұғылмаушылық, егер қылмыс жасады деп сезік тудырып отырған куәгер немесе сарапшы, олардың қатысуы ендігі жерде құзыретті органға қажет болмаған кезде қатарынан он бес күннен көбірек жүріп қалса және олар елден кету мүмкіндігін пайдаланбаса немесе кетіп қалып, алайда артынша осы елдің аумағына қайта оралса, өз күшін тоқтатады.
1. Осы Келісімнің шеңберінде сұрау салынған нақты адамның сотталғандығы туралы мәліметтер қызмет бабында қажет болған жағдайларды бір мемлекет шегіндегі бір құзыретті органның екіншісіне беретін бұл жөніндегі ақпараттар ауқымын мүмкіндігінше қамтуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделгендегіден басқа кез келген жағдайда сұрау салу осындай өтініш алған Уағдаласушы Тараптың ережелеріне немесе қалыптасқан тәжірибесіне сәйкес орындалуға тиіс.
3. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тарапты Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматтарына қатысты шығарылған барлық қылмыстық үкімдер туралы хабардар етіп отыруға тиіс.
Екі елдің Әділет министрліктері осындай ақпаратқа қатысты бір-бірімен кем дегенде жылына бір рет байланыс жасап тұратын болады.
а) сұрау салған мекеменің атауы;
б) сұрау салудың мақсаттары мен себептері;
в) сұрау салуға қатысты адамның азаматтығын растайтын деректер;
г) адамның аты-жөні мен тұратын жері не сол жеке адамның тұрған жерін анықтау үшін қажетті басқа да ақпарат болуға тиіс.
3. Сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарына қылмыстық істі тергеудің нәтижелері туралы хабарлауға, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін жіберуге тиіс.
12-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес, өтініш бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе үкімді орындау үшін өздерінің аумақтарында жүрген адамдарды бір-біріне ұстап беруге міндеттенеді.
1. Уағдаласушы Тараптардың екеуінің де заңдарына сәйкес қылмыс болып табылатын және жасаған қылмыс үшін кемінде бір жылға жазалау көзделетін іс-әрекеттер үшін ұстап беру жүргізіледі.
2. Уағдаласушы Тараптардың екеуінің де заңдарына сәйкес және егер осы адам алты айдан аса мерзімге бас еркінен айрылуға немесе бұдан басқа да ауыр жазаға сотталған болса, осындай қылмыстар үшін ғана үкімді орындау үшін ұстап беру жүзеге асырылады.
3. Егер ұстап беру туралы өтініш бір-біріне байланысты емес бірнеше қылмыстарға қатысты болса, олардың әрқайсысы Уағдаласушы Тараптардың екеуінің де заңдарына сәйкес бас еркінен айыруға әкеліп соғатын болса, бірақ олардың кейбіреулері жоғарыда аталған шарттарға сай келмесе, өтініш алған Тарап осындай қылмыстар үшін ұстап беруге келісім бере алады.
Уағдаласушы Тараптардың бірінің соты белгілеген жазаның түрін екінші Уағдаласушы Тарап өзгерте алмайды.
4. Егер ұстап беру сұралып отырған адамға қатысты сұрау салынған Тараптың аумағында нақ осындай қылмыс үшін үкім шығарылған және ол заңды күшіне енген болса немесе бұл жөнінде іс жүргізу тоқтатылса;
5. Егер ескіру мерзімі салдарынан немесе басқа да заңды негіздер бойынша үкімді орындау мүмкін болмаса, ұстап беру жүргізілмейді.
2. Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы өтініш күзетке алу туралы қаулының куәландырылған көшірмесімен, қылмысты әрекеттің іс жүзіндегі мән-жайлардың сипаттамасымен және қылмысты саралаушы заң нормаларының мәтінімен қоса жіберілуге тиіс.
3. Үкімді жүзеге асыру үшін ұстап беру туралы өтініш заңды күшіне енген үкімнің куәландырылған көшірмесімен, сондай-ақ қылмысты сараптаушы заң нормаларының толық мәтінімен қоса жіберілуге тиіс. Егер сотталған адам жазаның бір бөлігін өткерген болса, онда өткерген мерзімі көрсетіледі.
4. Ұстап беру туралы өтініште ұстап берілуі сұралған адамның азаматтығы туралы мәліметтер және, мүмкіндігінше, сыртқы келбетінің сипаттамасы, оның жеке басына қатысты мәліметтер, тұратын жері туралы ақпарат болуға және суреті мен саусақтарының іздері қоса жіберілуге тиіс.
