Қазақстан Республикасы мен Жапонияның халықаралық экономикалық
ынтымақтастық қоры арасындағы Заем туралы I998 жылғы 24
желтоқсандағы N КАZ-Р3 келiсiм
Экономиканы тұрақтандыруға жәрдемдесу мақсатында және Қазақстан
Республикасын дамыту жөнiнде күш-жiгерi арқасында Жапония беретiн заемға қатысты Жапония үкiметi меН Қазақстан Республикасының үкiметi арасындағы ноталар алмасудың мазмұнына сәйкес Қазақстан Республикасы (бұдан әрi "Қарызгер" деп аталады) мен Халықаралық ынтымақтастық қоры (бұдан әрi "Қор" деп аталады) осы арқылы төмендегi Заем туралы келiсiмдi (бұдан әрi осы Келiсiмдi толықтыратын барлық келiсiмдердi қамтитын "Заем туралы келiсiм" деп аталады) жасасады. 1-бап. Заем. 1-бөлiм. Заемның сомасы мен мақсаты.
Қор осы Келiсiмге 1-қосымшада айтылып отырған "Астана қаласындағы Халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады), Заем туралы келiсiмде баяндалған шарттар мен ережелер негiзiнде және Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтiк актiлерiне сәйкес орындау үшiн Заемның (бұдан әрi "Заем" деп аталады) негiзгі сомасы ретiнде Қарызгерге жиырма екі миллиард жүз жиырма екі миллион жапон иенасы (Ұ 22,122,000,000) мөлшерiнде заем беруге келiседi - алайда Заем қаражаты төлемдерiнiң жиынтық сомасы Заем туралы келiсiмге сәйкес аталмыш шекке жеткен жағдайда қор одан әрi төлем төлемейтiн шарт қояды.
2-бөлім.
Заем қаражатын пайдалану.
(1) Қарызгер Заем қаражатының осы Келiсiмге 2-қосымшада айтылып отырған Заем қаражатын бөлуге сәйкес, Жобаны орындау үшiн қажет лайықты тауарлар мен қызметтердi осы Келiсiмге 4-қосымшада айтылып отырған қолайлы бастау-елдердегi (бұдан әрi "Қолайлы бастау-елдер" деп аталады) жеткiзушiлерден, мердiгерлерден немесе кеңесшiлерден (бұдан әрi
бiрге "жеткiзушi(лер) деп аталады) сатып алу үшiн пайдаланылуын қамтамасыз етедi. (2) Заем қаражатының ақырғы төлемi Заем туралы келiсiмге сәйкес Заем туралы Келiсiм күшiне енген күннен кейiн бес (5) жыл өткен соң сол күн мен айдан кешiктiрiлмей төленедi және бұдан кейiн, Қор мен Қарызгердiң арасында басқа жәйiт көзделмесе, Қор ешқандай төлем төлемейдi. 2-тарау. Өтеу және проценттер 1-бөлiм. Заемның негізгі сомасын өтеу
Қарызгер Қорға Заемның негiзгi сомасын осы Келiсiмге 3-қосымшада келтiрiлген Заемды бiрте-бiрте өтеу кестесiне сәйкес қайтарады.
2-бөлiм.
Проценттер және оларды төлеу әдiсi
(1) Қарызгер Қорға әрбiр жарты жыл өткен бойда төлем төленетiн және ол бойынша төлем төлеуге ұсынылмаған сомасы бар төмендегідей негiзгi сома бойынша (бұдан әрi "Негiзгi сома (1)" деп аталады) жылына екi бүтiн оннан екi (2.2 %) процентті құрайтын ставка бойынша төлейдi:
(а) Заем қаражатынан төлем төленетiн, (А) Санатына жатқызылып бөлiнген (осы Келісiмге 2-қосымшаның 1-бөлiмiнде қарастырылғанындай) негізгi сома;
(b) Заем қаражатынан төлем төленетiн қызметтер үшiн алым жоғарыда келтiрiлген (1) (а) тармақшаға сәйкес төлемге қатысты тұрғыдан;
(с) (С) Санатынан қайта бөлiнген (осы Келiсiмге 2-қосымшаның 1-бөлiмiнде қарастырылғанындай) және төлем (1) iшкi бөлiмнің (а) немесе (b) тармақшаларына қатысты тұрғыдан төленетiн кез-келген негiзгi сома;
(2) Қарызгер әр жарты жыл өткен бойда Қорға төменде айтылып отырған санаттарға сай келетiн, төлемi төленетiн және ол бойынша төлем төлеуге ұсынылмаған мынадай сомалары бар негiзгi сома бойынша ("Негiзгi сома (||)" деп аталады) жылына бiр проценттiң төрттен үш бөлiгiн (3/4 1 %) құрайтын ставка бойынша процент төлейдi:
(а) Заем қаражатынан төлем төленетiн, (В) Санатына жатқызылып бөлiнген (осы Келiсiмге 2-қосымшаның 1-бөлiмiнде қарастырылғанындай) негізгi сома;
(b) Заем қаражатынан төлем төленетiн қызметтер үшiн алым жоғарыда келтiрiлген (2) (а) тармақшаға сәйкес төлемге қатысты тұрғыдан;
(с) (С) Санатынан қайта бөлiнген (осы Келiсiмге 2-қосымшаның 1-бөлiмiнде қарастырылғанындай) және төлем (2) iшкi бөлімнің (а) немесе (b) тармақшаларына қатысты тұрғыдан төленетiн кез-келген негiзгi сома;
(3) Қарызгер Қорға әр жылдың 20 желтоқсанында осы жылдың
20 маусымынан бастап 19 желтоқсанға дейiн жиналған процентті және әр жылдың 20 маусымында өткен жылдың 20 желтоқсанынан бастап жиналған процентті төлейдi - заем қаражатының ақырғы төлемi төленетiн күнге дейiн Қарызгердiң Қорға әр жылдың 20 қаңтарында 19 желтоқсанға дейiн жиналған проценттi және 20 маусымда өткен жылдың 20 желтоқсанынан бастап осы жылдың 19 маусымына дейiн жиналған процентті төлеуi шарты қойылады. 3-тарау Келісімнің ерекше шарттары 1-бөлім Жалпы шарттар мен ережелер
Әдетте Заем туралы Келiсiмге қолданылатын басқа шарттар мен ережелер Қордың Жалпы шарттары мен ережелерiнде (1987 жылғы қараша) мынадай қосымша тармақтармен (бұдан әрi "Жалпы шарттар мен ережелер") баяндалады:
(1) "Негiзгi сома" деген термин әр жолы Жалпы шарттар мен ережелерде қолданылған кезде "Негiзгi сома (|) және негiзгi сома (||)" деген терминмен ауыстырылады.
