Шолпан-Атада 1997 жылғы 24 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қолдауындағы Орталық Азия батальоны әскери қызметшілерінің мәртебесі туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қолдауындағы Орталық Азиялық батальон әскери қызметшілерiнiң мәртебесi туралы Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелерi бола отырып; халықаралық қоғамдастықтың дүние жүзiнде бейбiтшiлiктi сақтау жөнiндегi жауапкершiлiгiне ортақтаса отырып;
Орталық Азиялық батальонның (бұдан былай Ортазбат) бөлiмшелерi уағдаластық бойынша Тараптардың бiрiнiң аумағына жiберiлуi немесе орналастырылуы мүмкiн екендiгiн ескере отырып;
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қолдауымен ұжымдық бiтiмгерлiк батальонды ұйымдастыру мен құру туралы 1995 жылғы 15 желтоқсандағы Келiсiм ережелерiн және Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесiнiң 1997 жылғы 10 қаңтардағы шешiмiмен бекiтiлген БҰҰ қолдауындағы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының бiтiмгерлiк батальоны туралы Ереженi ескере отырып;
Ортазбат әскери қызметшiлерiнiң Тараптардың бiрiнiң аумағында болған кездегi мәртебесiн белгiлеуге ниет бiлдiре отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Ортазбат жеке құрамы БҰҰ Бас Ассамблеясы 1946 жылы 13 ақпанда қабылдаған Бiрiккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенцияға, БҰҰ қауiпсiздiгi туралы 1994 жылғы 9 желтоқсандағы Конвенцияға, сондай-ақ Тараптардың Мемлекетаралық Кеңесінiң тиiстi
Шешiмдерi мен Келiсiмдерiнің ережелерiне сәйкес БҰҰ-ң персоналына бiтiмгерлiк операцияларды өткiзу кезiнде берiлетiн мәртебенi, артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады. 2-бап Осы Келiсiмде қолданылатын төмендегi терминдер мынадай ұғымды бiлдiредi: а/ әскери қызметшiлер - Тараптардың бiрiнiң аумағында жүрген Ортазбат жеке құрамы; б/ азаматтық персонал - Ортазбат бөлiмшелерiмен бiрге жүретiн және Тараптардың азаматтары болып табылатын азаматтық тұлғалар; в/ отбасы мүшелерi - әскери қызметшiлер мен азаматтық персоналдың жұбайлары мен балалары; г/ Жiберушi мемлекет - әскери қызметшiлер мен азаматтық персоналды жiберушi Тарап; д/ Қабылдаушы мемлекет - аумағында Ортазбат бөлiмшелерi орналастырылатын және бiтiмгерлiк операцияларға дайындық жөнiндегі шаралар өткiзiлетiн Тарап. 3-бап
Тараптардың әскери қызметшiлерi, олардың азаматтық персоналы мен отбасы мүшелерi Қабылдаушы мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын сақтауға, осы елдiң әдет-ғұрпы мен салтын құрметтеуге осы Келiсiмнiң ережелерiмен сыйыспайтын кез келген iс-әрекеттен бас тартуға мiндеттi.
4-бап
1. Қабылдаушы мемлекеттiң аумағына әскери қызметшiлердi, сондай-ақ азаматтық персоналды енгiзген немесе оның аумағынан шығарған кезде оларға визалық және төлқұжат жөнiндегi талаптар, сондай-ақ шетел азаматтарын тiркеу мен бақылау ережелерi қолданылмайды.
2. Әскери қызметшiлер:
а/ жеке басын куәландыратын құжатты;
б/ Қорғаныс министрлерi Кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Жiберушi мемлекеттiң Қорғаныс министрлiгi берген жеке адамның немесе әскери қызметшiлер тобының мәртебесiн куәландыратын жеке немесе топ болып жүруге рұхсат беретiн орыс тiлiндегi бұйрықты өздерiмен бiрге алып жүруi керек.
3. Отбасы мүшелерiнiң мәртебесi олардың төл құжатында тиiстi түрде көрсетiлуi керек.
4. Егер әскери қызметшiлер немесе азаматтық персонал қызметтен босатылатын болса, Жiберушi мемлекет тез арада Қабылдаушы мемлекеттiң тиiстi органдарын бұл жайлы хабардар етуi керек.