Егер ұстап беру туралы өтініште барлық қажетті ақпарат болмаса, сұрау салынған Тарап, сұрау салудан бас тартпас бұрын қосымша мәліметтерді талап ете алады. Бұл үшін ол екі айдан аспайтын мерзім белгілей алады, алайда дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімнің ұзартылуы мүмкін.
1. Ұстап беру туралы өтінішті алған бойда сұрау салынған Тарап өтініш жіберілуіне қатысты адамды күзетке алу үшін дереу қажетті шаралар қолданады. Осы Келісімің ережелеріне сәйкес ұстап беруге жол берілмейтін жайлардың бұған қатысы жоқ.
2. Адамды ұстап беру мерзімі белгіленген кезден бастап 30 тәулік өткен соң, егер сұрау салушы Тарап осы мерзім ішінде ұсталған адамды қабылдамаса, сұрау салынған Тарап оны босатып жіберуге құқылы.
3. Адамды уақтылы қабылдап алуға немесе ұстап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар бұл жөнінде осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін бір-біріне хабарлауға тиіс. Бұл орайда Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жаңа мерзім белгілейді.
1. Кешіктіруді көтермейтін жағдайларда Уағдаласушы Тараптардың бірінің құзыретті органдары ұстап беру туралы өтінішті жібергенге дейін адамды уақытша күзетке алу жөнінде өтінім жасай алады.
2. Өтінімде қылмысты әрекеттің іс жүзіндегі мән-жайлары баяндалуға және ұстап беру туралы өтініштің жедел жіберілетіндігі жөнінде хабарлама болуға тиіс. Мұнымен қоса өтінімде осы Келісімнің 15-бабының 2 немесе 3-тармақтарына сәйкес, бұл адамға қатысты қылмыстық қудалау қозғалғандығы немесе сот үкімінің заңды күшіне енгендігі, сондай-ақ мүмкіндігінше бұл адамды сипаттайтын мәліметтер және шамамен оның тұратын жері көрсетілуге тиіс.
3. Уақытша күзетке алу туралы өтінім пошта, телеграф арқылы немесе кез келген өзге әдіспен берілуі мүмкін.
4. Егер өтінім қабылдауға тұрарлықтай болса сұрау салынған Тарап ұстауға қажетті шаралар қолданады. Өтінім қабыл алынбаған жағдайда сұрау салушы Тарап хабардар етіледі.
Егер сұрау салынған Тарап адамды ұстағаннан кейін 40 күн ішінде осы Келісімнің 15-бабында аталған қажетті құжаттарды алмаса, бұл адам күзеттен босатылады.
Егер белгілі бір адамды ұстап беру туралы өтінім бірнеше мемлекеттерден алынса, олардың қайсысының қанағаттандыруға жататыны туралы мәселені сұрау салынған Уағдаласушы Тарап шешеді.
21-бап
Адамды ұстап берумен бірге, Уағдаласушы Тарап өз заңдарына сәйкес мыналарды:
а) заттай айғақтар болуы мүмкін заттарды;
б) ұстап беретін адамның бұл затқа деген меншік құқығын іске асырған жағдайда қылмыстық немесе сол сияқты жолмен алынған мүліктерді, басқа да бағалы заттарды қоса беруді;
в) "б" тармағында аталған мүлікті заңсыз иеленуден, пайдаланудан не оған билік етуден түскен пайданы беруді қамтамасыз етеді.
1. Егер ұстап берілуге тиісті адамға қатысты Уағдаласушы Тараптардың қайсысынан болсын қылмыстық іс қозғалса немесе ол жазаны өтеп жатқан болса, сұрау салынған Тарап басқа Тарапты бұл адамға қатысты өзі қабылдаған шешім туралы хабардар етеді. Оң шешілген жағдайда осы Келісімнің 17-бабының ережелері қолданылады.
2. Сұрау салынған Тарап адамды іс жүргізу әрекеттері аяқталғаннан кейін қайтаруға міндеттенген жағдайда іске қатысы бар мән-жайларды анықтау үшін адамды уақытша ұстап беруі мүмкін.
