Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области

Решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 9 июня 2022 года № 21-16. Утратило силу решением Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 4 января 2024 года № 14-1

      Сноска. Утратило силу решением Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 04.01.2024 № 14-1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Акжарский районный маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Акжарского районного маслихата
Северо-Казахстанской области
А. Хоршат

  Утверждены
  решением Акжарского районного
  маслихата Северо-Казахстанской области
  от "9" июня 2022 года № 21-16

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, сельского округа, улицы в Акжарском районе Северо-Казахстанской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации, интернет ресурсы, объявления в местах скопления граждан.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы организуется акимом сельского округа в пределах мест их проживания.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы имеющих право в нем участвовать в соответствии с пунктом 1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в следующем количестве:

      1) по 1 (одному) представителю с одной улицы села Ленинградского Ленинградского сельского округа и села Талшык Талшыкского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области;

      2) 1 (один) % (процент) от общего числа избирателей села на территории сельских округов, за исключением Ленинградского и Талшыкского сельских округов, но не более 3 (трех) и не менее 1 (одного) представителя с села.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который в течение двух рабочих дней подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней передается в аппарат акима сельского округа.

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 маусымдағы № 21-16 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 14-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 04.01.2024 № 14-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Хоршат

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2022 жылғы "09" маусым № 21-16
  шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында ауыл, ауылдық округ, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Ауылдық округ әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар, азаматтар көп жиналатын орындардағы хабарландырулар арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ауылдық округтің тұрғындарын хабардар етеді.

      7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі олардың тұратын жерлері шегінде ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары мен келесі көлемде ұсынылады:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі Ленинград ауылының және Талшық ауылдық округі Талшық ауылының бір көшесінен 1 (бір) өкілден;

      2) ауылдық округ аумағында сайлаушылардың жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), Ленинград және Талшық ауылдық округін қоспағанда, бірақ ауылдан 3 (үш) өкілден көп емес және 1 (бір) өкілден кем емес.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған екі жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.