5. Егер Қабылдаушы мемлекет әз аумағынан өзiнiң азаматтары болып табылмайтын әскери қызметшiлердi немесе азаматтық персоналды немесе олардың отбасы мүшелерiн шығаруды талап етсе, Жiберушi мемлекет осы талаптың орындалуы үшiн жауапты болады.
5-бап
Қабылдаушы мемлекет Жiберушi мемлекет берген автомобильдi жүргiзу құқын беретiн куәлiктiң күшi бар екендiгiн мойындауға мiндеттенедi.
6-бап
1. Әскери қызметшiлер мемлекеттiк шекараны кесiп өткен кезде және Қабылдаушы мемлекеттiң аумағында қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде Ортазбат және БҰҰ бiтiмгерлiк күштерiнiң айырым белгiлерi бар нысанды киiмдерiн киедi.
2. Ортазбат немесе азаматтық персоналдың штаттық көлiк құралдарының өздерiнiң тiркеу нөмiрлерiне қоса, олардың мемлекетке тиiстiлiгiн көрсететiн айырым белгiлерi болуы керек.
3. Әскери қызметшiлер, егер өзiнiң әскери қолбасшылығының тиiстi бұйрығы және Қабылдаушы мемлекеттiң рұқсаты болса, өздерiмен бiрге қару алып жүре алады.
7-бап
1. Әскери қызметшiлер, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерi Қабылдаушы мемлекеттiң аумағында қылмыстық iс жасаған жағдайда сол мемлекеттің қылмыстық сот жүргiзу талаптарына сәйкес жауап бередi.
2. Жiберушi мемлекет өз мемлекетiнiң азаматтары болып табылатын әскери қызметшiлерге, азаматтық персоналға және олардың отбасы мүшелерiне қатысты, егер олар оның заңы бойынша жазаланатын қылмыстық iс жасаса, Қабылдаушы мемлекеттiң аумағында қылмыстық сот жүргiзу құқы болады.
3. Егер әскери қызметшiлер, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерi жасаған қылмыстық iс екi мемлекеттiң де сот жүргізу органдарымен қаралса, онда Жіберуші мемлекет өздерiнiң азаматтарына қатысты олар Жiберушi мемлекеттiң меншiгiне немесе қауiпсiздiгiне қарсы және Жiберушi мемлекеттiң азаматтары болып табылатын әскери қызметшiлердiң, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерiнiң меншiгіне өмiрi мен денсаулығына қарсы қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық iс жүргiзу басымдылық құқына ие болады.
4. Барлық басқа жағдайларда Қабылдаушы мемлекеттiң сот жүргiзу басымдылық құқы бар.
8-бап
Қабылдаушы мемлекет пен Жiберушi мемлекет қылмыс жасаған әскери қызметшiлердi, азаматтық персоналды және олардың отбасы мүшелерiн ұстау және оларды жасаған қылмысы үшiн өздерi жауапты болатын Тарапқа беру кезiнде бiр-бiрiне көмек көрсетедi; бұл ретте Қабылдаушы мемлекет Жiберушi мемлекеттiң азаматтары болып табылатын әскери қызметшiлердi, азаматтық персоналды немесе олардың отбасы мүшелерiн ұстау жөнiнде Жiберушi мемлекеттiң тиiстi органдарын хабардар етедi.
9-бап
Тараптардың әрқайсысы кез-келген өзiне тиесілi және өзiнiң қарулы күштерi пайдаланатын меншiкке келтiрiлген залалға қатысты, егер мұндай залалды басқа Тараптардың азаматтары болып табылатын әскери қызметшiлер осы Келiсiмдi орындауға байланысты өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде келтiрсе, басқа Тарапқа қарсы талап қою құқынан бас тартады.
Жеке меншiкке келтiрiлген залал жағдайында, осы баптың бiрiншi
бөлiгiнде көрсетiлгеннен басқа, жауапкершiлiк жөнiндегi мәселе азаматтық-құқықтық тәртiбiмен шешiледi. 10-бап Әскери қызметшiлердiң, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерiнiң Қабылдаушы мемлекет Қарулы Күштерiнiң жеке құрамына тең жағдайда медициналық көмек алу құқы бар. 11-бап
Әскери қызметшiлер, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерi Қабылдаушы мемлекеттiң аумағында барлық салық түрлерiнен босатылады.