(2) Қарызгер төлемақыны белгiлi бiр берешекке жатқызу тәртiбiн көрсетпей, негiзгi соманы өтеген немесе проценттер мен басқа да алымдарды төлеген жағдайда Қор оларды Негiзгi сомаға (|) немесе Негiзгi сомаға (||) жататын негiзгi сома, проценттер немесе басқадай алымдар арасына жатқызу тәртiбi туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
(3) Жалпы шарттар мен ережелердiң 3.05-бөлiмi мынадай ережемен ауыстырылады:
"Егер негiзгi соманы өтеу немесе Заем туралы Келiсiмге сәйкес проценттер мен басқадай алымдарды төлеу мерзiмi кешiктiрiлген болса, негiзгi соманың мұндай кешiктiрiлген төлемдерi бойынша 3.03-бөлiмде айтылған проценттердi есептеу төлемақы төлеу мерзiмi ретiнде белгiленген күннен кейiн тоқтатылады. Бұған қоса; төлемақы төлеу мерзiмiнiң кешiктiрiлгенi үшiн жылына екi процентті (2 %) құрайтын құрайтын проценттік ставка бойынша есептелетiн алым Заем туралы
Келiсiмде көрсетiлетiн проценттік ставкадан көп және жоғары мөлшердегi алым мерзiмi кешіктiрiлген сома бойынша негiзгi сома, проценттер немесе кезеңдегi басқадай алым бойынша олардың нақты төленген күнiнiң тiкелей алдындағы күнiнен бастап сол күндi қоса есептеп төленуге тиiс". (4) Жалпы шарттар мен ережелердiң 3.07-бөлiмi мынадай ережемен ауыстырылады: 3.07-бөлім Төлем әдісі Қарызгер негiзгi соманың барлық төлемдерiнiң сомасын және Заем бойынша мынаған проценттер мен басқадай алымдарды: Мitsubishi, Ltd Bank of Tokio Токио банкi - Мицубиси - Жауапкершiлiгi шектеулi акционерлiк қоғам Uchisaiwai-cho Office Учисиваи-чо офисi Tokyo Токио Japan Жапония Қор Заемы шотының кредитiне жатқызады. (5) Жалпы шарттар мен ережелердiң VII бабы ескерiлмейдi және - осыған орай - "Кепiлдiкке" немесе "Кепiлгерге" жасалған барлық сiлтемелер әр жолы Жалпы шарттар мен ережелерде қолдану кезiнде де ескерiлмейдi. (6) Өзара шарт қордың қаржыландыруы үшiн қолайлы екенi айқындалғаннан кейiн Қор Жеткiзушiнiң әулетесiмi мен есiмiн (атауын) қор мүмкiн. 2-тарау. Тауарлар мен қызметтердi сатып алу рәсiмi
Осы Келiсiмге 4-қосымшада ұсынылып отырған Тауарлар мен қызметтердi сатып алу рәсiмiнде ескертiлетiн тәртiптер Жалпы шарттар мен ережелердiң 4.01-бөлiмiнде айтылатын тауарлар мен қызметтердi сатып алу және кеңесшiлердi жалдау ережелерi болып табылады.
3-бөлiм
Заем қаражатын төлеу ережелерi
Жалпы шарттар мен ережелердiң 5.01-бөлiмiнде айтылған Заем қаражатын төлеу рәсiмi мынадай:
(1) Осы Келiсiмге 5-қосымшада айтылған Мiндеттемемен байланысты рәсiм Қазақстан Республикасынан өзге қолайлы бастау-елде(рде)гi Жеткiзушi(лер)ге Заем қаражатын өзара шарттың мәлiмделген бөлiгiне қатысты тұрғыда Қазақстан Республикасының валютасынан өзге валютамен төленген жағдайда қолданылады.
(2) Осы Келiсiмге 6-қосымшада айтылған тиiстi соманы қайтару рәсiмi Қазақстан Республикасының Жеткiзуші(лерi)не және Қазақстан Республикасынан өзге қолайлы бастау-елде(рде)гi Жеткiзушi(лер)ге төленетiн төлемдер төленген жағдайда өзара шарттың Қазақстан Республикасының валютасымен төлеу мәлiмделген бөлiгіне қатысты тұрғыда қолданылады.
4-бөлiм
Заемды басқару
(1) Қарызгер "Астана қаласындағы Халықаралық әуежайға" (бұдан әрi "Атқарушы-ұйым" деп аталады) Жобаны Заем туралы Келiсiмге сәйкес орындауға уәкiлеттік бередi.
(2) Көлiк және коммуникаңиялар министрлiгі Атқарушы-ұйымның қызметiн қадағалайды.
(3) Қарызгер Жобаны орындау үшiн Атқарушы-ұйымның кеңесшiлер жалдауын қамтамасыз етедi.
(4) Егер Заем сомасынан берiлетiн қаражат Жобаны орындау үшiн жеткiлiксiз болса, Қарызгер Атқарушы-ұйымның қажет болып отырған соманың берiлуi жөнiнде дереу шаралар қолдануын қамтамасыз етедi.
(5) Қарызгер заем қаражатынан - Атқарушы-ұйымға Жобаны орындау үшiн заем(дар) (бұдан әрi "Қосалқы заем" деп аталады) бере алады. Қосалқы заемның шарттары Қор үшiн қолайлы болуға тиiс.
(6) Қарызгер Атқарушы-ұйымның Жобаның орындалу барысы туралы жоба аяқталғанға дейiн тоқсан сайын (әр жылдың қаңтарында, сәуiрiнде, маусымында және қазанында) Қор негiзделген үлгiде сұрау салуы мүмкiн нысанда және егжей-тегжейлердi баяндай отырып есеп беруiн қамтамасыз етедi.
(7) Қарызгер Жоба аяқталғаннан кейiн алты (6) айдан кешiктiрмей дереу Атқарушы-ұйымның Қорға Қор негiзделген тұрпатта сұратуы мүмкiн нысанда және егжей-тегжейлердi баяндай отырып есеп берiп отыруын қамтамасыз етедi.
