О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 18 мая 2023 года № 34 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Каражалского городского маслихата"

Решение Каражалского городского маслихата области Ұлытау от 8 ноября 2023 года № 84

      Каражалский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Каражалского городского маслихата "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Каражалского городского маслихата" от 18 мая 2023 года № 34 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №181963) следующие изменения:

      в методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Каражалского городского маслихата" утвержденной указанным решением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Оценка деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы посредством единой информационной системы по управлению персоналом (далее – информационная система). При этом в случае отсутствия технической возможности оценка проводится на бумажных носителях, либо в информационных системах, функционирующих в государственном органе.

      Оценка осуществляется на основании результатов достижения КЦИ, методами ранжирования и 360 в зависимости от категории должности оцениваемого лица.

      Оценка служащих корпуса "Б" государственных органов, в которых введена система автоматизированной оценки проводится с учетом особенностей, определенными внутренними документами данных государственных органов.";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Оценка не проводится в случаях, если срок пребывания оцениваемого служащего на конкретной должности в оцениваемом периоде составляет менее одного месяца. Если в период проведения оценки оцениваемый служащий находится в трудовом или социальном отпуске, периоде временной нетрудоспособности, командировке, стажировке, переподготовке или повышении квалификации, оценка служащего по достижению КЦИ, оценка по методу ранжирования и/или 360 проводится без его участия в установленные пунктом 4 сроки.";

      пункт 8 изложить в новой редакции:

      "8. Результаты достижения КЦИ и результаты оценки по методу ранжирования являются основанием для принятия решений по выплате бонусов, поощрению, обучению, ротации, повышению, понижению в государственной должности либо увольнению.";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Руководитель отдела обеспечивает ознакомление оцениваемого служащего с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Председатель городского маслихата З.Оспанова

Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 34 "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 84 шешімі

      Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №181963 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

      3–тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.

      Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.

      Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың "Б" корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.";

      5–тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 4-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.";

      8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "8. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.";

      11- тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Бөлім басшысы бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова