Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Чингирлауского района

Решение Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2022 года № 24-4. Отменен решением Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 12 сентября 2023 года № 10-3.

      Сноска. Отменен решением Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 12.09.2023 № 10-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 и пунктом 5 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Чингирлауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Чингирлауского района.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Чингирлауского районного маслихата (Шагирова С).

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата С. Казиев

  Утвержден
решением Чингирлауского
районного маслихата
от 30 июня 2022 года № 24-4

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения
количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на
территории Чингирлауского района.

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Чингирлауского района разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определяет количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома на территории Чингирлауского района.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальный единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом сельского округа.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода, в соответствии с количественным составом определенным настоящим Правилом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набрашие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима сельского округа.

Шыңғырлау ауданы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 24-4 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 10-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 10-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және 7-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шыңғырлау ауданы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шыңғырлау аудандық мәслихат аппарат басшысына (С.Шагировқа) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы С. Казиев

  Шыңғырлау аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 24-4 шешімімен бекітілді

Шыңғырлау ауданы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын
өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Шыңғырлау ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнің кандидатураларын осы қағидамен айқындалған сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.