Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №12-1 "2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26231 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 4 953 399 мың теңге:
салықтық түсімдер – 567 725 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18 172 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 367 472 мың теңге;
2) шығындар – 5 123 112 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 48 855 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 87 295 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 38 440 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -218 568 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
218 568 мың теңге:
қарыздар түсімі – 87 295 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 38 440 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 169 713 мың теңге."
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы
|
Л.Қайырғалиева
|