О внесении изменений в решение маслихата от 5 февраля 2020 года № 369 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества"

Решение маслихата Карасуского района Костанайской области от 27 сентября 2021 года № 58

      Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества" от 5 февраля 2020 года № 369 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8950) следующие изменения:

      в Регламенте собрания местного сообщества, утвержденном указанным решением:

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета сел, сельских округов и отчета об исполнении бюджета;

      согласование решений аппарата акимов сел, сельских округов по управлению коммунальной собственностью сел, сельских округов (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета сел, сельских округов;

      согласование отчуждения коммунального имущества сел, сельских округов;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акимов сел, сельского округа для дальнейшего внесения в районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы села, сельского округа;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акимов сел, сельских округов;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акимам сел, сельских округов, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сел, сельских округов.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акимов сел, сельских округов подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрение в районный маслихат.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимами сел, сельских округов в срок не более пяти рабочих дней.

      Акимы вправе выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое несогласие в порядке, предусмотренном главой 2 Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акимов сел, сельских округов, вопрос разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании маслихата района.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Карасуского районного маслихата С. Кажиев

Мәслихаттың 2020 жылғы 5 ақпандағы № 369 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 58 шешімі

      Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2020 жылғы 5 ақпандағы № 369 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      ауылдар, ауылдық округтер бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      ауылдар, ауылдық округтер әкімі аппаратының ауылдың, ауылдық округтердің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауылдар, ауылдық округтер бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдардың, ауылдық округтердің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдар, ауылдық округтер әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      ауылдардың, ауылдық округтердің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.".

      12 -тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдар, ауылдық округтер әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдар, ауылдық округтер әкіміне беріледі.

      Ауылдар, ауылдық округтер әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде аудандық мәслихаттың қарауына беріледі.

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдар, ауылдық округтер әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауылдар, ауылдық округтер әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Қажиев