Алматыда 1998 жылғы 12 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр"
кешенiнде тұратын және/немесе жұмыс iстейтiн Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының
әлеуметтiк кепiлдiктерi туралы Келісім
*(2001 жылғы 20 ақпанда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 1, 9-құжат)
Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен шарттары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келiсiмдi, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу туралы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Шартты, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi, оның атқарушы органдарын қалыптастыру мен олардың мәртебесi туралы 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын әлеуметтiк проблемалар жөнiндегi халықаралық шарттарды назарға ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiм "Байқоңыр" кешенiнде тұратын және/немесе жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi Тараптардың өзара iс-әрекетiнiң негiзгi бағыттары мен шарттарын белгiлейдi.
2-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн "Тараптың өкiлеттi органы" терминi:
Қазақстан Тарабы үшiн - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн;
Ресей Тарабы үшiн - Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтiк даму министрлiгiн бiлдiредi.
3-бап
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын және/немесе жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерi, егер осы Келiсiмде өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етiледi.
Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiнде тұратын және/немесе жұмыс iстейтiн азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерi, егер осы Келiсiмде өзгеше көзделмесе Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес қамтамасыз етiледi.
4-бап
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын және/немесе жұмыс iстейтiн, Арал өңiрiндегi экологиялық апат салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерiн Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етедi.
5-бап
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын және/немесе жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткiзу Байқоңыр қаласының әкiмшiлiгi жанындағы медициналық-әлеуметтiк сараптама мекемесiне жүктеледі.
"Байқоңыр" кешенiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары үшiн медициналық-әлеуметтiк сараптама Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын, бiрақ жұмыс iстемейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн медициналық-әлеуметтiк сараптама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын, бiрақ жұмыс iстемейтiн Ресей Федерациясының азаматтары үшiн медициналық-әлеуметтiк сараптама Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
"Байқоңыр" кешенiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының медициналық-әлеуметтік сараптама мекемелерiнiң шешiмiне шағымдану құқығын жүзеге асыруды Ресей Тарабы Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес жүргiзедi.
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын, бiрақ жұмыс iстемейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының медициналық-әлеуметтiк сараптама мекемелерiнiң шешiмiне шағымдану құқығын жүзеге асыруды Қазақстан Тарабы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзедi.
6-бап
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мақсатында Байқоңыр қаласында Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi аумақтық органы құрылады.
Белгiленген тәртiппен жұмыссыздар деп танылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын жұмысқа орналастыру жөнiндегi жоғарыда аталған Ресей Еңбекминi аумақтық органының Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтық органымен өзара iс-қимылы Тараптардың өкiлеттi органдары арасындағы жеке Келiсiммен айқындалады.
7-бап
"Байқоңыр" кешенiнде орналасқан ұйымдарда жұмыс iстейтiн және Ресей Федерациясының Әлеуметтiк сақтандыру қоры органдарында тiркелген Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын, ал тиiстi жағдайларда олардың отбасы мүшелерiн мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Ресей Федерациясының заңына сәйкес Ресей Федерациясының Әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
8-бап
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын және/немесе жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын медициналық қамтамасыз ету 1995 жылғы 20 сәуiрде қол қойылған, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Ленинск қаласының әкiмшiлiгi және Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсiп министрлiгi, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi (Әскери-ғарыштық күштерi), Ресейдiң ғарыш агенттiгi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында "Байқоңыр" кешенiнiң қызметкерлерi мен Ленинск қаласының басқа да тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы" Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап
"Байқоңыр" кешенiнде тұратын және/немесе жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерiн қаржылық жағынан қамтамасыз ету Тараптардың жеке келiсiмiмен белгiленедi.
10-бап
Тараптардың өкілеттi органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру барысында бiр-бiрiмен тiкелей, сондай-ақ қажет болған жағдайда Байқоңыр қаласының әкiмшiлiгiмен өзара бiрлесе отырып әрекет етедi.
Тиiстi жағдайларда Тараптардың өкiлеттi органдары өздерiнiң құзыреттерi шегiнде осы Келiсiмнің ережелерiн жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар Тараптардың консультациялары мен келiссөздерi арқылы шешiледi.
11-бап
Осы Келiсiм, оны күшiне енгiзу үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк процедураларды Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламадағы күннен бастап күшiне енедi.
12-бап
Осы Келiсiм "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартының күшi бар кезеңiне жасалады, алайда ол Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң күшiн тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн өз күшiн сақтайды.
13-бап
Өзара келiсу арқылы Тараптар осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзе алады.
Алматы қаласында 1998 жылғы "12" қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының Үкіметі үшін Үкіметі үшін