(8) Қарызгер Жобамен байланысы кез-келген қажетті объектілердің пайдаланылуын және оларға техникалық күтім жасалуын тұрақты негізде жүзеге асырады немесе олардың пайдаланылуы мен техникалық күтімін қамтамасыз етедi немесе оларда барлық қажетті жөндеу жұмыстарының жүргізілуін және олардың жаңартылуын қамтамасыз етеді.
(9) Қарызгер әрбір қаржы жылы аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірмей халықаралық бухгалтерлік стандарттарға сәйкес үшінші тарап аудиторының Атқарушы-ұйымның қаржы жағдайына қатысты аудит жүргізуі туралы есеп береді немесе Атқарушы-ұйымның есеп беруін қамтамасыз етеді.
(10) Қарызгер Қорға Атқарушы-ұйымның жекешелендірілуіне байланысты жағдай туралы оның ресми шешілуіне дейін хабарлайды немесе Атқарушы-ұйымның хабарлауын қамтамасыз етеді. 5-бөлім Хабарлау және сұрау салу Жалпы шарттар мен ережелердің 9.03-бөлімінің мақсаттары үшін мына мекен-жайлар көрсетіледі: Қордың мекен-жайы Postal аddrеss: Пошта мекен-жайы: Overseas Economic Халықаралық ынтымақтастық Cooperation Fund Қоры Takebashi Godo Вuilding, 4-1, Такебаши Годо Билдинг. 4-1 Ohtemachi 1-chome Отемачи 1-чоум Сhiуоdа-кu, Чиодо-ку, Tokyo 100-0004, Токио 100-0004 Japan Жапония Аttеntiоn: Назар салсын: Managing Dirекtоr, Өкімгер-Директор Operations Department III ІІІ операцияларды жүзеге асыру жөніндегі бөлім Cable аddrеss: Телеграф мекен-жайы: Cooperationfund Cooperationfund Tokyo Токио Теlех: Телекс: (1) Call Nuмbеr: (1) Шақыру нөмірі: J28360 J28360 Answer Back Соdе: Автожауап коды: Coopfund J28430 Coopfund J28430 (2) Call Nuмbеr: Шақыру нөмірі J28430 J28430 Answer Back Соdе: Автожауап коды Coopfund J28430 Coopfund J28430 Қарызгердің мекен-жайы: Postal Аddrеss: Пошта мекен-жайы: Ministry of Finance Қаржы министрлігі Republic of Kazakhstan Қазақстан Республикасы 60, Republic Sqr, 60, Республика даңғылы, Аstаnа, 430000 Астана, 473000 Republic of Kazakhstan Қазақстан Республикасы Аttеntiоn: Назар салсын: Minister of Finance Қаржы министрлігі Атқарушы-ұйымның мекен-жайы: Postal аddrеss: Internftional Astana Airport Астана қаласындағы Халықаралық әуежай Аstаnа, 473026 Астана, 473026 Аirроrt, Әуежай Post box 553 553-абонементтік пошта жәшігі Republic of Kazakhstan Қазақстан Республикасы Аttеntiоn: Назар салсын: General Director Бас директор
Жоғарыда аталған мекен-жайлар және/немесе әулетесімдер мен
есімдер (атаулар) өзгерген жағдайда мұндай жағдайда айтылатын тарап жаңа мекен-жайлар және/немесе әлеутесімдер мен есімдер (атаулар) туралы басқа тарапқа жазбаша түрде дереу хабарлайды. Осыны куәландыру үшін өздерінің тиісті уәкілетті өкілдері арқылы әрекет етуші Қор мен Қарызгер Ынтымақтастық Қорының Чиодо-ку, Токио, Жапония офисінде жоғарыда басында көрсетілген жыл мен күні Заем туралы Келісімнің өздерінің атынан жасасылуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді. Халықаралық Қазақстан Республикасы Ынтымақтастық қоры үшін үшін Киосуке Шинозава Тілеухан Қабдірахманов Президент Төтенше және Басқарма Кеңесінің Төрағасы Өкілетті Елші 1-Қосымша Жобаның сипаттамасы Жоба туралы қысқаша мәліметтер (1) Мақсаты: Пайдалану кезінде қауіпсіздік нормаларымен сәйкес келтіру және әуе тасымалымен байланысты көбейе түскен сұранымды қанағаттандыру үшін Астана қаласындағы аэропорт объектілерін жетілдіру. (2) Жобаның орындалатын жері: Астана қаласы (3) Атқарушы-ұйым Астана қаласындағы Халықаралық әуежай (4) Жұмыстардың көлемі: (а) Әуежайдың қазіргі инфрақұрылымы мен объектілерін қайта жаңарту; (b) Жабдықтар жеткізу және объектілер салу; (с) Кеңес беру қызметтері. Заем қаражаты (а), (b) және (с) айқындамаларына қатысты беріледі. Жоғарыда көрсетілген айқындамалардың балансындағы кез-келген қалдықты және басқа айқындамаларды Қарызгер қаржыландыруға тиіс. 2-бөлім Төменде аталмыш жылы бағалауға сәйкес талап етілетін қаражаттың сомасы көрсетіліп отыр. Қаржы жылы Заемға қатысты Жобаға қатысты (қаңтар-желтоқсаны (миллион (миллион жапон иенасымен) жапон иенасымен) 1997 0 2,942 1998 0 0 2-қосымша Заем қаражатын бөлу 1-тарау. Санаттар бойынша бөлу Санат Бөлінетін заем сомасы Қаржыландырылатын (миллион) шығын % есебімен жапон иенасымен) (А) Құрылыс 18,823 100 жұмыстары (В) Кеңес беру 1,417 100 қызметтері (С) Тосын шығындар 1,882 - Жиыны 22,122 Ескерту: Қаржыландыруға жатпайтын айқындамалар төменде көрсетіліп отыр. (а) Жалпы әкімшілік шығындар; (b) Салықтар мен баждар; (с) жер мен өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу; (d) Өтемақы (d) Өзгедей жанама айқындамалар. Әрбір санат бойынша заем қаражатынан төленетін төлемдерге қатысты төленетін сома, Қор мен Қарызгер өзге жәйітті келіспеген болса, орынды шығындардың осы Бөлімде айтылатын проценттік қатынасын көрсететін санға көбейтілген жалпы сомадан есептеледі. 1999 304 322 2000 4,116 4,283 2001 9,455 9,694 2002 8,247 8,436 Жиыны 22,112 25,677 (Айырбастау бағамы: 1 американ доллары = 125,34 жапон иенасы) Заем қаражаты жапония Үкіметінің Қорға арнап жыл сайын бөлінетін қаржысы шегінде төленеді. 3-тарау. Жобаны 2002 жылдың қаңтарына аяқтау жорамалданып отыр. 2-бөлiм. Шығындарды бағалауда өзгерiстер болған жағдайда заем қаражатын қайта бөлу
(1) Егер (А) және/немесе (В) санаттарының қайсыбiрiне енгiзiлген айқындамалар бойынша бағалауда құн азайса, онда осы жағдай бойынша бөлiнген және осы Санатқа қатысты ендi қажетi болмайтын соманы Қор қайта бөлiп, оны (С) Санатына жатқызады.
