О внесении изменений в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 27 сентября 2017 года №13-2 "Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Западно-Казахстанской области"

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 30 сентября 2021 года № 6-4. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 28 июня 2024 года № 13-2

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 28.06.2024 № 13-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 27 сентября 2017 года №13-2 "Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Западно-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №4912) следующие изменения:

      в Правилах регулирования миграционных процессов в Западно-Казахстанской области, утвержденных указанным решением:

      подпункт 3) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3) региональная квота приема кандасов - предельное число кандасов или кандасов и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с законодательством Республики Казахстан о занятости населения.";

      пункты 5, 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "5. Для регулирования миграционных процессов в регионе местные исполнительные органы в уполномоченный орган по вопросам миграции населения вносят предложения, касающиеся:

      отнесения (исключения) соответствующей территории региона для расселения кандасов и переселенцев;

      увеличения (сокращения) квоты на привлечение иностранной рабочей силы, в том числе из числа этнических казахов и бывших соотечественников;

      увеличения (сокращения) региональных квот приема кандасов и переселенцев на среднесрочный период или предстоящий год.

      6. Расселение кандасов и переселенцев осуществляется в соответствии с региональными квотами приема кандасов и переселенцев в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

      7. При оттоке населения, превышающем темпы воспроизводства населения, регулирование миграционных процессов осуществляется, в том числе путем разработки мероприятий, направленных на привлечение квалифицированной рабочей силы и оказание им содействия в ускоренной социальной адаптации, профессиональное обучение и переподготовку кандасов, особенно молодежи.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности секретаря областного маслихата М. Мукаев

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 13-2 "Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 6-4 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 13-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.06.2024 № 13-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №13-2 "Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4912 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.";

      5, 6 және 7-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы М. Мұқаев