"Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 596 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қостанай облысының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың мынадай ведомстволық бағынысты ұйымы бар: Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының "Діни проблемаларды зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85-үй.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 27.03.2023 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қостанай облысының аумағында дін саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыру;

      2) мәдениет пен дін диалогының жаңа нысандарын іздеу жолымен конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту;

      3) діни, этно-мәдени және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін Басқарма құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту;

      мемлекеттік органның дін саласындағы қызметін ұйымдастыруын жетілдіру жөнінен облыс әкіміне ұсыныстар енгізу, Басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

      Басқарманың құзыретіне кіретін дін саласының мәселелері, адам құқығын сақтау және өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарын жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) өңірде жұмыс істейтін дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

      3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

      4) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

      5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      7) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

      8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ діни бірлестіктер берген ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарайды;

      9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы болған азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

      10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

      11) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 453, 490-баптарында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырады;

      12) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуын және іске асырылуын жүзеге асырады;

      13) дін саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асырады;

      14) өз құзіреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      15) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;

      16) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде жалпы профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

      17) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;

      18) жергілікті мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;

      19) өңірдегі діни ахуалға, облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің, олардың филиалдарының және миссионерлердің қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;

      20) облыс және Қазақстан Республикасының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгері жылжытуға бағытталған республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      21) Қостанай облысының аумағында конфессияаралық келісім мен төзімділікті нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      22) ақпараттық деректер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау және жіктеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 10.03.2022 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының штаттық кестеге сәйкес орынбасарлары жоқ.

      19. Басқарма бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) осы Ереженің қосымшасында көрсетілген Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйым басшысын және оның орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) Басқарма құрылымын, құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарма атынан әрекет етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шара қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады және нұқсаулар береді;

      8) осы Ереженің қосымшасында көрсетілген Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйым басшысына және оның орынбасарына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады