"О внесении изменений в решение Аральского районного маслихата от 23 мая 2018 года № 157 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельского округа Камыстыбас Аральского района"

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 21 декабря 2023 года № 140

      Аральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аральского районного маслихата от 23 мая 2018 года № 157 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельского округа Камыстыбас Аральского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6307) следующие изменения:

      в регламенте собрания местного сообщества сельского округа Камыстыбас Аральского района, утвержденной указанным решением:

      в пункте 4:

      в абзац девятый вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      абзац десятый исключить;

      абзац одиннадцатый исключается на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аральского районного маслихата Б. Турахметов

"Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 157 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 140 шешімі

      Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 157 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6307 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау";

      оныншы абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов