О внесении изменения в решение Карагандинского областного маслихата от 8 августа 2019 года № 438 "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Карагандинской области"

Решение Карагандинского областного маслихата от 17 марта 2022 года № 155

      Карагандинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Карагандинского областного маслихата "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Карагандинской области" от 8 августа 2019 года № 438 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №5429) следующее изменение:

      Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в Карагандинской области, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь областного маслихата С. Утешов

  Приложение к решению Карагандинского
областного маслихата
от "17" марта 2022 года
№ 155
  Приложение к решению Карагандинского
областного маслихата
от 8 августа 2019 года
№ 438

Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в Карагандинской области

Глава 1. Порядок отведения места для захоронения

      1. Местными исполнительными органами из земель общего пользования, занятых и предназначенных под кладбища, на каждого умершего жителя поселения или лица без определенного места жительства, умершего в данном поселении, для захоронения бесплатно выделяется земельный участок не менее шести квадратных метров.

      2. Территория кладбища состоит из участков, которые разделяются на ряды могил и обустраиваются проездами для автомобильного транспорта и проходами к участкам могил.

      3. Акимат районного (города областного значения) на официальном интеренет-ресурсе местного исполнительного органа размещает актуальную информацию по занятым и свободным участкам кладбища.

Глава 2. Порядок захоронения умерших или их останков

      4. Захоронение производится на территории кладбища после предъявления свидетельства о смерти администрации кладбища, выданного регистрирующим органом, осуществляющий регистрацию смерти и (или) медицинского свидетельства о смерти по форме № 045/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21579).

      5. Захоронение регистрируется в журнале учета, который ведется администрацией кладбища.

      6. Журнал учета содержит следующие сведения:

      год, месяц, число погребения;

      номер могилы;

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) умершего;

      дата рождения и смерти;

      причина смерти;

      номер, дата и кем выдано свидетельство о смерти;

      фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер (при его наличии), дата выдачи и номер документа, удостоверяющего личность, адрес близких родственников покойного, в случае отсутствия родственников адрес лица, производящего захоронение либо наименование, бизнес-идентификационный номер, адрес организации, производящей захоронение.

      7. По письменному заявлению близких родственников, а также супруга (супруги) в местный исполнительный орган, аппарат акима района в городе при предоставлении документов, подтверждающие близкое родство с (ранее) умершим, погребение умершего или его останков рядом с ранее умершим близким родственником обеспечивается при наличии на указанном месте погребения свободного участка земли или могилы умершего близкого родственника.

      8. Захоронение найденных тел умерших или их останков, утопленников, скоропостижно умерших вне дома, находящихся в морге после судебно-медицинского исследования, при отсутствии родственников или лиц и учреждений, которые могут взять на себя организацию похорон, возлагается на местные исполнительные органы после регистрации факта смерти.

      9. Захоронение безродных производится за счет бюджетных средств.

      10. Перезахоронение останков на действующих и закрытых кладбищах не допускается, кроме случаев:

      преждевременной ликвидации кладбища или его участка;

      при перевозке останков из отдельных могил для перезахоронения по Республике Казахстан или за ее пределами.

Глава 3. Порядок проектирования и устройства могил

      11. Проектирование и устройство могил:

      расстояние между участками могил составляет по длинным сторонам не менее 1 метра, а коротким – не менее 0,5 метров;

      глубина могилы устанавливается в зависимости от характера грунта и уровня подпочвенных вод и составляет не менее чем 1,5 метра от поверхности земли до крышки гроба (при наличии). Во всех случаях отметка для могилы составляет на 0,5 метра выше уровня грунтовых вод;

      для умерших от особо опасных инфекций глубина могилы устанавливается на уровне 2-х метров, при этом на дно размещается хлорная известь слоем не менее 10 сантиметров;

      каждая могила имеет насыпь высотой 0,5 метра (далее – надмогильный холмик) от поверхности земли. Надмогильный холмик выступает за края могилы для защиты ее от атмосферных вод.

Глава 4. Порядок организации благоустройства мест захоронения и их содержания

      12. Благоустройство мест захоронения и их содержание:

      В границах участка, отведенного под захоронение, допускается:

      устанавливать надмогильные памятники и сооружения из естественного камня или бетона, цветники и скамейки;

      производить посадку цветов на могиле, зеленой изгороди из декоративного кустарника с последующей ее подстрижкой.