(2) Егер (А) және/немесе (В) санаттарының қайсыбiрiне енгiзiлген
айқындамалар бойынша бағалауда құн көбейсе, онда Заем қаражатынан қаржыландырылатын осындай көбею бөлiгiне тең сома, егер осындай бөлiк орын алса, Қарызгердiң өтiнiшi бойынша бөлiнiп, Қор басқа Санаттардағы айқындамалар бойынша шығындарға қатысты тұрғыда айқындайтынындай, тосын шығындарға қатысты талаптарды ескере отырып, санаттардың iшiндегi осындай Санатқа жатқызылады. 3-қосымша Заемды бірте-бірте өтеу кестесі 1. Негізгі соманы (І) өтеу Мінедеттемені өтеу мерзімі Сома (жапон иенасымен) 2008 жылдың 20 желтоқсанынан 505,000,000 бастап 2028 жылдың 20 желтоқсанына дейін қоса әр жылдың 20 желтоқсаны мен 20 маусымы 2. Негізгі соманы (ІІ) өтеу Міндеттемені өтеу мерзімі Сома (жапон иенасымен) 2008 жылдың 20 желтоқсаны 23,260,000 2008 жылдың 20 маусымынан бастап 2038 жылдың 20 желтоқсанына дейін қоса әр жылдың 20 желтоқсаны мен 20 маусымы 23,229,000 4-қосымша Тауарлар мен қызметтердi сатып алу рәсiмi 1-бөлiм. Заем қаражатынан тауарлар мен қызметтердi сатып алу кезiндегi сақталуға тиiс тәртiптер
(1) Тауарлар мен қызметтердi - кеңес беру қызметтерiнен басқа - Заем қаражатынан қаржыландырылатын сатып алу оларды шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық ұйымының заем қаражатынан сатып алу тәртiптерiне (1997 жылғы желтоқсан) (бұдан әрi "Тауарлар мен
қызметтердi сатып алу тәртiптерi" деп аталады) сәйкес жүзеге асырылады. (2) Қызметтерiне ақы заем қаражатынан төленетін кеңесшiлердi жалдау Қарызгерлердiң, шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық ұйымының кеңесшiлердi жалдау тәртiптерiне (1997 жылғы желтоқсан) (бұдан әрi "Кеңесшiлердi жалдау тәртiптерi" деп аталады) сәйкес жүргiзiледi. 2-бөлiм Қолайлы бастау-елдер Барлық елдер мен аймақтар кеңес берудi қоса Заем қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен барлық қызметтердi сатып алу үшiн қолайлы бастау-ел болып табылады. 3-бөлiм Қордың тауарлар мен қызметтердi (кеңес беру қызметтерiнен басқа) сатып алуға қатысты шешiмдердi қарауы
Осы Келiсiмге 2-қосымшаның 1-бөлiмiнде айтылғанындай, (А) санатына жатқызылып бөлiнген 3аем қаражатынан қаржыландырылатын өзара шарттар туралы әңгiме қозғалған жағдайда Жалпы шарттар мен ережелердiң 4.02-бөлiмiне сәйкес мынадай тәртiптер Қордың қарап, мақұлдауына ұсынылады. Бұл өзара шарттар жөнiнде екi конверттен тұратын сауда-саттық тәртiбi қабылдануы мүмкiн, ол тәртiп Тауарлар мен қызметтердi сатып алу тәртiптерiнiң 2.03 (b) тармағында қарастырылады.
(1) Құны Бес жүз миллион жапон иенасынан (500,000,000 жапон иенасы) аспайтын мөлшерде бағаланатын кез-келген өзара шарт жөнiнде:
(а) Егер Қарызгер Халықаралық Бәсеке Сауда-саттығынан өзгешелiгi бар тауарлар мен қызметтердi сатып алу рәсiмдерiн қабылдағысы келсе, онда ол Қорға Тауарлар мен қызметтердi сатып алу тәсiл(дер)iне шолу туралы сұрау салады (Осы Келiсiмге тіркелген N 1 нысанға сәйкес). Қор тауарлар мен қызметтердi сатып алу тәсiл(дер)iне қатысты Хабарламада Қарызгерге өзiнiң келiскенi туралы хабарлайды.
(b) Алдын-ала бiлiктiлiк бағасы берiлген фирмаларды iрiктеу жүргiзiлгеннен кейiн Қарызгер Қордың қарап, мақұлдауына осы фирмалардың тiзiмiн және таңдаудың жүргiзiлгенi туралы есеп ұсынады, барлық қажеттi құжаттамалар тiркеп, жасалған iрiктеудiң себептерiн көрсетедi, сонымен бiрге бiлiктiлiктi алдын-ала бағалаудың нәтижелерiн қарау туралы сұрау салады. Қарызгер бiлiктiлiктi алдын-ала бағалауға қатысты және Қор негiзделген түрде сұрау салатын басқа да құжаттарды Қордың қарауына ұсынады. Егер Қор аталған құжаттар жөнiнде қарсы болмаған жағдайда, ол бiлiктiлiктi алдын-ала бағалау нәтижелерi жөнiндегi хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды.
(с) Екi конверттi сауда-саттық рәсiмi қабылданған жағдайда Қарызгер - баға жөнiндегi ұсыныстар берiлгенге дейiн - Қордың техникалық ұсыныстарға жасалған талдауды қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бiрге техникалық ұсыныстарға жасалған талдауды қарау туралы сұрау салады. Қарызгер қаралатын мәселелерге қатысты қор негiзделген түрде сұрау салған құжаттарды Қордың қарауына ұсынады. Қор қарсы болмаған жағдайда ол техникалық ұсыныстарды талдау жөнiндегi хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды.
(d) Сауда-саттықта ұтқан қатысушыға тапсырыс беру туралы хабарламаны жөнелтердiң алдында Қарызгер өзара шарт жасасу туралы ұсыныстарға жасалған талдауды және тапсырыс беру туралы ұсынысты Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бiрге өзара шарт жасасу туралы ұсыныстарға жасалған талдауды және тапсырыс туралы ұсынысты қарау туралы сұрау салады. (Егер (с) "Өзара шарт жасасу туралы ұсыныстарға жасалған талдау" (бұдан әрi "Баға ұсыныстарын талдау" деп аталады) атты тармақшада айтылған iс-әрекет жасалса, Қарызгер Қор негiзделген түрде сұрау салатын тендерге байланысты құжаттама сияқты тапсырыс беруге қатысты осындай басқа да құжаттарды Қордың қарауына ұсынады. Қор аталмыш құжаттар жөнiнде қарсы болмаған жағдайда Қор өзара шарт жасасу туралы ұсыныстарды және тапсырыс беру туралы ұсынысты талдау жөнiндегi хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды.
(е) Тауарлар мен қызметтердi сатып алу тәртiптерiнiң 5.10-бөлiмiнде қарастырылғанындай - Қарызгер өзара шарт жасасу туралы барлық ұсыныстарды қабылдамай тастамақ болған немесе қолайлы жағдайда өзара шарт жасасу мақсатында ең төмен баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушылардың бiрiмен немесе екеуiмен келiссөз жүргiзбек болған жағдайда, Қарызгер Қорға өзiнiң себептерi туралы хабарлап, алдын-ала қарап, мақұлдау туралы сұрау салады. Қор қарсы болмаған жағдайда ол Қарызгерге өзiнiң келiскенi туралы хабарлайды. Қайталап сауда-саттық өткiзетiн жағдайда барлық кейiнгi тәртiптерде шын мәнiнде (а)-дан (d)-ға дейiн қоса барлық тармақшалардың ережелерi сақталады.
(f) Өзара шарт жасасылғаннан кейiн Қарызгер өзара шарттың тиiстi түрде расталған көшiрмесiн қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бiрге өзара шартты қарау туралы сұрау салады (осы Келiсiмге тiркелген N 2 нысанға сәйкес). Қор өзара шарттың Заем туралы Келiсiммен келiсетiнiн анықтаған жағдайда ол өзара шартқа қатысты хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды.
(е) Қор қараған өзара шартқа кез-келген өзгерту енгiзу немесе оның күшiн жою үшiн, осындай өзгерту енгiзуге немесе оның күшiн жоюға Қордың алдын-ала жазбаша келісiмi талап етiледi, алайда өзара шартқа елеулi өзгерту енгiзбейтiн және өзара шарттың бағасына тиiспейтiн өзгерту енгiзу үшiн Қордың келiсуi талап етiлмейтiн шарт қойылады.
(2) Құны кем дегенде Бір миллиард жапон иенасы (1,000,000,000 жапон иенасы) деңгейiнде бағаланатын кез-келген өзара шарт жөнiнде:
Жоғарыда (1) кiшi бөлiмде, (а)-дан (g)-ге дейiнгi тармақшаларды қоса алғанда оларда айтылған барлық рәсiмдерге толықтыру ретiнде мынадай iс- әрекет жасалады.
Бiлiктiлiктi алдын-ала бағалау туралы жарияланғанға және/немесе хабарланғанға дейiн Қарызгер бiлiктiлiктi алдын-ала бағалаудың критерийлерiн Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бiрге бiлiктiлiктi алдын-ала бағалаудың критерийлерiн қарау туралы сұрау салады. Қордың қарауы үшiн бiлiктiлiктi алдын-ала бағалауға қатысты құжаттарды беру туралы Қарызгерге сұрау салу құқығын Қор өзiн00де сақтайды. Қор аталмыш критерийлерге қарсы болмаған жағдайда Қор бiлiктiлiктi алдын-ала бағалаудың критерийлерi жөнiндегi хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды. Қарызгер аталмыш критерийлерге кейiннен кез-келген өзгерту енгiзу үшiн мұндай өзгертуге Қордың алдын-ала жазбаша келiсiмi талап етiледi. Қор мұны қажет деп тапқан жағдайда бiлiктiлiктi алдын-ала бағалаудың құжаттамасы жөнiнде қордың қарауы және келiсiмi талап етiледi.
(3) Құны кем дегенде Yш миллиард жапон иенасы (3,000,000,000 жапон иенасы) деңгейiнде бағаланатын кез-келген өзара шарт жөнiнде:
Жоғарыда (1) кiшi бөлiмде, (а)-дан (g)-ге дейiнгi тармақшаларды қоса алғанда оларда айтылған барлық рәсiмдерге толықтыру ретiнде мынадай iс-әрекет жасалады.
Өзара шарт жасасу туралы ұсынысты табыс етуге шақырған өтiнiш бергенге дейiн Қарызгер өзара шарт жасасу туралы ұсынысты бағалаудың критерийлерiн Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бiрге өзара шарт жасасу туралы ұсынысты бағалаудың критерийлерiн қарау туралы сұрау салады. Тендерге қатысты құжаттарды Қордың қаруына беру туралы Қарызгерге сұрау салу құқығын Қор өзiнде сақтайды. Қор аталмыш критерийлерге қарсы болмаған жағдайда Қор Өзара шарт жасасу туралы ұсынысты бағалаудың критерийлерi жөнiндегi хабарламада Қарызгер тиiсiнше хабарлайды. Қарызгердiң аталмыш критерийлерге кейiннен кез-келген өзгертулер енгiзуi үшiн қордың осындай өзгертуге алдын-ала жазбаша келiсiмi талап етiледi. Қор мұны қажет деп есептеген жағдайда Қордың тендермен байланысты құжаттамаға қатысты құжаттарды қарап, мақұлдауы талап етiледi.
