Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Z934100_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат; 1998 ж., N 22, 308-құжат; 1999 жылы 8 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының штат саны және қарыз алу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
2-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тиісті мәслихат депутаттарының санын (жоғары және төменгі шегі) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шекте анықтайды: облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына - 50-ге дейін; қалалық мәслихатқа - 30-ға дейін, аудандық мәслихатқа - 25-ке
дейін.". 2. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер жағдайындағы жергілікті өкілді органдар жүйесі туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Z970130_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 181-құжат): 3-баптың 2-тармағы алып тасталсын. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Омарбекова А.Т.