Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района

Решение Майского районного маслихата Павлодарской области от 14 октября 2022 года № 11/19. Утратило силу решением Майского районного маслихата Павлодарской области от 30 ноября 2023 года № 3/6

      Сноска. Утратило силу решением Майского районного маслихата Павлодарской области от 30.11.2023 № 3/6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 и пунктом 5 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, Майский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района.

      2. Признать утратившим силу решение Майского районного маслихата от 29 сентября 2014 года № 6/40 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района".

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной сферы, обеспечения прав и законных интересов граждан.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Майского районного маслихата Г. Арынов

  Утвержден
решением Майского
районного маслихата
от 14 октября 2022 года
№ 11/19

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района (далее – Порядок) разработан в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей селадля участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района.

      2. В настоящем Порядке используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории села Майтубек Майского района, в границах которого осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения сходов местного сообщества

      3. Сход местного сообщества проводится на территории Майтубекского сельского округа.

      4. На сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Сход местного сообщества созывается и организуется акимом Майтубекского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население Майтубекского сельского округа оповещается акимом Майтубекского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации, социальные сети Instagram, Facebookи, WhatsApp.

      7. Проведение схода местного сообщества в пределах села организуется акимом Майтубекского сельского округа.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села имеющих право в нем участвовать, согласно второму абзацу пункту 1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" не имеют права участвовать в сходе местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      9. Сход местного сообщества открывается акимом Майтубекского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем схода местного сообщества является аким Майтубекскогосельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками схода местного сообщества.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников схода местного сообщества.

      12. На сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Майтубекского сельского округа.

Глава 3. Определение количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Майтубекского сельского округа

      13. Количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Майтубекского сельского округа определяется в следующем порядке:

      для села Майтубек – 3человек;

Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қазандағы № 11/19 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 3/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 30.11.2023 № 3/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылтұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.

      2. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 6/40 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 11/19 шешімімен
бекітілген

Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың жиыны Майтүбек ауылдық округінде өткізіледі.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын Майтүбек ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Майтүбек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Майтүбекауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, Instagram, Facebook және WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауылшегінде жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Майтүбек ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы жоқ.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын Майтүбек ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Майтүбек ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Майтүбек ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

3-тарау. Майтүбек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      13. Майтүбек ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:

      Майтүбек ауылы -3 адам