(4) Құны кем дегенде Бес жүз миллион жапон иенасы (500,000,000 жапон иенасы) деңгейiнде бағаланатын кез-келген өзара шарт жөнiнде:
(а) Қарызгер өзара шарт жасасылғаннан кейiн дереу өзара шарттың тиiстi түрде расталған көшiрмесiн Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бiрге Өзара шартты қарау туралы сұрау салады (осы Келiсiмге тiркелген N 2 нысанға сәйкес). Қор өзара шарт жасасылғаннан кейiн Қарызгер дереу өзара шартты оның тиiстi түрде расталған көшiрмесiн Қордың қарап, мақұлдауына ұсынып отырғанын, сонымен бiрге Өзара шартты қарау туралы сұрау салып отырғанын (осы Келiсiмге тiркелген N 2 нысанға сәйкес) анықтап, Заем туралы Келiсiммен келiсетiн жағдайда ол Өзара шарт жөнiндегі хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды. Қарызгер Қор негiздi түрде сұрау салатын өзара шартқа қатысты басқа да құжаттарды Қордың
қарауына ұсынады. (b) Қор қараған өзара шартқа кез-келген өзгерту енгiзу немесе оның күшiн жою үшiн мұндай өзгерту немесе күшiн жою үшiн Қордың алдын-ала жазбаша келiсiмi талап етiледi, алайда өзара шартқа елеулi өзгерту енгiзбейтiн және өзара шарттың бағасына тиiспейтiн өзгерту үшiн қордың мұндай келiсiмi талап етiлмейтін шарт қойылады. 4-бөлiм Қордың кеңесшiлердi жалдауға қатысты шешiмдердi қарауы Қор Жалпы шарттар мен ережелердiң 4.02-бөлiмiне қатысты мына рәсiмдердi қарап, мақұлдауы тиiс.
(1) Кеңесшiге өзiнiң ұсыныстарын беруге шақырған өтiнiш жасардың алдында Қарызгер Өкiлеттіктер шеңберiн, Кеңесшiлердiң қысқа тiзiмiн және Шақыру-хатты Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бiрге осы құжаттарды қарау туралы сұрау салады. Қор аталмыш құжаттар жөнiнде қарсы болмаған жағдайда, ол Өкiлеттiктер шеңберi, Кеңесшiлердiң қысқа тiзiмi және Шақыру-хат жөнiндегi Хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды. Қарызгердiң аталмыш құжаттарға кейiннен қандайда болсын өзгерту енгiзуi үшiн Қордың алдын-ала келiсуi талап етiледi.
(2) Өзара шарт жасасу мақсатымен неғұрлым бiлiктi кеңесшiнi келiссөз бастауға шақырардың алдында Қарызгер алынған ұсыныстарға өзi берген бағалаудың нәтижелерiн Қордың қарап, мақұлдауына жiбередi, сонымен бiрге Кеңесшiлердiң ұсыныстарын бағалау туралы есептi қарау жөнiнде сұрау салады. Қор аталмыш құжаттарға қарсы болмаған жағдайда Қор Кеңесшiлердiң ұсыныстары жөнiндегi бағалау туралы есепке қатысты Хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды.
(3) Егер Қарызгер, Кеңесшiлердi жалдау тәртiптерiнiң (2) 3.01 бөлiмiнде қарастырылғанындай, нақты аталған кеңесшiнi жалдағысы келсе, ол Қордың қарап, мақұлдауы үшiн мұның себептерi туралы Қорға жазбаша түрде хабарлайды, сонымен бiрге Шақыру-хат пен Өкiлеттiктер шеңберiн жiбередi. Қордың келiсiмiн алғаннан кейiн Қарызгер Шақыру-хат пен өкiлеттіктер шеңберiн айтылып отырған кеңесшiге жiберуiне болады. Егер Қарызгер кеңесшiнiң ұсынысын қолайсыз деп тапса, ол мұндай жағдайда өзара шарттың талаптары туралы (қаржы талаптарын қоса) келiссөз жүргiзуi мүмкiн.
(4) Өзара шарт жасасылғаннан кейiн Қарызгер өзара шарттың тиiстi түрде расталған көшiрмесiн дереу Қордың Қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бiрге Өзара шартты қарау туралы сұрау салады (осы Келiсiмге тiркелген N 3 нысанға сәйкес). Қор өзара шарттың Заем туралы Келiсiммен келiсетiнiн анықтаған жағдайда, ол Өзара шарт жөнiндегi Хабарламада Қарызгерге тиiсiнше хабарлайды.
(5) Қор қараған өзара шартқа кез-келген өзгерту енгiзу немесе оның күшiн жою үшiн мұндай өзгерту немесе күшiн жою жөнiнде Қордың алдын-ала жазбаша келiсiмi талап етiледi, алайда өзара шартқа елеулi өзгерту енгiзбейтiн және өзара шарттың бағасына тиiспейтiн өзгерту үшiн қордың мұндай келiсiмi талап етiлмейтiн шарт қойылады. N 1 нысан Күнi: Сiлтеме нөмiрi: Шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық қоры Токио, Жапония Назар салсын: Өкiмгер-Директор, III операцияларды жүзге асыру жөнiндегi бөлiм Құрметтi мырзалар: Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәсіл(дер)ін қарау туралы сұрау Мынаған сiлтеме жасалды: Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасымен байланысты 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N КАZ-РЗ Заем туралы Келiсiм Сiлтеме жасалып отырған Заем туралы Келiсiмнiң тиiстi ережелерiне сәйкес, бiз осы арқылы қосымша-параққа сәйкес Сiзге Тауарлар мен қызметтердi сатып алудың тәсiл(дер)iн қарауды ұсынамыз. Сiз Өзiңiздiң келiсетiніңiз туралы бiзге хабарласаңыз, алғыс сезiмiмiздi бiлдiремiз. Құрметпен, __________________ үшін (Қарызгердің атауы) __________________ (Құжатқа қол қоюға уәкілетті ресми адамның қолы) N ____қосымша-парақ 1. Жобаның атауы 2. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәсiл(дер)i () Шектелген Халықаралық (Жергілікті) сауда-саттық () Елден сыртқары жерден (Елдiң ішінде) сатып алу () Тікелей байланыстар жасау () Тағы басқалар 3. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәсіл(дер)ін таңдау себептерiнiң егжей-тегжейлі сипаттамасы 4. Жеткiзушінің әулетесімі мен есiмi (атауы) және азаматтығы (Шектелген Халықаралық (Жергілікті) сауда-саттық жағдайында) және Тікелей өзара шарттар жасасу жағдайында 5. Байланыстың бағаланатын сомасы Шетел валютасымен Жергілікті валютамен 6. Өзара шартта қамтылатын негiзгі айқындамалар 7. Өзара шарт үлгісі () "Сақадай сай" әзір етілетін құрылыс жөнiндегi өзара шарт () Тауарлар /жабдықтар/ материалдар сатып алу () Азаматтық жұмыстар жөніндегі өзара шарт () Қызметтерді сатып алу () Тағы басқалар 8. Кесте (i) Өзара шарттың жасасылған күні (іі) Жүктің жөнелтілген күні және/немесе Жұмыстардың басталған/ қызметтердің көрсетілген күні (ііі) (жеткізілімнің немесе құрылыс жұмыстарының) аяқталған күні N 2 нысан Күнi: Сiлтеме нөмiрi: Шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық қоры Токио, Жапония Назар салсын: Өкiмгер-Директор, ІІІ операцияларды жүзеге асыру жөнiндегi бөлiм Құрметтi мырзалар: Өзара шартты қарау туралы сұрау 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N КАZ-Р3 Заем туралы Келiсiмнiң тиiстi ережелерiне сәйкес, бiз осы арқылы Өзара шарттың осы Сұрауға тiркелген расталған көшiрмесiн Сiздiң қарауыңызға ұсынамыз. Өзара шартта мынадай мәлiметтер берiлдi: 1. Өзара шарттың нөмiрi мен күнi; 2. Жеткiзушiнiң әулетесiмi мен есiмi (атауы); 3. Сатып алушының әулетесiмi мен есiмi (атауы); 4. Өзара шарттың бағасы; 5. Мынау үшiн пайдаланылатын қаржыландыру: Сомасы; (қолайлы шығынның ___%); 6. Тауарлардың сипаттамасы мен шыққан жерi: Сiз өзара шарт жөнiнде Өзiңiздiң келiсетiнiңiз туралы бiзге Өзара шартқа қатысты Хабарлама жiберiп, хабарласаңыз, алғыс сезiмiмiздi бiлдiремiз. Құрметпен, ___________________ үшін (Қарызгердің атауы) ___________________ (Құжатқа қол қоюға уәкілетті ресми адамның қолы) N 3 нысан Күні: Сiлтеме нөмiрi: Шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық қоры Токио, Жапония Назар салсын: Өкiмгер-Директор, III операцияларды жүзеге асыру жөнiндегi бөлiм Құрметтi мырзалар: Өзара шартты қарау туралы сұрау (кеңес беру қызметтерi жөнiнде) 998 жылғы 24 желтоқсандағы N КАZ-РЗ Заем туралы Келiсiмнiң тиiстi ережелерiне сәйкес, бiз осы арқылы Өзара шарттың осы Сұрауға тiркелген расталған көшiрмесiн Сiздiң қарауыңызға ұсынамыз. Өзара шартта мынадай мәлiметтер берiлдi: 6. Өзара шарттың нөмiрi мен күнi; 7. Жеткiзушiнiң әулетесiмi мен есiмi (атауы); 8. Сатып алушының әулетесiмi мен есiмi (атауы); 9. Өзара шарттың бағасы; 10. Мынау үшiн пайдаланылатын қаржыландыру: Сомасы; (қолайлы шығынның ___%); 6. Тауарлардың сипаттамасы мен шыққан жерi: Сiз өзара шарт жөнiнде Өзiңiздiң келiсетiнiңiз туралы бiзге Өзара шартқа қатысты Хабарлама жiберiп, хабарласаңыз, алғыс сезiмiмiздi бiлдiремiз. Құрметпен, ___________________ үшін (Қарызгердің атауы) ___________________ (Құжатқа қол қоюға уәкілетті ресми адамның қолы) 5-қосымша Мiндеттемемен байланысты рәсiм
Тиiстi өзгертулер енгiзiлген 1988 жылғы 5 шiлдедегi Міндеттемемен байланысты рәсім Қазақстан Республикасынан өзге қолайлы Бастау-ел(дер)дегi Жеткiзушiден тауарлар мен қызметтердi сатып алу үшiн Заем қаражатынан төлем төлеу жөнiндегi өзара шарттың Қазақстан Республикасының валютасынан өзге валютамен мәлiмделген бөлiгiне қатысты мынадай қосымша тармақтармен қолданылады:
1. Міндеттемемен байланысты рәсімнің (2) 1-бөлiмiне қатысты тұрғыда Bank of Tokyo - Мitsubishi, Ltd., Токио Жапонияның банкi және Эмитент-банк ретiнде әрекет етушi болып табылады.
2. (а) Қарызгер Қорға Мiндеттеме туралы тиiстi хат берiлген күнi Мiндеттеме туралы Хатта көрсетiлген соманы өтеуге қызмет көрсетiлгенi үшiн алым ретiнде осы соманың нөл бүтiн оннан бiр процентiн (0.1 %) құрайтын соманы жапон иенасымен төлейдi. Қор Қарызгерден қызмет көрсетiлгенi үшiн алымдар алынған бойда Мiндеттеме туралы Хат бередi.
(b) Қызмет көрсетiлгенi үшiн төленген осындай алымның сомасына тең сома Заем қаражатынан қаржыландырылады және Қор осындай соманы Мiндеттеме туралы Хат берiлген күнi қызмет көрсеткенi үшiн төлемақы ретiнде дереу өзiне-өзi төлейдi. Заем қаражатынан төленетiн
мұндай төлем Заем туралы Келiсiмнiң шарттары мен ережелерiне сәйкес Қарызгердiң заң жүзiнде қолдаңыстағы және байланыстырушы мiндеттемесi болып табылады. 3. Халықаралық сауда палатасының Міндеттемемен байланысты рәсімі баяндалатын N 400 кiтапшасы Халықаралық сауда палатасыңың (а) N 500 кiтапшасымен ауыстырылады. 6-қосымша Тиiстi соманы қайтару рәсiмi
Тиiстi өзгертулер енгiзiлген 1988 жылғы қыркүйектегi Тиісті соманы қайтару рәсімі Заем қаражатын төлеуге қатысты және Қазақстан Республикасындағы Жеткiзушiге және Қазақстан Республикасынан өзге қолайлы Бастау-ел(дер)дегi Жеткiзушiге төленген төлемдерге қатысты, өзара шарттың Қазақстан Республикасының валютасынан өзге валютамен мәлiмделген бөлiгiне қатысты мынадай қосымша тармақтармен қолданылады:
1. Bank of Tokyo - Мitsubishi, Ltd., Токио әр жолы осы Қосымшада аталған кезде Тиісті соманы қайтару рәсімін қоса Токиода шетел валютасын айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзге асыратын уәкiлеттi банк болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi тағайындаған банк Тиісті соманы қайтару рәсімінде айтылған шетел валютасын айырбастау жөнiндегі операцияларды жүзеге асыратын Қарызгердiң аумағындағы уәкiлеттi банк болып табылады.
