О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 27 декабря 2021 года № 596 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление по делам религий акимата Костанайской области"

Постановление акимата Костанайской области от 10 марта 2022 года № 111

      Акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Костанайской области "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление по делам религий акимата Костанайской области" от 27 декабря 2021 года № 596 следующие изменения:

      в Положении о государственном учреждении "Управление по делам религий акимата Костанайской области", утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 8) изложить в новой редакции:

      "8) утверждает расположение специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения, а также рассматривает уведомления о проведении мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений), поданные религиозными объединениями;";

      подпункт 16) изложить в новой редакции:

      "16) осуществляет координацию деятельности по организации и проведению общепрофилактической и реабилитационной работы в рамках профилактики религиозного экстремизма и терроризма;".

      2. Государственному учреждению "Управление по делам религий акимата Костанайской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) извещение органов юстиции о внесенных изменениях в вышеуказанное Положение;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Костанайской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Костанайской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Костанайской области А. Мухамбетов

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 111 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақтың:

      8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ діни бірлестіктер берген ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарайды;";

      16) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "16) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде жалпы профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер жөнінде әділет органдарын хабардар етуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов