О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № 606 "Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса "Б" Министерства здравоохранения Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 734. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 мая 2023 года № 238.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 12.05.2023 № 238 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 3 статьи 35-1 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и Типовыми квалификационными требованиями к административным государственным должностям корпуса "Б", утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 декабря 2016 года № 85 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14542) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № 606 "Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса "Б" Министерства здравоохранения Республики Казахстан" следующие изменения:

      в квалификационных требованиях к административным государственным должностям корпуса "Б" Министерства здравоохранения Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      в разделе Департамент организации медицинской помощи – 09:

      в квалификационных требованиях Руководителя управления общественного здравоохранения и реабилитации, категория С-3, 09-03-01 графу "Функциональные обязанности" изложить в следующей редакции:

      "

Функциональные обязанности

Осуществлять общее руководство работой управления. Осуществлять планирование, контроль, организацию и анализ работы сотрудников управления, обеспечение взаимозаменяемости в управлении. Осуществлять представление и защиту интересов Департамента на совещаниях Министерства и вне министерства. Осуществлять контроль исполнения документов, поступающих в управление, в том числе обращений юридических и физических лиц, проводить анализ качества и своевременности их исполнения. Координировать работу и принимать участие в разработке программных документов в сфере общественного здравоохранения и медицинской реабилитации взрослого населения. Участвовать в разработке нормативных правовых актов Министерства и других государственных органов по вопросам общественного здравоохранения и медицинской реабилитации взрослого населения. Проводить анализ деятельности управления. Оказывать практическую и методическую помощь органам и организациям здравоохранения по вопросам, входящим в компетенцию Управления. Принимать участие в работе семинаров, коллегий, конференций, заседаний советов, рабочих и экспертных групп, подготовке материалов по вопросам общественного здравоохранения и медицинской реабилитации взрослого населения. Реализация мероприятий по обеспечению межсекторального взаимодействия по вопросам общественного здоровья и медицинской реабилитации взрослого населения. Мониторинг организации деятельности по развитию научных исследований в области общественного здравоохранения и медицинской реабилитации взрослого населения. Реализация мероприятий по вопросам медицинской реабилитации взрослого населения. Координация деятельности республиканских организаций, осуществляющих деятельность в области оказания медицинской реабилитации взрослого населения. Согласовывать проекты клинических протоколов диагностики и лечения, стандартов организации оказания медицинской помощи, а также стандартов оснащения организаций здравоохранения, оказывающих медицинскую реабилитацию, взрослого населения в рамках компетенции Управления.

      ";

      в квалификационных требованиях главного эксперта управления общественного здравоохранения и реабилитации, (четыре единицы), категория С-4, 09-03-02, 09-03-03, 09-03-04, 09-03-05 графу "Функциональные обязанности" изложить в следующей редакции:

      "

Функциональные обязанности

Исполнять документы, в том числе обращения физических и юридических лиц, поступающие в Управление, проводить самоанализ качества и своевременности их исполнения. Участвовать в разработке нормативных правовых актов Министерства и других государственных органов по вопросам общественного здравоохранения в том числе, направленных на совершенствование законодательства по организации медицинской реабилитации взрослого населения. Проводить анализ деятельности по профилактике и мониторингу заболеваний в рамках общественного здравоохранения, мониторинг и разработку профилактических программ, дорожных карт. Реализация мероприятий по обеспечению межведомственного взаимодействия по курируемым вопросам. Проводить мониторинг организации деятельности по развитию научных исследований в области общественного здравоохранения. Организация и участие в работе конференций, семинаров, заседаний рабочих, экспертных групп, совещаний по вопросам, входящим в компетенцию. Координация вопросов охраны общественного здоровья на популяционном уровне, профилактики заболеваний, поведенческих факторов риска. Курация вопросов медицинской реабилитации, интеграции социальной реабилитации с медицинской реабилитацией взрослого населения. Участие в разработке клинических протоколов по медицинской реабилитации. Координация деятельности республиканских организаций, осуществляющих деятельность в области оказания медицинской реабилитации взрослого населения. Взаимодействие с государственными органами, неправительственными организациями и реализация совместных государственных программ по реабилитации взрослого населения. Участие в формировании бюджетной заявки в рамках компетенции, взаимодействие с государственными органами по вопросам реабилитации. Подготовка материалов на семинары, коллегий, конференций. Рассмотрение служебных документов, писем органов и организаций. Осуществление взаимодействия со структурными подразделениями Министерства по вопросам организации медицинской реабилитации взрослого населения.

      ".

      2. Департаменту управления персоналом Министерства здравоохранения Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня принятия настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства здравоохранения Республики Казахстан Абдильдина Б.С.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющая обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
А. Есмагамбетова

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 19 тамыздағы № 734 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 238 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.05.2023 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Қазақстан Республикасын Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті - 09 деген бөлімде:

      Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының басшысы, С-3 санаты, 09-03-01 біліктілік талаптарында "Функционалдық міндеттері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Функционалдық міндеттері

Басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауды, бақылауды, ұйымдастыруды және талдауды жүзеге асыру, басқармада өзара алмастыруды қамтамасыз ету. Министрліктің кеңестерінде және Министрліктен тыс жерлерде Департаменттің мүддесін білдіру мен қорғауды жүзеге асыру. Басқармаға келіп түсетін құжаттардың, оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, олардың орындалу сапасы мен уақтылығына талдау жүргізу. Қоғамдық денсаулық сақтау және ересек халықты медициналық оңалту саласындағы жұмысты үйлестіру және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Қоғамдық денсаулық сақтау және ересек халықты медициналық оңалту мәселелері бойынша Министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметіне талдау жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Қоғамдық денсаулық сақтау және ересек халықты медициналық оңалту мәселелері бойынша семинарлар, алқалар, конференциялар, кеңестер, жұмыс және сараптамалық топтар отырыстарының жұмысына материалдар дайындауға қатысу. Қоғамдық денсаулық және ересек халықты медициналық оңалту мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау және ересек халықты медициналық оңалту саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту жөніндегі қызметті ұйымдастыру мониторингі. Ересек халықты медициналық оңалту мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру. Ересек халыққа медициналық оңалту көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық ұйымдардың қызметін үйлестіру. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларының, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарының, сондай-ақ Басқарма құзыреті шеңберінде ересек халыққа медициналық оңалту көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру стандарттарының жобаларын келісу.

      ";

      Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының бас сарапшысы, (төрт бірлік), С-4 санаты, 09-03-02, 09-03-03, 09-03-04, 09-03-05 біліктілік талаптарында "Функционалдық міндеттері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Функционалдық міндеттері

Басқармаға келіп түскен құжаттарды, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау, олардың сапалы және уақтылы орындалуына өзінің талдауын жүргізу. Қоғамдық денсаулық сақтау, соның ішінде ересек халықты медициналық оңалтуды ұйымдастыру бойынша Министрліктің және басқа мемлекеттік органдардың басқа нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Қоғамдық денсаулық сақтау саласы шеңберінде аурулардың профилактикасы және профилактикалық бағдарламаларды, жол карталарын әзірлеу және мониторинг бойынша қызметке талдау жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту жөніндегі қызметті ұйымдастыруға мониторинг жүргізу. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, жұмыс, сараптама топтарының отырыстарын, кеңестерді ұйымдастыру және олардың жұмысына қатысу. Популяциялық деңгейдегі қоғамдық денсаулық сақтау, аурулардың, мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы мәселелерін үйлестіру. Ересек халықты медициналық оңалту, әлеуметтік оңалтуды медициналық оңалтумен біріктіру мәселелеріне жетекшілік ету. Медициналық оңалту жөніндегі клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысу. Ересек халықты медициналық оңалту көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық ұйымдардың қызметін үйлестіру. Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ересек халықты оңалту бойынша бірлескен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Құзыреті шегінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысу, оңалту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл. Семинарларға, алқаларға, конференцияларға материалдар дайындау. Қызметтік құжаттарды, органдар мен ұйымдардың хаттарын қарау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ересек халықты медициналық оңалтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде:

      1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
А. Есмағамбетова