3. Тиісті соманы қайтару рәсімінің (b) 1-тармағында айтылғанындай, мыналар әрбiр төлемнiң және оның пайдаланылуының айғағы ретiнде қуаттаушы құжаттар болып табылады:
(а) Кеңес беру қызметiнен өзге тауарлар мен қызметтер үшiн төлемдерге қатысты.
(i) мердiгердiң орындалған жұмыстың көлемi жеткiлiктi дәрежеде егжей-тегжейлi көрсетiлетiн және осы жұмыспен байланысты талап етiлген сома көрсетiлетiн мәлiмдемесi, шоты немесе шот-фактурасы;
(ii) мердiгер орындаған жұмыстың белгiленген талаптар бойынша қанағаттандыратыны және айтылып отырған өзара шарттың талаптарына сай келетiнi мазмұнынан көрiнетiн куәлiк; мұндай куәлiкке Атқарушы-ұйымның Жобамен байланысты тағайындалған бас инженерi қол қояды;
(iіі) өтелген банк чегi немесе мердiгер төлеген төлемнiң күнi мен сомасын қуаттайтын соған ұқсас құжат; сондай-ақ мердiгердің алынған төлем күнi мен сомасы көрсетiлген жеткiлiктi дәрежеде қарапайым квитанция.
(b) Кеңесшiлердiң қызметiне ақы төлеу үшiн
(i) Кеңесшiлер берген мәлiмдеме, онда қамтылған уақыт аралығында көрсетiлген қызмет және ол төлеуге тиiс сома туралы жеткiлiктi дәрежеде егжей-тегжейлi мәлiметтер берiледi;
(ii) банк өтеген чек, ұсынылған бойда дереу төленуге тиiс тратта немесе кеңесшi төлеген төлемнiң күнi мен сомасын қуаттайтын соған ұқсас құжат; сондай-ақ кеңесшiден алынған төлем күнi мен сомасы көрсетiлген жеткiлiктi дәрежеде қарапайым квитанция.
3.4. (а) Қарызгер Қорға Мiндеттеме туралы тиiстi хат берiлген күнi Мiндеттеме туралы Хатта көрсетiлген соманы өтеуге қызмет көрсетiлгенi үшiн алым ретiнде осы соманың нөл бүтiн оннан бiр процентiн (0.1 %) құрайтын соманы жапон иенасымен төлейдi. Қор Қарызгерден қызмет көрсетiлгенi үшiн алымдар алынған бойда Мiндеттеме туралы Хат бередi.
(b) Қызмет көрсетiлгенi үшiн төленген осындай алымның сомасына тең сома Заем қаражатынан қаржыландырылады және Қор осындай соманы Мiндеттеме туралы Хат берiлген күнi қызмет көрсеткенi үшiн төлемақы ретiнде дереу өзiне-өзi төлейдi. Заем қаражатынан төленетiн мұндай төлем Заем туралы Келiсiмнің шарттары мен ережелерiне сәйкес Қарызгердiң заң жүзiнде қолданыстағы және байланыстырушы мiндеттемесi болып
табылады. 4. Тиiстi соманы қайтару жөнiндегi сұрауда көрсетiлген сома жапон иенасымен есептеледi. 5. ОЕСҒ (Шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық қоры) - Тиісті соманы қайтару рәсіміне тіркелген SSP нысаны осы Келiсiмге тiркелген ОЕСҒ-SSR нысанымен ауыстырылады. Төлемдердің жиынтық ведомосы OECF-SSR нысаны Сериялық нөмірі ______ Күні: ____________ _____________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 Мәміле|Сатып |Жеткізуші|Жеткізуші-|Тауарлардың|Санат|Шығу|Өзара |алушы | |нің аза. |және/немесе| |тегі|шарттың | | |маттығы |қызметтер. | | |сомасы | | | |дің сипат. | | | | | | | тамасы | | | ______|______|_________|__________|___________|_____|____|___________ таблицаның жалғасы _____________________________________________________________ 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 Төлем |Төлем |Төлем |Тауарлар |Қаржыланды.|Сомалар күні |сомасы|сипаты |мен қыз. |ру үшін |арасындағы | | |меттерді |пайдаланы. |ара салмақ | | |сатып алу |латын сома | | | | тәсілі | | ______|______|_________|__________|___________|_______________ 1. 2. 3. 4. . . . Жиыны _________________________________________________________________
Төменде қол қоюшылар жоғарыда көрсетілген Жеткізуші(лер) мен тауарлардың және/немесе қызметтердің қарыз туралы Келісімге сәйкес қолайлы екеннін растайды.
4-бағанаға ескерту. Жеткізушінің азаматтығы: Жеткізушіге өзі тіркелген елде заңды тұлға мәртебесі берілген Ел.
6-бағанаға ескерту. Санат: 2-қосымшаның 1-бөлімінде сипатталған санат.
10 және 13-бағаналарға ескерту. Төлем сомасы: төлем жапон иенасымен төленбеген болса, соманы Жеткізушіге төлем төленген валютамен көрсетіңіз және қайта есептеу кезінде алынған, Тиісті соманы қайтару рәсімі қосымшасының 3-тармағына сәйкес есептелген соманы көрсетіңіз.
11-бағанаға ескерту. Төлем сипаты: Бастапқы төлем, мерзімі ұзартылған төлем немесе ақырғы төлем, т.б. 12-бағанаға ескерту. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәсілі: Бәсекеге негізделген халықаралық сауда-саттықтан өзгеше тәсіл туралы айтылып отырған болса, таңдаудың себептерін көрсетіңіз. 14-бағанаға ескерту. Сомалардың арасындағы ара салмақ: Қаржыландыру үшін пайдаланылатын сома мен Жеткізушіге төлем төленген валютамен есептелген сома арасындағы ара салмақ. Оқығандар: Орынбекова Д. Нарбаев Е.