Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области

Решение Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 3 марта 2022 года № 10/6. Утратило силу решением Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2023 года № 8/14

      Сноска. Утратило силу решением Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 28.11.2023 № 8/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Тимирязевский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить опубликование настоящего решения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде.

      3. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Тимирязевского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня подписания.

      Секретарь Тимирязевского районного маслихата А. Асанова

  Утверждены
  решением Тимирязевского
  районного маслихата
  от "__" _________ 2021 года
  № ________

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного дома для участия в сходе местного сообщества в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного дома для участия в сходе местного сообщества в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области разработаны с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного дома в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в количестве 1 процента от общего числа избирателей села, улицы, многоквартирного жилого дома на территории сельских округов, но не более десяти человек.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима сельского округа.

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 10/6 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 28.11.2023 № 8/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік қазақстан облысы Тимирязев ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімі ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тимирязев аудандық мәслихат хатшысы А. Асанова

  Тимирязев аудандық мәслихатының
  2021 жылғы "__" ____________
  № ____шешімімен
  бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген және Солтүстік қазақстан облысы Тимирязев ауданында ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Ауылдық округтің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде, бірақ он адамнан аспайтын мөлшерде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.