О внесении изменений в решение Казыгуртского районного маслихата от 22 января 2014 года № 27/181-V "Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Казыгуртском районе"

Решение Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 23 ноября 2021 года № 17/75-VII. Утратило силу решением Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 7 ноября 2023 года № 7/47-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 07.11.2023 № 7/47-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Казыгуртский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Казыгуртского районного маслихата от 22 января 2014 года № 27/181-V "Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Казыгуртском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2526) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Казыгуртском районе";

      Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества в Казыгуртском районе, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата У. Копеев

  Приложение к решению
Казыгуртского районного
маслихата № 17/75-VІІ
от 23 ноября 2021 года

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Казыгуртском районе

Глава I. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Казыгуртском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и в соответствии с типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава II. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села, сельского округа подразделяется на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом села, сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом села, сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом села и сельского округа.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом, села, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким села, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, указанным в главе III настоящих Правил.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима соответствующего, села, сельского округа.

Глава III. Определение количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества

      13. Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется в следующем порядке:

      Количество представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества:

      В населенном пункте с численностью населения до 2000 человек до 4 представителей;

      В населенном пункте с численностью населения от 2000 до 4000 человек до 3 представителей;

      В населенном пункте с численностью населения свыше 4000 человек до 2 представитеей.

      Количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества:

      В сельских округах в состав которых входят 2-3 села до 20 представитеей;

      В сельских округах в состав которых входят 4-6 села до 15 представителей;

      В сельских округах в состав которых входят 7-9 села до 10 представителей.

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 27/181-V "Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 17/75-VII шешiмi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 7/47-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 07.11.2023 № 7/47-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 27/181-V "Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2526 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы У. Копеев

  Қазығұрт аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
23 қарашадағы № 17/75-VІІ
шешіміне қосымша

Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

I-тарау Жалпы ережелер

      1. Осы Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан - әрі Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

II-тарау Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауыл, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттікберген тұлға ашады.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары осы қағиданың III тарауында көрсетілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

III-тарау Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      13. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалады:

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны:

      халық саны 2000 адамға дейінгі елді мекенде 4 өкілге дейін;

      халық саны 2000 мен 4000 адам аралығындағы елді мекенде 3 өкілге дейін;

      халық саны 4000 адамнан жоғары елді мекенде 2 өкілге дейін.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

      құрамына 2-3 ауыл енетін ауылдық округтерде 20 өкілге дейін;

      құрамына 4-6 ауыл енетін ауылдық округтерде 15 өкілге дейін;

      құрамына 7-9 ауыл енетін ауылдық округтерде 10 өкілге дейін.