12-бап
Әскери қызметшiлер Қабылдаушы мемлекет аумағына және оның аумағынан өздерiне қызмет мақсатында пайдалану үшiн қажеттi қызмет көлiк құралдарын, жабдықтарды алымсыз алып жүре алады. Әскери қызметшiлер, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерi Қабылдаушы мемлекеттiң аумағына Ортазбат бөлiмшелерiнiң тұрақты орналасқан орнына өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындау үшiн алғаш келген мезеттен бастап алып келген жеке заттарын, жиhаздарын және көлiк құралдарын, оларды бөлектеуден басқа жағдайларда, алымсыз алып келу немесе алып кету құқы бар.
13-бап
Осы Келiсiмнiң отбасы мүшелерiне қатысты ережелерi Ортазбат бөлiмшелерi тұрақты орынға орналасқаннан кейiн күшiне енедi.
14-бап
Тараптар осы Келiсiмге өзара уағдаластық бойынша тиiстi Хаттамалармен ресiмделетiн толықтырулар мен өзгертулер енгiзе алады.
Толықтырулар мен өзгертулер Тараптар қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларды орындап болғаннан кейiн күшiне енедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Келiсiмде көрсетiлмеген жағдайларда БҰҰ қолдауындағы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының бiтiмгерлiк батальоны туралы 1997 жылғы 10 қаңтардағы Ереже қолданылады.
15-бап
Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың тиiстi iшкi мемлекеттiк процедураларды орындағаны жайлы бiр-бiрiн хабардар еткен кезден бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм Тараптардың бiрi басқа екi Тарапты оның күшiн жою туралы өзiнiң тiлегiн жазбаша мәлiмдеген күннен бастап алты ай өткенен кейiн өз күшiн жояды.
Келiсiм, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен
Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қолдауындағы ұжымдық бiтiмгерлiк батальонды ұйымдастыру мен құру туралы 1995 жылғы 15 желтоқсандағы Келiсiмнiң күшi жойылған күннен бастап өз күшiн жояды. Чолпан-Ата қаласында 1997 жылғы 24 шiлдеде бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа данасы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесiнiң Атқарушы комитетiнде сақталады және ол әрбiр қатысушы-мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi. Қазақстан Қырғыз Өзбекстан Республикасы үшін Республикасы үшін Республикасы үшін "Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қолдауындағы Орталық Азиялық батальон әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы келiсiмнiң" мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнiң аудармасы бойынша Қорытынды
Келiсiм мемлекеттiк тiлге бiршама жатық аударылған. Ойға ұғымды, жеңiл оқылады. Дегенмен, оның кейбiр баптарында назар аударуды қажет ететiн тұстар да жоқ емес. Атап айтқанда, Келiсiмнiң атауындағы "Соглашение" деген сөз аударылмай кеткен. 4-бапта "по визовому и паспортному контролю" деген тiркес "визалық және төлқүжат жөнiндегi талаптар" деп аударылып, төлқұжат бақылауы жөнiндегi ұғым ашылмай қалған. 6-баптағы "должны ... носить форменную одежду" деген тiркес "нысанды киiмдерiн киедi" деп аударылғаннан гөрi "нысанды киiмдерiн киюi тиiс" деген сияқты бұйрық райда аударылса мазмұнды дәлiрек берер едi.
7-бапта "уголовную юрисдикцию" деген сөздер "қылмыстық сот жүргiзу" деп аударылған. Бiрiншiден, реттi жерлерде "юрисдикция" терминiнiң аударылмай сол күйiнде алынып жүргені, екiншiден, жалпы "сот жүргiзу" емес "сот iсiн жүргiзу" делiнетiнi белгiлi.
Сол сияқты аударылмай қалған жерлер де бар (мысалы, 9-баптың соңғы үшiншi абзацы). 14-бапта "изменения" деген сөз "өзгерiстер" емес "өзгертулер" деп аударылған да, "процедураларды" деген сөздiң қалыптасқан "рәсiмдердi" деген аудармасы бар екендiгi ескерiлмеген. Аталған ескертулер Келiсiмнiң аударма сапасына елеулi нұқсан келтiрмейдi. Сондықтан құжаттың мемлекеттiк тiлдегi нұсқасын депутаттардың назарына ұсынуға болады деп есептеймiз. Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.