О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 2 мая 2018 года № 22/187 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Боранкул"

Решение Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 6 августа 2021 года № 10/89

      Бейнеуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бейнеуского районного маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Боранкул" от 2 мая 2018 года № 22/187 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3602) следующие изменения:

      в Регламенте собрания местного сообщества села Боранкул, утвержденное решением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий Регламент собрания местного сообществасела Боранкул (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15630)";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета села Боранкул отчета об исполнении бюджета;

      согласование решений акима села Боранкул по управлению коммунальной собственностью села Боранкул (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима сельского округа для дальнейшего внесения в соответствующую районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы сельского округа;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.";

      пункты 11 и 12 изложить в следующей редакции:

      "11. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акиму села Боранкул, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села Боранкул.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села Боранкул подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрения в маслихат района.";

      "12. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом села Боранкул в срок не более пяти рабочих дней.

      Аким села Боранкул вправе выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое несогласие в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима сельского округа, вопрос разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании маслихата района.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Бейнеуского районного маслихата" обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Бейнеуского районного маслихата Қ.Мансуров

"Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 22/187 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 10/89 шешімі

      Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының "Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 2 мамырдағы № 22/187 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешіммен бекітілген Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзірленді";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі: бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Боранқұл ауылының бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      Боранқұл ауылы әкімінің Боранқұл ауылының коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      Боранқұл ауылы бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      Боранқұл ауылы бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      Боранқұл ауылы коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      Боранқұл ауылы әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің Боранқұл ауылының әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      Боранқұл ауылы әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5."Заңның 39-3-бабының 3 тармағы 4-3 тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      "Боранқұл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.".

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      11. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауыл әкіміне беріледі.

      Боранқұл ауылы әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның мәслихатының қарауына беріледі.";

      "12. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауыл әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Боранқұл ауылы әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Боранқұл ауылы әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы Қ.Мансуров