      Дальнейшее содержание могил в надлежащем порядке обеспечивается близким родственником.

      Не допускается размещение памятников и сооружений, устройство столиков, скамеек и сооружений за пределами участка захоронения.

      Территория кладбища (проезды, дорожки, клумбы, газоны, канализационная, электрическая и водопроводная сеть и сооружения) содержится местными исполнительными органами в надлежащем порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Порядок учета и регистрации земельных участков, предназначенных под могилы

      13. Акимат районного (города областного значения) организует свод данных (сведений) учета и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы, а также осуществляет контроль за соблюдением условий договора об организации дела по погребению.

      14. Аким города областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа ведет учет и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы на основании журналов учета.

Глава 6. Порядок заключения договора на содержание и обслуживание кладбищ и осуществления контроля за соблюдением его условий

      15. Заключение договора на содержание и обслуживание кладбищ между местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы, районного (города областного значения) и администрацией кладбища осуществляется своевременно по итогам конкурса, проводимого в соответствии с законодательством о государственных закупках.

      16. Администрация кладбищ обеспечивает:

      1) предоставление гражданам полной информации о порядке оказания ритуальных услуг, в том числе с размещением информации на стендах на территории кладбища;

      2) своевременную подготовку могил для захоронения умерших или их останков;

      3) соблюдение установленной нормы отвода каждого земельного участка для захоронения и правил подготовки могил;

      4) содержание в исправном состоянии зданий, инженерного оборудования, территории кладбища, ограждения, освещения;

      5) контроль за организацией работ по содержанию кладбищ, включая систематическую уборку дорожек общего пользования и участков хозяйственного назначения, обслуживание сетей водоснабжения, уход за зеленными насаждениями на всей территории кладбища, текущий ремонт дорог и своевременный вывоз мусора;

      6) предоставления гражданам напрокат инвентаря для ухода за местом захоронения;

      7) предоставление равного доступа всем субъектам ритуальных услуг.

Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы "Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" № 438 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 155 шешімі

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облыстық мәслихатының "Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 8 тамыздағы № 438 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5429 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2022 жылғы "17" наурыз
№ _155
шешіміне қосымша
  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2019 жылғы 8 тамыздағы
№ 438
шешіміне қосымша

Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары

1-тарау. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі

      1. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      2. Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.

      3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

2-тарау. Қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі

      4. Жерлеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 045/е нысаны бойынша қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) қайтыс болу туралы медициналық куәлікті зират қорымының әкімшілігіне ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      5. Жерлеу зират қорымы әкімшілігі жүргізетін есепке алу журналында тіркеледі.

      6. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер:

      жерлеу жылы, айы, күні;

      қабірдің нөмірі;

      қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;

      туған және қайтыс болған күні;

      қайтыс болуының себебі;

      қайтыс болуы туралы куәліктің нөмірі, күні және оны кімнің бергені;

      марқұмның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі,жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні және нөмірі, жақын туыстарының мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы қамтылады.

      7. Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жазбаша өтініші бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

      8. Сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада жүрген қайтыс болған адамдардың табылған мәйіттерін немесе олардың сүйектерін, суға кеткендерді, үйден тыс жерде кенеттен қайтыс болғандарды жерлеу жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өзіне алуы мүмкін туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған кезде қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      9. Туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      10. Мына жағдайлардан басқа жағдайда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге жол берілмейді:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді (мүрделерді) Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді (мүрделерді) жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

3-тарау. Зираттарды жобалау және салу тәртібі

      11. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

4-тарау. Жерлеу орындарын абаттандыруды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстау тәртібі

      12. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуғажол беріледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп-ұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

      Зират қорымдарын (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.

5-тарау. Зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу тәртібі

      13. Аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың әкімдігі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

      14. Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу журналдарының негізінде есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.

6-тарау. Зират қорымдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      15. Аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың әкімдігі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

      16. Зират қорымының әкімшілігі мыналарды:

      1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;

      2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақтылы дайындауды;

      3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды;

      4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;

      6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;

      7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.