Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера в городе Темиртау

Решение акима города Темиртау Карагандинской области от 21 ноября 2023 года № 5. Утратило силу решением акима города Темиртау Карагандинской области от 11 марта 2024 года № 3

      Сноска. Утратило силу решением акима города Темиртау Карагандинской области от 11.03.2024 № 3 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", Приказом исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба в городе Темиртау Карагандинской области.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера назначить заместителя акима города Темиртау Кыдырбекова Рината Куатұлы.

      3. Заместителю акима города Темиртау - руководителю ликвидации чрезвычайной ситуации Кыдырбекову Ринату Куатұлы провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 19 ноября 2023 года.

      О. Таурбеков

Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 5 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 11.03.2024 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Куатұлы Кыдырбеков тағайындалсын.

      3. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Ринат Куатұлы Кыдырбеков осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізсін.

      4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 19 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      О. Таурбеков