Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Бозойского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 28 апреля 2022 года № 224. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 сентября 2023 года № 96

      Сноска. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15.09.2023 № 96 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Бозойского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Бозой, Канбакты для участия в сходе местного сообщества Бозойского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Шалкарского
районного маслихата
С. Бигеев

  Приложение 1 к решению Шалкарского районного маслихата от 28 апреля 2022 года № 224

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Бозойского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Бозойского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Бозойского сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории сельского округа, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) сельского округа в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Бозойского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Бозойского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах сел организуется акимом Бозойского сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих участков имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном участке и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Бозойского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Бозойского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Бозойского сельского округа.

  Приложение 2 к решению Шалкарского районного маслихата от 28 апреля 2022 года № 224

Количественный состав представителей жителей сел Бозой, Канбакты для участия в сходе местного сообщества Бозойского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области

Наименование населенного пункта

Количество представителей для участия в сходе местного сообщества (человек)

1.

Для жителей улицы Уран Бактыбай села Бозой Бозойского сельского округа

1

2.

Для жителей улиц В.Прохоренко, Есет-Дарибай и Б. Басыгараева села Бозой Бозойского сельского округа

2

3.

Для жителей улиц Айтеке би, Жанкожа батыра села Бозой Бозойского сельского округа

1

4.

Для жителей улиц А.Кунанбаева, Арал и М. Утемисулы села Бозой Бозойского сельского округа

2

5.

Для жителей улиц Монке би, Тауелсиздик и Акколка села Бозой Бозойского сельского округа

3

6.

Для жителей улиц А.Иманова, Торайгыр и Кошкарата села Бозой Бозойского сельского округа

2

7.

Для жителей улиц Бозой, Коянкулак села Бозой Бозойского сельского округа

2

8.

Для жителей улиц Жылкаман батыра, Нуртуган шайыра и Жетес би села Бозой Бозойского сельского округа

3

9.

Для жителей улиц Амангали ахуна, Наурыза села Бозой Бозойского сельского округа

3

10.

Для жителей села Канбакты Бозойского сельского округа

1

Всего:

20


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 224 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бозой, Қаңбақты ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 224 шешіміне 1 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Бозой ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны-ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Бозой ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Бозой ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Бозой ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті учаскеден қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Бозой ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Бозой ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Бозой ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 2 сәуірдегі № 224 шешіміне 2 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бозой, Қаңбақты ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының Ұран Бақтыбай көшесі тұрғындары үшін

1

2.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының В.Прохоренко, Есет-Дәрібай және Б.Басығараев көшелері тұрғындары үшін

2

3.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының Әйтеке би, Жанқожа батыр көшелері тұрғындары үшін

1

4.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының А.Құнанбаев, Арал және М.Өтемісұлы көшелері тұрғындары үшін

2

5.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының Мөңке би, Тәуелсіздік, Аққолқа көшелері тұрғындары үшін

3

6.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының А.Иманов, Торайғыр және Қошқарата көшелері тұрғындары үшін

2

7.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының Бозой, Қоянқұлақ көшелері тұрғындары үшін

2

8.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының Жылқаман батыр, Нұртуған шайыр, Жетес би көшелері тұрғындары үшін

3

9.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының Аманғали ахун, Наурыз көшелері тұрғындары үшін

3

10.

Бозой ауылдық округінің Қаңбақты ауылының тұрғындары үшін

1

Барлығы:

20