О внесении изменений в решение маслихата от 29 января 2020 года № 318 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества"

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 17 сентября 2021 года № 57

      Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества" от 29 января 2020 года № 318 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8944) следующие изменения:

      в Регламенте собрания местного сообщества, утвержденном указанным решением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета сел, поселка, сельских округов и отчета об исполнении бюджета;

      согласование решений аппарата акима сел, поселка, сельских округов по управлению коммунальной собственностью сел, поселка, сельских округов (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета сел, поселка, сельских округов;

      согласование отчуждения коммунального имущества сел, поселка, сельских округов;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима сел, поселка, сельского округов для дальнейшего внесения в районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы сел, поселка, сельского округов;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима сел, поселка, сельских округов;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акимам сел, поселка, сельских округов, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сел, поселка, сельского округов.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сел, поселка, сельского округов подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрение в районный маслихат.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимами сел, поселка, сельских округов в срок не более пяти рабочих дней.

      Акимы вправе выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое несогласие в порядке, предусмотренном главой 2 Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акимов сел, поселка, сельских округов, вопрос разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании районного маслихата.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Сарыкольского районного маслихата К. Базарбаева

Мәслихаттың 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 318 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 57 шешімі

      Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 318 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      ауылдар, кент, ауылдық округтер бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      ауылдардың, кенттің, ауылдық округтердің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауылдар, кент, ауылдық округтер бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдардың, кенттің, ауылдық округтердің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауылдар, кент, ауылдық округтер әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдар, кент, ауылдық округтер әкіміне беріледі.

      Ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде аудандық мәслихатының қарауына беріледі.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы К. Базарбаева