Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Рождественского сельского округа Павлодарского района

Решение Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 25 ноября 2022 года № 31/178. Утратило силу решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 19 октября 2023 года № 8/96

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 19.10.2023 № 8/96 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, Павлодарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Рождественского сельского округа Павлодарского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Павлодарского районного маслихата В. Гейнц

  Утвержден
решением Павлодарского
районного маслихата
от 25 ноября 2022 года
№ 31/178

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Рождественского сельского округа Павлодарского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Рождественского сельского округа Павлодарского района (далее – Порядок) разработан в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Рождественского сельского округа Павлодарского района.

      2. В настоящем Порядке используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории Рождественского сельского округа Павлодарского района, в границах которого осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория Рождественского сельского округа подразделяется на участки: сҰла Розовка, Рождественка, Максимовка.

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Рождественского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население Рождественского сельского округа оповещается акимом Рождественского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами (объявления на информационных стендах расположенных в Розовском сельском округе, публикации через социальные сети Instagram, WhatsApp).

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села организуется акимом Рождественского сельского округа.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Рождественского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Рождественского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Рождественского сельского округа.

Глава 3. Определение количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Рождественского сельского округа

      13. Количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Рождественского сельского округа определяется в следующем порядке:

      для села Розовка – 3 человека;

      для села Рождественка – 2 человека;

      для села Максимовка – 1 человек.

Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 31/178 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 19.10.2023 № 8/96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихаытның хатшысы В. Гейнц

  Павлодар
аудандық мәслихатының
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 31/178 шешімімен
бекітілген

Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Рождественка ауылдық округінің аумағы: Розовка, Рождественка, Максимовка ауылдары учаскелеріне бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Рождественка ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Рождественка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Рождественка ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен (Розовка ауылдық округінде орналасқан ақпараттық стендтерде хабарландыру, әлеуметтік желілер Instagram, WhatsApp арқылы жарияландыру) олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Рождественка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Рождественка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Рождественка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Рождественка ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

3-тарау. Рождественка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      13. Рождественка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:

      Розовка ауылы үшін – 3 адам;

      Рождественка ауылы үшін – 2 адам;

      Максимовка ауылы үшін – 2 адам.