Ұстап берілетін адам ұстап беру туралы өтініш білдірілген қылмыс үшін ғана жауапқа тартылуы не сотталуы мүмкін. Бұған мына жағдайлар кірмейді:
1. Ұстап беретін Тараптың басқа қылмыс бойынша жауапқа тартуға не соттауға келісім беруі. Бұл жағдайда басқа Уағдаласушы Тарапқа, ұсталатын адамға бұл жөнінде хабарлай отырып, 15-баптың ережелеріне сәйкес өтініш жіберіледі.
2. Егер адам ұстап берілсе және қылмыстық іс тоқтатылған соң немесе ақтаушы үкім шығарылғаннан кейін 45 күннің ішінде аумақтан кетпесе немесе осы елге қайта оралса, оның басқа жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Егер тергеу немесе сотта іс қарау барысында ұстап берілуге тиісті адамның әрекетіне сараптауды өзгерту үшін қажетті жағдайлар туындаса, сұрау салушы Тарап бұл туралы хабарлай отырып қайта сұрау жібереді.
Уағдаласушы Тараптар ұстап берілген адамдарды қылмыстық қудалау нәтижелері туралы бір-біріне өзара ақпарат берісіп отырады.
Уағдаласушы Тараптардың бірі екіншісінің келісімі бойынша немесе бір-бірінің келісімінсіз, бірақ осы Келісімнің 23-бабының 2-тармағын сақтай отырып, ұсталған адамды үшінші мемлекетке бере алады. Бұл үшін үшінші Тараптың ұстап беру туралы өтініш құжаттарының көшірмелері келісімі қажет етілетін Уағдаласушы Тарапқа жіберіледі.
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екінші Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша осы Тарапқа үшінші мемлекет ұстап берген адамдарды өз аумағы арқылы алып өтуге рұқсат береді. Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес ұстап беру міндетті болып табылмайтын жағдайда одан бас тартуы мүмкін.
2. Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары әрбір нақтылы жағдайда алып жүру әдісін, бағытын және басқа да транзиттік өткізу шарттарын келісіп алады.
Егер осы бөлімдегі ережелерде ұстап беру рәсіміне және уақытша күзетке алуға қатысты өзгеше көзделмесе, онда тек сұрау салынған Тараптың заңдары қолданылады.
30-бап
Осы Келісімнің ережелерін орындау үшін жіберілетін құжаттар сұрау салушы құзыретті органның қойған қолымен және мөрімен куәландырылады.
Осы Келісім бойынша жасалатын қатынастар, әдетте, Уағдаласушы Тараптардың Әділет министрліктері арқылы жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда дипломатиялық немесе консулдық арналар пайдаланылуы мүмкін.
Сұрау салу, өтініштер, өтінімдер және өзге де құжаттар сұрау салынған Тараптың тілінде куәландырылған аударма түрінде берілуге тиіс.
Сұрау салынған Тараптың тіліне аудару қиын болған жағдайда ағылшын тілі пайдаланылады.
Жіберілетін құжаттар екі дана болып жасалады.
Егер осы Келісімнің сұрау салынған Тарабы осы Келісімнің қандай да бір талаптарын орындауға мүмкіндігі болмаса не толық немесе ішінара бас тартса сұрау салушы Тарапқа бас тартуының себептерін көрсете отырып шұғыл түрде хабарлауға және сұрау салу жөніндегі құжаттарды кері қайтаруға тиіс.
Сұрау салу кезінде Уағдаласушы Тараптар өздерінің заңдары, құқықтық жүйесі және сот практикасы жөнінде ақпарат алмасуға тиіс.
Осы Келісім бойынша пікір алшақтығы туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оларды дипломатиялық арналар арқылы шешеді.
Осы Келісім бекітілуге жатады және Анкара қаласында өтетін бекіту грамоталарымен алмасудан кейін 30 күн өткенде күшіне енеді.
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалды. Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы оның күшін бұза алады, бұл жөнінде екінші Уағдаласушы Тарап хабардар етіледі.
Мұндай жағдайда Келісім өзінің күшін жойған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысын тоқтатады.
Осыны куәландыру үшін Уағдаласушы Тараптардың өкілетті өкілдері осы Келісімге қол қойды.
Осы Келісім Алматы қаласында 1995 жылғы 15 тамызда әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, бұл орайда барлық мәтіндердің күші бірдей болады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру барысында пікір алшақтығы туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Түрік Республикасы
үшін үшін